"Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қарашада № 33661 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:

      8, 9, 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірыңғай дерекқор мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі;

      3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесін қоса бере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудит бағдарламасы, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері;

      5) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары), бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептер;

      6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсетін түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

      8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары;

      9) осы тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жарияланатын жылдық қаржылық есептілігін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген, бекітілген қаржылық есептілік, оған тиісті қосымшаларымен бірге;

      10) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің аудиторлық есептілігі;

      11) бюджеттік заңнамамен белгіленген түрлері және нысандары бойынша бюджеттік есептілік;

      12) мемлекеттік және ведомстволық статистиканың мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуге қажетті деректері;

      13) Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудитті танудың қорытындылары;

      14) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары, олардың орындалуы бойынша есептер;

      15) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, олардың орындалуы бойынша есептер;

      16) республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттердің есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылуын мониторингілеу бойынша есептер;

      17) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес жасалатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингілеу бойынша ақпарат;

      18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінде орналастырылған, жоспарланатын шығыстар бойынша бюджеттік өтінімдер тізілімі;

      19) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялайтын қаржылық есептілігі;

      20) бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын субъект бойынша мониторингілеу нәтижелері;

      21) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін камералдық тәртіппен бағалау нәтижелері.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат Бірыңғай дерекқорға орналастыру үшін Жоғары аудиторлық палатаға мынадай тәртіппен:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелері және ішкі аудит қызметінің бөлінісінде шоғырландыра отырып, осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      2) тексеру комиссиялары осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде;

      4) Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 8-тармағының 13) тармақшасы бойынша – тиісті қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде; осы Қағидалардың 8-тармағының 21) тармақшасы бойынша – жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін камералдық тәртіппен бағалаудың қорытындысы бойынша қызметтік жазбаға Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қарары шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері осы Қағидалардың 8-тармағының 10), 12) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде;

      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде;

      7) ведомстволық немесе мемлекеттік статистиканы қалыптастыратын өзге де ақпарат жеткізушілер осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша – Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы негізінде ол белгілеген мерзімдерде және (немесе) тиісті органмен бірлесіп айқындаған мерзімдерде;

      8) осы Қағидалардың 8-тармағының 14), 15), 19) тармақшалары бойынша – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ЖАП ИАЖ-ның "Мемлекеттік мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы;

      9) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағының 9), 11), 16), 20) тармақшалары бойынша "е-Қаржымині" ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен, 5 – 8), 17), 18) тармақшалары бойынша мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінен – жүйелерде ақпарат қалыптастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      9-1. Осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасында көзделген тәртіпті қоспағанда, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат XML (eXtensible Markup Language – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын кеңейтілетін белгілеу тілі) форматта "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы ұсынылады.".

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады