"Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 шiлдеде № 33034 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2023 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында жануарларды карантиндеудің басталуы және 12 айдан асқан бұқашықтарды (СЭҚ ТН коды 0102) және 6 жастан асқан еркек тоқтыларды (СЭҚ ТН коды 0104) (бұдан әрі – тауар) әкетуге квоталар бөлу туралы хабарландыру орналастырады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қоюға арналған сандық лимит;";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) дерекқорында "Карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қоюға сандық шектеу, e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі – БАБЖ АЖ) – осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге ветеринариялық сертификаттар беруге сандық шектеу қалыптастырылады.

      Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайды.

      6. 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

      6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

      Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2023 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 245 бұйрығына
қосымша
  Сандық шектеулерді
(квоталарды) бөлу қағидаларына
қосымша

      Нысан

      Кімге ______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органы ауданда, облыстық маңызы бар қалада құрған

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы)

      кімнен _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орналасқан жері (заңды мекенжайы) __________________________

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) жөніндегі дерекқорға квота алуға және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған жануарларды карантинге қою туралы мәліметтерді енгізуді сұраймын.

      Қызмет түрі (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе бордақылау алаңы) _______________________________________________

Р/с№

Өтініш беруші қызметінің түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды)

Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің есепке алу нөмірі

Жануарлардың түрі

Карантинге қою үшін сұратылған мал саны (бас)

АШЖБ сәйкес жануарлардың жеке нөмірлері

1.




12 айдан асқан бұқашықтар



2.




6 айдан асқан еркек тоқтылар



      Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан жүзеге асырылатыны, қауіп қатерге және мүлікке жауапкершілік артатыны туралы хабардармын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптымын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші: __________________________________ _____________

      (басшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

      Өтінім беру күні мен уақыты: 20__ жылғы "____" _______ ____ сағат ___ минут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады