"Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қазанда № 33590 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тіркелімді қалыптасыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 209-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды:";

      9-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу үшін пациенттің құжаттарын жіберетін медициналық ұйым ресімдейді;";

      10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Трансплантаттау орталығы немесе медициналық ұйымдар МПТ шешім шығарғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңірлік трансплантаттаушы үйлестірушіге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық түрде жібереді.

      11. Өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пациентті ықтимал реципиенттер тіркеліміне енгізуге ДРЕМАЖ-да электрондық өтінімді қалыптастырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үйлестіру орталығы пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне (бұдан әрі – тіркелім) енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ДСБ және трансплантаттау орталығына (құжаттарды трансплантаттау орталығы жіберген жағдайда), тіндік типтеу зертханасына, сондай-ақ, өңірлік транспланттауды үйлестірушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті тіркелімге енгізгені туралы хабарлама жібереді.

      Өңірлік транспланттауды үйлестіруші пациентті тіркелімге енгізгені туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл хабарламаны ықтимал реципиентке электрондық поштаны немесе басқа байланыс құралдарын қолдана отырып жібереді.";

      16, 17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Пациентті тіркелімге енгізу туралы хабарлама алған кезде тіндік типтеу зертханасының маманы бүйректің ықтимал реципиентін HLA-фенотипін анықтау үшін және үш айда бір рет жиілікпен HLA-антиденелердің болуына қан үлгілерін алу кестесіне енгізеді. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қанның үлгілерін тіндік типтеу зертханаларына жеткізуді жүзеге асырады.

      17. Тіндік типтеу зертханасының маманы ықтимал реципиенттің қан үлгісін алғаннан кейін HLA жүйесі бойынша типтеуді жүргізеді, оның нәтижелерін тіркелімге енгізеді.

      18. ДСБ (бас штаттан тыс бейінді мамандар) өңірлік трансплантаттауды үйлестірушімен бірлесіп өңірдегі ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға мұқтаж адамдарды ДРЕМАЖ тіркелімінде тұрған адамдардың тізімімен тоқсан сайын салыстыруды жүргізеді. Салыстыру нәтижелері бойынша ДСБ (бас штаттан тыс бейінді мамандар):

      1) бастапқы пациенттерді тіркелімге енгізуге;

      2) тіркелімнен: трансплантатталған, қайтыс болған, өңірден кеткен (тұрғылықты жерін ауыстырған), трансплантаттаудан бас тартқан, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды шығаруға;

      3) тіркелімнен медициналық көрсетілімдер бойынша (жай-күйі және клиникалық-зертханалық көрсеткіштерінің жақсаруы немесе МПТ қорытындысы бойынша трансплантаттауға уақытша медициналық қарсы көрсетілімдердің анықталуы), елден уақытша кеткен (тұрғылықты жерін ауыстырған) немесе трансплантаттаудан бас тартқан (ықтимал реципиенттің жазбаша өтініші бойынша) адамдарды уақытша шығаруға;

      4) ықтимал реципиент МПТ қорытындысы бойынша өмірлік көрсеткіштері бойынша ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) шұғыл транспланттауға мұқтаж жағдайларда тіркелімінен пациенттің мәртебесін "ургентті" мәртебесіне өзгертуге өтінімдерді қалыптастырады.

      Бүйректі трансплантаттауға мұқтаж адамдардың өзектендірілген тізімі салыстырудан кейін:

      бастапқы енгізілген пациенттердің HLA-фенотипін;

      процентпен көрсетілген сенсибилизация деңгейін бағалау мақсатында үш айда бір рет жиілікпен тіркелімде тұрған адамдарда лейкоциттік антиденелердің болуын анықтау үшін диализ орталықтарына тапсырылады.";

      Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 30 қазандағы
№ 158 бұйрығына
қосымша
  Тіркедімді қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Пациентті ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу туралы хабарлама

      Азамат _________________________________________________________________

      (толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Тұрғылықты жері __________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы ___________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының атауы)

      Сізге 20__ жылғы "___" ______ мультипәндік топтың шешімінің (медициналық

      ұйымның немесе трансплантаттау орталығының жанындағы – қажеттінің астын сызу)

      және "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы"

      20__ жылғы "___"____________№ ____ бұйрығының негізінде

      __________________________________________________________________________

      ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) көрсету)

      трансплантаттауға ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің)

      ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізілгеніңізді хабарлайды.

      Директор _______________________________________

      (толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      20_____ ж. "__" __________             ________________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады