Петиция беру үшін интернет-ресурсты айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 қарашада № 33647 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтармен петиция жолдауға арналған интернет-ресурс ретінде айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады