"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 875 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 қыркүйекте № 33409 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін әскери оқу орындары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:

      1) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу;

      2) функционалдық арналуы бойынша оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залдарды, брифинг-залдарды, жатақхана бөлмелерін, акт залдарын және дәрісханаларды ұсыну;

      3) мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау;

      4) әскери кафедралардың студенттері үшін оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;

      5) әскери кафедраларға ақылы негізде әскери мүлік беру.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі әскери оқу орындары "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:

      1) ғылыми және қорғаныстық зерттеулерді жүргізу;

      2) функционалдық арналуы бойынша ғылыми-эксперименттік базаны ұсыну;

      3) лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесіне зияткерлік құқықтарды беру;

      4) рецензияланатын ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау және конференциялар жинағын әзірлеу бойынша қызмет көрсету.";

      8-тармақтың 24) тармақшасы: "24) оқу және ғылыми мақсаттар үшін бейнероликтерді, бейнефильмдерді, аудиожазбаларды дайындауға;" деген редакцияда жазылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) полигон үшін шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады