"Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 350-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қыркүйекте № 33470 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларында:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі - стандарттау жөніндегі құжаттар) әзірлеу Заңның 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ұлттық стандарттау жоспарына сәйкес және (немесе) бастамашылық тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпарат, оларды әзірлеу басталғанға дейін әзірлеуші стандарттау жөніндегі ұлттық органға (бұдан әрі – СҰО) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде не қағаз нұсқасы түрінде жолдайды.

      СҰО әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді және әзірлеушіге қолданыстағы және әзірлеуге жоспарланған стандарттау жөніндегі құжаттардың қайталануы анықталғаны немесе болмауы туралы хабарлайды.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жария талқылау ҚР СТ 1.2 сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында стандарттау жөніндегі құжаттарды орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

      12. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжаттарды стандарттау объектісіне байланысты мынадай тұлғаларға:

      1) әзірлеуге тапсырыс берушіге (болған жағдайда);

      2) олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдарға;

      3) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      4) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды пайдаланушыларға;

      5) заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы салалық бірлестіктеріне (қызмет бағытына сәйкес);

      6) аккредиттеу субъектілеріне (аккредиттеу саласына сәйкес);

      7) ғылыми-зерттеу институттарына және/немесе зерттеу зертханаларына (болған жағдайда) келісуге жібереді;

      Ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында қарастырады.";

      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әзірлеуші рәсімделген стандарттау жөніндегі құжаттың ісін сараптама жүргізу үшін CҰО-ға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жібереді.";

      21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, СҰО техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларының істерін олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.";

      26 және 27-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. СҰО ҒТК хаттамасында стандарттау жөніндегі құжаттардың стандарттау объектілері қауіпсіздігінің қозғалатын мәселелеріне жататыны туралы мәліметтер және стандарттау жөніндегі құжаттың жобасын (стандарттау объектісіне байланысты) келісу ұсынылатын мүдделі мемлекеттік органдар көрсетіледі.

      CҰО ҒТК хаттамасын және стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын СҰО уәкілетті органға жібереді.

      СҰО ҒТК жүргізу қорытындысы бойынша СҰО стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары уәкілетті органның ғылыми-техникалық комиссиясының (бұдан әрі – ҒТК) қарауына олар бекітілгенге дейін беріледі.

      Стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      ҒТК мүшелерінің негізделген ескертулері болған кезде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары әзірлеушілерге пысықтауға қайтарылады.

      Әзірлеушілер ҒТК отырысында қаралған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын пысықтауды жүзеге асырады.

      Стандарттау жөніндегі құжаттар уәкілетті органның бұйрығымен ҒТК шешімінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітіледі.

      27. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжатты уәкілетті орган бекіткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде оны CҰО-ға тіркеу үшін мынадай құжаттармен толықтырады:

      1) стандарттау жөніндегі құжатты бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы;

      2) CҰО ҒТК хаттамасы;

      3) СҰО-ның сараптамалық қорытындысы;

      4) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттау жөніндегі құжаттың жобасы.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Әзірлеуші осы Қағидалардың 16 және 27-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес жиынтығын ұсынған жағдайда, CҰО құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеушіге стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде пысықтауға қайтарады.

      30. Тіркеу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжаттың ісін ҚР СТ 1.22 "Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттау жөніндегі құжат ісі. Нормативтік техникалық құжаттарды қалыптастыру және бірыңғай мемлекеттік қорға тапсыру тәртібі" сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына береді.";

      36-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күші жойылған кезде күшін жоюға бастама жасаған ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері уәкілетті органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде тиісті ұсыныс жібереді.";

      39-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. CҰО талдау нәтижелері және CҰО ҒТК стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы ұсынысқа ұсынымдарды уәкілетті органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жіберіледі. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган тиісті шешім қабылдайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады