Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32703 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында жануарларды карантиндеудің басталуы және 12 айдан асқан бұқашықтарды (СЭҚ ТН коды 0102) және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды (СЭҚ ТН коды 0104) (бұдан әрі – тауар) әкетуге квоталар бөлу туралы хабарландыру орналастырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 4000 (төрт мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.
Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.";
2) "Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33034 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі