"Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 528 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33149 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын қолданушы есепті бір данада қағаз және электрондық тасығыштарда, сондай-ақ есептің негізгі мазмұнын қысқаша көрсететін (еркін нысанда, 10 парақтан аспайтын) авторлық анықтаманы қағаз тасығышта бір данада сараптамаға жібереді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жерасты суларын пайдалану қорларының табиғат қорғау және басқа да шектеулерді ескере отырып, әрі қарай пайдалану үшін кен орындарын зерттеу және даярлау дәрежесі бойынша олардың теңгерімдік тиесілігі; жер қойнауы кеңістігінің пайдалану үшін даярлану дәрежесі";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жерасты суларының пайдалану қорларына мемлекеттік сараптама қорытындысын береді, бұл оларды мемлекеттік есепке қою үшін негіз болып табылады";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасының қорытындысын береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сараптама нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда жерасты суларының қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, пайдаланудың есептік мерзімі, жерасты суларының сапасына стандарттардың немесе техникалық шарттардың талаптары, оларды пайдалану мақсаты туралы, геологиялық барлау жұмыстарының немесе пайдаланудың деректері бойынша қорларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру, жерасты суларының қорларын есептен шығару туралы деректер, ұсынымдар, сондай-ақ Комиссия мен кіші комиссиялардың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Д. Щеглова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады