"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 тамызда № 33257 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану –амортизациялық аударымдар есебінен шекті бағада көзделген қаражатты инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асырумен және (немесе) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соғатын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен және (немесе) негізгі құралдарды және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алумен және (немесе) инвестицияларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражат бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысты емес мақсаттарға бағыттау;

      2) аумақтық бөлімшелер – өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылауды, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      3) баға белгілеу – тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастыру және қарау процесі;

      4) газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) жария тыңдаулар – Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілген қызметтеріне) баға жобасын талқылау рәсімі;

      6) инвестициялық бағдарлама (жоба) – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

      7) қоғамдық маңызы бар нарықтар – Кодекстің 116-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бағалары мен тарифтерін мемлекет реттейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері);

      8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға;

      9) негізделген баға – нарық субъектісі ұсынған, осындай шығындар мен пайданың негізділігін растайтын құжаттарға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің негізделген шығындары мен пайдасының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы жүргізген баға сараптамасының негізінде айқындалған баға;

      10) өзіндік құн – уәкілетті органның ведомствосы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) шекті бағасында ескеретін шығындар жиынтығы;

      11) уәкілетті орган – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      12) уәкілетті органның ведомствосы – бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы;

      13) шекті баға – осы Қағидаларға сәйкес тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде оның Субъект белгілеген және уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген бағасы. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін оған қатысты мемлекеттік баға реттеу қолданылған баға да шекті баға болып табылады.

      14) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      15) электр энергиясының көздері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және (немесе) энергия өндіруші ұйымдар және (немесе) жаңартылатын көздер және электр энергиясын нетто-тұтынушылар.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі қоғамдық маңызы бар нарықтар Субъектілері өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағаларын:

      шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;

      шекті бағаларда ескерілген электр энергиясын сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражатты орындамауға;

      электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз етуге және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған қаражатты орындамауға;

      шекті бағаларда ескерілген, ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтерге арналған қаражатты орындамауға;

      Субъектінің электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату және (немесе) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындарды орындамауына;

      шекті бағаларда ескерілген, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын сатып алуға және (немесе) тасымалдауға арналған қаражатты орындамауға;

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынудың шекті бағаларда ескерілген көлемдерін, оның ішінде тұтынушылардың жекелеген топтарының асыра пайдалануына;

      электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату көлемінен асып кетуіне;

      уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге;

      амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалануға байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тұтынушылардың электр энергиясына сараланған тарифтерді қолдануына байланысты, сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша тұтынушылардың сараланған тарифтерді қолдануы кезінде жеке және заңды тұлғалардың жалпы тұтыну көлемі үлес салмағының өзгеруіне байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі шекті бағаны негізсіз алынған кіріс сомасына немесе толық алынбаған кіріс сомасына түзетеді.

      Егер электр энергетикасын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану үшін шығыстардың және электр энергиясын сатып алу, беру және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану үшін нақты шығыстардың арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі электр энергетикасы саласындағы Субъектінің ақпаратын қарау кезінде пайда болған шығындарды ескере отырып шекті бағаны түзетеді.

      Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъект электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру бойынша және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты шығындар бойынша, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 59-тармағына сәйкес жоғарылату коэффициенттерін қолданумен байланысты және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алумен-сатумен байланысты кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі шекті бағаны негізсіз алынған кіріс сомасына немесе толық алынбаған кіріс сомасына түзетеді.

      Электр энергиясы, электр қуаты мен теңгерімдеуші нарық көздері электр энергиясының құнын (бағасын, тарифін) өзгерткен жағдайда электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъект келісілген баға деңгейін өзгертпестен, электр энергиясына шекті тариф құрылымын қайта қарайды. Бұл ретте электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъект уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық бөлімшесін электр энергиясына шекті тариф құрылымының өзгергені туралы хабарлардар етеді және оны электр энергиясына шекті тариф құрылымының өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес есептелген және жаңа учаскелерде (маршруттарда) темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша және локомотивті тартқыш қызметтерін көрсететін Субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген шығыстар орындалмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі келісілген шекті бағаны келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстар мен ақпаратты кезекті қарау кезінде нақты шығыстар арасындағы айырманың туындау нәтижесінде алынған кіріс сомасына түзетеді. Бұл ретте шығындарды орындамаудың жалпы сомасынан келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстар мен осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес көлемдердің төмендеуіне және (немесе) шекті бағаның төмендеуіне байланысты нақты шығыстар арасындағы айырма алып тасталады.

      Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы және (немесе) тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф өзгерген жағдайда, тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъект тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің бағасын қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта қарайды және уәкілетті органның ведомствосымен келіседі, бұл ретте тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";

      31-тармақтың 10) тармақшасының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъектілер үшін шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда электр энергиясының көзімен жасалатын ниет хаттамалары да, сондай-ақ:";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 12,12-1 және 12-2-қосымшаларға сәйкес жүргізілетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу және электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату және (немесе) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектілерді қоспағанда, Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 12-1 және 12-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      13-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 17-1 және 17-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Электр энергиясына шекті бағаның құрылымы

      _____________________________________________________________________

      (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________ бастап қолданысқа енгізе отырып, электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге

Атауы

Көлем (кВтсағ.; МВт)

Айына 1 кВт/сағ. үшін, 1 МВт үшін бағасы

Құны (теңге)

Көзден сатып алу







1-көз




2-көз




3-көз




Сатып алуға орташа өлшенген баға жиыны




Өңірлік электр желісі компаниясының және энергия беруші ұйымдардың атауы




Өңірлік электр желісі компаниясы




1-энергия беруші ұйым




2-энергия беруші ұйым




Электр энергиясын берудің орташа өлшенген бағасының жиыны




Электр қуаты нарығында электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар




Электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің есептік немесе шартты көлемі мен осы көрсетілетін қызметтің тиісті кезеңдегі нақты көлемі арасындағы айырмашылық




Теңгерімдеуші нарық бойынша шығындар




"KEGOC" акционерлік қоғамының жүйелік көрсетілетін қызметтерінің құны, оның ішінде:




ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша




ұлттық электр желісін пайдалану бойынша




электр энергиясын техникалық диспетчерлеу және желіге жіберу және тұтыну бойынша




электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша




Электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны




"КОРЭМ" акционерлік қоғамының электр энергиясының орталықтандырылған саудасының бірыңғай сатып алушысы қызметтерінің құны (болған жағдайда)




"КОРЭМ" акционерлік қоғамының электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторы қызметтерінің құны (болған жағдайда)




Жабдықтау үстемеақысы, барлығы




Пайда




Барлық босату тарифі (қосылған құн салығын есепке алмастан)




  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
12-1-қосымша

Электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу

      1. Электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу үшін формула қолданылады:



      мұндағы:


– электр энергиясын орталықтандырылған сатудың шекті бағасы, ҚҚС-сыз кВтсағ-қа теңгемен (үтірден кейін 4 таңбаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді);

– Субъектінің электр энергиясының көтерме сауда нарығының i− Субъектісінен сатып алуы жоспарланатын электр энергиясының көлемі, кВтсағ;

- осы Қағидаларға сәйкес қалыптастырылған, Субъектінің электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметін жүзеге асыруға байланысты күнтізбелік жылдағы оның негізделген шығындары, теңгемен;

– i бойынша сомалар;

      i – 1-ден бастап r дейін өзгеретін реттік нөмір;

      r – тиісті күнтізбелік жыл ішінде Субъектіден электр энергиясын сатып алуды жоспарлайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы Субъектілерінің саны.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
3-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
12-2-қосымша

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу

      1. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметін жүзеге асыруына байланысты шығындары бөлігінде шекті бағасын есептеу үшін формула қолданылады:



      мұндағы:


– электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатудың шекті бағасы, айына МВт-қа теңгемен;

– электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылда жүйелік операторға жіберілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының Субъектісі болып табылатын, I−сол энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымды және тұтынушыны тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген тұтынудың алдағы күнтізбелік жылдағы ең жоғары электр қуаты МВт−қа;

– Субъектінің алдағы күнтізбелік жылдағы электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату бойынша оның қызметін жүзеге асырумен байланысты негізді шығындары, осы Қағидаға сәйкес қалыптастырылған, айына бір мегаватт электр қуаты есебінен;

- i бойынша сомалар;

      i – 1-ден бастап r дейін өзгеретін реттік нөмір;

      r – тұтынуға болжамдық өтінім ұсынған көтерме сауда нарығы Субъектілерінің жалпы саны.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
4-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
13-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінген:

      тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтерді көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

      тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

      Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі.

      4. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаларды есептеу тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады, уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мынадай формула бойынша айқындайды:

      Бсарал1 = Zқолд. * k, теңге / кВтсағ (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Zқолд. – бірінші топ үшін қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

      k – тұтынушылардың бірінші тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайтын электр энергиясының шекті бағасының өзгеру коэффициенті:

      1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейі;

      2) инфляцияға әсері;

      3) өнеркәсіптік өндірісті дамыту деңгейі;

      4) энергия үнемдеу үшін ынталандырулар жасау.

      5. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Zi – тұтынушылардың тобы бойынша саралаусыз шекті баға;

      Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарлаған жылдық көлемі, кВт.сағ.;

      V1 – тұтынушылардың бірінші тобының электр энергиясының жоспарлаған көлемі, кВт.сағ.;

      V2 – тұтынушылардың екінші тобының электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      6. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда, тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобы электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      7. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/ V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізуінің шекті бағаларын есептеудің бақылауға арналған мысал

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      k = 1,07

      Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде:

      V1 = 750,8 млн.кВтсағ.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ.

      Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтсағ.

      VIII = 827,0 млн.кВтсағ.

      Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал I = Zқолд. * k, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      3. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ.

      Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал3 = ((Zi * Vжалпы жыл. ) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/V3 Бсарал3 = ((16,50 * 2377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800)) / 827 = 17,88

      теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
5-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
17-1-қосымша

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары бөлігінде өндіретін (өткізетін) тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) өндірісі (өткізуі) көлемдері, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) 20___ жылғы ______________ (ай) үшін

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары

Шығындар, теңге

Өткізу көлемі (киловатт сағат)

1 киловатт сағатқа теңгемен есептік баға (қосылған құн салығынсыз)

Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс мың теңге

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 145 Бұйрыққа
6-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
17-2-қосымша

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары бөлігінде өндіретін (өткізетін) тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) өндірісі (өткізуі) көлемдері, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) 20___ жылғы ______________ (ай) үшін

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары

Шығындар, теңге

Өткізу көлемі (МВт * ай)

1 МВт*айға теңгемен есептік баға (қосылған құн салығынсыз)

Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс мың теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады