"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 22) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 27-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 27 шілдедегі № 361 бұйрыққа қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 22) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қағидалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға, дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындарға (ұйымдарға) қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
3) Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – ғылым және жоғары білім саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
5) дуальды оқыту туралы шарт – дуальды оқыту туралы шарт-өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын білім алушы, кәсіпорын (ұйым) мен ЖЖОКБҰ арасындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;
6) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
7) кәсіпорын (ұйым) – осы Қағидаларға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
8) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
9) тәлімгер – өндіріс немесе қызмет көрсету технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті қызметкері.
3. Дуальды оқытуға қатысушылар:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖЖОКБҰ;
2) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);
3) білім алушылар.
4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:
1) дуальды оқыту туралы шарт;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;
3) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқыту бағдарламасы;
4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) оқу, жұмыс орындары;
5) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқыту/кәсіптік практика тәлімгерлері.
2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібі
5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
6. Дуальды оқытуға іріктеу кәсіпорын (ұйым) өткізетін дуальды оқыту бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылармен әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
7. Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдеде № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарлары мен дуальды оқыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспарын (бұдан әрі – ДОЖОЖ) ЖЖОКБҰ дербес әзірлейді, ол дуальды оқытуды ұйымдастыру жүзеге асырылатын негізгі оқу құжаты болып табылады.
ДОЖОЖ-ға дуальды оқыту жүзеге асырылатын оқу пәндері немесе модульдер кіреді.
9. Дуальді оқыту ұйымдастырылатын оқу пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
10. Дуальды оқытуды ұйымдастыру ЖЖОКБҰ-да өткізілетін оқу сабақтары және базалық және бейіндік циклдердің оқу пәндері бойынша өндірісте өткізілетін сабақтар көрсетілетін оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
11. ЖЖОКБҰ - дағы және өндірістегі оқу сабақтарының арақатынасын анықтау кезінде пәннің оқу материалының кемінде 40%-ы тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс) игерілетіндігіне негізделеді.
12. Дуальды оқыту бағдарламасын ЖЖОКБҰ кәсіпорынның (ұйымның) өндірістік қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, силлабус (оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы) негізінде дербес әзірлейді.
Дуальды оқыту бағдарламасында жжокбұ-да және тікелей өндірісте игерілетін тақырыптар, мәселелер және материал көлемі көрсетіледі.
Дуальды оқыту бағдарламасы әрбір кәсіпорын (ұйым) үшін жеке әзірленеді.
13. Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізетін ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйым базасында теориялық оқытуды өндірістік оқытумен ұштастыру негізінде білім беру қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
14. Кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидалары қолданылады.
15. Кәсіптік практикадан өту кезінде білім алушы белгілі бір еңбек міндеттерін орындайды, олар білім алушының еңбек өтіліне есептеледі.
Білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат дуальды оқыту туралы шарт болып табылады.
16. Білім алушылар өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту кезеңінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12534 болып тіркелген) Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларына сәйкес кәсіпорында белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтайды.
17. Дуальды оқыту кезінде білім алушыларды аралық аттестаттауды дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорын (ұйым) тәлімгерлері мен мамандарын тарта отырып ЖЖОКБҰ жүргізеді.