"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазанда № 33495 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға:

      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:

      заңды тұлғаның халықаралық шкала бойынша Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ-" рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ-" рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды.

      Рейтингтік агенттіктің осы тармақшада көрсетілген заңды тұлғаға рейтингтік агенттіктің бастамасы бойынша рейтингтік қызметтер көрсетуді тоқтатуымен байланысты кредиттік рейтингті кері қайтарып алған жағдайда, осы кері қайтарып алу алдында берілген кредиттік рейтингтің деңгейін қатарынан 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;

      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:

      банк холдингінде ұлттық шкала бойынша Japan Credit Rating Agency (Джапан Кредит Рейтинг Эйдженси) (бұдан әрі - JCR) рейтингтік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингтік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингтеріне;

      3) көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резидент - қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің банк холдингі мәртебесін иеленетін (бар) және төмендегі барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "В-"-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен емес шетел валютасында ең төмен тәуелсіз рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – Нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржасында еркін айналымда жүрген;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының мөлшері 200 000 000 (екі жүз миллион) Америка Құрама Штаттарының долларына баламалы сомадан асады;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының таза табысының меншікті капиталына қатынасы ретінде есептелетін меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті кемінде 3 (үш) пайызды құрайды;

      өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) ай болатын өтімділігі жоғары активтердің өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) айға дейін мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының мерзімді өтімділік коэффициенті кемінде 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) құрайды;

      меншікті капиталдың активтер сомасына қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 8 (сегіз) пайызды құрайды;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудитін мына халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді:

      Deloitte (Делойт);

      Ernst & Young (Эрнст энд Янг);

      KPMG (КиПиЭмДжи);

      PricewaterhouseCoopers (ПрайсуотерхаусКуперс).

      Осы тармақтың 3) тармақшасы жетінші абзацының мақсаттары үшін өтімділігі жоғары активтер деп Нормативтердің 65-тармағында аталған активтер түсініледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген мәндер Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің негізінде соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша есептеледі.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады