Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу қағидаларын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қыркүйекте № 33455 болып тіркелді.

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіптер тізілімін қалыптастыру, жаңарту және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      2) кәсіптер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;

      3) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат (бұдан әрі – кандидат) – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;

      4) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      5) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      6) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат – кандидаттың кәсіптік біліктілігінің белгілі бір кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындауға қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      8) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) – тиісті салаларда (аяда) кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында салалық мемлекеттік орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

      9) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес – Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, үйлестіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

      10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

      11) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – ҰКС, ұлттық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін және маманның орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және салада пайдаланылатын білімдердің, машық пен құзыреттердің сипатына қарай деңгейлер бойынша біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайтын құжат;

      12) салалық мемлекеттік органдар – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      13) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ) – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

      14) ҰБЖ цифрлық платформасы (бұдан әрі – цифрлық платформа) – Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген және "сareer.enbek.kz" домендік атаудағы ақпаратты қамтитын "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік қызметтің және білім деңгейінің жалпы сипаттамаларын сипаттайтын құжат.

      3. Тізілімді қалыптастырудың, жаңартудың және жүргізудің мақсаты жеке және заңды тұлғаларды кәсіптік біліктіліктерді міндетті және ерікті негізде тану жүзеге асырылатын кәсіптер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Тізілімде қамтылған мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде танысу үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Тізілімді қалыптастыру, жаңарту және жүргізу тәртібі

      5. Тізілімді қалыптастыруды, жаңартуды және жүргізуді уәкілетті орган цифрлық платформада жүзеге асырады.

      6. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) Заңның 14-бабы 1) тармақшасына сәйкес салалық мемлекеттік органдарға кәсіптерді Тізілімге енгізу жөнінде ұсыныстар жолдайды.

      7. Салалық мемлекеттік органдар жылына екі рет 1 ақпаннан және 1 қыркүйектен кешіктірмей салалық кеңестермен келісу бойынша уәкілетті органға Тізілімді қалыптастыру және жаңарту үшін ұсыныстар (бұдан әрі – ұсыныстар) енгізеді.

      8. Ұсыныстар әзірлеу кезінде салалық мемлекеттік органдар:

      1) халықтың денсаулығына, тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты кәсіп түрінің сипатын;

      2) кәсіптердің еңбек нарығында, оның ішінде кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қорытындылары бойынша сұранысқа ие болуын ескереді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.04.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Кәсіптік біліктілікті міндетті негізде тану жүзеге асырылатын кәсіптерді қосу үшін ұсыныстар әзірлеу кезінде салалық мемлекеттік органдар, егер белгілі бір кәсіп түрін жүзеге асыруға үміткер адамдарға қатысты көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті шарт болып табылатын реттеу ерекшеліктері белгіленген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескереді.

      Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.04.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын мәліметтердің толықтығына және осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келуіне қарайды.

      Уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда, ұсыныстарды салалық мемлекеттік органдар оларды алған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде пысықтайды.

      10. Уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде Тізілімді қалыптастырып, жаңартады және оны Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің қаруына 1 сәуір және 1 қарашадан кешіктірмей енгізеді.

      11. Уәкілетті орган Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес ұсынымдарды шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде олардың негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді қалыптастырады (жаңартады) және цифрлық платформада жүргізеді.

      12. Уәкілетті орган Тізілім цифрлық платформада орналастырылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде баспасөз релизін жариялайды.

  Кәсіптер тізілімін
қалыптастыру, жаңарту
және жүргізу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Кәсіптер тізілімі

Р/с

ҰКС сәйкес кәсіптің атауы

ҰКС сәйкес код

ҰБШ және СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

Кәсіптік біліктілікті танудан өту қорытындылары бойынша алынатын құжаттың қолданылу мерзімі

Салалық мемлекеттік органның атауы

1

2

3

4

5

6

Міндетті негізде жүзеге асырылатын кәсіптік біліктілікті тану







Ерікті негізде жүзеге асырылатын кәсіптік біліктілікті тану








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады