"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 583 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 652 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34872 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      11-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2). Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде";";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;";

      6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қайтадан және кейіннен тіркеу кезінде бұрын қалыптасқан жеке сәйкестендіру нөмірімен құжат беріледі.";

      13-тармақта:

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 144 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 308/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33210 болып тіркелген) сәйкес бизнес-әріптестердің тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;";

      11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген), "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген), "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген), "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;";

      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына мәліметтерді беру жағдайын қоспағанда, жария етуге жатпайды.".

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      4-тараудың 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Заңның 11-бабына сәйкес Ұлттық тізілімде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәліметтер:

      1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;

      3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;

      4) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;

      6) "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 144 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 308/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33210 болып тіркелген) сәйкес бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      7) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;

      8) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;

      9) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;

      10) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;

      11) "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген), "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген), "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген), "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;

      12) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;

      13) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына мәліметтерді беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев
     
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады