"Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 421-НҚ бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 337-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 33414 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 421-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30401 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады