Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33264 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 148-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ғылым саласындағы жыл сайынғы:

      1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

      2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

      3) аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн А.И.Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші) үш сыйлық;

      4) педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

      5) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

      6) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

      7) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық тағайындалсын.

      2. 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады