"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 740 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қазанда № 33595 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 16 қазандағы
№ 740 Бұйрығымен
бекітілген

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ЖМБМК АЖ) жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгертілген мәліметтерін өтініш негізінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізуді білдіреді.

      3. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде ЖМБМК АЖ-де қате мәліметтер жолданған жағдайда жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы – жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      6. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген қабылдау туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі-өтініш) және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-Тізбе) көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) береді.

      8. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы түріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш келіп түскен кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдайды, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындайды және орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін құқықтық кадастрға түзетуді өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде енгізеді.

      Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына келісуге және қол қоюға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы порталының "жеке кабинетіне" немесе өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы жібереді.

      10. Тізбеде көрсетілген порталдың "жеке кабинетіне" немесе көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтініші келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

      11. "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" Мемлекеттік корпорацияның филиалдары жүзеге асырады.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын (бұдан әрі – оператор) және көрсетілетін қызметті алушы дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің істен шығу себебін айқындау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесіндегі
жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәліметтерін
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті қағидаларына
1-қосымша

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы өтініш

      Жеке тұлғалар үшін:

      Азаматтан (ЖСН) ___________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (құжаттың деректемелері)

      Заңды тұлғалар үшін:

      Заңды тұлғаның толық атауы _________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі_____________________

      Мемлекеттік тіркеу күні ________, БСН________________________

      Заңды мекенжайы:

      ___________________________________________________________

      (басшының)

      ___________________________________________________________

      (құжаттың деректемелері)

      Түзету жүргізуді сұраймын (қажеттісін белгілеу керек):

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы (мекенжайды құқық белгілейтін

      құжатқа сәйкес келтіру)_______________________________________

      жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі:_____________

      жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру

      сипаттамалары:_____________________________________________

      - объектінің ауданы;

      - объектінің қабаттылығы;

      - құрамдас бөліктердің саны;

      - жылжымайтын мүлік түрі, үлгісі;

      - нысаналы мақсаттар;

      - бөлінетіндігі (ЖУ);

      - құқық түрі;

      - меншік нысаны;

      - жүргізілген тіркелу күні;

      құқық иеленушінің дұрыс емес деректері (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      туған күні, ЖСН)

      ____________________________________________________________

      құқық белгілейтін құжаттардың дұрыс емес деректері (құжаттың күні,

      нөмірі_________________________________________________________

      жылжымайтын мүліктің қате тіркелген құқықтары___________________

      Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:______________________

      ______________________________________________________________

      Өтініш берушінің электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда)_____

      Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      Өтініш берілген күні: 20_____ жылғы _____________.

      Өтінішті қабылдау күні: 20_____ жылғы______________ .

      Өтініш берушінің не оның өкілінің қолы: _________________________

      (тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

      ______________________________________________________

      Уақыт: __________________ сағат _____________ минут.

      Ескертпе:

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігімен танысуды өз қолымен растайды, ал көрсетілген баланыстарға бағытталған хабарлама (хабарлау) тиісті және жеткілікті деп есептеледі.

      ___________ 20__ жылғы "__" ________.

      (қолы) (күні)

  "Жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесіндегі
жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәліметтерін
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті қағидаларына
2-қосымша

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) филиалдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 бір жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету туралы хабарлама, немесе жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіруден (түзетуден) дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
2) Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды берген кезде: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).
3) Жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының электрондық көшірмесі;

9

Қазақстан Республикасының заңдармен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне бара отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.​gov.​kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.

  "Жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесіндегі
жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәліметтерін
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)" туралы хабарлама

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) 20_жылғы "_"_____№:____өтініш бойынша ұсынылған құжаттарды қарап және жылжымайтын мүлік объектісінің архив ісінің материалдарын зерделеп, жүргізілген жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) туралы хабарлайды.

      Тіркеуші _____________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Басшы ___________________________ М. О. _______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _______________________________

      қолы

  "Жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесіндегі
жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәліметтерін
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзетуден) дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Бірегей өтініш №: ______________________ күні _______________________

      Бас тартуға негіз: __________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (дәлелді бас тарту мәтінін көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырады)

      Аталған құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Тіркеуші __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Басшы ___________________________ М. О. ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________________

      қолы

  "Жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесіндегі
жылжымайтын мүлік
объектілерінің мәліметтерін
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті қағидаларына
5-қосымша
  __________________________
  аты, әкесінің
  аты (жеке басын куәландыратын
  құжаттарда көрсетілсе), тегі) не
  көрсетілетін қызметті
  алушының атауы)
  __________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

      "____________________________" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

      _________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі қолы)

      Орындаушы: берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі ___________

      Телефоны __________

      Алдым:

      берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі /көрсетілетін қызметті алушының қолы __________ 20__ жылғы "__" ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады