БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскемен) жүру үшін ақы алу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұйымдастырушы пайдаланушыларды ақылы учаскелер бойынша жол жүру туралы хабардар ету мақсатында мынадай тәсілмен хабардар етеді:
1) ақы алу пункті болған жағдайда оның өкілдері болады;
2) клиенттермен жұмыс орталықтары, олар болған жағдайда;
3) жария шартта немесе ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында көрсетілген қысқа нөмірі бар Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
4) ұйымдастырушы ақылы учаскелер бойынша жол жүргені үшін берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама және ақылы жол жүру мәселелеріне қатысты басқа да ақпарат жібереді.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұйымдастырушы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген пайдаланушылардың деректеріне үшінші тұлғаларға қол жеткізуді шектейді.
12. Автокөлік құралының бақылау аркасы арқылы өтуі кезінде ұйымдастырушы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақылы учаскелерде орналасқан сәйкестендіруші техникалық құрылғылар арқылы пайдаланушы туралы деректерді өзінің автокөлік құралымен жинауды, тіркеуді және өңдеуді жүзеге асырады.
Мұндай деректер мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, күнін, уақытын белгілей отырып, автокөлік құралының фототүсірімдері, бейнежазбалары, салмақтық және габариттік параметрлері болып табылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Бақылау аркасының ақылы учаскелерінде автокөлік құралымен жүру кезінде бақылау аркасының қиылысынан кейін ақылы учаскенің аймағы үшін, бақылау аркасын айналып өту кезінде есептеу жүргізіледі, ақылы учаскенің аймағы үшін жол ақысын есептеу келесі бақылау аркасының автокөлік құралымен өткеннен кейін жүргізіледі. Ұйымдастырушы есептеу тетіктерін өзгертуге және ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен ақы алу жүйесін ажыратуды жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі