"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шiлдеде № 33189 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптар мыналар:

      1) тиеу-түсіру және қосымша жұмыстарды жүргізуге арналған штаттағы және қосымша жабдықтың болуы;

      2) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 26867 болып тіркелген), сондай-ақ "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-5 бұйрығы) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      3) тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде жүктің сақталуын және жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) кез келген ауа-райы жағдайларында автокөлік құралдарының тиеу (түсіру) орнына еркін және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін кіріс жолдарының болуы;

      5) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жарықтандыру "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келуі және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келуі тиіс;

      6) механизация құралдарымен тиеу (түсіру) посттарының саны мен жабдықталуы қайта өңделетін жүктің түрі мен көлеміне сәйкес келуі және автокөлік құралдарының тиелу (түсірілу) үшін нормативтік уақыт шегінде тұруын қамтамасыз етуі тиіс;

      7) қажетті құжаттардың сапалы және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуге арналған жеке үй-жайдың болуы;

      8) телефон немесе басқа да байланыс түрлерінің болуы;

      9) бақылау-өткізу пункттері, жөнелтілетін және келіп түсетін жүктің сапасы мен массасын анықтауға мүмкіндік беретін таразыға тарту немесе басқа жабдығы, сондай-ақ автокөлік құралдарының шанақтарын тез бүлінетін жүктерді түсіргеннен кейін тазарту, жуу және дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізуге арналған арнайы орындарының болуы.";

      380-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады