Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 шілдедегі № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шілдеде № 33205 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 17-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек
және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 шілдедегі
№ 326 Бұйрығымен
бекітілген

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – ұйымдар) басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) еңбекақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодекс) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      2) лауазымдық жалақы – қызметкердің біліктілігін, орындалатын жұмыстың күрделілігін, санын, сапасы мен жағдайын ескере отырып, еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін айына жұмыскердің еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;

      3) жылдық сыйлықақы – қол жеткізілген табыстарды материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне байланысты ұйымның басшы жұмыскерлеріне бір жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша жылына бір рет төленетін сыйақы.

      3. Ұйымның басшы жұмыскерлеріне:

      1) бірінші басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) атқарушы органның (басқарманың) мүшесі жатады.

      4. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      5. Ұйымның басшы қызметкерінің айлық лауазымдық жалақысының мөлшері және сыйлықақы беру шарттары Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады.

2-тарау. Еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары

      6. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері орындалатын жұмыстың күрделілігіне, атқарып отырған лауазымына, өндірістің (бизнестің) ерекшеліктері мен ауқымына және оларға байланысты тәуекелдерге, еңбектің салалық ерекшелігіне, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлі мен орнына байланысты сараланып айқындалады.

      7. Ұйымның басшы қызметкерлерінің жұмыс нәтижелеріне, сондай-ақ қол жеткізілген табыстарға байланысты жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға қызығушылығын арттыру мақсатында жылдық сыйлықақы төленеді. Жылдық сыйлықақы тұрақты сипатта болмайды.

      8. Жылдық сыйлықақының мөлшері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар болып табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың әрбір басшы жұмыскерінің қызметін бағалаудың жеке тәсілі негізінде айқындалады және олардың даму жоспары орындалуының сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты болады.

      9. Басшы жұмыскерлерге жылдық сыйлықақылар аудиттелген қаржылық есептілік негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді.

      10. Басшы жұмыскерлердің орташа жалақысын есептеу "Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      11. Басшы жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде ұйымның Директорлар кеңесі осы Үлгі ережені басшылыққа алады.

      Ұйымның басшы жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және жылдық сыйлықақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады