Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 және "Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 83 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 шiлдеде № 33176 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінде:

      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "166. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.".

      2. "Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24252 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес беітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23023 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары және Жобалық басқарудың үлгілік регламенті) сәйкес жобалық басқарудың әдістері мен тәсілдері қолданылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президенті Әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады