БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17622 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымында:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) даму бағдарламасының паспорты;
2. Кіріспе (қысқаша аннотация және даму бағдарламасының мақсаты);
3. ЖЖОКБҰ-ның қазіргі жағдайына шолу, оның жетістіктері, проблемалары мен сын-қатерлері:
1) ағымдағы жағдайды талдау;
2) трендтер мен сын-қатерлерді талдау;
3) даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін және олардың ЖЖОКБҰ-ға әсерін айқындау;
4. Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары;";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ЖЖОКБҰ стратегиялық басымдықтары:
1) академиялық қызмет;
2) ғылыми қызмет;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының үшінші миссиясы.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Құрылымға 2-қосымшаға және 3-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен іс-шаралар жоспарын көрсете отырып, жылдар бойынша бөле отырып, бағдарламаны іске асыру барысын мониторингілеу және бағалау.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымына 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мақсаттарын, басымдықтары мен даму стратегияларын айқындайтын құжат болып табылады және орта мерзімді сипатта болады.";
5-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс тобының құрамына: бірінші басшы, оның орынбасарлары, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары, сыртқы сарапшылар мен консультанттар, индустрия және қоғам өкілдері кіреді.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы | |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме | |
Бағдарламаны әзірлеуші | |
Бағдарламаның мақсаттары | |
Бағдарламаның міндеттері | |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері | |
Қаржыландыру көздері |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары
№ | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Жоспарлы кезеңде | ||||
2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | |||
1 мақсат | |||||||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
4. | |||||||
5. |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/н | Іс-шаралардың атауы | Өлшем бірлігі | Жоспарлы кезеңде | Аяқталу нысаны | ||||
2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | ||||
1 мақсат | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. | ||||||||
4. | ||||||||
5. |