БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29930 болып тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 913, 914, 915, 916, 917, 918, 919, 920, 921, 922, 923, 924, 925, 926, 927, 928, 929, 930, 931, 932, 933, 934, 935, 936, 937, 938, 939, 940, 941, 942, 943, 944, 945, 946, 947, 948, 949, 950, 951 және 952-жолдарымен толықтырылсын:
"
913 | 040120 | Қоюландырылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт пен кілегей: құрамында майлылығы 1% артық, бірақ майлылығы 6% аспайды | |
914 | 090210 | Хош иісті қоспалары бар немесе қоспалары жоқ шай: таза салмағы 3 кг-ден аспайтын бастапқы қаптамадағы көк шай (ферменттелмеген) | |
915 | 090230 | Хош-иісті қоспалары бар немесе қоспалары жоқ шай: таза салмағы 3 кг-ден аспайтын бастапқы қаптамада қара шай (ферменттелген) және ішінара ферменттелген шай | |
916 | 200912 | Ашытылмаған және құрамында спирт қоспалары жоқ, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, тоңазытылмаған, брикс саны 20-дан аспайтын апельсин шырыны | |
917 | 200919 | Апельсин шырыны, өзгелері | |
918 | 200921 | Брикс саны 20-дан аспайтын грейпфрут шырыны, помело шырыны | |
919 | 200929 | Грейпфрут шырыны, помело шырыны, өзгелері | |
920 | 200931 | Брикс саны 20-дан аспайтын өзге де цитрус шырындары | |
921 | 200941 | Брикс саны 20-дан аспайтын ананас шырыны | |
922 | 200949 | Өзге де ананас шырыны | |
923 | 200950 | Қызанақ шырыны | |
924 | 200961 | Брикс саны 30-дан аспайтын жүзім шырыны (жүзім ашытқысын қоса алғанда) | |
925 | 200969 | Өзге де жүзім шырыны (жүзім сусласын қоса алғанда) | |
926 | 200971 | Брикс саны 20-дан аспайтын алма шырыны | |
927 | 200979 | Өзге де алма шырыны | |
928 | 200981 | Мүкжидек шырыны (vaccinium macrocarpon, vaccinium oxycoccos, vaccinium vitis-idea), итбүлдірген шырыны (Vaccinium vitis-idaea) | |
929 | 200989 | Өзге де жемістердің немесе көкөністердің бір түрінен алынған шырын | |
930 | 200990 | Шырын қоспалары | |
931 | 220110 | Табиғи немесе жасанды минералды, газдалған, қант немесе басқа да тәттілендіретін немесе хош иісті заттар қосылмаған суларды қоса алғанда сулар; мұз бен қар: минералды және газдалған сулар | |
932 | 220190 | Табиғи немесе жасанды минералды, газдалған, қант немесе басқа да тәттілендіретін немесе хош иісті заттар қосылмаған суларды қоса алғандағы сулар; мұз бен қар: өзгелері | |
933 | 220210 | Құрамында қант немесе басқа да тәттілендіретін немесе дәмді-хош иісті заттар бар минералды және газдалған суларды қоса алғандағы сулар | |
934 | 220299 | 2009 тауар позициясының жеміс немесе көкөніс шырындарын қоспағанда, өзге де алкогольсіз сусындар | |
935 | 310559 | Құрамында екі қоректік элемент: азот және фосфор бар минералды немесе химиялық өзге тыңайтқыштар | |
936 | 392690 | Пластмассадан жасалған өзге де бұйымдар және 3901 – 3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар: өзгелері | |
937 | 681099 | Цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған, арматураланбаған немесе арматураланған өзге де бұйымдар | |
938 | 730820 | Мұнаралар мен торлы діңгектер | |
939 | 730890 | Қара металдардан жасалған өзге де металл конструкциялар (9406 тауар позициясының құрама құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері | |
940 | 731816 | Бұрандамен жабдықталған қара металдардан жасалған сомындар | |
941 | 731824 | Кілтектер мен сіргелер, бұрандаларсыз бұйымдар | |
942 | 731829 | Бұрандаларсыз бұйымдар, өзгелері | |
943 | 732510 | Шыңдалатын шойыннан құйылған өзге де бұйымдар | |
944 | 732690 | Қара металлдардан жасалған өзге де бұйымдар | |
945 | 761490 | Электрлік оқшаулаусыз алюминийден жасалған өзге де бұралған сым, тростар, кәбілдер, өрілген баулар және ұқсас бұйымдар | |
946 | 761699 | Алюминийден жасалған өзге де бұйымдар | |
947 | 850220 | Ұшқын тұтануы бар поршенді іштен жанатын қозғалтқышы бар электр генераторлық қондырғылар | |
948 | 853530 | Ажыратқыштар мен үзгіштер | |
949 | 853540 | Жайтартқыштар, асқын кернеуді шектегіштер және кернеуді сөндіргіштер | |
950 | 853720 | Пульттер, панельдер, консольдер, үстелдер, таратушы қалқандар және кернеуі 1000 В-тан асатын электр аппаратурасына арналған негіздер | |
951 | 854620 | Керамикалық электр оқшаулағыштары | |
952 | 940690 | Құрастырмалы құрылыс конструкциялары: өзгелері |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі