"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығында өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33293 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, әліппе серігі, хрестоматия, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, картографиялық атлас нысанында оқулықты сүйемелдейтін және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламалары мен "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес оқу және әдістемелік басылымдар;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық оқулықтар дайындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қалыптастыратын тақырыптық жоспар негіз болады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Баспа және (немесе) әзірлеуші Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖБС), үлгілік оқу бағдарламаларына, Талаптарға, "Оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25657 болып тіркелген) оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтеріне сәйкес оқулықтар мен ОӘК мазмұны мен ресімделуінің сапасын қамтамасыз етеді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін әзірлеуші және (немесе) баспа (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 4-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-Тізбе) жолдайды:

      1) процестің сипаттамаларын, нысандарын, көрсетілетін қызметтің мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген;

      2) сараптамаға жіберілетін оқулықтың, ОӘК мен құралдардың көлемін (баспа парақтарымен және минуттарымен) баспа басшысы немесе әзірлеуші басшы растайды;

      3) құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      17. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және баспалармен жұмыс және сараптаманы жоспарлау бөліміне орындауға береді.

      Баспалармен жұмыс және сараптаманы жоспарлау бөлімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін, оның ішінде келіп түскен атаулардың, олардың баспа беті және минуттағы көлемінің баспа басшысының хатында көрсетілген деректерге сәйкестігін тексереді. Сараптамасы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін басылымдар тақырыптық жоспарға сәйкестігі бойынша тексеріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабардар етеді.

      Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы 2 жұмыс күні ішінде жіберілген құжаттар топтамасын толықтырады.

      Тыңдау өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күні өткен соң көрсетілетін қызметті беруші оқулықты, ОӘК және сараптамаға арналған жәрдемақыны қабылдағаны туралы хабарлама береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      68. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Оқулыртар мен ОӘК тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқулықтары мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған ОӘК-ні тираждау кезінде титулдық парақта "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған" деген гриф қойылады.";

      77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Сараптама әзірлеушінің есебінен жүргізілген және оқулықтар мен ОӘК тізбесіне енгізілмеген оқу басылымдарын тираждау кезінде титулдық парақта: "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұсынады" деген гриф қойылады.

      78. Білім беру саласындағы уәкілетті органның "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған" деген грифі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруге және арнайы білім беруге арналған оқу әдебиеттерін келесі рет қайта басып шығарғанға дейін жарамды болады.

      79. Көрсетілетін қызметті берушінің "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұсынған" деген грифі оқу әдебиетінің келесі басылымына дейін жарамды болады.";

      1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Орта білім беру ұйымдарына
  арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдісмемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
1-қосымша";

      2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдісмемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
2-қосымша";

      осы Қағидаларға 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 256 бұйрығына
1-қосымша
  Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдістемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
  Нысан
  "Республиқалық ғылыми-
практикалық білім мазмұнын
сараптау орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
директорына
  Кімнен ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда)) мекенжайы:
телефоны:

Өтініш (жеке және заңды тұлғалар үшін)

      ________________ баспасы (авторы (авторлар ұжымы), әзірлеуші) әзірлеген _________________ аталымдағы "_____________________" оқу әдебиетіне сараптама жасауды және (орта білім беру деңгейінің оқулықтарын) қағаз оқулығының PDF форматындағы электрондық нұсқасының жалпы жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін ( "Республиқалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын) http://www.okulyk-edu.kz интернет-ресурсына "Жоба" белгісімен орналастыруды сұраймын.

      Білім беру деңгейі ____________________.

Атауы

Санаты (оқулық, ОӘК)

Әзірлеу формасы (қағаз, электронды)

Қайта басылған (жаңадан әзірленген)

Авторлары

Жас тобы (сынып немесе топ)

Әзірлеу тілі

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ______________________

      (өтініш берушінің қолы)

      20__ жылғы "___" _________.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы, мөр (заңды тұлға үшін) (бар болған жағдайда) ______________

      Өтінішті беру күні 20__ жылғы "___" __________.

      Қабылдады: __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 256 бұйрығына
2-қосымша
  Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдістемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
4-қосымша

"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Күнтізбелік 50 (елу) күн.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу және әдістемелік басылымдарына авторлар мен авторлық ұжымға сараптамалық қорытынды беру немесе дәлелді себептерді көрсетіп мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы (тегін) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу бойынша тақырыптық жоспарға (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) енгізілген оқу басылымдарына осы Қағидаларға сәйкес ақысыз негізде көрсетіледі. Тақырыптық жоспарға енбеген оқу басылымдарына мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 120-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен келісе отырып белгілейді.
Барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал, қосымша әдебиет, электрондық оқулық, электрондық оқу басылымының бір баспа табағына сараптама жүргізу құны:
1) жаратылыстану-ғылыми цикл бойынша – 15 849 теңге;
2) қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша - 11 887 теңге;
3) мәдениеттану циклі бойынша – 9 906 теңге.
Барлық білім беру деңгейлеріне арналған электрондық оқулық, электрондық оқу басылымдарына сараптама жүргізудің бір минутының құны – 2 678 теңге.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда Көрсетілетін қызметті берушінің есепшотына жіберу арқылы жүргізіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда - өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызметтің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек түрінде көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсететін орындардың мекен-жайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында орналасқан.

8.

Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (заңды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның уәкілетті өкілінің немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның құжаттары)

1. Автор, авторлық ұжым, баспа (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқу әдебиетін әзірлеушілер) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуге өтініш.
2) автор/ авторлық ұжым туралы мәліметтер: авторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері (ғылыми дәрежесі мен атақтары, біліктілік санаттары, оқулықтарды әзірлеу саласында оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттар;
3) баспа басшысының қолы қойылған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-ге баспаішілік сараптама жүргізу туралы куәландырылған қорытынды;
4) әзірлеуші қол қойған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-ні тәуелсіз бағалау туралы қорытынды;
5) сараптамаға жіберілетін ОӘК-нің көлемі (баспа парақтарымен және минуттарымен) туралы баспа басшысы қол қойған хат;
6) әзірлеуші, баспа және авторлар көрсетілмеген оқулықтардың, (баспа-электрондық) ОӘК және құралдардың (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның үш данасы, әзірлеуші, баспа және авторлар көрсетілген оқулықтардың, (баспа-электрондық) ОӘК және құралдардың (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның бір данасы;
7) электрондық оқулықтар, ОӘК және ОӘҚ үшін – еркін формада берілген орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыға арналған нұсқаулық;
8) төлемді растайтын құжат (ақылы негізде сараптама жүргізілгенде).
2. Әзірлеуші және (немесе) Баспа (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай материалдарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуге өтініш;
2) әзірлеуші және (немесе) баспа, автор/ авторлық ұжым туралы мәліметтер): авторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері (ғылыми дәрежесі мен атағы, біліктілік санаттары, оқулықтарды әзірлеу саласында оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттар;
3) оқулықтар мен ОӘҚ тізбесіне енгізілген жағдайда, баспаның, әзірлеушінің оқулықтардың, ОӘК-нің және оқу құралдарының электрондық нұсқасын ePub форматында білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру туралы жазбаша келісімі;
4) баспа басшысы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқулықтар мен ОӘК-нің баспаішілік сараптамасын жүргізу туралы қорытынды;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлеуші қол қойған оқулықтар мен ОӘК-ні тәуелсіз бағалау туралы қорытынды;
6) Оқу материалдары мен бастапқы дереккөздерді пайдалануда авторлық және азаматтық құқықтардың бұзылуының жоқтығы туралы баспаның басшысы қол қойған кепілдік хат;
7) сараптамаға жіберілетін оқулықтар мен ОӘК-нің көлемі (баспа парақтары мен минуттары) туралы баспа басшысы қол қойған хат;
8) әзірлеуші, баспа және авторлар көрсетілмеген оқулықтардың, (баспа-электрондық) ОӘК және құралдардың (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның төрт данасы, әзірлеуші, баспа және авторлар көрсетілген оқулықтардың, (баспа-электрондық) ОӘК және құралдардың (оның ішінде оның USB тасығыштағы, PDF форматындағы электрондық нұсқасы) макет-түпнұсқаның бір данасы;
9) электрондық оқулықтар, ОӘК мен құрал үшін – еркін формада берілген орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыға арналған нұсқаулық;
10) төлемді растайтын құжат (сараптама ақылы негізде жүргізілгенде).
Ескерту:
Ақылы негізде қызмет көрсету кезінде (Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқу басылымдарын сараптауға қабылдау) қызмет көрсетуге екі жақты шарт жасау үшін автордың/ баспа жетекшісінің жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) талап етіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттар қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болған, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленеді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 15 (он бес) минут.
Тақырыптық жоспарға енгізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау 31 мамырға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
Қорытынды сараптамаға оқулықтар мен ОӘК ағымдағы жылғы 5-10 қаңтар аралығында көрсетілетін қызметті берушінің бекітілген кестесі бойынша қабылданады.
Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқулық басылымдарын сараптамаға қабылдау ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан 31 қазанына дейінгі кезеңде жүзеге асырылады;
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800-080-7777 телефондары арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414" 8-800-080-7777 телефондары арқылы ала алады.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 256 бұйрығына
3-қосымша
  Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдістемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) не ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________.

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данасы жасалды.

      ___________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ______________

      (қолы)

      Орындаушы: ___________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Телефоны: ____________________

      Алдым: ________________________________ ___

      (көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 256 бұйрығына
қосымша
  Орта білім беру ұйымдарына
арналған оқулықтарды және
мектепке дейінгі ұйымдарға,
орта білім беру ұйымдарына
арналған оқу-әдістемелік
кешендерді дайындау, сараптау,
сынақтан өткізу және
мониторинг жүргізу, басып
шығару жөніндегі қағидаларға
6-қосымша
  Нысан

Оқу басылымына сараптамалық қорытынды

      20___ жылғы "___" _______ №___________

      1. Аталым: ___________________________________________________

      2. Басылым түрі ______________________________________________

      3. Оқу әдебиетінің авторы (авторлары): __________________________

      4. Баспа (әзірлеуші), басылып шыққан жылы: _____________________

      5. Білім беру деңгейі (сынып, жас тобы): _________________________

      6. Сараптама нәтижесі: ________________________________________

      "Республиқалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (директордың орынбасары) _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады