"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 735 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шiлдеде № 33195 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20989 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 27 шілдедегі
№ 735 Бұйрыққа
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
Орталық архивінен
шығатын архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорация

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағазда

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Апостиль қойылған архивтік анықтама, архивтік құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 (елу) пайызды құрайды.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостиль қоюға түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 622-бабының 2) тармақшасына сәйкес мыналар:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар;
"Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдік бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамырда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және 7-тарауларына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және 7-тарауларына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмесіне апостиль қоюға өтініш;
2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінен) не көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) апостиль қою үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
4) апостиль мөртаңбасы қойылуы қажет Мұрағат берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, соңдай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жеке қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;
6) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады