ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22967 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері, мынадай мөлшерде:
өнім бойынша – кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда, кемінде бес есеп немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде бес есеп;
көрсетілетін қызметтер бойынша (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда);
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары;
процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда).
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер шетел азаматы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай қосымша құжаттарды жолдайды:
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органда еңбек қызметін растайтын құжат;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс берушімен еңбек қатынастарын бұзу туралы растайтын құжат;
олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрақты тұратын елдер – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген елде немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы құжатының электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құж атта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жолданады.".
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бұрын аттестатталған сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар" ҚР СТ 1.45-те белгіленген тәртіппен Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда кемінде 40 (қырық) академиялық сағат көлемінде мәлімделетін аттестаттау бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның қарауынсыз өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын беру, мерзімін ұзарту не бас тарту туралы дәлелді жауап беру үшін негіз болып табылады.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайтын органға жолдайды. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалғанжағдайда шағымды қарайтын органға жолдамайды.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
25. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.";
мынадай мазмұндағы 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:
"26. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын тоқтата тұру техникалық реттеу туралы Заңның 15-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
27. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатынан айыру (кері қайтарып алу) техникалық реттеу туралы Заңның 15-бабы 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.";
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с№ | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары | |||
1 |
*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. | Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны). | |
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл. | Мәліметтер нысаны. | |
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар" ҚР СТ 1.45-де белгіленген тәртіпте тестілеу. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды. | Мәліметтер нысаны | Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл. |
4 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде мәлімделетін аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің немесе партиялық өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде жеті есеп мәліметтерінің нысаны. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға сәйкестікті растау жөніндегі объектіге бару арқылы даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. |
2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары | |||
1 |
*Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғада жоғары білімінің болуы. | Мәліметтер нысаны. | |
2 |
Мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл, аттестаттаудың мәлімделген бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органда немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл. | Мәліметтер нысаны, аударымдардың түсу көзін көрсете отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме. | Аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сәйкестікті растау жөніндегі органда сертификаттау жөніндегі маман ретінде аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы жұмыс өтілі сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу материалдарындағы сәйкестікті растау жөніндегі органның кадр құрамы туралы мәліметтермен расталады. |
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар" 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. | Мәліметтер нысаны. | Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордың өтініш берілген аттестаттау бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есептен кем емес мәліметтер нысаны (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда). | Аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның дайындық (қайта даярлау) және оқыту ұйымы даярлау (қайта даярлау) және біліктілікті арттыру жөніндегі куәлікті бергеннен кейін сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, Қазақстан Республикасында карантин және (немесе) шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда қашықтан режимде аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
3. Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары | |||
1 |
*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы. | Мәліметтер нысаны. | |
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытында сарапшы-аудитор ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл. | Мәліметтер нысаны. | |
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар" 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. | Мәліметтер нысаны. | Қызметтердің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде (растайтын құжатты қоса бере отырып) мәлімделетін сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордан мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп беретін мәліметтер нысаны (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). | Аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның дайындық (қайта даярлау) және оқыту ұйымы даярлау (қайта даярлау) және біліктілікті арттыру жөніндегі куәлікті бергеннен кейін сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, Қазақстан Республикасында карантин және (немесе) шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда қашықтан режимде аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі. |
4. Персоналды растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары | |||
1 |
* Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы. | Мәліметтер нысаны. | |
2 | Мәлімделетін қызмет бағытында мамандығы бойынша кемінде үш жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда кемінде үш жыл жұмыс өтілі. | Мәліметтер нысаны. | |
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар" 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. | Мәліметтер нысаны. | Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
4 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде екі жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордың сәйкестігін растау жөніндегі органда сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту. | Мәлімделетін аттестаттау саласында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары туралы мәліметтер нысаны | Сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделетін бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс- шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі. |
5. Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары | |||
1 |
* Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы. | Мәліметтер нысаны. | |
2 |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде үш жыл. | Мәліметтер нысаны. | |
3 |
*Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту және "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін жоғарылату. Жалпы талаптар" 1.45 ҚР СТ белгіленген тәртіпте тестілеу. | Мәліметтер нысаны. | Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл. |
4. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.. |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп беретін мәліметтер нысаны (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). |
Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. |
Ескертпе:
* Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктелуіне сәйкес.
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны
_______________________________________________________________
(аттестаттаудың мәлімделетін бағыты)
Толтырылған күні___________________________________________________
Жеке деректері:
Тегі_______________________________________________________________
Аты_______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Туған жылы________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________
Білімі _____________________________________________________________
Аяқтаған оқу орнының атауы_________________________________________
Аяқтаған жылы_____________________________________________________
Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі________________________________
(шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты бар болса,
Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім
беру туралы құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету)
Диплом бойынша мамандығы_________________________________________
Диплом бойынша біліктілігі__________________________________________
Ғылыми дәрежесі (бар болса) _________________________________________
Аттестаты (бар болса) _______________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
20 ____ жылы "___" ______________ № __________________________берілген
Жұмыс орны _______________________________________________________
Лауазымы_________________________________________________________
телефоны__________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы_____________________________________________
2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:
Күні | Ұйым атауы, лауазымы | Негізгі міндеттемелері | |
---|---|---|---|
басталуы | аяқталуы | ||
3. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:
Жұмыстар жүргізу кезеңі | Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы | Орындалған жұмыстар тізбесі |
4. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы деректер:
Курстардан өту күні | Оқу түрі, сағат саны | Мамандануы (қызмет бағыты) | Куәліктің нөмірі және берілген күні | Оқытуды өткізген оқу орталығы |
Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары
1. Процестің сәйкестігін растау:
1) машина жасау;
2) автокөлік құралдары;
3) металлургиялық;
4) радиотехникалық, электр техникалық және кәбілдік өнімдер;
5) электрондық және байланыс құралдары;
6) бағдарламалық құралдар мен дерекқорлар;
7) жеңіл өнеркәсіп;
8) құрылыс материалдары, конструкциялар мен бұйымдар, ағаш өңдеу;
9) жиһаз;
10) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі;
11) химия және тұрмыстық химия;
12) парфюмерлік-косметикалық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы;
13) мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері;
14) газ және оны қайта өңдеу өнімдері;
15) қатты отын және оны қайта өңдеу өнімдері;
16) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;
17) жарылғыш заттар мен бұйымдар және олардың негізіндегі басқа да өнім түрлері;
18) пиротехникалық;
19) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдары;
20) жеке қорғану құралдары.
2. Қызметтердің сәйкестігін растау:
1) автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базалары;
2) қонақ үй;
3) қоғамдық тамақтандыру;
4) шаштараздар;
5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
6) туристік және экскурсиялық;
7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;
8) химиялық тазалау;
9) көлік-экспедиторлық;
10) аудармалық.
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.
4. Қызметкерлердің сәйкестігін растау.
5. Процестің сәйкестігін растау:
1) органикалық өнім өндіру;
2) халал өнімдерін өндіру.
Ескертпе:
1. Біртекті өнімдер тобы бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаға тағылымдамадан өту туралы кемінде бес есеп және бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін – сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті өнім тобының бағыттарының бірі бойынша ұсынылған тағылымдамаларды немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ескере отырып жолдаманы кейіннен аттестаттай отырып ұсынуға рұқсат етіледі.
2. Аттестаттаудың жаңа бағыттары енгізілген кезде аттестаттаудың жаңа бағыты енгізілгенге дейін осы өнімнің сәйкестігін растауды жүргізген бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.
3. Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттар енгізілген кезде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жаңадан аттестатталатын жеке тұлғалар үшін жаңа стандарт енгізілгенге дейін қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкестікті растауды жүргізген сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі (сарапшы-аудиторда мәлімделген аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжат болған кезде).
Алғаш қабылданған стандарттарды енгізу кезінде (қолданысқа енгізу мерзімі 2 (екі) жылдан кем) енгізілетін стандарт бойынша оқудан өту және соңғы 5 (бес) жыл ішінде сарапшы-аудитор ретінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етіледі.
Нысан
Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп
_______________________________________________________________
(аттестаттау бағыты)
Тегі ____________________________________________________________
Аты __________________________
Әкесінің аты (бар болса) _____________________
20___ жылғы "_____" ____________ берілген № ________________________________.
__________________________________________________________________
______________________________________________________аттестаты
(сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)
Есепті кезең (сарапшы-аудитор аттестатының қолданыс мерзімі) 20__ жылғы "___" ______________
20____ жылғы "__" ________ дейін.
Р/с № | Жылы | Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы мәліметтер (бала күту бойынша декреттік демалыс уақытын қоспағанда) |
Есептік кезең ішіндегі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | ... | ... | ... |
__________________________________________________________________
(негізгі жұмыс орны)
__________________________________________________________________
(аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, аттестаттан айыру туралы мәліметтер)
_________________________________________________________________
(сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)
__________________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні) Мөр орны (бар болса)
Ескертпе:
Ескертпе:
1) Есепті кезеңде орындалған жұмыстардың нәтижелерінде аттестатты ұзартуға беретін сарапшы-аудитор қол қойған сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның нөмірі мен берілген күні немесе сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау нәтижелері көрсетіледі;
2) Инспекциялық бақылау немесе сертификаттық аудит нәтижелері бойынша жұмыстар ұсынылған жағдайда қызмет туралы есепке инспекциялық бақылау актілерінің/өндіріс жай-күйін талдау актілерінің және аудит бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі;
3) Есепті кезеңде сертификатталған өнімді сертификаттау/декларациялау/инспекциялық бақылау жүргізу бойынша кемінде жиырма бес жұмыс немесе сәйкестікті растауды аттестаттау бағыттары бойынша кемінде он бес жұмыс көрсетіледі: менеджмент жүйелері, қызметтер, персонал, процесс;
4) Декреттік демалыстағы сарапшы-аудитор бала күтімі бойынша декреттік демалыста екендігі туралы анықтаманы ұсынады.