"Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 356 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 518 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қазанда № 33520 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 5 қазандағы
№ 518 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 5 қазандағы
№ 356 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 222 және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 244 бірлескен
бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпараттық тасығышта тіркелген жаңа білімдер немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ модельдер, макеттер, жаңа бұйымдардың, материалдардың және заттардың үлгілері;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      4) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      5) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

      6) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      7) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;

      8) іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу – Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасына сәйкес ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингілеу мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын есепке алу;

      9) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) – "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ұлттық басқарушы холдинг.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды екінші жылдан бастап өндіру кезеңі барысында жыл сайын жүзеге асырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсаған шығыстардың бір пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсаған шығыстардың бір пайызынан артатын мөлшерде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылы тиісті міндеттемелерді орындауы есебіне жатқызылады.

      6. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді есептеу мақсатында алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындарды айқындау жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің 132 және 180-баптарына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ол бекітетін тәртіппен ұсынатын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есептің деректері немесе уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп негізінде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарын әзірлеу, сараптау, сондай-ақ жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу (көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы барлау жұмыстарының жобасы және сынамалы пайдалану жобасы, көмірсутек кен орнын игеру жобасы, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық жобалау құжаттары, уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және уран кен орнын игеру жобасы), сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізу, әзірлемені талдау жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және көмірсутектер мен уранның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндеттемелердің шеңберіндегі ғылыми зерттеулерге жатпайды.

      8. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде есепті кезеңнің қорытындысы бойынша берешекті жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражат аудару арқылы жібереді.

2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер мен уран өндіру кезеңінде ғылыми зерттеуді қаржыландыруының тәртібі

      9. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) келіскен ғылыми зерттеулер бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ҒТК уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тиімді жәрдемдесу, сондай-ақ уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында құрылады.

      10. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру шеңберінде Қор құрылтайшысы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымға (бұдан әрі – Қор жанындағы коммерциялық емес ұйым) ақша жібере алады.

      11. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау деп жер қойнауын пайдаланушының мыналарға бағытталған:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ҒТК әзірлеген басым салалық бағыттардың тізбесіне сәйкес ғылыми зерттеулерге;

      2) Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымға ғылыми зерттеулерге аударылған ақшалай қаражат нақты жұмсаған шығыстары болып танылады.

      12. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабы 1-тармағының 1), 8) тармақшаларына сәйкес шот-фактура жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат болып табылады.

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 59) тармақшасына сәйкес төлем тапсырмасы жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 8-тармағында және 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат болып табылады.

      13. Жер қойнауын пайдаланушы тиісті көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілгенге дейін жыл сайын 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі есепті кезеңге қаржыландыруға жоспарланған ғылыми зерттеулер бағдарламасын ҒТК-ға келісуге жібереді.

      ҒТК ғылыми зерттеулер бағдарламасын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ҒТК әзірлеген ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған басым салалық бағыттар тізбесіне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      14. ҒТК жер қойнауын пайдаланушыдан ғылыми зерттеулер бағдарламасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмейтін қаржыландыруға жоспарланған ғылыми зерттеулер бағдарламасын келіседі не пысықтауға жібереді.

      Ғылыми зерттеулер бағдарламасын пысықтауға жіберген кезде ҒТК ұсынымдармен ҒТК отырысын өткізу хаттамасын қоса береді.

      15. Жер қойнауын пайдаланушы ҒТК ұсынымдарын алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҒТК өткізілген отырысының хаттамасына қоса берілген ұсынымдарға сәйкес ғылыми зерттеулер бағдарламасын пысықтайды.

      ҒТК ұсынымдарымен келіспеген кезде жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулер бағдарламасына ұсынымдарды қабылдамау туралы дәлелді негіздемені қоса береді.

      16. Жер қойнауын пайдаланушының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілерді айқындауды жер қойнауын пайдаланушы "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) көзделген тәртіппен ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатарынан көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.

      17. Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның қаржыландыруы жоспарланатын ғылыми зерттеулер бағдарламасы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ҒТК әзірлеген басым салалық бағыттардың тізбесіне сәйкес келуге тиіс.

      Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның қаржыландыруы жоспарланатын ғылыми зерттеулер бағдарламасын ҒТК-да келісу осы Қағидалардың 1315-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілерді айқындауды Қор жанындағы коммерциялық емес ұйым "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатарынан жүргізеді.

      18. Жер қойнауын пайдаланушы және Қор жанындағы коммерциялық емес ұйым ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингілеу мақсатында 15 (он бесінші) ақпаннан кешіктірмей ҒТК-ға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері туралы ақпарат береді, олар ҒТК-мен келісілген ғылыми зерттеулер бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуге тиіс.

      19. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер, Қор жанындағы коммерциялық емес ұйым ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингілеу және қаржыландырудың қайталануын болдырмау мақсатында осы Қағидалар шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы туралы есептерді мемлекеттік есепке алу үшін ұсынады.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың
көмірсутектерді және уранды
өндіру кезеңінде ғылыми-
зерттеу, ғылыми-техникалық
және (немесе) тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды
қаржыландыру қағидаларына
қосымша

      Ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға

      Атауы: жер қойнауын пайдаланушының/Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның ғылыми зерттеулерінің _____жылға арналған бағдарламасы

      Жиілігі: жыл сайын

      Есептік кезең: 20 ______ жыл бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар / Қор жанындағы коммерциялық емес ұйым

      Ұсыну мерзімі: 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей

Жер қойнауын пайдаланушының/Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның ғылыми зерттеулерінің _____жылға арналған бағдарламасы

№ р/с

Ғылыми зерттеу жобасының атауы

Орындау мерзімдері

Мақсат

Аннотация

Өзектілік

Күтілетін нәтижелер

Болжалды құны және іске асыру жоспары

1

2

3

4

5

6

7

8









      Атауы ______________________

      Мекенжайы__________________

      Телефон _____________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________

      Орындаушы _____________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

      _________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы

"Жер қойнауын пайдаланушының/Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның _____жылға арналған ғылыми зерттеулер бағдарламасын" толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда жұмыстың реттік нөмірі көрсетіледі;

      2. 2-бағанда ғылыми зерттеу жобасының атауы, ғылыми зерттеу жобасының қысқаша мәні көрсетіледі;

      3. 3-бағанда ғылыми зерттеу жобасының басталған күні – аяқталған күні көрсетіледі;

      4. 4-бағанда ғылыми зерттеу жобасының мақсаты көрсетіледі. Бағдарламаның тақырыбына сәйкес қол жеткізуге болатын және жобаны іске асыру нәтижесінде күтілетін шешімнің сипатын көрсететін қысқаша және нақты баяндалады;

      5. 5-бағанда ғылыми зерттеу жобасының жалпы пайымы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелері көрсетіледі. Аннотация мына сұрақтарға жауап береді: сіз қандай мәселелерді шешесіз, ұсынылған шешімнің жаңалығы қандай, алынған нәтижелер кімге пайдалы болады;

      6. 6-бағанда ғылыми зерттеу жобасының өзектілігі, ғылыми зерттеу жобасының кемшіліктері/артықшылықтары, ғылыми зерттеу жобасы шешуге бағытталған қазіргі проблема көрсетіледі.

      7. 7-бағанда ғылыми зерттеу жобасын іске асырудың негізгі тікелей (қандай жұмыстар жүргізіледі) және жанама (ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге алып келеді) нәтижелері көрсетіледі. Әсерді өлшеу үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте осы ғылыми зерттеу жобасының (тікелей немесе жанама) әсер ету ауқымы қандай, ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге әкеледі.

      8. 8-бағанда әрбір іс-шараның болжалды құны, сондай-ақ ұсынылатын қаржыландыру жоспары көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады