"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 қыркүйекте № 33472 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы Ереженің 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілері осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Агенттіктің Жедел талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі төрағасының
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 6 бұйрығына
1-қосымша

  Қаржы мониторингі
субъектілерінің қаржы
мониторингіне жататын
операциялар туралы мәліметтер
мен ақпарат беру қағидаларына
1-қосымша

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны ҚМ-1

Деректеменің №

Атауы

Мазмұны

1

2

3

1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны) туралы мәліметтер

1.1

ҚМ-1 нысанының нөмірі*

1. Нөмірі:
2. ҚМ-1 өзге нысанымен байланысы (бар болса):
2.1 ҚМ-1 байланыс нысанының нөмірі:
2.2 ҚМ-1 байланыс нысанының күні:

1.2

ҚМ-1 нысанының күні*


1.3

Хабарламаның түрі (керегінің астын сызу керек)*

1. Жаңа хабар
2. Қабылданбаған хабарды түзету (түзетілетін хабардың № көрсете отырып)
3. Хабарды ауыстыруды сұрау (хабардың № көрсете отырып)

1.4

Операцияның жай-күйі (керегінің астын сызу керек)*

1. Жасалған (операцияның аяқталған уақыты)
2. Жасалмаған – өткізуден бас тарту
3. Жасалмаған – шешім қабылдау үшін
4. Ақшамен немесе өзге мүлікпен жасалатын операцияны тоқтату жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама

1.4-1

Операция жүргізілген күн мен уақыты


1.5

Хабарлама беру үшін негіздеме (керегінің астын сызу керек)*

1. Шекті сомаға тең немесе одан асады
2. Күдікті операция
3. Жолақ белсенді емес
4. Операцияға қатысушылардың терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне сәйкес келуі:
4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру
4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау
4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту
4.5 Сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бір бөлігін және сақтанушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тарту
4.6 Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға ҚР заңнамасына сәйкес қаражат төлеу
4.7. Қарыз шарты бойынша өтеу
5. Жолақ белсенді емес
6. Жолақ белсенді емес
7. Жолақ белсенді емес
8. Осындай зерделеу нәтижелерін тіркей отырып, қаржы мониторингінің субъектілері күдікті деп таныған, міндетті зерделеуге арналған операциялар.
9. Сипаттамалары терроризм және экстремизмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар.
10. Сипаттамалары қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар
11. Операцияға қатысушылардың жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне сәйкес келуі
11.1 Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
11.2 Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру
11.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау
11.4 Өзге операциялар жүргізуден бас тарту
11.5 Сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға
11.6 Заңың 12-1-бабы 6-тармағында көрсетілген операцияларды тоқтата тұруға жіберу
12. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту:
12.1 Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда
12.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда
12.3 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда
13. Операцияны жүргізуден бас тарту:
13.1 Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда
13.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда
13.3 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда
14. Іскерлік қатынастарды тоқтату:
14.1 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда
14.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда

2. ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектіcі туралы мәліметтер

2.1

Қаржы мониторингі субъектісінің коды*


2.2

Қаржы мониторингінің субъектісі*

1.1 Ұйымдастырушы нысан:
1.2 Атауы:
1.2.1 Тегі:
1.2.2. Аты:
1.2.3 Әкесінің аты (бар болса):

2.3

Деректеме белсенді емес


2.4

Жеке сәйкестендiру нөмiріне/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН/БСН)*


2.5

Орналасқан мекенжайы*

1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана):
2. Аудан:
3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл):
4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы:
5. Үй нөмірі:
6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда):
7. Пошталық индекс:

2.6

Жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін)


2.6.1

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (жеке тұлғалар үшін)

1. Нөмірі:
2. Сериясы (бар болса):

2.6.2

Жеке басын куәландыратын құжатты кім берген (жеке тұлғалар үшін)


2.6.3

Жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген (жеке тұлғалар үшін)


2.7

Жауапты жұмыскер

1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (болған жағдайда):

2.7.1

Жауапты жұмыскердің лауазымы


2.8

Байланыс телефондары*


2.9

Электрондық пошта*


3

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат

3.1

Операцияның нөмірі *


3.2

Операция түрінің коды*

1. Коды:
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат:
2.1 Мүліктің түрі:
2.2 Мүліктің тіркеу нөмірі:
2.2.1. ISIN*
2.2.2. CFI

3.2.1.

Операция түрінің бірінші қосымша коды


3.2.2.

Операция түрінің екінші қосымша коды


3.3

Төлемдi тағайындау коды*

1. Төлемдi тағайындау коды:
2. Белгілеу мүмкін емес

3.4

Операцияға қатысушылар саны*


3.5

Операция валютасының коды/валюталық шарт**


3.6

Оны жүргізу валютасында көрсетілген операция сомасы*


3.7

Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*


3.7.1.

Қорытынды валютасындағы валюталық шарттың сомасы


3.7.2.

Валюталық шарттың теңгедегі сомасы


3.7.3.

Құны мәміледегі бағалы қағаздың бірлігі үшін (лас баға) оны жүргізу валютасында


3.7.4.

Құны мәміледегі бағалы қағаздың бірлігі үшін (лас баға) оны жүргізу валютасында, теңгемен


3.8

Операцияны жүргізудің негіздемесі*


3.9

Операцияны жүргізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі

1. Күні:
2. Құжат нөмірі:

3.10

Операция күдіктілігі белгісінің коды


3.11

Операцияның күдіктілігі белгісінің 1-ші қосымша коды (бар болса)


3.12

Операцияның күдіктілігі белгісінің 2-ші қосымша коды (бар болса)


3.13

Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтардың сипаттамасы


3.14

Операция туралы қосымша ақпарат


3.15

Операция жүргізілген жердің мекенжайы*

- онлайн
- офлайн*

3.16

Мәміле өтетін орынды (таңдау керек)*:

1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы
2. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы
3. Өзге ("Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбеген)

3.17

Мәміледе сатылатын бағалы қағаздардың саны*


4. Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер

4.1

Қатысушы (керегінің астын сызу керек)*

1. Операция бойынша төлеуші
2. Операция бойынша алушы
3. Төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша өкілі, тұлғасы
4. Алушының атынан және оның тапсырмасы бойынша өкілі, тұлғасы
5. Төлеуші тарапынан пайда алушы
6. Алушы тарапынан пайда алушы
7. Сақтандырылған

4.2

Қаржылық мониторинг субъектісінің клиенті (керегінің астын сызу керек)*

1. Болып табылмайды
2. Болып табылады

4.3

Қатысушы түрі*


4.4

Резиденттігі*


4.4.1.

Азаматтығы*


4.5

Операцияға қатысушының түрі (қажеттісің тандау)*

1. Заңды тұлға
2. Жеке тұлға
3. Жеке кәсіпкер
4. Заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымы

4.6

Шетелдік жария лауазымды адам (қажеттісің тандау)
*Заңның 1-бабының 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзаңтарына сәйкес

1. Болып табылмайды
2. Болып табылады
3. Шетелдік жария лауазымды адаммен үлестес

4.6.1

Жария лауазымды адам, жұбайы немесе олардың жақын туыстары (қажеттісін тандау)

1. Болып табылмайды
2. Болып табылады
3. Жария лауазымды адаммен үлестес

4.7

Операцияға қатысушының банкі/цифрлық активтер биржасы

1.1. Филиалдың орналасқан жері*:
1.2. Банктің/ цифрлық активтер биржасының атауы*:
1.2.1. Ақша аударымы жүйесінің атауы (бұдан әрі –ААЖ):
1.3. Банктің/филиалдың коды:
1.4. Қатысушы шотының нөмірі/цифрлық активтер әмиянының мекен-жайы:
1.5. Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер:
1.5.1. Банктің орналасқан жері:
1.5.2. Банктің атауы:

4.8

Операцияға қатысушының атауы
(заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымы үшін)*

1. Қатысушы:
1.1 Ұйымдық нысаны:
1.2 Атауы:
2. Белгілеу мүмкін емес

4.9

Қатысушының құрылтайшылары (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымы үшін)*

1.1 Ұйымдық нысаны:
2.1 Атауы:
2.1.1 Тегі:
2.1.2 Аты:
2.1.3 Әкесінің аты (бар болса):
3. Резиденттігі:

4.10

Бірінші басшы (заңды тұлғалар, (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымы үшін)

1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (бар болса):

4.10.1.

Клиентті тиісінше тексеру нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісі анықтаған және тіркеу деректерінен ерекшеленетін қатысушының бенефициарлық меншік иесі (заңды тұлға құрмай-ақ заңды тұлға-клиенттер, шетелдік құрылым бойынша толтырылады)

1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (бар болса):
4. Азаматтылығы:
5. Туған күн (резидент емес үшін):
6. Жеке басын куәландыратын құжат (бар болса)
7. Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса)

4.10.2.

Бенефициарлық меншік иесінің резиденттігі

1. ҚР резиденті болып табылмайды (резиденттік елін көрсету)
2. ҚР резиденті болып табылады

4.10.3

Қатысушының бенефициарлық меншік иесінің ЖСН (резидент емес үшін – басқа сәйкестендіру нөмірі)


4.11

Жолақ белсенді емес


4.12

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші


4.13

ЖСН/БСН*


4.14

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
(жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін)

1.1 Тегі:
1.2 Аты:
1.3 Әкесінің аты (бар болса):
2.1 Белгілеу мүмкін емес

4.15

Жеке басты куәландыратын құжат


4.16

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы

1. Нөмірі:
2. Сериясы (бар болса):

4.17

Жолақ белсенді емес


4.18

Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген (ҚР резиденттері емес үшін)*


4.19

Туған күні (ҚР резиденттері емес үшін)*


4.20

Туған жері (ҚР резиденттері емес үшін)*


4.21

Заңды мекенжайы (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымы үшін – заңды мекенжай, жеке тұлғалар үшін – тіркелген жерінің мекенжайы)

1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана):
2. Аудан:
3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл):
4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы:
5. Үй нөмірі:
6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда):
7. Пошталық индекс:

4.22

Байланыс телефонының нөмірі


4.23

Электрондық пошта


4.24

Нақты мекенжайы

1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана):
2. Аудан:
3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл):
4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы:
5. Үй нөмірі:
6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда):
7. Пошталық индекс:

4.25

Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат


4.26

Операцияға қатысушының қосалқы шоты *


      Ескерту: * деректеме міндетті түрде толтырылуы қажет

  ҚМ-1 қаржы мониторингіне
жататын операция туралы
мәлеметтер мен
ақпарат нысанына
қосымша

ҚМ-1 қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      ҚМ-1 қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

      ҚМ-1 нысаны 2 (екі) қатысушыдан аспайтын (операция бойынша төлеуші және операция бойынша алушы) ақпаратты қамтиды.

1-тарау. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны туралы мәліметтер

      1.1 "ҚМ-1 нысанының нөмірі*" деректемесінде қаржы мониторингіне жататын операция туралы хабарламаның реттік сандық нөмірі көрсетіледі, ол туралы ақпарат "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады. Қаржы мониторингіне жататын операцияның реттік сандық нөмірін қаржы мониторингі субъектісі (бұдан әрі – ҚМС) өсу тәртібімен, "1" нөмірінен бастап сандық форматта, хабарларламамен ұсынылатын 1 (бір) күнтізбелік жылдың ішінде қалыптастырады:

      "1. Нөмір" – ҚМ-1 нысанының нөмірі көрсетіледі.

      "2. ҚМ-1 өзге нысанымен байланыс (бар болса)" – "1. Нөмір" жолағына қосымша ақпарат көрсетіледі:

      "2.1. ҚМ-1 байланыс нысанының нөмірі" және "2.2. ҚМ-1 байланыс нысанының күні" – қаржылық мониторингке жататын басқа операциямен байланысты ҚМ-1 нысанының нөмірі мен күні көрсетіледі. Күні цифрлық форматта күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) көрсетіледі.

      1.2 "ҚМ-1 нысанының күні" деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция туралы хабарды беру (жіберу) күні көрсетіледі. Хабардың күні цифрлық форматта күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) көрсетіледі.

      1.1 "ҚМ-1 нысанының нөмірі*" және 1.2 "ҚМ-1 нысанының күні*" – деректемелері ҚМС-тің уәкілетті органға ұсынатын хабарларының әрбірі үшін бірегей болып табылады және ҚМС-тің қателер табылған және/немесе ақпарат ұсыну туралы уәкілетті орган сұратулар жіберген жағдайда хабарды сәйкестендіру үшін пайдаланылады. Хабардың нөмірі мен күні операция туралы хабар уәкілетті органға алғаш рет жіберілген кезде анықталады.

      1.3 "Хабарлама түрі (қажетін таңдау)*" деректемесінде мынадай жолақтар болады:

      "1. Жаңа хабарлама" – уәкілетті органға әрбір жаңа хабар жіберілген жағдайда көрсетіледі.

      "2. Қабылданбаған хабарды түзету (түзетілетін хабарламаның нөмірін көрсетумен)" – уәкілетті органнан ҚМ-1 нысанының қабылданбағаны туралы хабарлама алынған жағдайда көрсетіледі, ҚМС хабарды қабылдамаудың хабарламада көрсетілген себептерін жою бойынша шараларды қабылдайды, хабарламада көрсетілген ескертулерді түзетеді және сұрату алынған күннен бастап жиырма төрт сағаттың (демалыс және мейрам күндерін асептемегенде) ішінде нысанды түзетілген түрде қайта жібереді. Бұл ретте хабардың нөмірі мен күні деректемелерінің алғашқы жұп мәндері көрсетіледі.

      "3. Хабарды ауыстыруды сұрату (хабардың нөмірін көрсете отырып)" – ҚМС бастамашылық тәртіппен бұрын ұсынылған және уәкілетті орган қабылдаған ҚМ-1 нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда көрсетіледі, мысалы хабарда операция сомасы, валюта коды, операция жасауға негіз, қатысушылардың мекенжайы немесе басқасы дұрыс көрсетілмеген. Бұл ретте ҚМС бастапқы хабарламадағыдай сол нөмірі мен күні бар барлық деректемелерді толтыра отырып, хабарламаны ауыстыратын уәкілетті органға жібереді және 3.14-деректемеде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі.

      1.4 "Операцияның жай-күйі (керектісін таңдау)" деген деректемеде мынадай жолақтар болады:

      "1. Жүргізілген (операцияның жүргізілген уақыты) – жүргізіліп жатқан операцияның жай-күйі аяқталған болып табылған жағдайда көрсетіледі;

      "2. Жүргізілмеген – өткізуден бас тарту" – ҚМС операцияны өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі Бұл ретте 4.25-деректемеде операцияны өткізуден бас тартудың себебі көрсетіледі.

      "3. Жүргізілмеген – шешім қабылдау үшін" – ҚМС операцияны күдікті деп тану туралы хабарламаны уәкілетті органға ол жүргізілгенге дейін жіберген жағдайда көрсетіледі.

      "4. Ақшамен немесе өзге мүлікпен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама" - егер ҚМС ақшамен немесе өзге мүлікпен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қабылдаған жағдайда көрсетіледі.

      Уақыт сандық форматта көрсетіледі: сағат (екі белгі)/минут (екі белгі), күн (екі белгі)/ай (екі белгі) / жыл (төрт белгі).

      1.4-1 "Операцияны жүргізу күні мен уақыты" деректемесінде – қаржылық мониторингке жататын операцияны жасау күні мен уақыты көрсетіледі. Күні Күн (екі белгі)/ай (екі белгі)/жыл (төрт белгі) цифрлық форматта көрсетіледі. Уақыт сандық форматта көрсетіледі: сағат (екі белгі) / минут (екі белгі), секунд (екі белгі).

      1.5 "Хабарлама беру үшін негіздеме" деген деректемеде мынадай жолақ болады:

      "1. Шекті сомаға тең немесе одан асады" – егер Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес операцияның сомасы шекті сомаға тең немесе одан асқан жағдайда көрсетіледі".

      "2. Күдікті операция" – клиенттің операциялары күдікті операцияны айқындау белгілеріне сәйкес күдікті деп танылған жағдайда көрсетіледі.

      № 8002 күдікті операцияларды айқындау белгілерінің коды көрсетілген жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолақтар), заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14 толтыру міндетті болып табылады. 4.2-деректемеде "2. Болып табылады" деген жолақты таңдаған кезде, мынадай деректемелерді: 4.7 (1.4-жолақ), 4.13; жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "3. Жолақ белсенді емес". Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты жолақтың реттік саны өзгермейді.

      "4. Операцияға қатысушылар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі" – егер операцияға қатысушы тұлға немесе ұйым терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған жағдайда көрсетіледі, мұнда:

      "4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру" – осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы жолақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3- және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "4.2. Банктік есепшотты пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру" – мұндай жеке тұлғаның банктік есепшотын пайдаланбай, төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқаулар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі осындай жеке тұлға болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты таңдаған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 3,6, 3,7, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолақтар), 4.13; заңды тұлғалар үшін: 4.8; жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау" – егер ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар оқшауланады. Осы жолақты таңдаған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту" – осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартылған жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты көрсеткен кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "4.5 Сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға" – сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты көрсеткен кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18.

      "4.6. Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға ҚР заңнамасына сәйкес қаражат төлемдері" – терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға зейнетақы, қызметтік іссапарларға, стипендияларға, жәрдемақыларға арналған шығыстар түрінде ақша алған кезде көрсетіледі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төленген кезде көрсетіледі.

      "4.7. Банктік қарыз шарты бойынша өтеу" - ҚМС-пен Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғамен оны Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізбей тұрып жасасқан шарт бойынша міндеттерді өтеу кезіндегі ақшаны есептен шығару мен аудару кезінде көрсетіледі.

      "5. Жолақ белсенді емес", "6. Жолақ белсенді емес", "7. Жолақ белсенді емес" – бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты жолақтардың реттік сандары өзгермейді.

      "8. Осындай зерделеу нәтижелерін тіркей отырып, ҚМС күдікті деп таныған, міндетті зерделеуге арналған операциялар" – егер ҚМС Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша клиенттердің операцияларын зерделеу нәтижесінде, сондай-ақ ҚМС өз бетінше әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілерін ескере отырып, клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты деп санауға негіз бар болған жағдайда көрсетіледі. Зерделеу нәтижелері кез-келген қолжетімді қорғалған арналар бойынша уәкілетті органға жіберілетін аналитикалық есеп түрінде еркін нысанда қалыптастырылады."

      "9. Сипаттамалары терроризмді, экстремизмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар" – егер клиент операцияларының сипаттамалары терроризмді және экстремизмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес болған жағдайда көрсетіледі".

      "10. Сипаттамалары қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар" – егер клиент операцияларының сипаттамалары қылмыстық жолмен алынған кірістерді (жылыстату) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес болған жағдайда көрсетіледі.

      "11. Операцияға қатысушылар жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі" – егер операцияға қатысушы тұлға немесе ұйым жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған жағдайда көрсетіледі, мұнда:

      "11.1 Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру" – осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18.

      "11.2 Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру" – мұндай жеке тұлғаның банктік есепшотын пайдаланбай, төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқаулар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі осындай жеке тұлға болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде толтыру міндетті Осы жолақты таңдаған кезде мына деректемелер: 3.4, 3,6, 3,7, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13; заңды тұлғалар үшін: 4.8; жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18.

      "11.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау" – егер ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар оқшауланады. Осы жолақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18

      "11.4 Өзге операциялар жүргізуден бас тарту" – осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартылған жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты таңдаған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18.

      "11.5 Сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға" – Сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты таңдаған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18.

      "11.6 Заңның 12-1-бабы 6-тармағында көрсетілген операцияларды тоқтата тұруға жіберу" – операциялар тараптарының ең болмағанда біреуі жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса және операциялар мұндай тұлғалар жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін жүргізілген шарттар шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда көрсетіледі.

      "12. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту:" – ҚМС жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартқан жағдайда көрсетіледі.

      "12.1 Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда" – ҚМС Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы жолақты көрсеткен кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "12.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда клиентпен жеке немесе заңды тұлғалардың іскерлік қатынастар орнатуынан бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы тармақты көрсеткен жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4 -жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "12.3 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда клиентпен жеке немесе заңды тұлғалардың іскерлік қатынастар орнатуынан бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы тармақты көрсеткен жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "13. Операцияны жүргізуден бас тарту:" – Заңның 13-бабы 1-тармағында көзделген негіздері бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту болған жағдайда көрсетіледі.

      "13.1 Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда" – ҚМС Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы тармақты көрсеткен жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "13.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы тармақты көрсеткен жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "13.3 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан жағдайда көрсетіледі. Осы тармақты көрсеткен жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолақтар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жолақ), 4.17, 4.18 толтыру міндетті болып табылады.

      "14. Іскерлік қатынастарды тоқтату" – ҚМС жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатқан жағдайда көрсетіледі.

      "14.1 Клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан жағдайда көрсетіледі.

      "14.2 Клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда" – ҚМС клиенттің іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда жағдайда клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан жағдайда көрсетіледі.

      Деректеме міндетті түрде толтырылады.

2-тарау. ҚМ-1 қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанын жіберген ҚМС туралы мәліметтер

      2.1 "Қаржы мониторингі субъектісінің коды*" деректемесінде – ҚМС түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес уәкілетті органға ҚМ-1 нысанын ұсынған ҚМС коды көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      2.2 "ҚМС" деректемесінде:

      "1.1 Ұйымдастырылған нысан:" – ҚМС ұйымдастырушылық құқықтық нысаны көрсетіледі (мәселен, АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ЖК (жеке кәсіпкер) немесе ҚМС өзге де ұйымдастырушылық құқықтық нысаны). Егер жеке тұлға ҚМС болған жағдайда бұл жолақ толтырылмайды.

      "1.2 Атауы:" – тырнақшасыз ҚМС атауы көрсетіледі.

      "1.2.1 Тегі", "1.2.2 Аты", "1.2.3 Әкесінің аты" – ҚМС тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      "2.3 – деректеме белсенді емес". Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты деректеменің реттік нөмірі өзгермейді.

      2.4 "Жеке сейкестендіру нөмір/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН)*" деректемесінде – ҚМ-1 нысанын жіберетін ҚМС жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Деректеме мүндетті түрде толтырылуы қажет.

      2.5 "Орналасқан жерінің мекенжайы*" – деректемесінде ҚМС заңды мекенжайы облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үй нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда), пошталық индексі көрсетіледі.

      2.6 "Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін)" деректемесінде – жеке басты куәландыратын құжат түрінің цифрлық коды көрсетіледі.

      2.6.1 "Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (жеке тұлғалар үшін)" деректемесінде – жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса) көрсетіледі.

      2.6.2 "Жеке басты куәландыратын құжатты кім берген (жеке тұлғалар үшін)" деректемесінде – жеке басты куәландыратын құжатты берген мекеменің атауы көрсетіледі.

      2.6.3 "Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген (жеке тұлғалар үшін)" деректемесінде –жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні күні(екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) форматында көрсетіледі.

      2.7 "Жауапты жұмыскер" деректемесінде – ішкі бақылау қағидаларын сақтауға жауапты, байланыс жасайтын адамның деректері көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      2.7.1 "Жауапты лауазымды тұлғаның лауазымы" деректемесінде – ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаның атқаратын қызметі көрсетіледі.

      2.8 "Байланыс телефондары*" деректемесінде – ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаның ұялы (+7 ХХХ ХХХ ХХХХ форматында) және қалалық (қала коды/телефон нөмірі/ішкі телефон нөмірі (бар болса) форматында) телефон нөмірлері көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      2.9 "Электрондық пошта*" деректемесінде – ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты байланыс тұлғасының электрондық поштасы көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

3-тарау. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат

      3.1 "Операцияның нөмірі*" деректемесінде ҚМ-1 нысанын жіберген ҚМС ішкі тізілімінде тіркелген нөмірі көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      3.2 "Операция түрінің коды*" деректемесінде қаржылық мониторингке жататын операциялар түрлерінің кодтарының анықтамалығына сәйкес операция түрінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      0530, 0540 кодтары кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда, клиентке қолма-қол ақша берген не клиенттен қолма-қол ақша қабылдаған жағдайда көрсетіледі 0511, 0521, 0911, 1311, 1321, 1411, 1421, 1431.

      0623, 0633-кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда "4.7 Операцияға қатысушының банкі" деген деректеменің "1.5.1 Банктің орналасқан елі" деген жолағы "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу №20095) және "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 16404) сәйкес толтырылады.

      0640 коды 0623, 0633 кодтарында көзделген операцияларды қоспағанда, оффшорлық аймақта тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар адамдар санатымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен клиенттің операциясын жүргізген жағдайда көрсетіледі.

      1811 кодты көрсеткен жағдайда мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік туралы ақпарат "2.1. Мүлік түрі" жолақтарында, мәселен, пәтер, жер учаскесі немесе өзге жылжымайтын мүлік және "2.2 Мүліктің тіркеу нөмірі" көрсетіледі.

      1911, 2020 кодтары көрсетілген жағдайда клиент Қазақстан Республикасы резиденті және Қазақстан Республикасында тіркелген резидент емес болған жағдайда "Астана" халықаралық қаржы орталығының ҚМС қолданады.

      Бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде "2.2.1 ISIN*" ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірі), сондай-ақ "2.2.2 CFI" жолағында CFI (қаржы құралының жіктеуіші) көрсетіледі. ISIN деректемелерін толтыру міндетті, CFI деректемелерін толтыру міндетті емес болып табылады.

      3.2.1 "Операция түрінің бірінші қосымша коды" және 3.2.2 "Операция түрінің екінші қосымша коды" деректемелерінде операция түрлерінің қосымша кодтары көрсетіледі.

      3.3 "Төлемді тағайындау коды*" деректемесінде – "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 14365) сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар төлемдерін тағайындау коды көрсетіледі. ҚМС түрінің 011, 013-016 немесе 101 кодтары көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті.

      2-жолағы "Реквизитті анықтау мүмкін емес" – төлемді тағайындау кодын анықтау мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.

      3.4 "Операцияға қатысушылар саны*" деректемесі – ҚМС қоспағандағы операцияға қатысушылардың саны көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      3.5 "Операция валютасының/валюталық шарттың коды*" деректемесінде – операция жасау валютасының коды, оның ішінде валюталық шартты (келісімшартты) ескере отырып, репатриация талаптарының орындалуын бақылау, ақша қозғалысының мониторингі және ол бойынша міндеттемелердің өзге де орындалуы көрсетіледі. Валюта коды "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) "Валюталар сыныптауышы" 23-қосымшасына сәйкес көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      3.6 "Операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы*" деректемесінде оны жүргізу валютасындағы операция сомасы көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының ҚМС үшін валюталау бағамы операция жүргізілген кездегі Ұлттық Банктің бағамы бойынша айқындалады.

      Криптоактивтермен (криптобиржалармен) жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының ҚМС үшін бағам ЦА-мен операция жасау сәтінде тәуелсіз ақпараттық ресурстармен (тізімге сәйкес) айқындалады.

      3.7 "Операция сомасы теңгемен*" деректемесінде операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгелік баламадағы операция сомасы көрсетіледі. 3.5 "Операция валютасының коды" деректемесінде "теңге (қазақ)" валютасының коды көрсетілген кезде операцияның көрсетілген сомасы 3.6 "Операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы" деректемесінде қайталанады. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының ҚМС үшін операция жүргізілген күнге Ұлттық Банктің бағамын қолдануға жол беріледі.

      3.7.1 "Валюталық шарттың жасалу валютасындағы сомасы" деректемесінде сома клиент есептік тіркеу шеңберінде ұсынған валюталық шарттың (келісімшарттың) жасасу валютасында, репатриация талаптарын орындауда және шарт (келісімшарт) бойынша өзге де міндеттемелерді орындауда көрсетіледі. Ақша төлемі/аударымы болмаған жағдайда 3.6 және 3.7 деректемелерінде "0" сомасы көрсетіледі.

      3.7.2 "Валюталық шарттың теңгедегі сомасы" деректемесінде сома клиент есептік тіркеу шеңберінде ұсынған валюталық шарттың (келісімшарттың) баламалы сомасында, репатриация талаптарын орындау барысында және шарт (келісімшарт) бойынша өзге де міндеттемелерді орындау барысында теңгемен көрсетіледі. Теңгедегі қайта есептеу бағамы Ұлттық Банктің хабарлама жіберілген күнгі ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.

      3.7.3 "Мәміледегі бағалы қағаздың 1 бірлігі үшін құны (лас баға), оны жүргізу валютасында" деректемесінде – бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде бағалы қағаздың 1 бірлігі үшін құны (лас баға), оны жүргізу валютасында көрсетіледі.

      3.7.4 "Бағалы қағаздың 1 бірлігі үшін құны (лас бағасы) теңгемен" деректемесінде – бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде бағалы қағаздың 1 бірлігі үшін құны (лас бағасы), теңгемен көрсетіледі. Деректемелерді толтыру міндетті емес.

      3.8. "Операцияны жасаудың негіздемесі*" деректемесінде – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мәмілелер жасау мен қатысушылар түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізілетін негіздегі мәміле түрінің коды көрсетіледі. Деректемені толтыру міндетті.

      3.9 "Операцияны жүзеге асыруға негіз болған құжаттың күні мен нөмірі" деректемесінде – операцияны жүзеге асыруға негіз болған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Хабардың күнін көрсету күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) форматында көрсетіледі.

      3.10 "Күдікті операциялар белгілерінің коды" деректемесінде – осы бұйрықпен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның негізгі күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. "1.5 Хабарлама беру үшін негіздеме" –деректемесінің "2. Күдікті операция" жолағы көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті.

      3.11 "Операцияның күдіктілік белгісінің 1-ші қосымша коды" деректемесінде – осы бұйрықпен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның бірінші қосымша күдіктілік белгісінің коды көрсетіледі.

      3.12 "Операцияның күдіктілік белгісінің 2-ші қосымша коды" деректемесінде – осы бұйрықпен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның екінші қосымша күдіктілік белгісінің коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.

      3.13 "Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтарды сипаттау" деректемесінде – күдікті операцияны жіктеуде туындаған қиындықтардың сипаттамасы ғана көрсетіледі.

      3.14 "Операция бойынша қосымша ақпарат" деректемесінде – "Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат" 3-бөлімінің деректемелерінде толтырылуға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында оны жүзеге асыру туралы күдік туындайтын операция бойынша қосымша ақпарат көрсетіледі. Егер 1.5 деректеменің "8. Осындай зерделеу нәтижелерін тіркей отырып, ҚМС күдікті деп таныған, міндетті зерделеуге арналған операциялар" хабарламаны беру үшін негіздеме және күдікті операцияны айқындау белгілерінің "7006" кодын таңдалғанда деректеме міндетті болып табылады.

      Ауыстырылатын хабарлама ұсынылған жағдайда осы деректемеде түзетілген деректемелер туралы ақпарат көрсетіледі, мысалы, операция сомасы, төлем мақсаты немесе өзгесі өзгертілді.

      3.15 "Операция жүргізілген жердің мекенжайы" деректемесінде – операцияны жүргізудің тәсілі (онлайн/офлайн) көрсетіледі. Операция Қазақстан Республикасының аумағында офлайн жүргізілген жағдайда операция аяқталған мекенжай (облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, елді мекен (қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/кеңсенің нөмірі көрсетіледі. Операция Қазақстан Республикасынан тыс жерде офлайн жүргізілген жағдайда КОК № 378 шешімімен бекітілген "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес ел көрсетіледі. Операция әдісінде "офлайн" көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті болып табылады.

      3.16 "Мәмілені өткізу орны (қажетін таңдау)*" деректемесінде – бағалы қағаздармен операцияны жүргізу орны көрсетіледі. Бағалы қағаздармен операция жүргізілген жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес "Ұйымдастырылған нарық" 3.16.1-тармағы таңдалады, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды орныдамай, бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде "Ұйымдастырылмаған нарық" 3.16.2-тармағы таңдалады, жоғарыда көрсетілген тармақтарға жатпайтын жерде бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде "Өзге" 3.16.3-тармағы таңдалады.

      3.17 "Мәміледе сатылған бағалы қағаздардың саны*" деректемесінде – мәміледе сатылған бағалы қағаздардың саны бірлік өлшемде көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

4-тарау. Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер

      "Операцияға қатысушылар саны" 3.4-деректемесінде көрсетілген қатысушылардың санына қарай, әрбір қатысушыға сондай мөлшерде 4 "Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер" деген бөлімдер толтырылады.

      4.1 "Қатысушы (қажетін таңдау)*" деректемесінде қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушының тиісті мәні көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      4.2 "Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті (қажетін таңдау)*" деректемесінде келесі жолақтар бар:

      "1. Болып табылмайды" – операция қатысушысы ҚМ-1 нысанын жолдайтын ҚМС клиенті болып табылмаған жағдайда көрсетіледі;

      "2. Болып табылады" – операция қатысушысы ҚМ-1 нысанын жолдайтын ҚМС клиенті болып табылған жағдайда көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      4.3 "Қатысушының түрі*" деректемесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мәмілелер және қатысушылары түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес операцияға қатысушының түрі көрсетіледі.

      4.4 "Резиденттік*" деректемесінде – КОК №378 шешімінің "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының резиденттігі көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      4.4.1 "Азаматтық*" деректемесінде – КОК № 378 шешімінің "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының азаматтығы көрсетіледі. Реквизиттер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      4.5 "Операцияға қатысушының түрі (қажетін таңдау)*" деректемесінде – қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушысы түрінің тиісті мәні көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

      4.6 "Шетелдік жария лауазымды адам" деректемесінде – 4.5 "Операцияға қатысушының түрі (қажетін таңдау)*" деректемесіндегі "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтары белгіленген жағдайда тиісті мәні көрсетіледі.

      4.6 деректеменің "2. Болып табылады" жолағы көрсетілген жағдайда 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесіндегі "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" тиісті мәні көрсетіледі.

      4.6 "Шетел жария лауазымды адам, жұбайы(зайыбы) немесе олардың жақын туыстары (керегін таңдау)" деректемесінің "2. Болып табылады" жолағы көрсетілген жағдайда 4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деректемесінде жария лауазымды адам, жұбайы(зайыбы) немесе олардың жақын туыстары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер баяндалады.

      "3. Шетелдік жария лауазымды адаммен үлестес" жолақ көрсетілген жағдайда 4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деректемесінде шетелдік жария лауазымды адаммен үлестес туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жазылады.

      4.6.1 деректеменің "2. Болып табылады" жолағы көрсетілген жағдайда 4.5 "Операцияға қатысушының түрі (қажетін таңдау)*" деректемесіндегі "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарының тиісті мәні көрсетіледі.

      4.6.1 "Жария лауазымды адам (қажетін таңдау)" деректемесінің "2. Болып табылады" жолағы көрсетілген жағдайда 4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деректемесіндегі жария лауазымды адам, жұбайы(зайыбы) немесе олардың жақын туыстары туралы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер баяндалады.

      "3. "Жария лауазымды адаммен үлестес" жолағы көрсетілген жағдайда 4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деректемесінде жария лауазымды адаммен үлестес(-тер) туралы егжей-тегжейлі мәліметтер көрсетіледі.

      4.6 және 4.6.1 деректемелері 4.2 "Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті" деректемесінде "2. Болып табылады" жолақтары көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

      "4.7 Операция қатысушысының банкі/цифрлық активтер биржасы" деректемесінде операцияны жүгізген банк/Қазақстан Республикасының резидент емес-банкінің филиалы/цифрлық активтер биржасы туралы келесі мәліметтер көрсетіледі:

      "1.1 Филиалдың орналасқан жері*" – банк филиалының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жағдайдайында көрсетіледі, операцияның басталған/аяқталған жерінің елді мекенінің мекенжайы (облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үй нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда)) көрсетіледі.

      Банк Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жағдайда КОК № 378 шешімінің "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес ел көрсетіледі. 3.15 "Операция жүргізілген жердің мекен-жайы" деректемесіндегі операция әдісі "Оффлайн" болып көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті болып табылады.

      "1.2 Банктің/цифрлық активтер биржасының атауы*" – банктің /Қазақстан Республикасының резидент емес-банкі филиалының/цифрлық активтер биржаларының толық атауы көрсетіледі. Деректемелер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      "1.2.1 ААЖ атауы" – ААЖ арқылы операция жүргізілген жағдайда ақша аударымы жүйесінің (бұдан әрі – ААЖ) атауы көрсетіледі және "4.7 Операцияға қатысушының банкі*" деректемесінің "1.4 Қатысушы шотының нөмірі" жолағында аударымның бақылау нөмірі (MTCN немесе басқасы) көрсетіледі.

      "1.3 Банктің/филиалдың коды" – мысалы, резиденттер үшін БСК және SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) резидент еместер және басқалар үшін көрсетіледі. Операция банк филиалында өткізілген жағдайда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген филиалдың коды көрсетіледі.

      "1.4 Қатысушы шотының нөмірі/цифрлық активтер әмиянының мекен-жайы" – қатысушы шотының нөмірі, мәселен, IBAN немесе басқасы көрсетіледі.

      "1.5 Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер" келесі мәндерге ие болады:

      "1.5.1 Банктің орналасқан жері" –КОК № 378 шешімімен бекітілген "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес банк-корреспондент орналасқан мемлекет көрсетіледі.

      "1.5.2 Банктің атауы" – банк-корреспонденттің толық атауы көрсетіледі.

      "1.4 Қатысушы шотының нөмірі" жолағында шот нөмірі болмаған жағдайда "шот нөмірсіз" көрсетіледі.

      2.1 "Қаржы мониторингі субъектісінің коды" деректемесінде 011, 013-016 немесе 101 ҚМС түрлерінің кодтары көрсетілген жағдайда деректеме міндетті түрде толтырылады. еректеме міндетті түрде толтырылады.

      4.8 "Операция қатысушысының атауы (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым үшін)*" деректемесінің – 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінің "1. Заңды тұлға" жолағы толтырылған жағдайда көрсетіледі және келесі мәнге ие болады:

      "1. Қатысушы":

      "1.1 Ұйымдық нысаны" жолағында – операцияға қатысушының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетіледі (мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ЖК (жеке кәсіпкер) немесе өзге де ұйымдық құқықтық нысаны);

      "1.2 Атауы:" жолағында – тырнақшасыз құрылтайшы құжаттамаға сәйкес операцияға қатысушының атауы көрсетіледі.

      "2. Белгілеу мүмкін емес" – егер операцияға қатысушының атауын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемесінде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті болып табылады.

      4.9 "Қатысушының құрылтайшылары (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым үшін)*" деректемесінде – 10 пайыздан кем емес қатысу үлесі бар операция қатысушысының барлық құрылтайшыларының деректері 4.5 "Операцияға қатысушының типі"-деректемесінің "1. Заңды тұлға"-жолағын көрсетілген жағдайда келесі көрсетіледі:

      "1.1 Ұйымдық нысаны:" жолағында – операцияға қатысушының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетіледі (мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ЖК (жеке кәсіпкер) немесе өзге де ұйымдық құқықтық нысаны). Егер қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға болып табылса, онда осы жолақ толтырылмайды.

      "2.1 Атауы:" – құрылтай құжаттарына сәйкес операцияға қатысушының құрылтайшысы заңды тұлға болған жағдайда, операцияға қатысушы құрылтайшының атауы тырнақшасыз көрсетіледі. Егер операцияға қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер болса, онда тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толтырылады;

      "3. Резиденттігі:" деген деректемеде – КОК № 378 шешімімен бекітілген "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының құрылтайшысы мемлекеті көрсетіледі.

      1.5 "Хабарлама беру үшін негіздеме" деректемесінің "2. Күдікті операция" жолағын және 4.2 "Қаржылық мониторинг субъектісінің клиенті" деректемесінің "2. Болып табылады" жолағын бір мезгілде көрсеткен жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

      4.10 "Бірінші басшы (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым үшін)" деректемесінде 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінде "1. Заңды тұлға" жолағын толтырған жағдайда операцияға қатысушы бірінші басшының деректері көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемесінде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті болып табылады.

      4.10.1 "Клиентті тиісінше тексеру нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісі анықтаған және тіркеу деректерінен ерекшеленетін (клиенттер - заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым бойынша толтырылады) қатысушының бенефициарлық меншік иесі" деректемесі "4.5 Операцияға қатысушының типі" деректемесіндегі "1. Заңды тұлға" немесе "4. Заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым" жолақтары толықтырылған жағдайда қолжетімді. 4.1-деректемеде көрсетілген қатысушылар бойынша жеке енгізіледі. Деректемелерде:

      "1.Тегі:" – қатысушының бенефициарлық меншік иесінің тегі көрсетіледі

      "2. Аты:" – қатысушының бенефициарлық меншік иесінің аты көрсетіледі

      "3. Әкесінің аты (бар болса):" – қатысушының бенефициарлық меншік иесінің әкесінің аты болған кезде көрсетіледі

      "4. Азаматтығы:" – КОК № 378 шешімімен "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес ел көрсетіледі.

      "5. Туған күні (резидент емес үшін):" – кк.аа.жжжж. форматында көрсетіледі.

      "6. Жеке басын куәландыратын құжат (бар болса):" – кк.аа.жжжж. форматында көрсетіледі.

      "7. Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса)" - жеке басын куәландыратын құжат бар болған жағдайда оның нөмірі мен сериясы жазылады.

      4.10.2 "Бенефициарлық меншік иесінің резиденттігі" деректемесі – егер бенефициарлық меншік иесі резидент емес болса, онда 1-жолақта КОК № 378 шешімімен бекітілген "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес мемлекет көрсетіледі. Егер бенефициарлық меншік иесі резидент болса, онда 2-жолақты "KZ" көрсетіледі.

      4.10.3 "Қатысушының бенефициарлық меншік иесінің ЖСН (резидент емес үшін – басқа сәйкестендіру нөмірі)" деректемесі – резидент үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, резидент емес үшін шет мемлекеттің өзге сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      4.11 "Өріс белсенді емес" деректемесі бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты деректеменің реттік нөмірі өзгермейді.

      4.12 "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)" деректемесінде – 4.5 "Операцияға қатысушының типі" деген деректеменің "1. Заңды тұлға" деген жолағы толтырылған жағдайда "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 68-од бұйрығына сәйкес операцияға қатысушының ЭҚЖЖ коды көрсетіледі.

      4.13 "ЖСН/БСН" деректемесінде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте тіркелген нөмір көрсетіледі. 4.2-деректемесінде 2-тармақ көрсетілген жағдайда, деректемені толтыру міндетті. (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емес жеке тұлғаға жеке тұлғаның бірыңғай нөмірі берілмеген кездерді қоспағанда). 4.15-деректемеде жеке басты куәландыратын құжат ретінде "Шетел мемлекеті азаматының паспорты" таңдалған кезде 4.13-деректемені толтыру талап етілмейді.

      4.14 "Т.А.Ә. (жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)*" деректемесінде – операцияға қатысушы жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің деректері көрсетіледі, атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

      4.14 "Т.А.Ә. (жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)*" деректемесінің "2.1 Белгілеу мүмкін емес" жолағы операцияға қатысушының тұлғасын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті.

      4.15 "Жеке басты куәландыратын құжат" деректемесінде құжаттар түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат түрінің цифрлық коды 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінің "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті болып табылады.

      4.16 "Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы" деректемесінде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінің "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда деректеме міндетті болып табылады.

      4.17 "Жолақ белсенді емес" деректемесінде бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты деректеменің реттік нөмірі өзгермейді.

      4.18 "Жеке басты куәландыратын құжат қашан берілген (ҚР резиденттер емес үшін)" деректемесінде – операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) форматында 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінде "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда деректеме міндетті болып табылады.

      4.19 "Туған күні (ҚР резиденттері емес үшін)" деректемесінде – операцияға қатысушысының туған күні күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі) форматында 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінде "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. 4.2 "Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті" деректемесіндегі "2. Болады" жолағы толтырылған жағдайда деректеме міндетті болып табылады.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті болып табылады.

      4.20 "Туған жері (ҚР резиденттер емес үшін)" деректемесінде – операцияға қатысушысының туған жері 4.5 "Операцияға қатысушының түрі" деректемесінде "2. Жеке тұлға" немесе "3. Жеке кәсіпкер" жолақтарын толтырған жағдайда КОК № 378 шешімімен бекітілген "Дүниежүзі елдерінің сыныптаушысы" 22-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

      Егер 4.13 "ЖСН/БСН" деректемесінде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген жағдайда, деректеме міндетті болып табылады.

      4.21 "Заңды мекенжай" деректемесінде (заңды тұлғалар үшін, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым үшін Заңды мекенжай, жеке тұлғалар үшін - тіркеу орнының мекенжайы) – облыс (оның ішінде Республикалық маңызы бар қалалар және Астана), аудан, елді мекен (Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, қала/кент/ауыл), көше/даңғылдың атауы форматында заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым үшін заңды мекенжайы немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушыны тіркеу орнының мекенжайы көрсетіледі/ шағын аудан, үй нөмірі, пәтер/кеңсе нөмірі (бар болса).

      4.22 "телефон нөмірі" деректемесінде – операцияға қатысушының ұялы (+7 ХХХ ХХХ ХХХХ форматында) және қалалық (қала коды/телефон нөмірі/ішкі телефон нөмірі (бар болса) форматында) телефон нөмірлері көрсетіледі.

      4.23 "Электрондық пошта" деректемесінде – операцияға қатысушының интернетте тіркелген электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі.

      4.24 "Нақты мекенжайы" деректемесінде заңды тұлғалар үшін – заңды мекенжайы немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушының тіркелген жерінің мекенжайы облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, елді мекен (қала/кент/ауыл) (республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (бар болған жағдайда), пошталық индексі форматында көрсетіледі

      4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деректемесінде 4 "Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер" бөлімінің деректемелердінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушысына қосымша ақпарат көрсетіледі".

      4.26 "Операцияға қатысушының қосалқы шоты*" деректемесінде-бағалы қағаздармен операция жүргізу кезінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қамтылған операцияға қатысушының дербес шоты (қосалқы шоты) көрсетіледі. Деректеме міндетті түрде толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 6 бұйрығына
2-қосымша

  Қаржы мониторингі
субъектілерінің қаржы
мониторингіне жататын
операциялар туралы
мәліметтер мен ақпарат
беру қағидаларына
5-қосымша

Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығы

Коды

Жеке басты куәландыратын құжаттардың атауы

1

2

01

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

02

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

03

Шетел паспорты

04

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат

05

Азаматтығы жоқ адамның куәлігі

06

Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты

07

Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты

08

Босқын куәлігі

09

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі

010

Туу туралы куәлік

011

Қайтып оралуға арналған куәлік

012

Шет мемлекет берген жеке куәлік

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 6 бұйрығына
3-қосымша

  Қаржы мониторингі
субъектілерінің қаржы
мониторингіне жататын
операциялар туралы мәліметтер
мен ақпарат беру қағидаларына
6-қосымша

Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығы

Коды

Атауы

1

2

0111

Бәс тігуді өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты қолма-қол ақшалай нысанда алу

0112

Бәс тігуді өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты электрондық нысанда алу

0121

Ойын мекемелерінде құмар ойындар өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты қолма-қол ақшалай нысанда алу

0122

Ойын мекемелерінде құмар ойындар өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты электрондық нысанда алу

0131

Лотерея өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты қолма-қол ақшалай нысанда алу

0132

Лотерея өткізудің нәтижесі бойынша ұтысты электрондық нысанда алу

0211

Клиенттің айырбастау пункттері арқылы шетел валютасын қолма-қол ақшалай нысанда сатып алуы

0221

Клиенттің айырбастау пункттері арқылы шетел валютасын қолма-қол ақшалай нысанда сатуы

0311

Чек бойынша қолма-қол ақшалай нысанда ақша алу

0321

Вексель бойынша қолма-қол ақшалай нысанда ақша алу

0511

Клиенттiң банктік шотынан ақша алу

0521

Клиенттiң банктік шотына ақша салу

0530

Клиентке қолма-қол ақша беру

0540

Клиенттен қолма-қол ақша қабылдау

0623

Оффшорлық аймақта тиісінше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар және оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктiк шотына салуы немесе аударуы

0633

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақшаны салуы немесе аударуы

0640

Клиенттің оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізетін операциялары

0711

Анонимді иеленушiге ашылған шетелдегi шоттарға (салымдарға) қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақша аудару

0721

Анонимді иеленушiге ашылған шетелдегi шоттан (салымнан) ақшаның қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда түсуi

0911

Өтеусiз негiзде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы төлемдер мен ақша аударымдары

1011

Мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшалай нысанда сатып алу

1012

Мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшалай нысанда сату

1021

Мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу

1022

Мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан әкету

1111

Мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап үш ай аз уақыт өткен заңды тұлғалардың қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізген операциялары

1211

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасына қолма-қол валютаны әкелу

1212

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, ұсынушыға құжаттық бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу

1213

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасына векселдерді әкелу

1214

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасына чектерді әкелу

1221

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасынан қолма-қол валютаны әкету

1222

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, ұсынушыға құжаттық бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасынан әкету

1223

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасынан векселдерді әкету

1224

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасынан чектерді әкету

1311

Сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асыру

1321

Сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшалай нысанда алу

1411

Жинақтаушы зейнетақы қорларына еріктi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшалай нысанда енгізу

1421

Жинақтаушы зейнетақы қорларына еріктi зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшалай нысанда аудару

1431

Еріктi зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асыру

1511

Қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақшалай нысанда және қолма-қол ақшасыз нысанда алу

1521

Қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақшалай нысанда және қолма-қол ақшасыз нысанда ұсыну

1611

Мердігер қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1621

Тасымалдау қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1631

Көліктік экспедиция қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1641

Сақтау қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1651

Комиссия қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1661

Мүлікті сенімгерлік басқару қызметтерін көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1671

Мердiгерлiк, тасымалдау, көлiк экспедициясы, сақтау, комиссиялар және мүлiктi сенiмгерлiк басқару қызметтерін қоспағанда, өзге де қызметтер көрсету бойынша қолма-қол ақшалай нысандағы мәмілелер

1711

Клиенттің бағалы металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алуы

1721

Клиенттің бағалы металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда сатуы

1811

Жасау нәтижесінде мұндай мүлікке меншік құқығы өтетін жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiлелер

1911

Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер

2020

Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер

2110

Ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда операциялар жасауы

2200

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің операцияны жасаған кезеңде қолданыста болған облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиенттердің қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары

2300

Өзінің сипаты бойынша трансшекаралық төлемге және клиенттің банктік шотынан қолма-қол ақшасыз нысанда ақша аударуға жататын операциялар
Әр түрлі елдердегі қатысушылар арасындағы төлем немесе аударым трансшекаралық болып табылады

2301

Өзінің сипаты бойынша трансшекаралық төлемге және қолма-қол ақшасыз нысандағы ақшаны клиенттің банк шотына трансшекаралық аударуға жататын операциялар
Әр түрлі елдердегі қатысушылар арасындағы төлем немесе аударым трансшекаралық болып табылады

2302

Өзіндік сипаты бойынша шетел мемлекетінен клиенттің шотына (оның ішінде үшінші тұлғалардың шоттары арқылы) бұрын түскен қолма-қол ақшасыз нысандағы ақшаны клиенттің банктік шотынан аударуға және трансшекаралық төлемдерге жататын операциялар

6010

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның еңбек демалысына ақы төлеу және жалақы түрінде ақша алуы

6020

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның зейнетақы, қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде ақша алуы

6030

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша төлемдері мен аударымдары

6040

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шотына ақша салу

6055

Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген, бенефициарлық меншік иесі болып табылатын тұлғаның ұйымның банктік шотына ақша салуы.

6060

Сот шешімі негізінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге де мүлкімен жүргізілетін операциялар мына кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда: 6010, 6020, 6030, 6040, 6055

6061

Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операциялар

6062*

Қаржы мониторингіне жататын, операция түрлері кодтарының бірде біріне жатпайтын операциялар

6064

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен енгізілген жеке тұлғаларға қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою

6065*

Заңның 12-1-бабы 5-тармағында көзделген негіздер бойынша Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен енгізілген жеке тұлғаларға қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою

      *күдікті деп танылған операцияларға қолданылады

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 6 бұйрығына
4-қосымша

  Қаржы мониторингі
субъектілерінің қаржы
мониторингіне жататын
операциялар туралы мәліметтер
мен ақпарат беру қағидаларына
7-қосымша

Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мәмілелер мен қатысушылардың түрлері кодтарының анықтамалығы

Қатысушы түрінің коды

Қатысушы түрінің атауы

Мәміле түрінің коды

Мәміле түрінің атауы

1

2

3

4

01

Сатушы

01

Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты

02

Тауарды немесе қызметті сатып алу-сату шарты

02

Сатып алушы

03

Басқа да мүлікті сатып алу-сату шарты

03

Сыйлық беруші

04

Сыйға беру шарты

04

Сыйлық алушы

05

Рента алушы

05

Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты

06

Рента төлеуші

07

Жалға беруші

08

Жалға алушы

09

Лизинг беруші

06

Лизинг шарты

10

Лизинг алушы

11

Несие беруші

07

Мүлікті өтеусіз пайдалану шарты

12

Несие алушы

13

Тапсырыс беруші

08

Мердігер шарты

14

Мердігер

15

Жобалаушы

16

Іздестіруші

17

Орындаушы

18

Жөнелтуші (көлік қызметі)

09

Көліктік экспедицияны тасымалдау шарты

19

Тасымалдаушы

20

Алушы (көлік қызметі)

21

Экспедитор

22

Қарыз беруші

23

Қарыз алушы

10

Қарыз шарты

24

Кредит беруші

25

Қаржы агенті

11

Кредиттік шарт

26

Клиент (факторинг)

27

Бенефициар

12

Ақша талабына жол беруді қаржыландыру шарты (факторинг)

28

Принципал

29

Салымшы

30

Эмитент

13

Банктік шот шарты

14

Ақшаны аудару шарты

15

Банктік салым шарты

31

Иеленуші

16

Басқа да банктік қызмет көрсету шарты

32

Кепілзат беруші

33

Кепілзат ұстаушы

17

Кепілзат шарты

34

Сақтаушы

35

Жүк беруші

18

Сақтау шарты

36

Сақтандырушы

37

Сақтанушы

19

Сақтандыру шарты

38

Сақтандырылған

39

Сенім білдіруші

40

Сенім білдірілген адам

20

Тапсырма шарты

41

Комитент

21

Кепілгерлік шарты

42

Комиссионер

22

Комиссия шарты

43

Басқарма құрылтайшысы

44

Сенімгерлікпен басқарушы

23

Мүлікті сенімгерлік басқару шарты

45

Құқық иеленуші

46

Пайдаланушы

24

Патенттік құқықтарды беру туралы шарт

25

Зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін құру және пайдалану туралы шарт

26

Өнертабысты, пайдалы моделді және/немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға арналған лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт

47

Лицензиат

48

Патент иесі

27

Кешенді кәсіпкерлік лицензияның шарты (франчайзинг)

49

Лотерея, тотализатор ұйымдастырушы

50

Лотерея, тотализатор қатысушысы

28

Басқа шарт, келісім немесе келісімшарт

51

Өнім беруші

52

Өндіруші

53

Жалға беруші

29

Негіздік құжатсыз мәміле

54

Жалға алушы

55

Басқа да қатысушы

56

Салымшы

30

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары,ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету туралы шарт

57

Алушы

58

Өз қаражатын жөнелтуші

31

Өз қаражатын аудару

59

Өз қаражатын алушы

60

Инвестор

32

Инвестициялық шарт

61

Инвестиция алушы

62

Бас компания

33

Бас компания мен филиал арасындағы аударымдар

63

Компанияның филиалы


  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 6 бұйрығына
5-қосымша

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 13 бұйрығына
2-қосымша

Күдікті операцияны айқындау белгілері


Кодтың

Күдікті операцияны айқындау белгілері


1

2

1. Жалпы белгілер

1

1035

Клиент ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұрады) не осы мемлекетте тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сол сияқты осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) операциялар жасайды

2

1040

Қайырымдылық ұйымдардың (қорлардың) қатысуымен ақшамен және/немесе өзге мүлікпен операциялар жасау (салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды қоспағанда)

3

1041

Қайырымдылық ұйымдардың (қорлардың) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтардан ақша қаражатын және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі операция

4

1048

Клиенттің оффшорлық аймақта ашылған банктік шотқа өз қаражатын ірі мөлшерде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) аударуы

5

1049

Валюталық шартта резиденттің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты не салық салудың жеңілдікті режимін беретін және (немесе) қаржы операцияларын жүргізу кезiнде ақпаратты ашу мен берудi көздемейтiн мемлекетте немесе аумақта (оффшорлық аймақ) тіркелген бейрезиденттің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) импорты бойынша төлемдер көзделген

6

1050

Клиенттің операция (мәміле) кезінде қатысатын үшінші тұлғаның және/немесе тұлғалардың басшылығымен операция (мәміле) жүргізуі

7

1051

Сот шешімі бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның (міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы операцияларды қоспағанда) операциялар (мәміле) жасауы

8

1052

Клиенттің осы операция (операциялар) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауы

9

1053

Резиденттің бейрезидентке тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) шартын орындамағаны үшін немесе егер тұрақсыздық айыбының мөлшері жеткізілмеген тауарлардың (орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің) сомасының он пайызынан асқанда шарт талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеуге байланысты аударымдары

10

1054

Клиенттің шотына ірі сомада ақшаның түсуі және қаражатты кейіннен қолма-қол ақшаға айналдыру, бұл ретте алушының мемлекеттік ресімдеу күнінен бір жылдан аз уақыт өткен операциялар бойынша болмашы айналымы бар

11

1055

Клиенттің шотына ірі сомадағы ақшаның түсуі, бұл ретте алушы бюджетке салықтарды немесе басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүзеге асырмайды немесе болмашы мөлшерде жүзеге асырады не екінші деңгейдегі банктерде несиелер бойынша берешегі бар (Қазақстан Республикасында тіркелмеген резидент емес субъектілерді қоспағанда)

12

1056

Клиенттің шотына ақшаны жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бірдей көлемде салу және есептен шығару, бұл ретте қаржы мониторингі субъектісінің осы операция және/немесе операциялар қаржы пирамидасы қызметімен байланысты деп пайымдауына негіздер туындайды

13

1057

Заңды тұлғалардың және/немесе жеке кәсіпкерлердің шоттарынан жеке тұлғалардың пайдасына дивидендтер немесе пайда ретінде жүйелі түрде ірі көлемде ақшаны аудару

14

1058

Гранттар, қаржылай көмек, қарыз немесе өтеусіз көмек ретінде, оның ішінде арасында іскерлік ынтымақтастық жоқ бейрезиденттердің қатысуымен ірі көлемде ақшаны аудару, коммерциялық емес ұйымдардың аударымдарын қоспағанда

15

1067

Клиенттің сомасы жеке алғанда қаржы мониторингіне жататын операциялардың шекті сомасынан аспайтын, бірақ қосу нәтижесінде шекті сомадан асатын, қысқа уақыт аралығында ақшамен ұқсас операцияларды (клиенттің қызметі халыққа қызмет көрсетумен, міндетті алыммен немесе ерікті төлемдермен байланысты болмаған жағдайда) бірнеше рет (екі және одан да көп рет) жүргізуі

16

3001

Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау

17

3002

Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасау

18

3003

Діни бірлестіктердің (қорлардың) қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау (салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды қоспағанда)

19

3004

Клиенттің осы операция (операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауы

20

7002

Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауыштарына жататын заттарды сатып алуға-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар

21

7003

Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар.

22

7004

Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды да қамтитын заттарды сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар

23

7006

Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес қызметі, операциялары не оларды жасауға әрекеттенуі күдікті деп танылған клиенттер

24

8002

Қаржы мониторингінің субъектісінде операцияның терроризмді қаржыландыруға бағытталғаны туралы күдік туындатқан күдікті операцияны жасауға әрекеттену

25

1101

Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын бейрезиденттің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлеу және аудару

26

1103

Клиентке қызметiнiң түрiне сәйкес келмейтiн жұмыстар мен қызметтер үшiн және қаржы мониторингі субъектiсiндегі деректер бойынша бұрын сатып алынбаған (өндiрiлмеген немесе импортталмаған) тауар үшiн ақша түсу, бұл ретте клиенттің өткен және ағымдағы жыл үшін төлеген салық сомасы түскен ақша сомасына 1%-дан аз

27

1107

Ірі сомаға ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің балансын шешу бойынша операциялар, бұл ретте абонент толтырған соманы байланыс қызметтеріне пайдаланбайды

28

1108

Анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) төлем жүйелері мен мобильді қосымшалар (оның ішінде электрондық әмияндар) арқылы жүргізілетін ірі сомадағы операциялар, анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелден ақша түсу

29

1109

Консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік және салықтық есепке алу бөлігінде) ұсыну барысында анықталған салық төлеуден жалтаруға, бюджет қаражатын және өзге де мүлікті жымқыруға, жалған шот-фактураларды жазып беруге, құжаттарды қолдан жасауға бағытталған операциялар

30

1131

Лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының шетелге ірі ақша сомасын банк шотына, оның ішінде банк шотына аудару жөніндегі операциялары жылжымайтын мүлікті сатып алу

31

1111

Операцияға қатысушыларда ақшалай талаптың бар екендігін куәландыратын жалған құжаттарды, атқарушылық жазбаларды (операцияға қатысушылар арасындағы шартты, тауардың (жүкқұжаттардың, актілердің), шот-фактуралардың) жеткізілгенін растайтын құжаттарды) ұсынуға күдік бар операциялар

32

8015

Заңның 12-бабының 8-1-тармағына сәйкес операцияны жүзеге асыру үшін Заңның 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші

33

8017

Заңның 13-бабы 1-1-тармағында көзделген ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияны тоқтатып қою жөніндегі қабылданған шаралар туралы субъект тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей хабарлау

34

8018

Қазақстан Республикасының Президенті, олардың жұбайлары мен жақын туыстары бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, сондай-ақ лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; егер бар болса, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның бастапқы депозитін 50 000 000 теңгеден астам енгізе отырып, шот ашу ақпарат қаржы көзін анықтауға мүмкіндік бермейді (бұл қаражат ағындарын жасыру үшін кірістерді жылыстату схемасын қолдануды көрсетуі мүмкін)

35

0806

Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерінің өз типологияларына, схемаларына, кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін операциялары

2. Төлемдер, ақша аударымдары және пошта байланысы бойынша қызметтер көрсету кезінде

36

1011

Экспорт немесе импорт келісімшарттары бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді және/немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды көздейтін келісімшарттарды қоспағанда) резиденттің 360 (үш жұз алпыс) күннен асатын репатриация мерзімін көрсетуі

37

1017

Есеп айырысуды жүргізу тәртібі бойынша қалыптасқан іскерлік практикадан өзгеше, стандартты емес немесе әдеттегіден күрделі нұсқаулықтардың болуы

38

1059

Клиенттің консалтингілік, маркетингтік, консультациялық, зерттеу немесе материалдық емес сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің қатысуымен тұрақты түрде ақша аударуы (алуы)

39

1060

Салық төлемей есеп айырысулар өтетін жұмыстардың, қызметтердің импорты және зияткерлік меншіктің (маркетингтік, консультациялық, жарнамалық, зерттеу қызметтері немесе бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтері) нәтижесі туралы шарттар бойынша бейрезиденттердің шоттарына клиенттің тұрақты түрде ақшалай қаражат аударуы

40

1061

Қазақстан Республикасының аумағына тауардың нақты түсуін көздемейтін не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар өткізуді көздемейтін тауарлардың импортына арналған шарт бойынша Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына ақша төлеу және аудару

41

1062

Клиентке банк шоттарын ашпай, оның ішінде электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып, жеке тұлғалардан ақша аударымдарының тұрақты түрде түсуі, кейіннен оларды шешіп алу немесе шетелге, оның ішінде офшор юрисдикцияға аудару, бұл ретте операцияны қаржы пирамидасының қызметімен байланысты деп пайымдауға негіз бар

42

7001

Клиентте қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар

43

7008

Банктік шот ашпай-ақ, шетелге оларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындайтын жүйелі (екі және одан да көп рет) ақша аударымдары

44

7011

Интернет-сауда саласында клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі не бірнеше рет (үш және одан да көп рет) электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі

45

7012

Клиенттің пайдасына электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелерінен электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің жиі (үш және одан да көп рет) түсуі (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, телерадиохабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда)

46

1095

Бір немесе бірнеше заңды тұлғаның бір немесе бірнеше жеке тұлғаның атына ірі мөлшерде бірнеше рет (екі рет немесе одан көп) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруы, бұл ретте аударымдардың сипаты заңды тұлғаның коммерциялық қызметіне тән емес

47

1096

Жіберушілер мен алушының арасында туыстық байланыстың айқын белгілері болмаған кезде, бірнеше жіберушіден (жеке тұлғалардан) бір алушының атына ірі мөлшерде пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) жүргізілетін операциялар

48

1097

Бір тұлғаға берілген сенімхат бойынша бірнеше алушыға (жеке тұлғаларға) жіберілген пошталық ақша аударымдарын қысқа уақыт аралығында бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) төлеу, бұл ретте аударымдардың мөлшері әдеттегі іскерлік айналымға және (немесе) төлемнің мақсатына сәйкес келмейді

49

7014

Егер қолда бар ақпарат қаржы қаражатының көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның тауарларды импорттауға арналған шарт бойынша Қазақстан Республикасы резидент еместерінің пайдасына жүйелі төлемдері мен ақша аударымдары

3. Банктік қызмет көрсеткен кезінде

50

1019

Егер клиенттің негізгі қызметі әдетте қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу болып табылса, заңды тұлға-клиенттің шотына түсетін қолма-қол ақша үлесінің айтарлықтай* ұлғаюы

51

1063

Қазақстан Республикасының Президенті, олардың жұбайлары мен жақын туыстары бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды тұлға болып табылатын клиенттің; лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, егер қолда бар ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін ірі мөлшерде кредитті мерзімінен бұрын өтеуі қаржы көзі

52

1064

Ақша енгізгеннен кейін қысқа кезең аралығында оны банк шотынан (шоттарынан) шешіп алу, бұл ретте клиенттің өткен және ағымдағы жылға төлеген салықтарының шешіп алынған ақша сомасына қатынасы 1%-дан аз және күнтізбелік ай ішінде шешіп алынған сома 50 000 000 теңгеден асады (Ауылшаруашылығы өнімдерін, металл сынықтарын сатып алумен айналысатын клиенттер кірмейді)

53

4013

Клиенттің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) мемлекеттік мекемеден немесе ұлттық компаниядан құрылыс саласында өзара есеп айырысу бойынша банк шотына 50 000 000 теңгеден астам сомада ақшаның түсуі кейіннен шешіп алу не бір операциялық күн ішінде немесе одан кейінгі күн ішінде өзге клиенттердің, оның ішінде онымен аффилиирленген тұлғалардың немесе үшінші тұлғалардың банк шоттарына соманың барлығын немесе көп бөлігін аудару, оның ішінде трансшекаралық аудару

54

7013

Клиент пен мұндай тұлғалардың қызметі арасында анық байланыс болмаған жағдайда үшінші тұлғалардың пайдасына ашылатын (ашылған) депозиттерге клиенттің тұрақты түрде* қолма-қол ақша есепке салуы

55

3006

Жынысына қарамастан, діншілдіктің сыртқы белгілері бар ақша жіберушінің кіріс көздерін анықтау рәсімін өтуден бас тартуы

56

8012

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалақы және еңбек демалысының төлемақысын алу операциясын жүзеге асыру үшін өтініші

57

8013

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотына Заңның 13-бабы 1-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ақша салу

58

8014

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 12-1-бабының 5-тармағына сәйкес операцияны жүзеге асыру үшін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші

59

1065

Уәкілетті ұйымның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) шетелдік банкте ашқан банктік шотына меншікті қаражатты аудару

60

1066

Бейрезидентке сыйақы төлемей жеті жүз жиырма күннен асатын мерзімге қаржылық қарыз беру

61

1068

Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының және жақын туыстарының шетелде ашқан өздерінің банк шотына ақша аударымдарын жүзеге асыруы немесе шетелде жылжымайтын мүлік сатып алуы

62

1069

Алдын ала төлеу жағдайында осындай шарттарда белгіленген мерзімде тауарларды жеткізу (валютаны репатриациялау мерзімін ұзарту) болмаған не басқа сыртқы экономикалық шарттар бойынша бейрезиденттің өз міндеттемелерін орындамағаны туралы ашық көздерден алынған ақпарат болған жағдайда сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша есеп айырысулар жүргізу

63

1070

Корреспондент банк клиенттің төлемін орындудан бас тартты немесе операцияны аяқтау үшін мәліметтер, түсініктемелер немесе құжаттар беру туралы сұрау салу жіберді

64

1071

Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды "уақытша әкетумен" байланысты айтарлықтай* сомаларды шетелге аудару (жөндеу жұмыстарын жүргізу және сервистік қызмет көрсету үшін)

65

1072

Ақшаны алу оның түскен күнінен бастап қысқа мерзімде корпоративтік карталар арқылы тұрақты негізде* жүргізіледі

66

1073

Уәкілетті ұйымның Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) шетелдік банкте ашқан банктік шотына меншікті қаражатты аудару

67

1112

Қазақстан Республикасының банкінде (банктерінде) қызмет көрсетуде репатриациялау мерзімі 360 күннен (үш жүз алпыс) күннен асатын импорт бойынша өзге келісімшарты (өзге келісімшарттар) бар резидент жүзеге асыратын импорт бойынша валюталық шарт бойынша алдын ала төлем (Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді және/немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды көздейтін келісімшарттарды қоспағанда)

68

1113

Егер соңғы 5 (бес) жыл ішінде резидент не оның үлестес тұлғасы репатриациялау мерзімі (бастапқыда немесе ұзарту нәтижесінде) 360 (үш жүз алпыс) күннен асып кеткен және осы шарттар бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы орындалмаған (толық орындалмаған) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттардың қатысушылары болып табылған жағдайда 360 (үш жүз алпыс) күннен асқан не валюталық шарттар бойынша өтелмеген берешек бар резидент жүзеге асыратын импорт бойынша валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

69

1132

Егер тиісті валюталық Шарттың талаптарында резидент еместен алынуға жататын ақшаны резиденттің банктік шоттарына аударуды жүзеге асыру көзделмесе, резиденттің резидент еместен қаржылық қарыз алуы не резиденттің резидент еместен қаржылық қарыз беруі (Қазақстан Республикасында құрылған банктерде ашылған, сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарында)

70

1134

Ел аумағында шетелдік банк карталарынан ақша қаражатын алу жөніндегі операциялар

71

1135

Бір тұлғаға бірнеше резидент еместерден, оның ішінде шетелден қаражат алу

72

1136

Резидент еместердің шетелдік банк карталарынан ел резиденттерінің банк карталарына ақша қаражатын аудару жөніндегі операциялар

74

1137

Жеке сейфті (банк ұяшығын) жалға алу шартының қолданылу мерзімі 12 айдан асатын мерзімге, шартты (банк ұяшығын) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізбесіне кіретін жария лауазымды адамның, лауазымды адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамның мерзімінен бұрын бұзуы

75

7040

3 ай ішінде 21 жасқа толмаған жеке тұлғаның 10-нан астам төлем картасын шығару (қайта шығару) немесе 10-нан астам электрондық әмиянын ашуы

76

7041

Жеке тұлғалардың "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істемейтін цифрлық активтер биржасының атына электрондық ақшаны жүйелі түрде есепке алуы немесе жеке тұлғалардың шоттарына криптобиржалар шоттарынан қаражат алу (криптовалюталарды сату) ақша қаражаты есірткінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық кірістерді заңдастыруға бағытталған деп пайымдау

77

7042

Төлем карталарының шоттарына ұқсас соманы есепке алу және жеке тұлғаның шотынан қысқа уақыт ішінде қосу нәтижесіне есептен шығару жөніндегі операцияны жүйелі жүргізу Заңның 4-бабы 1-тармағының шекті сомасынан (3) тармақшасынан) асады. заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің пайдасына төлемдер болмаған кезде, сондай-ақ клиенттің қызметі Халыққа қызмет көрсетумен, міндетті немесе ерікті төлемдерді жинаумен, жеке табыс салығы бойынша есептеудің болмауымен байланысты емес) бұл ретте қаржы мониторингі субъектісінде бұл операция есірткі құралдарының , сатылатын психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты деп пайымдауға негіз болады типологияға сәйкес интернет-дүкен арқылы. (ФМ-1 нысанының 3.14 деректемесінің қосымша ақпаратын міндетті түрде толтыра отырып)

4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтер көрсету, зейнетақы қорларының қызметтер көрсетуі кезінде

77

1099

Клиенттің не оның нұсқауы бойынша бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) нәтижесінде осы бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) иеленушісі жіне/ немесе бенефициарлық меншік иесі өзгермейтін мәмілелер жасауы

78

1074

Осы қағаздарға (қаржы құралдарына) ағымдағы нарықтық бағадан елеулі ауытқуы бар бағалар бойынша жасалатын бағалы қағаздарды (қаржы құралдарын) сатып алу және сату жөніндегі операциялар/мәмілелер. Нарықтық бағалар болмаған жағдайда – осы қағаздарды (қаржы құралдарын) соңғы сатып алу-сату мәмілелерінің бағасынан немесе акциялардың номиналды құнын қоспағанда, бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) номиналды құнынан ауытқу

79

1075

Клиент бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы болып табылмаған және (немесе) клиентке бағалы қағаздар клиенттің алдындағы контрагенттің берешегін өтеуге берілмеген жағдайда, бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) ұйымдасқан нарығында айналыста жоқ бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) көп мөлшерін (орналастырылған саннан 10% немесе одан асатын) клиенттің біржолғы сатуы (сатып алуы)

80

7037

Шетелдіктің, не азаматтығы жоқ адамның, не шарт жасаған кезде шекті жасқа жеткен немесе соған жақындаған адамның атына жеке зейнетақы шотын аша отырып, оған кейіннен ерікті зейнетақы жарналары түрінде ірі сома аудару

81

1076

Бағалы қағаздарды өткізуден түскен табыс бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыстағы өтімділігі жоғары активтерді сатып алуға жіберілген жағдайда, белгіленімі жоқ және бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыста жоқ бағалы қағаздарды кейіннен сатумен сатып алу бойынша қаржы операцияларын жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) жүзеге асыру

82

1102

Клиенттермен ірі сомаға өтімсіз құнды қағаздармен тұрақтылық операцияларды жүргізу

5. Сақтандыру саласында қызметтер ұсынған және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде

83

1077

Өмірді сақтандыру шартына сақтанушының сақтандырылушының, пайда алушының ауыстырылуына байланысты бірнеше рет өзгерістер (бес жылға дейін қолданылу мерзімімен) енгізу

84

7026

Клиенттің ірі сомаға жасаған ерікті сақтандыру шартын ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң мерзімінен бұрын бұзып, сақтандыру сыйлықақысын, оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына қайтаруы

85

1078

Төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтанушының төлем қабілетінен әлбетте асқан кезде жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін тиісінше ұлғайта отырып, сақтандыру сомасының мөлшерін өзгерту

86

1098

Алып тастау

87

1110

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға бағытталған операцияларға күдік болған жағдайда, әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету бойынша ақшалай қаражатты аударуы

6. Нотариаттық қызметтер көрсету және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде

88

1079

Шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша қаржылық жалдау (лизинг) шартын жасасу (нотариустар)

89

1080

Лизинг нысанасының сатушысы және лизинг алушы (қосалқы лизинг алушы) бір адам болғанда, лизинг (қосалқы лизинг) шарттарын жасасу

90

1081

Мәміле мәнінің шарттық және нарықтық құнының анық сәйкес келмеуі

91

9014

Жылжымайтын мүлікпен, оның ішінде шетелде, нарықтық құнынан едәуір ауытқуы бар баға бойынша мәміле жасау

92

1092

Жеке тұлғаның күнтізбелік жыл ішінде жылжымайтын мүлік объектілерін, оның ішінде шетелде, көп рет (үш рет және одан да көп) сатып алуы және (немесе) сатуы

93

1093

Сатып алушы ретінде жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет ететін мемлекеттік меншікке болып табылатын жылжымайтын мүлікті осындай объектінің әдеттегі нарықтық құнынан елеулі айырмашылығы бар құн бойынша сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру

94

1192

Клиенттің ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау туралы ұсынысы немесе әрекеті (ипотеканы қоспағанда)

7. Ойын бизнесі саласында қызметтер көрсету кезінде

95

1082

Егер клиент лауазымды тұлға; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға болып табылатыны туралы күдік немесе ақпарат болса, құмар ойында және/немесе құмар ойындарға ставкалар бойынша ұтыс ретінде құмар ойын мекемесінен ірі мөлшерде қаражат алу (төлеу), Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, олардың жұбайлары мен жақын туыстары

96

1083

Ойын мекемесінің қызметкерлері мен құмар ойынға немесе бәс тігуге қатысушы арасында, сондай-ақ құмар ойынға, бәс тізуге қатысушылардың арасында сөз байласуды жүзеге асыруға күдік бар болса, ойын мекемесінен құмар ойындағы және /немесе құмар ойындарға, бәс тігуге ставкалар, арқылы ұтыс ретінде ірі мөлшерде қаражат алу (төлеу)

97

1114

Букмекерлік кеңсенің логинінен (аккаунтынан) іс жүзінде ставкалар немесе бәс тігулерді жүзеге асырмай ірі мөлшерде ақша қаражатын (электрондық ақшаны) бір реттік немесе бірнеше рет толтыру және/немесе шығарып алу

98

1115

Қатысушының букмекерлік кеңсенің сайтында бір логиннен (аккаунттан) артық, бірнеше электрондық пошта жәшігінен, бірнеше абоненттік нөмірден жалған немесе бөтен біреудің төлқұжат деректерін тіркеу бойынша операциялары

99

1116

Операцияны жасаған кезде бәс тігуге қатысушы немесе өзге тұлғалар бір құрылғыны пайдаланған, ол арқылы бірнеше ойын логиніне (аккаунтына) кіруді жүзеге асырған

8. Микроқаржы ұйымдарының, несие серіктестіктердің қызметін жүзеге асыру және лизинг қызметтерін көрсету кезінде

100

1038

Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі

101

1084

Лизинг шартын мерзімнен бұрын бұзу не лизинг алушыға негізсіз уақытша иеленуге және пайдалануға берген күннен бастап бір жыл бұрын лизинг затын сатып алу

102

1085

Лизингтік төлемдерді үш және одан да көп рет төлеуді лизингтік мәмілеге қатысушы болып табылмайтын басқа жеке немесе заңды тұлға (кепілгер, кепіл беруші), үлестес тұлға, лизинг алушының жазбаша хабарламасында көрсетілген, лизинг шартының талаптарына сәйкес лизинг берушіге жіберілген тұлға жүзеге асырады

103

1105

Егер клиенттің іс-әрекеті мемлекеттік мүлікті, оның ішінде бюджет қаражатын жымқырумен байланысты деген күдік болған жағдайда, субсидиялар түрінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған лизинг шарттарын жасасу бойынша операциялар

104

1106

Егер клиенттің іс-әрекетінде мүлікті, оның ішінде бюджет қаражатын жымқырумен байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда, аффилирленген тұлғалармен лизинг шарттарын жасасу бойынша операциялар

105

1140

Егер қолда бар ақпарат кредиттік берешекті қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі

106

1141

Лизинг шарты бойынша аванстық төлемнің мөлшері лизингтік мәмілелер жасасудың әдеттегі тәжірибесінен айтарлықтай ерекшеленеді және лизинг шарты бойынша берілетін мүліктің жалпы құнының 30% - дан астамын құрайды

9. Ломбардтардың қызметін жүзеге асыру кезінде

107

1086

Сынамалық таңба бедерлерсіз немесе жалған сынамалық таңба бедері белгілері бар бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды кепілге тапсыру немесе сатып алу

108

1087

Жылжымалы/жылжымайтын және (немесе) өзге де мүлікті, оның ішінде кейіннен сатып алусыз сенімхат бойынша ломбардқа кепілге қою

109

1088

Бір тұлғаның зергерлік бұйымдарды немесе басқа құндылықтарды кейіннен сатып алусыз жүйелі түрде кепілге тапсыруы

110

1117

Мүліктік қылмыс үшін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғандардың, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдардың тізімінде тұрған адамның ломбардқа жүйелі түрде жүгінуі

111

8016

Діндарлықтың сыртқы белгілері бар адамның кейіннен сатып алуынсыз зергерлік бұйымдарды/құндылықтарды және өзге де тұрмыстық заттарды кепілге жүйелі түрде беруі

112

8110

Жария лауазымды тұлғалардың тізбесінде тұратын адамдардың, олардың жұбайының(зайыбының) немесе олардың жақын туыстарының өтініші

113

8111

Клиенттің операцияны (мәмілені) үшінші тұлғаның және/немесе операция кезінде қатысатын адамдардың басшылығымен жүргізуі

114

8112

Клиенттің сыртқы түрі, қолда бар соманың мөлшеріне сәйкес келмеуі

115

8113

Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған адамның жұбайының өтініші

10. Бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды, сатып алу-сатуды жүзеге асыру кезінде

116

1089

Жеке тұлғаның бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (біртектес бұйымдар) және/немесе сертификатталған асыл тастардан жасалған зергерлік немесе басқа тұрмыстық бұйымды жүйелі түрде қысқа мерзімде сатып алуы

117

1090

Бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған зергерлік бұйымдарды ағымдағы нарықтық бағалардан едәуір айырмасы бар бағалар бойынша сату немесе сатып алу

118

1091

Бағалы металдар мен асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алған кезде зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғада, оларды өндіруді немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғаларда "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңмен көзделген сынамалық таңбаның, сондай-ақ атаулы таңба бедерінің, сараптама қорытындысының, мемлекеттік бақылау актісінің болмауы

119

1190

Сатып алынған бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына аудару

120

1191

Жеке тұлғаның зергерлік және басқа да бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан жасалған бұйымдарды 10 және одан да көп бірлікте бір рет сатып алуға тапсырылуы

11. Төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру кезінде

121

1094

Жеке тұлғалар жүргізетін қолма-қол ақшасыз ақшаны жүйелі түрде есепке алу және (немесе) есептен шығару, күніне 30-дан астам операция, іскерлік қатынастарды клиент есірткінің заңсыз айналымы мақсатында пайдаланады деген күдік туғызатын экономикалық тұрғыдан орынсыз.

11. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде

122

1119

Цифрлық активтер мекенжайларымен немесе банк карталарымен бопсалаушылықпен айналысатын белгілі алаяқтармен немесе бопсалаушы- бағдарламаларды, даркнеттің маркетплейстерін және мекенжайларына санкция салынған басқа да заңсыз веб-сайттарды қолданумен операциялар жасау

123

1120

Клиент электрондық пошта мекенжайларын, IP-мекенжайларын және қаржылық ақпаратты қоса алғанда өзінің сәйкестендіру деректерін жиі өзгертеді не әр түрлі IP-мекенжайлардан цифрлық активтер қызметін ұсынатын жүйеге кіруді жүзеге асырады не клиент айтарлықтай пайда немесе шығын (бұл бөгде шоттың деректерін иеленуді және сауда арқылы қаражат қалдығын шешіп алуға талпынысты немесе қаражат ағынын жасыру үшін кірістерді жылыстату схемасын қолдануды растайды) ала отырып, жеке тұлғалардың белгілі бір тобымен бірнеше рет операция жүргізеді

124

1121

Алып тастау

125

1122

Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынастар орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар

126

1123

Клиенттің сандық активтердің бірнеше түрімен бірнеше рет жасалатын транзакциялары (немесе мәмілелері) немесе мәмілелерді жүргізуде экономикалық мағынасы болмаған кезде, оның ішінде анонимділіктің жоғарылау тетіктерін қолдана отырып, атауларды жасыру тәсілдерін, арнайы шифрлау бағдарламаларын, құжатталмаған құрылғыларды пайдалана отырып, әртүрлі юрисдикциялардан жасалатын криптокошелькалармен жасалатын транзакциялар, IP-мекенжайларды әдейі (жасанды) өзгерту әр түрлі елдер, басқа әдістер

127

1124

Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу

128

1125

Клиенттің қаражаты ҚМС деректері бойынша тіркелмеген цифрлық активтер биржасынан немесе тиісті лицензиясы жоқ цифрлық активтер биржасына жұмысқа алынған

129

1126

Клиент ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекеттегі (аумақтағы) цифрлық активтер биржасын немесе ақша немесе құндылықтар (MVTS) аударудың шетелдік сервисін пайдаланады

130

1128

Клиенттің жоғары транзакциялық шығыстарға қарамастан, цифрлық активтердің бірнеше түрімен транзакция жасауы, оның ішінде жоғары анонимді, сондай-ақ аттарын жасыру тәсілдерін, шифрлау бағдарламаларын, құжатталмаған құрылғыларды, IP-мекенжайларын өзгертуі, сәйкестендіру ақпаратын жиі өзгертуі және басқа да тәсілдерді пайдалануы

131

1160

Сандық активтермен жасалатын операциялар, олардың едәуір үлесі онлайн – құмар ойындар қызметтерімен байланысты операциялар немесе миксерлермен байланысты операциялар (әмиянға кіріктірілген операцияларды қоса алғанда) немесе бұрын ұрланған қаражат болған сандық активтердің мекен-жайларымен немесе ұрланған қаражат иелеріне байланысты мекен-жайлармен байланысты операциялар

132

1161

Клиент қызметке қабылдау рәсімі барысында жалған құжаттарды немесе жалған фотосуреттерді және/немесе жеке куәліктерді ұсынуы

133

1162

Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы

12. Тауар биржаларында операцияларды жасау кезінде

134

1129

Нарықтық бағадан едәуір ауытқыған кезде биржалық/стандартталмаған тауарды сатып алу/сату бойынша операциялар

135

1144

Екі қатысушы қатысатын сауда-саттық операцияларда, тек біреуі әрқашан жеңеді

136

1145

Клиенттің не оның нұсқауы бойынша сатып алушының және/немесе сатушының бір бенефициарлық меншік иесі болатын мәмілелер жасауы

137

1146

Экономикалық мағынасы және/немесе көрінетін заңдылығы жоқ сауда-саттыққа тауарлар және/немесе қызметтер бойынша мәмілелер

138

1147

Клиенттің қызметі осындай ақша айналымын болжай алмайтын ірі сомаға біржолғы мәмілені жүзеге асыруы

139

1148

Нарықтық бағадан плюс/минус 30 пайызға ауытқыған кезде биржалық/стандартталмаған тауарды сатып алу/сату жөніндегі операциялар

13. Адвокаттардың, заң консультанттарының және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандардың қызметін жасау барысында

140

1127

Заңдық консультациялық және адвокаттық қызметтер көрсету барысында анықталған және салық төлемдерін оңтайландыруға барынша пайда алуға, бизнес иелері үшін ең аз қаржылық шығындармен әдейі банкроттыққа бағытталған операциялар бұл ретте заңнаманы бұзу көзделеді

141

1130

Адвокаттың, заң консультантының, заң мәселелері бойынша тәуелсіз маманның клиенті: 1) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату; 2) клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге де мүлкін басқару; 3) банк шоттарын немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару; 4) компания құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты жинақтау; 5) заңды тұлғаны құру, сатып алу-сату, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару бойынша операция жасайды, бұл ретте аталған операцияда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру белгілері бар

142

1137

Жеке тұлғаның, бірнеше өзге заңды тұлғалардың басшысының немесе құрылтайшысының жарғылық капиталға қолма-қол нысанда ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті енгізуі

14. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде

143

4001

Салық төлеуден жалтаруға, бюджет қаражатын және өзге де мүлікті ұрлауға, жалған шот-фактуралар жазып беруге, консалтингтік қызметтер көрсету барысында анықталған құжаттарды қолдан жасауға бағытталған операциялар (бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу бөлігінде)

144

4002

Қаражатты қолма-қол ақша айналымына шығаруға бағытталған операция

145

4003

Бір тауарлар мен қызметтерге бірнеше рет төлем шоттары

      * Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 Қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 20160), Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптардың 29-тармағына сәйкес нақтылығы жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады