"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б, ІІ санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Павлодар – Семей – Қалбатау 427+000 – 906+000 километр (бұдан әрі - км) учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі" республикалық маңызы бар автомобиль жолы, "Ленин – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов" республикалық маңызы бар автомобиль жолы, "Семей – Курчатов" облыстық маңызы бар автомобиль жолы, "Өскемен – Таврия – Семей" республикалық маңызы бар автомобиль жолы, "Алматы – Өскемен" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Өскемен – Қалбатау" учаскесі;
3) Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті-427+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті-906+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б, ІІ санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтарының саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;
6) Ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы-456 километр 200 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 9 Бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
434 км | Долгое ауылы |
431 км | Заря ауылы |
428 км | Бірлік ауылы |
460 км | Новоямышево ауылы |
464 км | Ямышево ауылы |
479 км | Тілектес ауылы |
486 км | Қызылқоғам ауылы |
491 км | Черное ауылы |
497 км | Шәмші ауылы |
500 км | Шабар ауылы |
513 км | Жаңатаң ауылы |
517 км | Жамбыл ауылы |
524 км | Аққулы ауылы |
562 км | Шарбақты ауылы |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 9 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б, II санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының автомобиль жолының Павлодар – Семей - Қалбатау 427+000 километр (бұдан әрі-км) – 906+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК):
№ Р/с | Аймақтар | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 427+000 км - 434+500 км (7 км 500 метр) | 0,0139 | 0,0118 | 0,0281 | 0,0239 | 0,0419 | 0,0357 | 0,0561 | 0,0477 | 0,0700 | 0,0595 |
2 | 434+500 км – 461+980 км (27 км 480 метр) | 0,0509 | 0,0432 | 0,1028 | 0,0875 | 0,1537 | 0,1307 | 0,2056 | 0,1747 | 0,2565 | 0,2180 |
3 | 461+980 км - 525+700 км (63 км 720 метр) | 0,1180 | 0,1003 | 0,2383 | 0,2028 | 0,3564 | 0,3030 | 0,4767 | 0,4052 | 0,5947 | 0,5054 |
4 | 525+700 км - 597+880 км (72 км 180 метр) | 0,1337 | 0,1136 | 0,2700 | 0,2297 | 0,4037 | 0,3433 | 0,5400 | 0,4590 | 0,6737 | 0,5725 |
5 | 597+880 км - 652+645 км (54 км 765 метр) | 0,1014 | 0,0862 | 0,2048 | 0,1743 | 0,3063 | 0,2604 | 0,4097 | 0,3482 | 0,5111 | 0,4344 |
6 | 652+645 км - 690+119 км (37 км 474 метр) | 0,0694 | 0,0590 | 0,1402 | 0,1193 | 0,2096 | 0,1782 | 0,2803 | 0,2383 | 0,3498 | 0,2972 |
7 | 690+119 км – 728-200 км (38 км 081 метр) | 0,0705 | 0,0599 | 0,1424 | 0,1212 | 0,2130 | 0,1811 | 0,2849 | 0,2421 | 0,3554 | 0,3021 |
8 | 728+200 км – 733-200 км (5 км) | 0,0093 | 0,0079 | 0,0187 | 0,0159 | 0,0280 | 0,0238 | 0,0374 | 0,0318 | 0,0467 | 0,0397 |
9 | 756+000 км – 764+062 км (8 км 062 метр) | 0,0149 | 0,0127 | 0,0302 | 0,0257 | 0,0451 | 0,0383 | 0,0603 | 0,0513 | 0,0752 | 0,0639 |
10 | 764+062 км – 806+740 км (42 км 678 метр) | 0,0791 | 0,0671 | 0,1596 | 0,1358 | 0,2387 | 0,2030 | 0,3193 | 0,2714 | 0,3983 | 0,3385 |
11 | 806+740 км - 858+400 км (51 км 660 метр) | 0,0957 | 0,0813 | 0,1932 | 0,1644 | 0,2889 | 0,2457 | 0,3865 | 0,3285 | 0,4822 | 0,4098 |
12 | 858+400 км - 873+400 км (15 км) | 0,0278 | 0,0236 | 0,0561 | 0,0477 | 0,0839 | 0,0713 | 0,1122 | 0,0954 | 0,1400 | 0,1190 |
13 | 873+400 км - 906+000 км (32 км 600 метр) | 0,0604 | 0,0513 | 0,1219 | 0,1037 | 0,1823 | 0,1550 | 0,2439 | 0,2073 | 0,3043 | 0,2586 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (456 км 200 метр) | 0,8451 | 0,7178 | 1,7064 | 1,4518 | 2,5515 | 2,1696 | 3,4128 | 2,9009 | 4,2579 | 3,6186 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Қазақстан Республикасының көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 9 Бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ п\п | Елді мекеннің атауы |
1 | Долгое ауылы |
2 | Заря ауылы |
3 | Бірлік ауылы |
4 | Новоямышево ауылы |
5 | Ямышево ауылы |
6 | Тілектес ауылы |
7 | Қызылқоғам ауылы |
8 | Черное ауылы |
9 | Шәмші ауылы |
10 | Шабар ауылы |
11 | Жаңатаң ауылы |
12 | Жамбыл ауылы |
13 | Аққулы ауылы |
14 | Шарбақты ауылы |