Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33350 болып тіркелді.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
А. Жұмағали

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 270 бұйрығымен
бекітілген

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарға, грамотамен марапаттау алғыс жариялау арқылы, біржолғы ақшалай сыйақы формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер белгіленеді.

      Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

      2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

      3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

      4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

      5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

      Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен көп емес.

      Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген актілер күшіне енген күнгі қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32466 болып тіркелген) сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім (бұдан әрі –жария етпеу туралы келісім) жасалған адам, осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қоспағанда, біржолғы ақшалай сыйақы формасында көтермеленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары осы адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      4. Өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізу лауазымдық мiндеттемелерiне жататын мемлекеттiк қызметшiлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау жолымен көтермелейді.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік қызметшімен жария етпеу туралы келісім жасалса, онда осы мемлекеттік қызметшіге көтермелеу шаралары қолданылмайды.

      5. Осы Қағидалардың ережелері:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамға;

      2) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.

      6. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібі

      7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.

      8. Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:

      1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

      2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде, соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның ақпараты негізінде:

      1) ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу олардың анағұрлым ауыры үшін осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады;

      2) ауырлығы бірдей дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу бір рет жүзеге асырылады.

      10. Уәкілетті орган және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар) көтермеленуге құқығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарға көтермелеуге өтініш беру тәртібі туралы түсіндіреді.

      11. Осы адам анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеп-тексеруде жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған органға не оның фактісі туралы осы адам хабарлаған әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс қозғаған органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам көтермелеу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені үшін көтермелеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы;

      3) көрсетілген адамның ұлттық валютадағы ағымдағы банктік шотының бар болуы және нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктен анықтама.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген адам (бұдан әрі – өтініш беруші) жүгінген күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды жібереді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені үшін адамды көтермелеу туралы өтінішхат;

      2) ақпаратты есепке алу кітабында, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде немесе Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу нөмірі бар өтініштің көшірмесі;

      3) әкімшілік істер бойынша:

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;

      әкімшілік жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген қаулысының көшірмесі;

      4) қылмыстық істер бойынша:

      заңды күшіне енген айыптау үкімінің не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;

      5) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат) және өтініш берушінің ұлттық валютадағы ағымдағы банктік шотының бар болуы және нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктен анықтама.

      13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау үшін, осы адамның өтінішін қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

      14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 11, 12 немесе 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап, ұсынылған құжаттардың толықтығын әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін бес жұмыс күні ішінде тексереді.

      Құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адам және (немесе) көтермелеу үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген мерзімде өтінішті не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхатын қараудан негізді түрде бас тартады.

      Осы Қағидалардың 11, 12 немесе 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қараудан бас тарту себептері жойылған жағдайда, өтініш беруші не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.

      15. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеуге арналған материалдарды қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына осы Қағидалардың 11, 12 немесе 13-тармақтарына сәйкес қажетті материалдар мен ұсынылған құжаттар өтініші не өтінішхаты келіп түскен сәттен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның сұрауымен он жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

      16. Комиссияның құрамын және оның ережесін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      Комиссия уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан құрылады және кемінде бес адамнан тұруға тиіс.

      17. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау арқылы, осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, біржолғы ақшалай сыйақы формасында көтермелеу туралы шешім қабылдайды не бас тарту себебін көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты не өтініші келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартады.

      18. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен (көрсеткен) адамды көтермелеу туралы осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін ескере отырып шешім қабылдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде адамға біржолғы ақшалай сыйақы, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.

      19. Біржолғы ақшалай сыйақы төлеу уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының көтермелеу туралы бұйрығы шыққаннан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның ағымдағы банк шотына аудару жолымен, бір ай ішінде жүргізіледі.

  Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық фактісі туралы
хабарлаған немесе сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылға
өзгеше түрде жәрдем көрсететін
(көрсеткен) адамдарды
көтермелеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  __________________________
__________________________
(уакілетті мемлекеттік органның атауы)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені үшін көтермелеуге
ӨТІНІШ

      азамат (азаматша)________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      туған күні _______ жылғы "___" _____________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      жеке басты куәландыратын құжаттың түрі ___________________________________________

      құжаттың сериясы _______құжаттың нөмірі __________кім берген __________

      берілген күні _______ жылғы "___"______________

      тұрғылықты жерінің мекенжайы ___________________________________________________

      облысы _________________________________________________________________________

      __________________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы

      көшесі (шағын аудан) ______________________________________ үй _________ пәтер _____

      Мен,______________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ________________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)

      немесе _________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)

      туралы хабарлау мақсатында_______________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      _________________________________________________________ жүгіндім.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру / әкімшілік сыбайлас

      жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      мен ұсынған ақпарат расталды.

      ________________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке /заңды тұлғаның деректері)

      ___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ______ бабы _____ бөлігінің _____тармағы

      бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды /Қазақстан Республикасы

      Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) 12)

      тармақтарының немесе 36-баптың бірінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен

      босатылды / Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің

      _____бабы ___ бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      _______________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      Жоғарыда айтылғанның негізінде, қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткенім үшін, маған біржолғы

      ақшалай сыйақы формасында көтермелеу тағайындауды және оны менің ағымдағы банктік

      шотыма аударуды сұраймын.

Өтінішке қоса берілген құжаттар тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны










      Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауаптымын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткенім үшін көтермелеу тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны _________ ұялы телефоны __________ Е-маil ___________

      өтініш берген күні 20___ жылғы "____" _____________

      өтініш берушінің қолы ________________________

  Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық фактісі туралы
хабарлаған немесе сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылға
өзгеше түрде жәрдем көрсететін
(көрсеткен) адамдарды
көтермелеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде

      20 ___ жылғы "___" ___________№ _____

  __________________________
__________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның немесе оның
аумақтық бөлімшелері атауы)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көрсеткен жәрдемі үшін адамды көтермелеу туралы
ӨТІНІШХАТ

      _____________________________________________________________ іс-жүргізуінде

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы)

      _________________________________________________________________________қатысты

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке /заңды тұлғаның деректері)

      сыбайлас жемқорлық қылмысқа сотқа дейінгі тергеу / әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық туралы іс болды.

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      Ақпаратты есепке алу кітабындағы нөмір __________, тіркелген күні 20 ___ жылғы "___" ________.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің нөмірі ___________, тіркелген

      күні 20 ___ жылғы "___" __________.

      Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің нөмірі ________________, басталған күні

      20__ жылғы "___" __________.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді/әкімшілік сыбайлас

      жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тіркеудің негізі

      ________________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін

      (көрсеткен) адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      азаматтың (азаматшаның) өтініші болып табылады.

      туған күні "____" ____________ ________ жыл

      жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _______________________________

      құжаттың сериясы _________ құжаттың нөмірі _________ кім берді _________

      берілген күні "___" ____________ _______ жыл.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру/әкімшілік сыбайлас

      жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      азамат (азаматша) ______________________________ көрсетілді сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылықты ашуға жәрдем көрсету, берілген ақпарат расталды.

      __________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке /заңды тұлғаның деректері)

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің _____бабы _____ бөлігінің _____тармағы

      бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-

      процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) 12) тармақтарының немесе

      36-баптың бірінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды / Қазақстан

      Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ____бабы ____ бөлігі

      бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      Ескертпе: айыптау үкімінің, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату

      туралы қаулының, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының заңды күшіне енуі

      туралы мәліметтер көрсетілсін.

      Жоғарыда айтылғанның негізінде, қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде

      біржолғы ақшалай сыйақы формасында / грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау

      жолымен көтермелеу

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      ________________ азаматты (азаматшаны) тағайындау туралы мәселені сыбайлас жемқорлық

      құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеуге арналған

      материалдарды қарау жөніндегі комиссияның қарауы туралы өтініш жасаймын.

      Біржолғы ақшалай сыйақыны азамат (азаматша) ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін

      (көрсеткен) адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ағымдағы банк шотына аударуды сұраймын.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны










      Басшы ____________________________ тегі, аты-жөні

      (қолы)

      өтінішхат берілген күні 20 ___ жыл "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады