1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-1 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16585 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16586 болып тіркелген):
"105. Біріккен Араб Әмірліктерінің Шымкент қаласындағы Бас консулдығы.
106. Түркі академиясы.
107. Халықаралық Валюта Қоры өкілдігі.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Р/с
№
|
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігінің (бұдан әрі – өкілдік), консулдық мекемесінің (бұдан әрі – консулдық мекеме) атауы
|
Өкілдікке және консулдық мекемеге белгіленетін шектеулер
|
Өкілдік және консулдық мекеме персоналының мүшелері үшін белгіленетін шектеулер
|
1.
|
Армения Республикасының Елшілігі
|
Қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) қайтару қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде ғана жүргізіледі.
|
ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.
|
2.
|
Аустрия Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 73 еуро.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 73 еуро.
2. ҚҚС сомасының жоғарғы шегі жылына 2900 еуроны құрайды.
3. Әкімшілік-техникалық персоналға ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.
|
3.
|
Беларусь Республикасының Елшілігі
|
|
ҚҚС-ты қайтару мыналарға:
дәрі-дәрмектер алудан басқа медициналық қызметтерінің барлық түрлеріне;
сервистік-тұрмыстық қызмет көрсетуге (химиялық тазарту, шаштараз);
қосалқы бөлшектерден басқа, тұрмыстық және өзге де техникаларды жөндеу қызметтеріне;
қосалқы бөлшектерден басқа, жеке автомобильдерді жөндеу қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
4.
|
Бельгия Корольдігінің Елшілігі
|
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасына төменгі шек ҚҚС-сыз 125 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару келесі жағдайларда жүргізіледі:
ресми пайдалануға арналған ғимаратты сатып алғанда (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша);
азық-түлік өнімдері (ресми қабылдаулар кезінде тамақпен қамтамасыз етілген жағдайда);
өкілдік пайдаланатын коммуналдық қызметтер үшін;
шетел тілдері курстарына ақы төлегені үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді:
тамақ өнімдері (ресми қабылдаулар кезінде тамақпен қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда);
жалға алынған пәтерлердегі жөндеу-құрылыс жұмыстары (Өкілдіктердің және консулдық мекемелердің басшыларынан басқа);
туристік агенттіктердің қызметтері;
банк және қаржы операциялары;
фабрикалық темекі;
аңшылық және спорттық мылтық;
өзін-өзі қорғау мақсатындағы қару;
ұшақтар, яхталар, кемелер, қайықтар;
кемпингтік автомобильдер, саяхатқа арналған тіркемелер.
|
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасына төменгі шек ҚҚС-сыз 125 еуро.
1) ҚҚС-ты қайтару 1 дипломатқа немесе әкімшілік-техникалық қызметкерге қатысты жүргізіледі:
спирттік ішімдіктер (22%-дан астам алкоголь) – жылына 90 литр;
шарап (22%-дан аз алкоголь) – жылына 450 литр;
темекі өнімдері –жылына 8000 дана темекі;
2) ҚҚС-ты қайтару жанармай үшін жүргізіледі:
Өкілдік басшысы үшін:
бірінші автомобиль – жылына 5000 литр;
екіншісі – жылына 5000 литр;
дипломаттар мен әкімшілік-техникалық қызметкерлер үшін:
бірінші автомобиль – жылына 5000 литр;
екіншісі – жылына 5000 литр.
2. ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді:
коммуналдық қызметтер (су, газ, электр энергиясы, телефон, жылыту);
тамақ өнімдері;
қонақ үйлерде, кафелерде, мейрамханаларда тамақтану;
қонақ үйлерде тұру бойынша қызметтер;
телефонды қосу;
туристік агенттіктердің қызметтері;
банк және қаржы операциялары;
фабрикалық темекі;
аңшылық және спорттық мылтық;
өзін-өзі қорғау мақсатындағы қару;
ұшақтар, яхталар, кемелер, қайықтар;
кемпингтік автомобильдер, саяхатқа арналған тіркемелер.
|
5.
|
Болгария Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 8 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).
2. ҚҚС-ты қайтару тек мыналар үшін:
қызметтік автомобильдер, мотоциклдер (жөндеу мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда) 1 қызметкерге 1 бірлік болған жағдайда ғана;
жиһаз;
электрқұралдары;
құрылыс материалдары мен жөндеу-құрылыс жұмыстары;
аудио, бейне, кеңсе техникасы;
күзет техникасы мен қызметтері;
телекоммуникация техникасы (құны және жөндеу);
телефон қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
мерзімді басылымдарға жазылу;
интернет қызметтері;
жаңадан келген дипломаттарға 20 күнге дейін қонақүй қызметтері үшін жүргізіледі.
3. Төменгі шегі 8 АЕК болатын сомасындағы:
телефон байланыстарына;
коммуналдық қызметтерге;
мерзімді басылымдарға жазылуға;
интернет қызметтеріне қолданылмайды.
4. ҚҚС-ты қайтару мыналар:
1 қызметтік автомобиль үшін тоқсанына 900 (750) литр бензин (дизель) үшін жүргізіледі.
5. ҚҚС-ты қайтару:
өкілдіктің әкімшілік ғимаратын, өкілдік басшысының резиденциясын жалға алғаны үшін;
өкілдіктің әкімшілік ғимаратын, өкілдік басшысының резиденциясын сатып алғаны үшін;
өкілдіктің әкімшілік ғимаратын, өкілдік басшысының резиденциясын салу мен ұстауға қажетті құрылыс материалдары мен қызметтерді сатып алғаны үшін жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 25 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару тек мыналарға:
жеке автомобильдер, мотоциклдер (жөндеу мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда) отбасының 1 ересек мүшесіне 1 бірлік болған жағдайда;
болудың алғашқы 12 айы кезеңіндегі жиһаз;
электр құралдары;
алғашқы орналасу кезінде немесе 3 жылда 1 рет құрылыс материалдары мен жөндеу-құрылыс жұмыстары;
телекоммуникация техникасы (құны мен жөндеуі);
телефон қызметтері;
коммуналдық қызметтер үшін жүргізіледі.
3. Төменгі шегі 25 еуро сомасындағы телефон қызметтері мен коммуналдық қызметтеріне қолданылмайды.
4. Бензин (дизель) үшін ҚҚС қайтару 1 жеке автомобиль үшін тоқсанына 600 (450) литр есебімен жүргізіледі.
5. Әкімшілік-техникалық персонал мүшелеріне қатысты ҚҚС тек:
жиһаз;
жабдықтар;
санитарлық-гигиеналық материалдары үшін қайтарылады.
|
6.
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі – БАӘ) Елшілігі,
БАӘ-нің Шымкент қаласындағы Бас консулдығы
|
Бір чек сомасының төменгі шегі 200 БАӘ дирхамға тең болу шартымен барлық чектер бойынша ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі – 10000 БАӘ дирхамды құрайды.
|
Бір чек сомасының төменгі шегі 200 БАӘ дирхамға тең болу шартымен барлық чектер бойынша ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі – 1000 БАӘ дирхамды құрайды.
|
7.
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ)
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 8 АЕК.
2. ҚҚС-ты қайтару БҰҰ БЖКБ қызметтік мақсаттарда жеке меншікке сатып алуларды жүргізетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
8.
|
Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі,
Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару мыналарға:
тамақ өнімдеріне;
темекі өнімдеріне;
қоғамдық тамақтану жүйесіндегі тауарларға, көрсетілетін қызметтерге жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару:
егер бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, электр қуаты, газ және су шоттарына;
егер бір жеткізушіден бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, бензин және дизель жанармайы үшін жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 еуро.
2. Жоғарғы шегі – ҚҚС жалпы сомасы 1 қызметкерге жылына 1200 еуро.
3. ҚҚС-ты қайтару мыналарға:
тамақ өнімдеріне;
темекі өнімдеріне;
қоғамдық тамақтандыру жүйесіндегі тауарларға, көрсетілетін қызметтерге жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару:
егер бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, электр қуаты, газ және су шоттарына;
егер бір жеткізушіден бірнеше жеке, бірақ бірге табыс етілген шот-фактуралардың жалпы сомасы тоқсанына 100 еуродан асқан жағдайда, бензин және дизель жанармайлар;
персонал мүшесіне және отбасының әр ересек мүшесіне шектеусіз екі жылда 1 рет көлік үшін жүргізіледі.
|
9.
|
Грек Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 250 еуро (ҚҚС қоспағанда).
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша 250 еуро болатын төменгі шегі коммуналдық қызметтер және телефон байланыстары үшін шоттарына қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару мынадай тауарларды сатып алу үшін:
жиһаз, декор элементтері;
шарап, спирттік ішімдіктер;
электр тауарлары, тұрмыстық техника;
спорттық жабдықтар мен тренажерлер;
картиналар, мүсіндер, халық өнері, мұражай заттары;
музыкалық аспаптар;
кеңсе жабдықтары;
кеңсе тауарлары;
зергерлік бұйымдар, сағаттар, күміс және алтын бұйымдары;
кітаптар, CD, DVD;
ұялы телефондар мен керек-жарақтар;
тазартқыш заттар;
Ұлттық мерекелерге арналған тамақ өнімдері мен кейтерингтер үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару келесі көрсетілген қызметтер үшін:
қонақ үйде тұруы (жаңа келген қызметкерлер үшін) 30 түнге дейін;
мейрамханалар;
электр заттарына күтім жасау;
бау-бақша қызметтері;
коммуналдық қызметтер және телефон байланысы;
жеке күзет;
қызметтік көліктерге қызмет көрсету, жөндеу;
автотұрақ үшін ай сайынғы төлем;
заңгерлік консультациялар, адвокаттар қызметтері;
жылжымайтын мүлікті жалға алу бойынша риэлторлық қызметтер бойынша төлемдер (қол қойылған жалдау құжаты болған жағдайда);
Ұлттық мерекелер мен ресми сапарлар аясындағы қабылдаулар;
халықаралық көрмелерге қатысу;
конференциялар ұйымдастыру үшін жүргізіледі.
5. ҚҚС-ты қайтару сатып алынған қызметтік автокөліктер үшін олардың саны өкілдік мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспаған жағдайда жүргізіледі.
6. ҚҚС қайтару мына мұқтаждар үшін сатып алынған жанармайларға:
өкілдіктің қызметтік автомобиліне жанармай – 540 литр айына;
өкілдік сатып алған қызметтік үй-жайларды немесе отынға арналған жеке сыйымдылығы бар үй-жайларды жылытуға арналған отын үшін жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 250 еуро (ҚҚС қоспағанда).
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша 250 еуро болатын төменгі шегі коммуналдық қызметтер және телефон байланыстары үшін шоттарына қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару келесі тауарларды сатып алу үшін:
киім, аяқ киім, аксессуарлар;
жиһаз, декор элементтері;
төсек-орын жабдықтары мен керек-жарақтары;
шарап, спирттік ішімдіктер;
электр тауарлары, тұрмыстық техника;
парфюмерия, косметика;
зергерлік бұйымдар, сағаттар, күміс және алтын бұйымдары;
кітаптар, CD, DVD;
ұялы телефондар мен керек-жарақтар;
үйді тазартқыш заттар үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
қонақ үйлерде тұру (жаңа келген қызметкерлер үшін) 30 түнге дейін;
мейрамхана қызметтері;
коммуналдық қызметтер және телефон байланысы;
спорт орталықтары, спа;
жеке күзет;
ай сайынғы автотұрақ ақысы үшін жүргізіледі.
5. ҚҚС-ты қайтару мынадай жолмен сатып алынған автомобильдер:
өкілдік басшысы сатып алған 2 бірлік көлеміндегі автомобиль;
некеде тұрған дипломат сатып алған 2 бірлік көлеміндегі автомобиль;
некеде тұрмайтын дипломат сатып алған 1 бірлік көлеміндегі автомобиль;
әкімшілік-техникалық персоналдың Қазақстан Республикасына келген келу күнінен бастап алты ай ішінде сатып алған 1 бірлік көлеміндегі автомобиль үшін жүргізіледі.
6. ҚҚС-ты қайтару келесі қажеттіліктер үшін сатып алынған жанармайларға:
Өкілдік басшысының автомобиліне жанар май үшін – 680 литр айына;
дипломатиялық қызметкердің автомобиліне жанармай үшін – 540 литр айына;
өкілдіктің жеке үйді немесе пәтерді жылыту үшін сатып алған жанармай немесе жеке сыйымдылығы бар жанар-жағар майы үшін жүргізіледі.
|
10.
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС-ты қайтару жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қызметтік мақсатта сатып алу кезінде ғана Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
|
ҚҚС-ты қайтару тек офис басшысы мен оның отбасы мүшелері үшін жүргізіледі.
|
11.
|
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.
|
ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді.
|
12.
|
Жапония Елшілігі
|
ҚҚС-ты қайтару қызметтік автомобильдерге – 1 автомобильге тоқсанына 1200 литр бензин үшін жүргізіледі.
|
ҚҚС-ты қайтару:
Өкілдік басшысына – 1 автомобильге тоқсанына 1800 литр;
жеке автомобильдерге – 1 автомобильге тоқсанына 1200 литр бензин үшін жүргізіледі.
|
13.
|
Израиль Мемлекетінің Елшілігі
|
ҚҚС-ты қайтару:
тамақ өнімдері;
әуебилеттер;
медициналық шығыстар;
сақтандыру;
білім беру қызметтері;
жанармай;
пошта қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
1. ҚҚС-ты қайтару жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 дипломатиялық қызметкерге тоқсанына 125 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 әкімшілік-техникалық персоналға тоқсанына 63 АҚШ доллары.
3. ҚҚС-ты қайтару:
тамақ өнімдері;
әуебилеттер;
медициналық шығыстар;
сақтандыру;
білім беру қызметтері;
жанармай;
пошта қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
14.
|
Индонезия Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 АҚШ доллары (ҚҚС-ты қоса алғанда).
2. ҚҚС қайтару:
тамақ өнімдері;
тұрмыстық тауарлар;
алтын құймалар және бағалы қағаздар;
үй-жайларды жалға алу;
медициналық қызметтер;
курьерлік қызметтер;
қаржылық қызметтер;
сақтандыру қызметтері;
білім беру қызметтері;
жарнамалық қызметтер;
көлік қызметтері;
қонақ үй қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
байланыс;
қоғамдық тамақтандыру қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 АҚШ доллары (ҚҚС-ты қоса алғанда).
2. ҚҚС қайтару:
тамақ өнімдері;
тұрмыстық тауарлар;
алтын құймалар және бағалы қағаздар;
үй-жайларды жалға алу;
медициналық қызметтер;
курьерлік қызметтер;
қаржылық қызметтер;
сақтандыру қызметтері;
білім беру қызметтері;
жарнамалық қызметтер;
көлік қызметтері;
қонақ үй қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
байланыс;
қоғамдық тамақтандыру қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
15.
|
Иордания Хашимиттік Корольдігінің Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек –282 АҚШ доллары.
2. ҚҚС-ты қайтару тек дипломатиялық персонал және олардың жұбайлары үшін жүргізіледі.
|
16.
|
Ирак Республикасының Елшілігі
|
|
ҚҚС-ты қайтару дипломатиялық персоналдың екі қызметкеріне ғана жүргізіледі.
|
17.
|
Иран Ислам Республикасының Елшілігі,
Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы,
Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
|
ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
|
18.
|
Испания Корольдігінің Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 250 еуро.
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша 250 еуро болатын төменгі шегі әкімшілік ғимараттың коммуналдық қызметтері үшін шоттарына қолданылмайды.
3. ҚҚС жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ) және дизель отыны үшін қайтарылмайды.
4. ҚҚС-ты қайтару мыналар үшін жүргізіледі:
жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдары үшін сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 751 еуро;
кеңсе тауарлары үшін сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 300 еуро.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 240 еуро.
2. Сатып алудың жалпы сомасына бір шот-фактура бойынша жоғарғы шегі 1 отбасына тоқсанына 9015 еуро.
3. ҚҚС ЖЖМ және дизель отыны үшін қайтарылмайды.
4. ҚҚС-ты қайтару мыналар үшін жүргізіледі:
жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдары үшін сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 751 еуро;
кеңсе тауарлары үшін сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 300 еуро.
5. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
|
19.
|
Италия Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 300 еуро (ҚҚС-ты қоспағанда).
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша төменгі шегі 300 еуро болатын коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шоттарына қатысты емес.
3. ҚҚС-ты қайтару басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару:
Өкілдік басшысының автокөлігі үшін ЖЖМ – тоқсанына 1200 литр (Өкілдік басшысы үшін рұқсат етілген саны 3 бірлікті ескере отырып);
өкілдік автокөлігі үшін ЖЖМ – тоқсанына 900 литр (өкілдікке рұқсат етілген саны 5 бірлікті ескере отырып);
спирттік ішімдіктер – тоқсанына 60 литр;
темекі өнімдері – тоқсанына 12 кг үшін жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 300 еуро (ҚҚС-ты қоспағанда).
2. ҚҚС-ты қайтару бойынша төменгі шегі 300 еуро болатын коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шоттарына қолданылмайды.
3. ҚҚС-ты қайтару басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару:
дипломаттардың автокөлігі үшін ЖЖМ – тоқсанына 900 литр (дипломаттар үшін рұқсат етілген саны 2 бірлікті ескере отырып);
әкімшілік-техникалық персоналдың автокөлігі үшін ЖЖМ – тоқсанына 900 литр (әкімшілік-техникалық персонал үшін рұқсат етілген саны 1 бірлікті ескере отырып) жүргізіледі.
|
20.
|
Канада Елшілігі
|
Өкілдікке ҚҚС-ты қайтару, егер Қазақстан Республикасы аумағында ресми түрде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, ҚҚС-ты қоса алғанда әрбір шот-фактурасының сомасы 150 канадалық долларынан асатын болса жүргізіледі.
|
Дипломатиялық персонал мүшелеріне және олармен бірге тұратын жұбайларын қоса алғанда, ҚҚС-ты қайтару, егер Қазақстан Республикасы аумағында жеке және отбасылық пайдалану үшiн сатып алынған тауарлардың, көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың сомасы әр жеке шот-фактурада ҚҚС-ты қоса алғанда 100 канадалық долларынан асып кетсе жүргізіледі.
|
21.
|
Корея Республикасының Елшілігі,
Корея Республикасының Алматы қаласындағы
Бас консулдығы
|
ҚҚС дипломатқа арналған бензин үшін қайтарылады:
айына бір қызметтік көлік үшін 600 литр.
|
1. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 50000 оңтүстіккореялық вон.
3. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 отбасына жылына 2000000 оңтүстіккореялық вон.
4. ҚҚС дипломатқа арналған бензин үшін қайтарылады:
айына бір көлік үшін 400 литр.
5. ҚҚС-ты қайтару:
электр энергиясы, газ;
мейрамхана шығындары;
қонақүйлерде тұру шығындары үшін жүргізілмейді.
|
22.
|
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару тек ресми мақсатта елеулі мөлшерде алынған тауарлар үшін ғана жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
23.
|
Қатар Мемлекетінің Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК.
|
|
24.
|
Қытай Халық Республикасының Елшілігі,
Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Сатып алынған тауарлар үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 800 қытайлық юань.
2. Көрсетілген қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 300 қытайлық юань.
3. ҚҚС-ты қайтару коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Сатып алынған тауарлар үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 800 қытайлық юань.
2. Көрсетілген қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 300 қытайлық юань.
3. ҚҚС-ты қайтару коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
25.
|
Латвия Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 178 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
ғимаратты жалдау;
коммуналдық қызметтер;
күзет қызметтері;
көлік құралдарына арналған жанармайы әрбір жеңіл автомобиль үшін тоқсанына 750 литрден аспайтын көлемде шектеусіз жүргізіледі.
3. Персонал мүшесі санына тең көлік құралдары үшін ҚҚС қайтару үш жылда бір рет жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 50 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
автокөлік құралдары үшін жанармай әрбір жеңіл автомобиль үшін тоқсанына 750 литрден аспайтын көлемде шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС-ты қайтару персонал мүшесіне 1 көлік құралы үшін үш жылда бір рет жүргізіледі.
|
26.
|
Ливан Республикасының Елшілігі
|
Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 200 АҚШ доллары.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 200 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
стационарлық телефон байланысы қызметтері;
тұрғын үйді жалға алу;
коммуналдық қызметтер (су және электр қуаты);
автокөліктер, олардың қосалқы бөлшектері және қызмет көрсету;
электрондық техника;
кеңсе жабдықтары;
тұрмыстық техника (асханалық техниканы қоспағанда);
киім және аяқ-киім;
автокөлікті жалға алу;
зергерлік бұйымдар үшін жүргізіледі.
|
27.
|
Литва Республикасының Елшілігі,
Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 58 еуро.
2. ҚҚС қайтару келесілер үшін шектеусіз жүргізіледі:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
автокөлік жанармайы;
мемлекеттің ұлттық күні құрметіне, Өкілдік пен консулдық мекеменің басшысының келуіне (кетуіне), Қазақстан Республикасының ресми қонақтарға арналған қабылдауларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер мен азық-түлік тағамдары.
3. ҚҚС қайтару:
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызметтер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызметтер;
бос уақытқа арналған қызмет көрсетулер;
жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 58 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызмет көрсетулер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызмет көрсетулер;
бос уақытқа арналған қызмет көрсетулер;
жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.
|
28.
|
Мажарстан Елшілігі,
Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
ҚҚС қайтару:
әуе және темір жол билеттері;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.
|
1. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – отбасының 1 мүшесіне жылына 300000 венгрлік форинтын құрайды.
2. ҚҚС қайтару:
бензин – 1 отбасы мүшесіне жылына 2000 литр;
спирттік ішімдіктер 1 қызметкерге жылына 105 литр үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
әуе және темір жол билеттері;
антиквариат заттары;
бейнелеу өнері заттары;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару отбасы асырауындағы мүшелеріне жүргізілмейді.
|
29.
|
Малайзия Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі 500 малайзиялық ринггит мыналар үшін жүргізіледі:
қонақ үйде тұру;
мейрамхана шығындары;
кейтеринг.
2. Қалған қызметтер мен сатып алынған тауарларға бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
30.
|
Марокко Корольдігінің Елшілігі
|
Бір шот-фактураның төменгі шегі – 200 АҚШ доллары.
|
1. Бір шот-фактураның төменгі шегі – 200 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
|
31.
|
Нидерланд Корольдігінің Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 225 еуро (ҚҚС-ты қоспағанда).
2. ҚҚС-ты қайтару:
қызметкерлер санына тең автокөліктер саны;
көрсетілген барлық қызметтер;
азық-түлік үшін жүргізіледі.
3. Бензин үшін ҚҚС қайтару:
өкілдіктің 5 автокөлігіне дейін тоқсанына 1500 литр;
қалғандарына тоқсанына 900 литр бойынша жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 225 еуро (ҚҚС-ты қоспағанда).
2. ҚҚС қайтару:
көрсетілген қызметтер;
азық-түлік үшін жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару:
1) 1 отбасына 2 автокөлік;
2) темекі – 1 қызметкерге тоқсанына 150 пачка;
3) алкогольдік ішімдіктер (22%-дан жоғары):
Өкілдік басшысы үшін жылына – 90 литр;
дипломаттар үшін жылына – 60 литр;
әкімшілік-техникалық персонал үшін жылына - 30 литр;
4) бензин:
Өкілдік басшысына бірінші автокөлікке тоқсанына – 900 литр, екіншісіне – тоқсанына 600 литр;
дипломаттар үшін бірінші автокөлікке тоқсанына – 900 литр, екіншісіне тоқсанына – 600 литр;
әкімшілік-техникалық персонал үшін бірінші автокөлікке тоқсанына – 600 литр, екіншісіне тоқсанына – 300 литр үшін жүргізіледі.
|
32.
|
Норвегия Корольдігінің Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 1500 норвегиялық крон (ҚҚС қоса алғанда).
2. ҚҚС қайтару үшін жүргізіледі:
коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері – шектеусіз;
өндірістік мақсаттағы барлық тауарлар, жұмыстар, ғимарат пен іргелес аумақты күту үшін қажетті қызметтер;
кеңсе жабдығы;
интерьер заттары;
полиграфиялық жұмыстар;
автомобильдік шиналар мен дискілер;
жылжымайтын мүлік пен автомобильдерге арналған тұрақты жалға алу;
автомобильдер;
автомобильдерге арналған жанармай;
үй-жайды жылытуға арналған жанармай;
өкілдіктің жаңа ғимаратының құрылысы;
өкілдік басшысының жаңа ғимаратының құрылысы;
электр қуаты;
байланыс қызметі;
күзет үшін.
Тек Өкілдік басшысы резиденциясының сигнализация және қауіпсіздік жүйесі үшін – шектеусіз.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік;
киім;
алкогольдік ішімдіктер;
темекі өнімдері;
тұрмыстық химия;
музыкалық аспаптар үшін жүргізілмейді.
|
1. ҚҚС қайтару әкімшілік-техникалық персоналға жүргізілмейді.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 1500 норвегиялық крон (ҚҚС қоса алғанда).
3. ҚҚС қайтару үшін жүргізіледі:
электротұрмыстық тауарлар;
компьютерлер;
видео-аудиожазбалар;
интерьер заттары;
музыкалық аспаптар;
визиткалар;
тұрғын-жайды жылытуға арналған жанар май;
автомобиль шиналары мен дискілер;
автомобильдер;
автомобильге арналған жанармай;
электрқуат;
байланыс қызметі.
Сигнализация және қауіпсіздік жүйесі тек Өкілдік басшысының резиденциясы үшін – шектеусіз.
4. ҚҚС қайтару:
азық-түліктер;
киім;
алкогольдік ішімдіктер;
темекі өнімдері;
тұрмыстық химия үшін жүргізілмейді.
|
33.
|
Оман Сұлтандығының Елшілігі
|
ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі – тоқсанына 130 АҚШ доллары.
|
1. ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі – тоқсанына 130 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі.
|
34.
|
Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі
|
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
35.
|
Өзбекстан Республикасының Елшілігі,
Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы,
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 2160000 өзбек сомы.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
интернет;
телефон байланысы үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
|
36.
|
Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК.
2. ҚҚС-ты қайтару тек ресми мақсатта пайдалану үшін сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жүргізіледі.
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 5 АЕК.
|
37.
|
Португалия Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 270 еуро (ҚҚС есебімен).
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 270 еуро (ҚҚС есебімен).
2. ҚҚС қайтару мыналар үшін жүргізілмейді:
жылжымайтын мүлікті жөндеу жұмыстары, құрылыс материалдарын қоса алғанда, соның ішінде оларды құрылыс салушының өзі осы мақсаттар үшін арнайы ұсынған болса;
сумен жабдықтау, газ және электр энергиясы үшін төлемдер;
тамақ өнімдері, соның ішінде сусындар;
қоғамдық тамақтану және сусындар саласындағы қызметтері (мейрамханалар);
қонақүйде тұру ақысы;
тұрғын үйлердегі телефон қызметтері.
|
38.
|
Румыния Елшілігі
|
1. Бір чектің төменгі шегі – 60 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Бір чектің төменгі шегі – 60 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
39.
|
Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі
|
ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі – 1000 сауд риялы.
|
|
40.
|
Сербия Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 8 АЕК (ҚҚС-ты қоса).
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 50 еуро (ҚҚС-ты қоса).
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
41.
|
Словакия Республикасының Елшілігі
|
1. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі жылына 99340 еуро.
2. ҚҚС қайтару:
3 автокөлік үшін екі жылда 1 рет шектеусіз;
сатып алынған қызмет түрлері;
жөндеу-құрылыс жұмыстары үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
жанармай 1 автокөлікке жылына 4000 литр үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
құрылыс материалдары;
үй жануарларына арналған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 33 еуро.
2. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі жылына:
Өкілдік басшысы үшін 3320 еуро;
Консул үшін 3320 еуро;
дипломатиялық персонал үшін 2650 еуро;
әкімшілік-техникалық персонал үшін 2000 еуро.
3. ҚҚС қайтару:
персоналдың 1 мүшесіне 1 автокөлік үшін 2 жылда 1 рет шектеусіз;
жанармай 1 автокөлікке жылына 3200 литр үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
құрылыс материалдары;
үй жануарларына арналған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
42.
|
Таиланд Корольдігінің Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 5000 таиландтық бат.
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтері және телефон байланысы қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
43.
|
Түркия Республикасының Елшілігі,
Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы,
Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
Алкогольдік ішімдіктер үшін ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың жалпы сомасының жоғарғы шегі 1 қызметкерге жылына 30000 еуро.
2. Алкогольдік ішімдіктер үшін ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
44.
|
Түркі
академиясы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК.
|
Сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін Түркі академия қызметкерлеріне ҚҚС қайтару жүргізіледі.
|
45.
|
Украина Елшілігі
|
ҚҚС қайтару:
қызметтік және тұрғын үй-жайларды жалға алу төлемі;
қонақ үйлерде тұру бойынша көрсетілетін қызметтер;
конференция, семинар, көрме, жәрмеңке өткізу үшін алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактураның төменгі шегі 40 АҚШ доллары.
2. ҚҚС қайтару:
қызметтік және тұрғын үй-жайларды жалға алу төлемі;
қонақ үйлерде тұру бойынша көрсетілетін қызметтер;
конференция, семинар, көрме, жәрмеңке өткізу үшін алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
46.
|
Үндістан Республикасының Елшілігі
|
1. Тауар сатып алу кезінде 1 чектің төменгі шегі 5000 үнділік рупий.
2. ҚҚС қайтару тек Астана қаласының аумағында алынған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін ғана жүргізіледі.
|
1. Тауар сатып алу кезінде 1 чектің төменгі шегі 2500 үнділік рупий.
2. ҚҚС қайтару тек Астана қаласының аумағында алынған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін ғана жүргізіледі.
|
47.
|
Финляндия Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 170 еуро (ҚҚС-ты қоса есептегенде).
2. Электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау және отынға қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемінде 170 еуроны құраған кезде ҚҚС қайтарылады.
|
1. ҚҚС қайтару дипломатиялық персоналға жататын адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ғана жүргізіледі.
2. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша жалпы сомасының төменгі шегі 170 еуро (ҚҚС-ты қоса есептегенде).
3. Электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау және отынға қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемінде 170 еуроны құраған кезде ҚҚС қайтарылады.
|
48.
|
Француз Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың жалпы сомасының бір шот-фактура бойынша төменгі шегі ҚҚС-сыз 150 еуро (1 дүкенде жасалған бірдей операциялар мен сатып алулар біріктірілуі мүмкін).
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтері үшін;
әкімшілік ғимараттарды күтіп ұстау бойынша қызметтері;
көлік құралдарын сатып алу үшін;
өкілдік шығыстары үшін:
жиһаз;
функционалдық заттар (жылыту және жарықтандыру аспаптары, кілемдер, перделер және т.б.);
кеңсе керек-жарақтары;
байланыс қызметтері;
тұрмыстық техника;
тұрмыстық химия;
тек Ұлттық күнін мерекелеуге орай қабылдауды өткізу үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
жеке пайдалануға арналған бұйымдар (үй техникасы, фотоаппараттар, камералар);
қонақ күту бойынша қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
49.
|
Халықаралық Валюта Қоры өкілдігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі – 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
50.
|
Халықаралық қаржы корпорациясы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек 8 АЕК.
2. Халықаралық қаржы корпорациясының 1956 жылғы 20 шілдедегі келісімінің баптарында көрсетілмеген операциялар мен мәмілелер үшін қосылған құн салығы қайтарылмайды.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
51.
|
Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі (бұдан әрі – ХҚКК)
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ХҚКК мен оның өкілдігінің қызметтік пайдалануына және Қазақстан Республикасында гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ХҚКК бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қызмет көрсетулерді және заттарды сатып алғаны үшін болу мемлекетінде алынатын салықтардың барлық түрлерінен босатылады.
|
ҚҚС-ты қайтару Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ХҚКК Өкілдігінің мүшелерін қоспағанда, ХҚКК өкілдігі басшысына, орынбасарына, олардың жұбайлары/зайыптары және басқа да туыстары мен олардың асырауындағы отбасы мүшелері үшін жүргізіледі.
|
52.
|
Чех Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактураның төменгі шегі – 4000 чех кроны.
2. Төменгі шегі 4000 чех кроны:
көлік құралдары үшін ЖЖМ-на;
байланыс қызметтері;
электр энергиясы, су, газ шығындары;
тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға байланысты шығындар үшін қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару:
егер өкілдік штаты 15 қызметкерге дейін болса, онда ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – жылына 2000000 чех кронын құрайтын болса;
егер өкілдік штаты 15 қызметкерден асатын болса, онда ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – жылына 3000000 чех кронын құрайтын жағдайда жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактураның төменгі шегі – 4000 чех кроны.
2. Төменгі шегі 4000 чех кроны:
көлік құралдары үшін ЖЖМ-на;
байланыс қызметтері;
электр энергиясы, су, газ шығындары;
тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға байланысты шығындар үшін қолданылмайды.
3. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – жылына 200000 чех кронын құрайды.
|
53.
|
Швейцария Конфедерациясының Елшілігі,
Швейцария Конфедерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 швейцарлық франк.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
бензин;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 100 швейцарлық франк.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
бензин;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару әкімшілік-техникалық персоналға жүргізілмейді.
|
54.
|
Эстония Республикасының Елшілігі
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 64 еуро.
2. ҚҚС қайтару (64 еуроның төменгі шегіне қарамастан):
коммуникациялық қызметтері;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері;
сұйық отын үшін шектеусіз жүзеге асырылады.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік үшін;
бұрын пайдаланылған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы 64 еуро.
2. ҚҚС қайтару (64 еуроның төменгі шегіне қарамастан):
коммуникациялық қызметтері;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері;
сұйық отын үшін шектеусіз жүзеге асырылады.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік үшін;
бұрын пайдаланылған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтарына ҚҚС қайтару жүргізілмейді.