"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағы және 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8530 болып тіркелген).
2) "Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 971 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19571 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің орынбасары | И. Лепеха |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі