"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2775 болып тіркелген);
2) "Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедек туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 284 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29985 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі |
Е. МАРЖИКПАЕВ |