"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 тамызда № 33310 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Тендерлік құжаттама тендерлік баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:

      1) әлеуетті өнім берушіде ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде өткізілетін сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуын;

      2) төленген салықтардың көрсеткішін;

      3) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;

      4) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы;

      5) теріс мәндер.";

      мынадай мазмұндағы 140-1 және 140-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "140-1. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі оның тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылатын сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың тізбесі бойынша жұмыстарды сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады (бұдан әрі – Тізбесі).

      Егер осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес тізбесі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын және әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің республикалық маңызы бар қала мен астана шекараларында болуы оның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте облыс шекараларында болуымен бірдей болып табылады.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің астана немесе республикалық маңызы бар қала орналасқан облыстың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы оның республикалық маңызы бар қала мен астананың шекараларында болуымен бірдей болып табылады.

      Әлеуетті өнім берушінің облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы, онда тапсырыс беруші жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді не бекітілген сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды жеткізуді жоспарлайды, веб-порталмен үш жылдық соңғы есептелген жыл үшін бастапқы/кезекті салық есептілігін тапсырған орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады 1 қазаннан кешіктірмей ұсынылған кезең, әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолданудың алдыңғы жылы.

      Мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтер қолданылатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде веб-порталда бір рет жаңартылады.

      Қағидалардың осы тармағының ережелері жаңарту күніне дейін салық есептілігін ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерге қатысты қолданылмайды.

      140-2. Тендерлік баға ұсынысына әсер ететін теріс мән осы Қағидалардың 7-2-қосымшаға сәйкес тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер қолданылатын сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.

      Егер әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында сомасы айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын жасалған шарт болса, әрбір осындай шарт үшін веб-портал осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемдердің шартты жеңілдіктерінің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      Тендерлік құжаттамаға 15-қосымша мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жаңа объектілер құрылысының барысына, сондай-ақ қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу барысына инжинирингтік қызметтер көрсету (техникалық және авторлық қадағалау) сатып алу нысаны болып табылатын тендерде "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген).";

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 7-1 және 7-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары - Қаржы министрі
  2023 жылғы 17 тамыздағы
  № 874 бұйрығына
  1-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына
  7-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (тендер нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланыстырылады (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ___________________________________

      Тендердің № ______________________________________

      Тендердің атауы ___________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ___________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы _______________________

      Тендерлік комиссияның құрамы

Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі___________


Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Лот № __________________________________________

      Лот атауы __________________________________________________

      Тендерге (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы (ол болған кезде)

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Өтінім берілген күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Өтінімді қайтадан беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (тендерлік комиссия сұрау салуды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

Сұрау салуға жауап беру күні






      Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Шартты жеңілдік %

Комиссия мүшесінің шешімі

Ауытқу себебі

Біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылдамау себептерінің егжей-тегейлі сипаттамасы







      Бас тартылған тендерге қатысуға өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Қабылдамаудың себебі1





      ________________________________

      1 үш мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының талаптарын бұзу)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН




      Осы тендерге қатысуға ұсынылған барлық тендерге қатысуға өтінімдерге осы Қағидаларда көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Шартты жеңілдіктер, %




Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі

Төленген салықтардың көрсеткіші

Тауарлардың функционалдық сипаттамалары

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

Тауарлардың сапалық сипаттамалары

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Әлеуетті өнім берушінің тапсырыс беруші тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы

Теріс мәндер

Жалпы шартты жеңілдік, %













      Тендер қатысушыларының шартты бағаларын есептеу:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Антидемпинг шараларына сәйкес сома

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдік ескерілген баға

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші

Өтінімді беру күні мен уақыты











      Тендерлік комиссияның шешімі:

      1. № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) осы Қағидаларда белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) сатып алу туралы шартты жасассын.

      Не:

      №___ лот бойынша сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      *Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "тендерге қатысуға бір де бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "Тендерге қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Тиісті органдардың ___жылғы ___айдағы ___ күнгі № __актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).

      Не:

      Осы Қағидаларға сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Ескертпе:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары - Қаржы министрі
  2023 жылғы 17 тамыздағы
  № 874 бұйрығына
  2-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына
  7-1-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі оның конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылатын сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың тізбесі

Жұмыстардың атауы

1.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстары

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары - Қаржы министрі
  2023 жылғы 17 тамыздағы
  № 874 бұйрығына
  3-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына
  7-2-қосымша

Тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер қолданылатын сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Жұмыстар мен қызметтер атауы

1

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары

2

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстары

3

Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық (үлгілік жобалық-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар

4

Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша жұмыстар

5

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау, жобаны басқару)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады