Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 тамызда № 33285 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңыңың 5-бабы 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру бойынша әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) қызметін регламенттейді.

      2. Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдіскер – оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының (әдістемелік орталықтың, кабинеттің, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің) педагогі;

      2) әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысын алқалық басқару органы;

      3) әдістемелік орталық (кабинет) – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру бойынша аудандық/қалалық білім бөлімінің құрылымдық бөлімшесі немесе облыстық (қалалық) білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы;

      4) білім беру ұйымы басшысының оқу (ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары – білім беру ұйымындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты тікелей басқаратын басшының лауазымы;

      5) ғылыми әдістемелік жұмыс – педагогтердің кәсіптік құзыретін арттыру арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары әдіскерлерінің, педагогтердің және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

      6) оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

      7) әдістемелік бірлестіктер (комиссиялар, кафедралар) – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты іске асыру үшін педагогтерге кәсіби қолдауды жүзеге асыратын салалық (мамандық, пәндік топтық) белгілері бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби бірлестіктері;

      8) оқу-әдістемелік жұмыс – бұл білім беру ұйымының білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      3. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен практиканы интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың заманауи технологияларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:

      білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

      білім беру үдерісіндегі заманауи технологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды әзірлеу, енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру.

      педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру.

      5. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:

      республикалық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңеске;

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік орталықтарына (кабинеттеріне);

      аудандар (қалалар) деңгейінде аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;

      білім беру ұйымдары деңгейінде әдістемелік бірлестіктерге (комиссиялар, кафедралар) жүктеледі.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бейіндік білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мен оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы олардың қызметі туралы ережемен реттеледі.

      7. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары) ұйымдастыру шеңберінде әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) қызметін үйлестіреді.

      8. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің тәрбиелеу - білім беру, оқу-тәрбие процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.

2-тарау. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны

      10. Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

      1) ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ой және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;

      2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;

      3) оқытудың, сыныптан тыс және тәрбиелік жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін зерделеу және шығармашылық түрде меңгеру;

      4) үздік, жаңашыл тәжірибемен және идеяларын шығармашылықпен пайдалану, идеяларымен, инновацияларымен танысу;

      5) білім алушылардың ғылыми әлеуетін (өңірлік, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысу) анықтау үшін тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;

      6) оқыту және тәрбиелеу сапасына, мектепке дейінгі жастағы балалардың даму деңгейлерін, білім алушылардың оқыту және тәрбиелеу жетістіктерінің деңгейіне талдау жасау;

      7) педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысу;

      8) әдістемелік және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу.

      11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

      1) оқу-бағдарламалық материалдардың нормативтік құқықтық актілерін талдау және іске асыру, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

      2) оқу бағдарламаларын талдау және оларды оқу процесіне енгізу бойынша ұсыныстар беру;

      3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар беру;

      4) ағымдағы, аралық бақылау қорытындыларын талқылау, білім алушылардың білім сапасын, дағдылары мен іскерліктерін талдау және оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, жұмысын жаңа бастаған педагогтерге оқу сабақтарын дайындау мен өткізуге, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар мен сабақтан тыс іс-шараларды әзірлеуге көмек көрсету;

      6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым мен техниканың жетістіктерін, озық тәжірибені, тәрбие-білім беру, оқу-тәрбие жұмысындағы үздік тәжірибелерді және оқытудың қазіргі заманғы технологияларын зерделеу, іріктеу және жұмыс тәжірибесіне енгізу;

      7) мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын, тақырыптық, ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференциялар мен ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға шолу ұйымдастыру;

      9) педагогтердің еңбекті ұйымдастырудың, оқудың және өзара көмек көрсетудің тиімді нысандарын пайдалану бойынша жұмысты жетілдіру.

3-тарау. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) қызметінің мақсаты және жұмысының негізгі бағыттары

      12. Облыстық әдістемелік орталықтар (кабинеттер) қызметінің мақсаты – әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

      13. Облыстық әдістемелік орталықтар (кабинеттер) жұмысының негізгі бағыттары:

      1) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды;

      2) балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша жедел топтар құруды;

      3) тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процессінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейлеріне, білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізуді;

      4) педагогикалық қызметті зерттеу және үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді, әзірлемелерді, бағдарламаларды жинау, сараптау, жалпылау мен таратуды;

      5) тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беру ұйымдары мен педагогтердің осындай бастамаларына қолдау көрсетуді;

      6) мектепке дейінгі, бастауыш және орта білімнің тиімді жұмыс түрлері мен олардың нәтижелері туралы дерекқор құру, жұмыс тәжірибесін жинақтау, талдау мен жүйелеуді;

      7) білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамын мониторингтеу, педагогтердің біліктілігін арттыруға қажеттілікті болжауды;

      8) республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру мен өткізуді;

      9) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасауды;

      10) педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістермен таныстыруды;

      11) білім беру ұйымдары мен педагогтерді ақпараттық, технологиялық, консалтингтік, психологиялық қолдау, сондай-ақ білім беру ұйымдарын лицензиялауға, аттестаттауға және аккредиттеуге даярлау үшін әдістемелік сүйемелдеуді;

      12) педагогтердің қауымдастықтарымен іс-қимыл жасауды;

      13) білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді қамтиды.

      14. Республикалық маңызы бар қалалардың әдістемелік орталықтар (кабинеттер) қызметінің мақсаты – әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау.

      15. Республикалық маңызы бар қалалардың әдістемелік орталықтар жұмысының негізгі бағыттары:

      1) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды;

      2) балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша жедел топтар құруды;

      3) тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процессінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейлеріне, білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізуді;

      4) педагогикалық қызметті зерттеу, үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді, әзірлемелерді, бағдарламаларды жинау, сараптау, жалпылау мен таратуды;

      5) тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және білім беру ұйымдары мен педагогтердің бастамаларына қолдау көрсетуді;

      6) мектепке дейінгі, бастауыш және орта білімнің тиімді жұмыс түрлері мен олардың нәтижелері туралы дерекқор құру, жұмыс тәжірибесін жинақтау, талдау мен жүйелеуді;

      7) білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамын мониторингтеу, педагогтердің біліктілігін арттыруға қажеттілікті болжау, біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің жұмысын зерделеу;

      8) республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру мен өткізуді;

      9) педагогтердің аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуді;

      10) педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістермен таныстыруды;

      11) білім беру ұйымдары мен педагогтерді ақпараттық, технологиялық, консалтингтік, психологиялық қолдау, сондай-ақ білім беру ұйымдарын лицензиялауға, аттестаттауға және аккредиттеуге даярлау үшін әдістемелік сүйемелдеуді;

      12) педагогтердің қауымдастықтарымен іс-қимыл жасауды;

      13) білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз етуді;

      14) білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жолымен әдістемелік қолдауды;

      15) педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуді;

      16) педагогтерге білім берудің жаңа технологияларын, әдістемелерін, үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді игеруіне көмектесуді қамтиды.

      16. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдістемелік кабинеттері қызметінің мақсаты – педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

      17. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің жұмысының негізгі бағыттары:

      1) ауданда (облыстық маңызы бар қалада) әдістемелік жұмыстарды үйлестіруді;

      2) балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша жедел топтар құруды;

      3) тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процессінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейлеріне, білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізуді;

      4) республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру мен өткізуді;

      5) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін жағдай жасауды;

      6) білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жолымен әдістемелік қолдауды;

      7) педагогтерге білім берудің жаңа технологияларын, әдістемелерін, үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді игеруіне көмектесуді;

      8) педагогтердің үздік (озық, инновациялық) тәжірибесін сараптау, жалпылау және таратуды;

      9) педагогтердің біліктілік арттыруға қажеттілігіне мониторинг жүргізу және біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің жұмысын зерделеуді;

      10) мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістері, тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер туралы педагогтерге ақпарат беру қамтиды.

      18. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) штаттары өңірдегі педагогтер санына сәйкес әдіскердің бір штат бірлігіне 300 педагогтен аспайтын болып белгіленеді.

      19. Білім беруді басқару органы өңірдегі ерекшеліктерге байланысты қосымша құрылымдар мен штат бірліктерін белгілей алады, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

4-тарау. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі

      20. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысанына әдістемелік бірлестіктер, озық (инновациялық) тәжірибелік мектептер, шеберлік-сыныптар, сынақ алаңдары, кейстер, шығармашылық зертханалар, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, конференциялар, креативті сессиялар, әдістемелік десанттар, әдістемелік консилиумдар, әдістемелік тағлымдамалар жатады.

      21. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мектептік және мектепаралық әдістемелік бірлестіктер оқу пәндерінің педагогтері, бастауыш сынып педагогтері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, мектеп-интернаттары үшін құрылады.

      22. Оқу-әдістемелік бірлестіктер (комиссиялар, кафедралар) еркін бастама негізінде салалық (мамандықтар топтары, пәндер) белгілеріне қарай құрылады.

      23. Білім беру ұйымдарында әдістемелік бірлестіктер (комиссиялар, кафедралар) мектепте бір пәннен кемінде 3 педагог (мамандық бойынша өндірістік оқыту шебері) болған жағдайда құрылады.

      24. Сыныптары біріккен шағын мектептер бар болған жағдайда ауданда/қалада бағыттар бойынша педагогтердің әдістемелік бірлестіктері құрылады.

      25. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды тікелей басқаруды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістеме, ғылыми-әдістеме) жұмысы жөніндегі бойынша орынбасары жүзеге асырады.

      26. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды педагогтер оқу пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірлейді, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралады және білім беру ұйымы басшысы бекітеді.

      27. Білім беру ұйымының әкімшілігі (әдіскер, педагог) әзірлеген оқу-әдістемелік құжаттама әдістемелік бірлестіктердің (комиссиялардың, кафедралардың), білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестерінің отырыстарында талқыланады. Оң қорытынды алғаннан кейін білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      28. Әдістемелік бірлестіктердің (комиссиялардың, кафедралардың) жұмыс жоспары бір жылға құрылады және білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      29. Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктерді (комиссияларды, кафедраларды) дайындығы жоғары, шығармашыл педагогтер арасынан сайланатын (тағайындалатын) басшы басқарады.

      30. Мектепке дейінгі білім беру деңгейінде оқу-әдістемелік сүйемелдеу және әдістемелік көмек көрсету мынадай жұмыс бағыттарын қамтиды:

      1) үздік тәжірибені тарату үшін "даму нүктелері" ретінде ең үздік мектепке дейінгі ұйымдар базасында "Құзыреттілік орталықтарын" құру;

      2) көшбасшы-басқарушылардың көмегімен жергілікті жерлерде озық тәжірибені тарату және енгізу үшін "даму нүктелерін" бірыңғай басқару орталықтарына (мектепке дейінгі ұйымдардың альянстарына) одан әрі шоғырландыру.

      31. Әдістемелік бірлестіктің жұмысын басқару және үйлестіру үшін педагогикалық кеңес жұмысының мазмұнынын қайталамайтын әдістемелік кеңес құрылуы мүмкін.

5-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерін ұйымдастыру тәртібі

      32. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ТжКОББ) оқу-әдістемелік бірлестіктері бейіні бойынша құрылады және қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жаңартубойынша ұсыныстар енгізу;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

      3) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды және ұсынымдардыбейін бойынша , оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру;

      4) оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

      5) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

      6) инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;

      7) республикада, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде және алыс шетелдерде мәндес біліктіліктер мен мамандықтар бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізу;

      8) жастардың және жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      9) бейінді колледждерде оқу-әдістемелік әдебиеттермен, педагогикалық оқыту құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, техникалық заманауи оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы талдамалық материалдар дайындау;

      10) колледж базасында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мамандарының біліктілігін арттыру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;

      11) білім беру бағдарламаларына, оқу-әдістемелік құралдарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және электрондық оқулықтарға сараптама ұйымдастыру және жүргізу;

      12) ТжКБ ұйымдарында пайдалану үшін қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының тізбесін қалыптастыру бойынша ұсынымдар енгізу;

      13) Workldskills (Ворлдскилс) стандарттарының талаптары бойынша ТжКОББ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға жәрдемдесу;

      14) ТжКОББ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТжКОББ ұйымдары қызметінің өзара іс-қимылдыжәне үйлестіруді жүзеге асыру;

      15) ТжКОББ ұйымдары, жоғары білім беру ұйымдары мен ұйым (кәсіпорын) мамандарының өзара іс-қимылды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      16) білім беру сапасын сыртқы бақылау жүйесін жетілдіру, кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жетілдіру мақсатында ТжКБ ұйымдарының жұмыс берушілер өкілдерімен өзара іс-қимылцын жүзеге асыруға жәрдемдесу.

      33. Оқу-әдістемелік бірлестіктің (бұдан әрі – бейін бойынша ОӘБ) шешімі барлық білім беру ұйымдарына - бейіні бойынша ОӘБ мүшелеріне жеткізіледі.

      34. Бейін бойынша ОӘБ қызметіне басшылықты Төраға жүзеге асырады.

      ТжКОББ базасында ОӘБ-да жұмыс істейтін ұйымның басшысы бейін бойынша ОӘБ төрағасы болып табылады.

      Оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы бейін бойынша ОӘБ-нің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады