"Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 шiлдеде № 33169 болып тіркелді

      "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары бекітілсін

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
Е. Оспан

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 21 шілдедегі
№ 222 бұйрығымен
бекітілген

"Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидалары "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Үздік педагог" атағын иеленушіге (бұдан әрі – иеленуші) сыйақы төлеу және оның мөлшері тәртібін айқындайды.

      2. Сыйақы білім беру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, ол иеленушінің ағымдағы шотына бір рет аударылады.

      3. "Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 1000-еселенген мөлшерін құрайды.

2. "Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу тәртібі

      4. Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде иеленуші сыйақы алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды қолма-қол немесе электрондық форматта ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) иеленушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі туралы мәліметтер.

      5. Құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде иеленушінің ағымдағы шотына сыйақыны аудару жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады