"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 33437 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорынң 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бектілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      Бейіндік бағыт бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, қашықтан оқыту бойынша - жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және "заң ғылымдарының магистрі" немесе "ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі" дәрежесі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, сондай-ақ бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген және ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген жағдайда "құқық магистрі" немесе "ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі" дәрежесі бар адамдар қабылданады.

      Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және магистратураның білім беру бағдарламаларын немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады