Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 қыркүйекте № 33410 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27790 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларында:

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ШАЖО жобасын қарауды және келісуді жүзеге асырады.

      Жерге орналастыру жобасын келісу Кодекстің 121, 139, 140 және 142-баптарында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде жүзеге асырылады.";

      2) "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген):

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық берген кезде жаңа жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлеу жер комиссиясының оң қорытындысы және жер учаскесін беруге мүдделі тұлғаның (бұдан әрі – тапсырыс беруші) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге арналған өтініші негізінде орындалады.

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезінде жер учаскесiн алдын ала таңдау актiсiнде көрсетiлген жер учаскесiнiң орналасқан жерiн өзгертуге жол берiлмейдi.";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нысаналы мақсаттары мен құқықтарының түрі бірдей және бір жер учаскесі шекарасының бір мезетте басқа жер учаскесі шекарасының бөлігі болып табылатын ортақ (шектес) бөлігі бар жер учаскелері біріктірілуге (қосуға) тиіс;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жерге орналастыру жобасының мәтін бөлігі мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі бет;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімдемесі;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасын жасауға арналған өтініш;

      5) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

      Тапсырыс беруші уәкілетті өкіл арқылы жүгінген кезде:

      заңды тұлғалар үшін: өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін;

      жеке тұлғалар үшін: сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қамтиды;

      6) жаңа жер учаскесін құру немесе оны ретке келтіру кезінде (елді мекендерде белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамалары) қабылданатын жобалық шешімдерді негіздеу үшін қажетті материалдар (құжаттар).

      Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру кезінде жерге орналастыру жобасының мәтін бөлігі мыналарды қосымша қамтиды:

      1) жер учаскесін таңдау актісі немесе жер учаскесiн алдын ала таңдау актісі (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде) және жер учаскесі шекараларының схемасы (жоспары);

      2) жер комиссиясының оң қорытындысы;

      3) күрделі құрылыстар (ғимараттар, құрылысжайлар) бар болса оларға құқықтарды растайтын құжаттар (жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі);

      4) жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік мақсатында берілген кезде Кодекстің 32-бабының 4-тармағына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензиялардың немесе келісімшарттың көшірмелері қоса беріледі.

      Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасының мәтін бөлігі:

      1) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың және жер учаскесі сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;

      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді;

      3) күрделі құрылыстар (ғимараттар, құрылысжайлар) бар болса оларға құқықтарды растайтын құжаттарды (жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі);

      4) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының көшірмесін (бар болса) қосымша қамтиды.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтер тізбесі толық болып табылады. Жерге орналастыру жобаларын әзірлеу кезінде тапсырыс берушіден осы тармақта көзделмеген құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.";

      13-тармақтың 9), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) еркін нысандағы жер учаскесін бөлу, біріктіру (қосу), шекараларын өзгерту схемасын (жоспарын).

      Жер учаскесін бөлу кезінде жерге орналастыру жобасы жаңадан құрылған әрбір жер учаскесіне жасалады.

      Жер учаскесінің схемасын (жоспарын) қарындашпен жазуға, қолмен жөндеуге, тазалауға, қосып жазуға, түзетуге жол берілмейді;

      10) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру процесіне қатысушылардың жер учаскесін келісу схемасын (жоспарды) (бұдан әрі – келісу схемасы (жоспары)).

      Келісу схемасын (жоспарын) мемлекеттік органдармен, жер учаскелерінің иелерімен және бөтен жер учаскелерінің жер пайдаланушыларымен келісуді тапсырыс беруші қамтамасыз етеді.

      11) жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК АЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

      осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі (бұдан әрі – Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі), Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі қоса беріледі.

      Бұрылыс жолақтары, әуе электр беру желілерінің тіреулері, кәбілді электр беру желілерінің жербеті құрылысжайлары бар желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары алып жатқан жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК АЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

      осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі, Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі желілік объектілер полигонының алаңы көрсетіле отырып, қоса беріледі.

      Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жері ЖМБМК АЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген кезде (жер учаскесінің басқа шектес жер учаскелерімен қабаттасуының болуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, желілер өлшемдерінің, конфигурациялар мен координаттардың ұсынылған деректерге сәйкес келмеуі):

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті (бұдан әрі – Сәйкес келмеу туралы акті), Сәйкес келмеу туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі қоса беріледі.

      Бұрылыс жолақтары, әуе электр беру желілерінің тіреулері, кәбілді электр беру желілерінің жербеті құрылысжайлары бар желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің орналасқан орны ЖМБМК АЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген кезде (жер учаскесінің басқа шектес жер учаскелерімен қабаттасуының болуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, желілер өлшемдерінің, конфигурациялар мен координаттардың ұсынылған деректерге сәйкес келмеуі):

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті, Сәйкес келмеу туралы актіге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі қоса беріледі;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің ЖМБМК АЖ-ның графикалық деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізу үшін жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      Жобаланып отырған жер учаскесі Кодекстің 121-бабында көрсетілген жерлерді пайдаланудың ерекше шарттары бар белгіленген аймақтардың шекараларында орналасқан кезде, салыстырып тексеру жүргізу кезінде жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары мен жерлерді пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтардың шекараларының қабаттасу схемасы ЖМБМК АЖ-да олардың шекаралары болған кезде жасалады.";

      13, 14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшалар алып тасталсын;

      22-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 326 бұйрығына
1-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
13-қосымша
Нысан

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың жер учаскесін келісу схемасы (жоспары)

      __________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесін мемлекеттік органдардың, бөгде жер

      учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларның келісу схемасы (жоспары)

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

"Оңтүстік – Солтүстік" бағыты



 

Масштаб 1:

Шектесу сипаттамасы:

Жер учаскенің кадастрлық нөмірі
(бар болса)

А-дан Б-ға дейін:



Б-дан В-ға дейін:



В-дан Г-ге дейін:



Г-ден A-ға дейін:



 

      Мемлекеттік органдармен:

Р/с

Мемлекеттік органның атауы

Келісетін тұлғаның лауазымы

Келісетін лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қолы және мөрі

Күні

























      Бөгде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар

Р/с

Шектесу сипаттамасы

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы

Кадастрлық нөмір (бар болса)

Қолы

Күні

Келісілді немесе келісілмеді

Келісуде бас тарту себебі

Түсіндірме

1

А-дан Б-ға дейін








2

Б-дан В-ға дейін:








3

В-дан Г-ге
дейін








4

Г-ден A-ға дейін








      Ескертпе: Меншік иелері мен бөтен жер учаскелерінің жер пайдаланушылары сервитутты қамтамасыз ету бөлігінде жер учаскесін келісу схемасын (жоспарды) жерге орналастыру процесіне қатысушылармен келістіреді.

      Жер учаскесін бөлу немесе біріктіру нәтижесінде жаңа жер учаскелері пайда болған кезде бөтен жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларымен жер учаскесін келісу схемасын (жоспарды) жерге орналастыру процесіне қатысушылармен келістіруі қажет етілмейді.

      Жасаған _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ____________ ________________

      (қолы) (күні)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 326 бұйрығына
2-қосымша
"Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
14-қосымша
Нысан
  Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса)/заңды тұлғаның
атауы)

Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі №___

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін мына деректермен

      салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ______________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ___________________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: _____________________________________________

      Жерлердің санаты: _________________________________________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат:___________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/

      __________________________________________________________________________

      жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Жер учаскесінің ұсынылған координаттары бойынша жобаланатын жер учаскесінің шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісеміз (шекаралардың салынбауы, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары).

      Қосымша: жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

      Салыстырып тексеру жүргізген: ______________________________________________

      (маманның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Арнайы белгілер __________________________________________________________

      (бұрын жобаланған жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланған

      __________________________________________________________________________

      жер учаскесі екі және одан да көп есептік орамдардың және басқалардың шекарасында

      орналасқан)

      Салыстырып тексеру жүргізген:______________________________________________

      (маманның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып тексеру күні: 20___ жылғы " " _________

      __________________________________________________________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы

      жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық

      үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
1-қосымша
Нысан

Жобаланып отырған жер учаскесінің жоспары

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты



      Масштаб 1:

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: ________________________________________

      Жерлердің санаты (бар болса): __________________________________________

      Жоспарды жасаған: ____________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      __________________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болса), тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ___________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
2-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесінің шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметрі, метр: _______________________

      Ауданы, гектар ________________________

      Ведомості жасаған: ________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ___________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық

      қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
3-қосымша
Нысан

Желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары

      Оңтүстік-Солтүстік" бағыты



      Масштаб 1:

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: ________________________________________

      Жерлердің санаты (бар болса): ___________________________________________

      Жоспарды жасаған:_____________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      __________________________________________________________________________

      әкесінің аты, тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ___________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық

      қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
4-қосымша
Нысан

Желілі объекті полигонының алаңын көрсете отырып, желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

Полигон 1

1




2




Полигон алаңы, гектар

Полигон 2

5




6




Полигон алаңы, гектар

Полигон 3

11




12




Полигон алаңы, гектар


      Периметрі, метр: __________________________

      Ауданы, гектар ___________________________

      Ведомості жасаған: ________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ___________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық

      қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 326 бұйрығына
3-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
15-қосымша
Нысан
Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы)

Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті №___

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесі координаттарының ведомосін мынадай

      деректермен салыстыру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: ___________________________________________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ______________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:___________________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: _____________________________________________

      Жерлердің санаты:__________________________________________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат: __________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса),

      __________________________________________________________________________

      тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___жылғы " " ___________.

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесі координаттары бойынша жобаланатын жер

      учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

      ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеуі анықталды.

      Қосымша: жобаланатын жер учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің

      бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне

      сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары

      координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

      ___________________________________________ сәйкессіздігі анықталды

      Арнайы белгілер __________________________________________________________

      (бұрын жобаланатын жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланатын

      __________________________________________________________________________

      жер учаскесі екі және оданда көп есептік орамдардың және басқалардың

      шекараларында тұр)

      Салыстырып тексеру жүргізген: ______________________________________________

      (маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып тексерілген күн: 20___ жылғы " " ________________

      __________________________________________________________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы

      жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық

      үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
1-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы

      "Оңтүстік - Солтүстік" бағыты



      Масштаб 1:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланған учаске;

      __________ шектес учаске;

      __________ қабаттасу;

      __________ сәйкессіздік.

      Қабаттасудың жалпы ауданы, гектар:__________.

      __________________________________________________________________________

      мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
2-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координатттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтарының

      ұзындықтарының жиынтық ведомосі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған

      координаттарға сәйкес келеді

      Периметрі, метр: _______

      Ауданы, гектар _______

      Ведомості жасаған:_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ____________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық

      қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
  координаттары ведомосінің
  сәйкес келмеуі туралы актіге
  3-қосымша
  Нысан

Желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы

      "Оңтүстік - Солтүстік" бағыты



      Масштаб 1:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланған учаске;

      __________ шектес учаске;

      __________ қабаттасу;

      __________ сәйкессіздік.

      Қабаттасудың жалпы ауданы, гектар:_____________.

      __________________________________________________________________________

      Мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
4-қосымша
Нысан

Желілі объект полигонының алаңын көрсете отырып, желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

Полигон 1

1




2




Полигон алаңы, гектар

Полигон 2

5




6




Полигон алаңы, гектар

Полигон 3

11




12




Полигон алаңы, гектар


      Периметрі, метр: _______________

      Ауданы, гектар ________________

      Ведомості жасаған: ________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* __________ _________________________________________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық

      қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 326 бұйрығына
4-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
22-қосымша
Нысан

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі

      __________________________________________________________________________

      (жер пайдаланушы (меншік иесі)

      __________________________________________________________________________

      (нысаналы мақсаты)

      __________________________________________________________________________

      (орналасқан жері, алаңы (гектар))

Ауыл шаруашылығы алқабының атауы

Топырақ типінің атауы

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативі
(теңге)

Алаңы (гектар)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу сомасы (теңге)
(4-баған х 6-баған =)

1

2

3

4

5

6













Барлығы :



      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамы филиалының басшысы____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Мөрдің орны (бар болса) Күні: 20___ жылғы "____" _______.

      Келісілді:__________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      Орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________ ____________

      (қолы) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады