Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 сәуірде № 13647 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      3) осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 600. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      4) осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      5) осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      6) осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      7) осы нормативтік қаулыға 7-қосымшаға сәйкес 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      8) осы нормативтік қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      9) осы нормативтік қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1000. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      10) осы нормативтік қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      11) осы нормативтік қаулыға 11-қосымшаға сәйкес 903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.

      12) осы нормативтік қаулыға 12-қосымшаға сәйкес 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.11.2018 № 20-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 14.02.2019 № 2-НҚ; 28.04.2020 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Қ. Жаңбыршин

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
1-қосымша

100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.05.2019 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - аудит органдары) жүзеге асыратын тиімділік аудитінің мақсатын, міндеттерін, өлшемшарттары мен рәсімдерін айқындайды.

      2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ISSAI 300 "Тиімділік аудитінің негізгі қағидаттарын", ISSAI 3000 "INTOSAI аудит стандарттарына және практикалық тәжірибеге негізделген тиімділік аудитін жүргізу жөніндегі стандарттар мен басшылықтарды", ISSAI 3100 "Тиімділік аудитінің негізгі ұғымдары бойынша басшылықты", ISSAI 3200 "Тиімділік аудитінің процесі бойынша басшылықты" қоса алғанда, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (ИНТОСАИ) бекітетін Халықаралық стандарттардың (ISSAI) қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.

      3. Стандарттың мақсаты тиімділік аудитін жүргізудің барлық сатысында аудит органдарының функцияларын және міндеттерін іске асыру процесінде қолдануға жататын аудиторлық және талдамалық рәсімдердің бірыңғай талаптарын белгілеу, сондай-ақ тиімділік аудитінің өлшемшарттарын айқындау, аудиторлық есептерге қосылатын тұжырымдар мен нәтижелерді қалыптастыру мәселелерінде ерекшеліктерді ашып көрсету болып табылады.

      4. Тиімділік аудиті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектілері) ұлттық ресурстарды басқару бойынша тиімді қызметті қамтамасыз етуі мәніне жүргізіледі.

      5. Осы Стандарттың күші мемлекеттік аудиторларға және сарапшыларға (аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың мамандары және аудит органдары тиісті бейіні бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) қолданылады.

      6. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудиторлық дәлелдеменің тиісті сипаты - аудиторлық дәлелдемелердің сапасын, аудиторлық пікір негізделетін тұжырымдар мен қорытындыларды растау кезіндегі олардың орындылығы мен сенімділігін бағалау;

      2) өлшемшарттар - негізделген және қолжетімді эталондық нормалар, көрсеткіштер (стандарттар және (немесе) жақсы практикалар), олардың негізінде тиімділік аудитінің зерделенетін бағытының жұмыс істеу немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігі бағаланады;

      3) базалық өлшемшарттар - тиімділік аудиті мен мемлекеттік аудит объектісі қызметінің бағыттарына байланысты болмай, оның барлық түрлерін жүргізу кезінде қолданылатын көрсеткіштер (тиімділік, үнемділік, нәтижелілік және өнімділік);

      4) арнайы өлшемшарттар - тиімділік аудиті мен мемлекеттік аудит объектісі қызметінің бағыттарына қарай, тиімділік аудиті үшін әзірленетін және пайдаланылатын нақтыланған көрсеткіштер;

      5) аудиторлық құжаттама - орындалған аудиторлық рәсімдер, алынған аудиторлық дәлелдемелер, тұжырымдар, мемлекеттік аудитор ұсынымдары, және тиімділік аудитінің қол жеткізген нәтижелері көрініс тапқан құжаттар;

      6) кәсіби пайым мен скептицизм - мемлекеттік аудитордың іс-қимылдарының тәртібін айқындау мүмкін болмаған жағдайларда, оның субъективті шешімдерді қабылдауы үшін негіз болатын біліміне, біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы.

      7. Аудит органдары жүргізетін тиімділік аудитінің тікелей нәтижелері сапалы аудиторлық қорытындыны дайындау, ал түпкілікті нәтиже - ұсынымдарды орындау нәтижелері бойынша тиімділік аудитінің зерделенген бағытында немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде оң әсерге қол жеткізу болып табылады.

      8. Тікелей және түпкілікті нәтижелер тиімділік аудитінің зерделенген бағытында немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде тиімділік көрсеткіштерінің жақсаруына қатысты аудиторлық қорытындыда аудиторлық дәлелдемелердің тиісті сипатын және пікірлерінің пайымдарын жинау жағдайы кезінде қолжетімді.

2-тарау. Тиімділік аудитінің мақсаты, негізгі міндеттері және кезеңдері

      9. Тиімділік аудитінің мақсаты жетілдіру бойынша ұсынымдарды ұсына отырып, тиімділік аудитінің зерделенген бағытында немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде үнемділікке, тиімділікке және нәтижелілікке (өнімділікке) қатысты тәуелсіз, құзыретті және объективті пікір білдіру болып табылады.

      10. Тиімділік аудитінің міндеттері мыналар:

      1) тиімділік аудитінің өзекті тақырыбы мен өлшемшарттарын айқындау;

      2) тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізуге, олардың ауытқу себептерін анықтауға (болған жағдайда) қатысты жеткілікті және сенімді аудиторлық дәлелдемелер жинау;

      3) қажет болған жағдайда, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу, сондай-ақ тиімділік аудитінің зерделенген бағытында немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде тиімділікті жақсарту және арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлей отырып, тәуелсіз, объективті және құзыретті аудиторлық есеп пен қорытындыны қалыптастыру;

      4) постаудитті жүргізу арқылы тиімділік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.

      11. Тиімділік аудиті аудит органдарының құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырудан басталады және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.06.2021 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3-тарау. Тиімділік аудитін сыныптау және мәнділіктің негіздері

      12. Тиімділік аудитін түрлері бойынша сыныптау аудиттерді жоспарлау, оның ауқымын және аудиторлық, талдамалық рәсімдердің көлемін реттеу, сондай-ақ тиімділік аудиттерінің жүйелендірілген дерекқорын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      13. Тиімділік аудитінің түрлерін сыныптау мынадай белгілер бойынша бөлінеді:

      мемлекеттік аудиттің тәсілдері (деңгейлес және сатылай тәсілдерді қолдана отырып, тиімділік аудиттерін жүргізу);

      мемлекеттік аудиттің бағыты (аудитті белгілі бір тақырып немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметі бойынша жүргізу).

      14. Мыналарды қолдана отырып, тиімділік аудиттерін жүргізу:

      1) деңгейлес тәсіл мемлекеттік басқарудың бір деңгейіне жататын мемлекеттік аудиттің бірнеше объектілерінде аудиторлық іс-шаралар жүргізуді болжайды. Деңгейлес тиімділік аудиті мемлекеттік аудит объектісінің қызметін қоспағанда, мемлекеттік аудит бағыттары бойынша жүргізіледі. Бір аудиторлық іс-шара шеңберінде мемлекеттік аудиттің бірнеше объектілері қызметінің белгілі бір бағыты зерделенеді.

      2) сатылай тәсіл мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейіне жататын мемлекеттік аудиттің бірнеше объектілерінде аудиторлық іс-шаралар жүргізуді болжайды. Аудиттің бұл түрі мемлекеттік аудит объектісінің қызметін қоспағанда, мемлекеттік аудиттің барлық бағыттары бойынша жүргізіледі. Бір аудиторлық іс-шара шеңберінде мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейіне жататын мемлекеттік аудиттің бірнеше объектілері қызметінің бағыттары зерделенеді.

      15. Тиімділік аудитін мынадай бағыттар бойынша жүргізу:

      1) салықтық және кедендік әкімшілендіру - салықтық және кедендік реформаларға бастамашылық жасау кезеңінен оларды практикалық іске асырылуы және тиісті тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуі кезеңіне дейін мемлекеттің салықтық және кедендік саясаты түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар салықтық және кедендік әкімшілендірудің заңдары, саясаты, қағидалары және практикалары бөлігінде (мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін қажетті республикалық немесе жергілікті бюджеттің (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) кіріс көздерін агрегаттау бойынша шаралар) хабардар болуы тиіс;

      2) бюджеттерді жоспарлау және атқару - бюджет және өзге де байланысты заңнама талаптары мен бюджеттік сыныптау және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша топтастырылған бюджеттің барлық баптары бойынша республикалық немесе жергілікті бюджетті (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) жоспарлау; сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық немесе жергілікті бюджетті атқару бойынша (мемлекеттік бюджет - сатылай тәсіл бойынша тиімділік аудиттерін жүргізу үшін) қолданылатын практика түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар бюджеттеу, бюджет процесіне қатысатын барлық қатысушылар арасында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықты бөлудің заңдары, саясаты, қағидалары және практикалары бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      3) мемлекет активтерін басқару - мемлекет активтерін шоғырландырудан, активтерді тану, есепке алу және шығару бойынша қағидалардан бастап мемлекет активтеріне меншік құқығы берілген, пайдалану және өкімдік ету құқығы бар барлық адамның мемлекет активтерін пайдалану практикаларына дейін - мемлекет активтерін басқару қағидаттары мен тәртібін айқындайтын заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар мемлекет активтерін пайдаланушылар қолданатын мемлекет активтерін басқару саясаты, қағидалары және практикалары, сондай-ақ мемлекет активтерін басқару процесінің барлық қатысушылары арасында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықты бөлу тәртібі бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      4) Мемлекеттік басқару жүйесі құжаттарының іске асырылуы -Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қалыптастыру қағидаттары мен қағидаларын қалыптастыру, бекіту мен іске асыруды белгілейтін мемлекеттік жоспарлау бөлігінде заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі саясат, қағидалар және практикалар, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықты бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      5) мемлекеттік секторда баға белгілеу мен сатып алу - заңнаманың және әдіснамалық құжаттар ережелерінің талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды, олардың негізінде: мемлекеттік секторда өндірілетін және (немесе) сатып алынатын және (немесе) сатылатын тауарларға; мемлекеттік секторда орындалатын жұмысқа; мемлекеттік секторда көрсетілетін қызметтерге белгіленетін бағалар айқындалады.

      Бұл бағыт бойынша мемлекеттік сатып алудың әрбір кезеңін - сатып алуларды жоспарлау және өткізу, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында өзара есеп айырысу жүргізу, мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі жұмыстардың орындалу барысын бақылау және қадағалау, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау, келіспеушіліктерді реттейтін заңнама талаптары түсінігін зерделеу және (немесе) меңгеру маңызды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар мемлекеттік секторда тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға айқындау, мемлекеттік сектордың баға белгілеуі және сатып алуы жүйесінде құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықты бөлу бойынша қолданылатын практикалар бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      6) мемлекеттік борышты басқару - қарыз алуды жүзеге асыру, қарыз алуға қажеттілікті айқындау, қарыз алу шарттарынан туындайтын талаптар мен міндеттерді қабылдау, борышты өтеу және мемлекеттік борышты басқарудың басқа да аспектілері жөніндегі қағидаларды қоса алғанда, мемлекеттік борышты басқару мәселелерін реттейтін заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Осы бағыт бойынша тиімділік аудитін жүргізу үшін арнайы білім мен дағдылар талап етіледі. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар мемлекетік органдар қолданатын борышты басқару бойынша берілген өкілеттіктер, қарыз алуды жүзеге асыру мен байланысты міндеттерді орындау жөніндегі практикалар, мемлекет кепілдік берген қарыз алуды жүзеге асыру құқығы берілген басқа адамдар, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару жүйесіндегі жауаптылықты бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      7) гранттардың, инвестициялардың, қарыздардың және басқа да байланысты активтердің пайдаланылуы - бюджет процесіне қатысушыларға гранттар, инвестициялар, қарыздар және басқа да байланысты активтер берудің негізділігі, келісілуі және ұсынылуы мәселелерін реттейтін заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар осы активтерді пайдаланушылардың гранттарды, инвестицияларды, қарыздарды және басқа да байланысты активтерді пайдалану практикасы, сондай-ақ тартылған адамдардың құзыреттерін, өкілеттіктерін және жауаптылықтарын бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласы - қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін заңнама талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Осы бағыт бойынша тиімділік аудитін жүргізу үшін арнайы білім мен дағдылар талап етіледі. Бұған қоса осы бағыт бойынша тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет саясатын, сондай-ақ тиісті халықаралық шарттар мен конвенцияларды айқындау және іске асыру түсінігін зерделеу және (немесе) меңгеру маңызды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар уәкілетті органдардың, барлық тартылған заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша қолданатын саясаты мен практикалары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықтарды бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      9) ақпараттық технологиялар саласы - мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда ақпараттық технологияларды қолдану қағидаларын реттейтін заңнама, әдіснамалық және техникалық құжаттар талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Осы бағыт бойынша тиімділік аудитін жүргізу үшін арнайы білім мен дағдылар талап етіледі. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар осы технологияларды пайдаланушылардың ақпараттық технологияларды бастамашылық ету, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және жаңарту бойынша қолданылатын саясат пен практикалар, ақпараттық технологияларды басқару саласында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықтарды бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;

      10) мемлекеттік аудит объектісінің қызметі - ішкі (жергілікті) құжаттарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін заңнама талаптарын зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар мемлекеттік аудит объектісі негізгі және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын саясат пен практикалар, сондай-ақ ұйымдарда қабылданған құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықтарды бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс.

      16. Тиімділік аудитінің әрбір кезеңінде мәнділікті айқындау аудиторлық қорытындының пайдаланушыларының мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби пайымы талап етіледі.

      17. Тиімділік аудитінің мақсатына арналған мәнділік деңгейі қаржылық көрсеткіштер негізінде айқындалады. Тиімділік аудитін жүзеге асыру кезінде қаржыландыру мәселелерімен байланысты емес немесе тікелей байланысты емес аудиттің зерделенетін бағытының және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қаржылық емес аспектілері ескеріледі.

      18. Маңыздылық дегеніміз мемлекеттік басқару саласының және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің жұмыс істеуінің сыртқы ортасына әсер ету маңыздылығын өлшеу индикаторы. Маңыздылық бойынша алынған нәтиже қабылданатын әлеуметтік-экономикалық және саяси шешімдерге әсер ететін және кәсіби пайымның мәні болатын негізгі ақпарат болып табылады.

4-тарау. Перспективалық жоспарды қалыптастыру

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

5-тарау. Аудиторлық іс-шараны жоспарлау және жүргізу рәсімдері

1-параграф. Алдын ала зерделеу

      28. Тиімділік аудитінің тақырыбын нақтылау, тәуекелдерді басқару өлшемшарттарын (аудиттің мақсаттары, мәселелері негізінде), тәсілдерін, әдістерін әзірлеу және (немесе) айқындау аудиторлық іс-шараны алдын ала зерделеу және жоспарлау кезеңінің негізгі міндеттері болып табылады.

      Тиімділік аудитін жүргізу әдістерін айқындау кезінде (талдау, салыстыру, бағалау, тексеру, зерттеу, аудиторлық іріктеу, мәнділік көлемі және басқалар) бір немесе салыстырмалы талдауды, іріктеп зерттеуді қоса алғанда, бірнеше әдістің жиынтығын қолдану мүмкіндігі ескеріледі.

      29. Аудиторлық іс-шараны алдын ала зерделеу және жоспарлау кезеңінде жүргізілетін тиімділік аудитінің бағытын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін зерделеу жоспарлау кезеңінде жүргізілген талдамалық рәсімдердің жалғасы болып табылады. Осы кезеңде зерделеу процесі аудиторлық іс-шараның белгілі бір тақырыбына байланысты мемлекеттік аудит бағытының немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің белгілі бір аспектілерінде барынша нақтыланған және шоғырландырылған және аудит құжаттарын әзірлеуге бағытталған болып табылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      30. Аудиторлық іс-шараны алдын ала зерделеу және жоспарлау кезеңінде түйінді талдамалық рәсімдердің бірі аудиторлық тәуекелді (аудиторлық іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге теріс немесе оң әсер ететін қандай да бір оқиғаның, іс-қимылдың немесе әрекетсіздіктің болу мүмкіндіктері) бағалау болып табылады. Тәуекелдерді бағалау тиімділік аудитінің күшін тәуекелдердің түйінді аймақтарына жұмылдыруға, артық аудиторлық рәсімдерді қысқартуға және қолда бар ресурстарды барынша нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін тәсілдермен жүргізіледі.

      31. Аудиторлық іс-шараны жоспарлаудың негізгі ережелері және оны жүргізу тәртібі Қағидаларда айқындалған.

2-параграф. Тиімділік аудитінің мақсатын және мәселелерін айқындау

      32. Әрбір аудиторлық іс-шара үшін нақтыланған мақсаттар айқындалады. Аудиторлық іс-шараның мақсатын айқындау кезінде мынадай талаптар сақталады:

      аудит мақсатының маңыздылығы (аудиттің тиімділік аудитінің зерделенетін бағытына және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне елеулі оң әсер етуіне бағытталуы);

      аудит мақсатының тиімділік аудитінің бағытымен, аудиттің тақырыбымен, аудиттің зерделенетін кезеңімен және ауқымымен нақты логикалық тұрғыдан байланыстарын қамтамасыз ету;

      жоспарланатын аудиторлық іс-шара шеңберінде мақсаттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      аудиторлық және талдамалық рәсімдерді шамадан тыс жүргізуді болдырмау үшін мақсаттарды нақтылаудың қолайлы деңгейін қамтамасыз ету;

      бұлыңғыр және әркелкі мәндерді қолдануға жол бермеу.

      33. Аудиторлық іс-шараның мақсаты Қағидаларда айқындалған тәртіппен Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру сатысында тиімділік аудиті тақырыбының негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      34. Аудиторлық іс-шараның мақсаты тиімділік аудитінің маңыздылығы, оның тәуекел аймағына бағдарлануы және тиімділік аудит бағытының жұмыс істеуіне және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне оң әсер етуін анық қадағаланатындай болып тұжырымдалады.

      35. Аудиторлық іс-шараның мақсаты мынадай екі тәсіл арқылы айқындалады:

      мәселе түрінде тұжырымдау (базалық аудиторлық мәселе);

      проблеманы тезистік сипаттау түрінде, ол аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында зерделенетін болады.

      36. Аудиторлық мәселелерді әзірлеу кезінде мынадай негізгі факторлар:

      аудиторлық мәселенің аудиторлық іс-шараның тақырыбымен және мақсатымен логикалық байланысы;

      аудиторлық мәселелерді тиімділік аудитінің және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің бағыты бойынша қол жеткізілген нәтижелерге фокустау;

      аудиторлық мәселелерді тиімділік аудитінің бағыты бойынша және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінде бар проблемаларға фокустау;

      аудиторлық мәселелерді тиімділік аудитінің өлшемшарттарына сәйкестігіне фокустау;

      мәселелерді тұжырымдау, оларға жауаптар қолданылған талдамалық және аудиторлық рәсімдер арқылы беріледі;

      мағынасы және мазмұны бойынша қайталанатын мәселелерді болдырмау;

      бейтарап және алаламау тұжырымдауларын қолдану ескеріледі.

3-параграф. Тиімділік аудиті өлшемшарттарының түрлері

      37. Тиімділік аудиті кезінде тиімділік аудитінің зерделенетін бағытының және (немесе) мемлекетік аудит объектісі қызметінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін базалық және арнайы өлшемшарттар қолданылады.

      38. Бір аудиторлық іс-шара шеңберінде тиімділік аудитінің екі және одан көп өлшемшарты пайдаланылады. Барлық базалық өлшемшарттар тиімділік аудитінің зерделенетін бағыты бойынша түпкілікті нәтижелер мен әсерді айқындау мүмкіндігі жағдайында қолданылады. Базалық өлшемшарттардан басқа тәуекелдердің болуы, дәрежесі және ішкі бақылаудың болуы, жай-күйі бойынша көрсеткіштер айқындалады.

      39. Тиімділік аудитінің базалық өлшемшарттары тиімділік аудитінің мақсаттарына және мәселелеріне қарай нақтыланады. Тиімділік аудитінің әрбір базалық өлшемшарты бойынша арнайы көрсеткіштер айқындалады немесе әзірленеді (тәуекелдердің болуы және дәрежесі, сондай-ақ ішкі бақылаудың болуы және жай-күйі бойынша).

      40. Арнайы өлшемшарттар тиімділік аудиті бағытының және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескереді. Арнайы өлшемшарттар тиімділік аудитінің басқа бағыттарына немесе мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты оларды қолданудың белгілі бір уақыты (2 жылдан астам) өткеннен кейін немесе қызмет немесе бағыт аясының, саласының өзіндік ерекшелігіне қатысты қолданылмайды.

      41. Тиімділік аудитінің арнайы өлшемшарттарының бірі жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін айқындауға арналған перспективалық көрсеткіш болып табылады. Перспективалық өлшемшарты республикалық бюджетті жоспарлау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу кезінде пайдаланылады. Арнайы өлшемшарттарды айқындау және (немесе) әзірлеу қолжетімді және анық дереккөздерден алынған ақпарат пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      42. Тиімділік аудитінің өлшемшарттары мыналарға бөлінеді:

      1) сандық (нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық мәнде өлшенетін индикаторлар);

      2) сапалық (тиімділік аудитінің және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің бағыты бойынша істің мінсіз немесе қалаулы жай-күйін немесе нәтижелеріне уақтылы қол жеткізуді тезистік сипаттау).

4-параграф. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын әзірлеу

      43. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын әзірлеу мемлекеттік аудит объектілерін алдын алу зерделеу процесінде жүзеге асырылады. Тиімділік аудиті өлшемшарттарының ықтимал дереккөздері айындалады, оны зерделеу негізінде олардың бағытталған таңдауы жүргізіледі (типтік жағдайлар таңдалады, себептерін (проблемаларды) анықтау үшін толық зерделенеді).

      44. Тиімділік аудитінің әрбір айқындалған және (немесе) әзірленген өлшемшарты мынадай сипаттамаларға жауап береді:

      қолданушылық (аудиттің мақсатына және мәселелеріне байланысты көрсеткіштер);

      қолайлылық (көрсеткіштер заңнаманың талаптарымен немесе сарапшылардың пікірлерімен келісілген);

      сенімділік (көрсеткіштер түрлі мемлекеттік аудиторлардың бірдей жағдайлар кезінде ұқсас тұжырымдар, қорытындылар мен ұсынымдарды тұжырымдауына мүмкіндік береді);

      объективтілік (көрсеткіштер біржақты болып табылмайды және толық әрі анық ақпаратқа негізделген);

      толықтық (көрсеткіштер аудиттің мақсатына қол жеткізу үшін жеткілікті болып табылады);

      пайдалылық (көрсеткіштерді қолдану фактілерді анықтауды қамтамасыз етеді, оның негізінде тұжырымдар, қорытындылар және жақсарту жөніндегі ұсынымдар тұжырымдалады);

      түсініктілік (көрсеткіштер нақты тұжырымдалған және дұрыс түсіндірмеу тәуекелдерін болдырмайды).

      45. Тиімділік аудиті өлшемшарттарының дереккөздері:

      1) мемлекеттік аудит саласының жұмыс істеуін және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

      2) өкілді және атқарушы органдардың шешімдері;

      3) кәсіби, техникалық және салалық стандарттар;

      4) уәкілетті органдардың және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің нормативтік және әдіснамалық құжаттары;

      5) халықаралық кәсіби ұйымдардың әдіснамалық құжаттары;

      6) уәкілетті органдар және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі бекіткен нәтижелерді өлшеу индикаторлары;

      7) мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті органдардың, квазимемлекеттік және жеке секторлар ұйымдарының есептік және статистикалық деректері;

      8) аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;

      9) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;

      10) тиімділік аудитінің мақсаты, мәні және мәселелерімен байланысты мәселелер бойынша әдебиет;

      11) сарапшылардың қорытындылары;

      12) ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелер;

      13) интернет-ресурстарға орналастырылғандарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары болып табылады.

      46. Тиімділік аудитінің айқындалған және (немесе) әзірленген өлшемшарттарының қолайлығы осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараларды бағалаудың бақылау парағын толтыра отырып, кейінгі барлық талдамалық және аудиторлық рәсімдердің (аудиторлық есепті қалыптастырғанға дейін) барысында бағаланады.

      47. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын әзірлеу кезінде мынадай тәуекелдер болуы мүмкін:

      1) субъективизм - толық емес, объективті емес ақпаратты қолдануға негізделген және тексерілетін бағытты, аяны (саланы) жан-жақты зерделеу болмаған кезде, соның ішінде тексерілетін саладағы (аядағы) нормативтік, әдіснамалық база мен тәжірибенің жеткіліксіздігі салдарынан өлшемшарттар әзірлеу;

      2) тәуелсіз және құзыретті сарапшылық пікір алудағы шектеулер (тәуелсіз сарапшы пікірінің, осы салада білікті мамандардың, тәуелсіз тар көлемдегі сарапшылардың, ғылыми әзірлемелердің болмауы);

      3) мемлекеттік аудит объектісі аясында (саласы) немесе ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісі қол жеткізген нәтижелерді сандық және сапалық өлшеу бойынша өлшемшарттарды шектеу;

      4) аудиторлық іс-шараны жаңа аяда (салада) жүргізу кезінде мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде стандарттардың болмауы.

      48. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын әзірлеу кезінде осы Стандарттың 47-тармағында көрсетілген тәуекелдерді мемлекеттік аудиторлар ескереді, алайда оларды әзірлеуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      Тиімділік аудитінің зерделенетін бағыты мәселесінің немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінде күрделіліктер болуы кезінде аудиторлық құжаттамаға міндетті түрде тиісті сілтеме қоса отырып, кейінгі кезеңдерде тиімділік аудитінің өлшемшарттарын (проблемаға бағдарланған тәсіл) айқындауға немесе әзірлеуге жол беріледі.

      49. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын айқындауға немесе әзірлеуге байланысты аудиторлық және талдамалық рәсімдер аудиторлық құжаттамада көрсетіледі. Аудит өлшемшарттарының дереккөздері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары, сарапшылар арасында тиімділік аудитінің өлшемшарттарын қолдану бөлігінде келіспеушілік жайттары міндетті түрде құжаттандырылады.

      50. Мемлекеттік аудит объектісі Қағидаларда белгіленген мерзімде аудиттің белгілі бір өлшемшарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік аудиттің жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.

      51. Өлшемшарттардың негізінде тұжырымдар, ұсынымдар қалыптастыру үшін мемлекеттік аудиторлар пайдаланатын ақпараттарды (аудиторлық дәлелдемелер) жинау және талдау әдістері айқындалады.

      52. Тиімділік аудиті процесінде алынған мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты деректерді тиімділік аудитінің өлшемшарттарымен салыстыру негізінде мемлекеттік аудиторлар нормативтік сипаттағы құжаттар ережелерінің жай-күйін, жақсы басқарудан күтілетін және мүмкін практикаларды тиісінше бағалай отырып, тұжырымдар мен қорытындылар жасайды, бұзушылықтар фактілері анықталған кезде мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алған пайдасы және (немесе) экономикалық шығындары бағаланады.

5-параграф. Тәуекелдерді басқару

      53. Тиімділік аудитінің барлық кезеңдерінде тиімділік аудитінің өлшемшарттары арасында қайшылықтардың болмауын, өлшемшарттарды түзету немесе ауыстыру жөніндегі талдамалық рәсімдерді жүргізуді болжайтын тиімділік аудитінің көрсеткіштерін айқындау және (немесе) әзірлеу тәуекелдерін тиісінше басқару жүзеге асырылады. Қосымша мәліметтер мен тиісінше ресімделген аудиторлық дәлелдемелер өлшемшарттарды түзету немесе ауыстыру үшін негіз болып табылады.

      54. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын айқындаумен және (немесе) әзірлеумен, сондай-ақ олардың қолданылуымен байланысты тәуекелдерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында аудит органының жауапты құрылымдық бөлімшесі тиімділік аудиттерінің өлшемшарттары бойынша дерекқор қалыптастырады. Әрбір аудиторлық іс-шараның аяқталуы бойынша дерекқорға беру үшін осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиімділік аудитінің өлшемшарттар тізбесі қалыптастырылады.

      55. Тиімділік аудитінің өлшемшарттарын тиісінше қолдануды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын құрайды. Аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасы міндетті жұмыс файлы болып табылады, ол алдын ала зерделеу кезеңінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

6-параграф. Аудиторлық тәсілді айқындау және қолдану

      56. Мемлекеттік аудит тобы тиімділік аудитінің мақсатына, мәселелері мен өлшемшарттарына байланысты тиімділік аудитін жүргізуге үш негізгі тәсілдің біреуін таңдайды не көрсетілген тәсілдерді біріктіреді:

      1) басқару жүйелерінің тиісінше қызмет етуін зерттейтін жүйеге бағдарланған тәсіл;

      2) жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілгенін бағалайтын нәтижеге бағдарланған тәсіл;

      3) белгілі бір проблеманың себептері мен салдарлары талданатын проблемаға бағдарланған тәсіл.

      57. Жүйеге бағдарланған тәсіл тиімділік аудитін жүргізуде күрделі және еңбекті қажет ететін тәсіл болып табылады, оның нәтижесі бойынша зерделенген саладағы басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беріледі. Бұл тәсілде міндетті түрде мемлекеттік басқарудың тиісті саласына барлық қатысушылардың саясаты мен практикалары зерделенеді және бағаланады.

      58. Нәтижеге бағдарланған тәсілді қолдану тиімділік аудитінің бағыты бойынша және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қол жеткізген нәтижелерді бағалауға бағытталған талдамалық және аудиторлық рәсімдерді айқындауды және жүргізуді болжайды. Осы тәсіл нәтижелерді өлшеудің тиісті индикаторлары бекітілген және қолданылып отырған, не болмаса аудиттің тиісті өлшемшарттарын әзірлеу мүмкіндігінің ықтималдылығы жоғары болып отырған тиімділік аудитінің бағыттары бойынша қолдану үшін қолайлы.

      59. Проблемаға бағдарланған тәсілді қолдана отырып аудиторлық іс-шара жүргізу кезінде барлық талдамалық және аудиторлық рәсімдер тиімділік аудитінің зерделенетін бағытының және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің белгілі бір проблемасына шоғырланады. Осы тәсілді қолдану проблемаларды, оның себептері мен салдарын айқындауды болжайды. Осы тәсіл мемлекеттік аудиторлардың қатысуы кезінде шешілетін проблема айқындалған тиімділік аудитінің бағыттары бойынша қолдану үшін қолайлы.

      60. Аудиттің іріктелген тәсілінің негізінде кейінгі талдамалық және аудиторлық рәсімдерді тиісінше құрылымдау мақсатында мемлекеттік аудиторлар аудиторлық мәселелерді әзірлеуді, тиімділік аудитінің зерделенетін бағытының және (немесе) мемлекеттік аудит объектілерінің қатысушыларын, сондай-ақ географиялық параметрлер (мемлекеттік аудит объектілерінің орналасқан жері) мен зерделенетін уақытша кезеңді айқындауды көздейтін жоспарланатын аудиторлық іс-шараның ауқымын айқындайды.

7-параграф. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау әдістері

      61. Мемлекеттік аудиторлар аудиторлық іс-шара жүргізу кезеңінде аудиторлық дәлелдемелердің Қағидаларда айқындалған талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      62. Тиімділіктің аудиторлық есебін қалыптастыруға қажетті аудиторлық дәлелдемелерді жинау әдісіне сұхбат (әңгімелесу), пікіртерімдер, құжаттарды шолу, инспекциялау, байқау және фокус-топ жатады.

      63. Сұхбат (әңгімелесу) жоспарланып отырған тиімділік аудитінің мақсаттары үшін түйінді әдістерінің бірі болып табылады және мынадай:

      мемлекеттік басқару саласының (тиімділік аудит бағытының) жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіну және сапалы жоспарлау құжаттарын жасау үшін - тиімділік аудитін алдын ала зерделеу және жоспарлау;

      аудиторлық дәлелдемелер жинау мақсатында - тиімділік аудитін жүргізу;

      құзыретті және объективті тұжырымдар, қорытындылар мен ұсынымдар қалыптастыру мақсатында - аудиторлық есеп жасау;

      мемлекеттік аудит объектісі тарапынан аудит органының ұсынымдарын орындауына қатысты объективті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында - аудиторлық іс-шараның қорытындыларын іске асыру және т.б. кезеңдерде жүзеге асырылады.

      64. Сұхбат жүргізу әдісін қолдану арқылы толық және анық ақпараттың жиналуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар мынадай нұсқаулықтарды орындайды:

      1) осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұхбат жүргізуге арналған жадынама әзірлеу;

      2) әрбір сұхбаттың күнін, уақытын және ұзақтығын жоспарлау;

      3) сұхбатқа қатысушылардың тізімін айқындау;

      4) "жай сұрақтан күрделі сұраққа қарай" тәсілін қолданып, сұхбаттардың үлгілік тізбесін жасау;

      5) сұхбатты әңгімелесушіге құрмет, ілтипат, тілектестік және объективті қарым-қатынас көрсете отырып жүргізу;

      6) жазба жүргізу немесе сұхбатты хатқа түсіру.

      65. Пікіртерім жүргізу әдісі халықтың белгілі бір тобына сұрақнамалар тарату арқылы жүйеленген ақпарат жинауды болжайды. Сұрақнама пікіртерім жүргізу кезінде пайдаланылатын ақпарат жинаудың негізгі құралы болып табылады.

      66. Пікіртерім жүргізу әдісін қолдану арқылы толық және анық ақпараттың жиналуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар мынадай нұсқаулықтарды орындайды:

      1) сұрақнама жалпы сұрақтардан басталады және тестілік сұрақтар (яғни жауап нұсқалары бар сұрақтар) мен ашық сұрақтарды (яғни респонденттерден жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер алуды көздейтін сұрақтар) қамтиды;

      2) жауаптары кейіннен талдау үшін пайдалануға қажет сұрақтарды ғана қамтитын оңтайлы сұрақтар тізбесі қалыптастырылады;

      3) сұрақнамада ашық сұрақтар санының тым көп болуына жол берілмейді;

      4) сұрақтар нақты, айқын, дәйекті түрде қалыптастырылады және бір жауап алуға бағдарланады;

      5) сұрақнамада толтыру жөніндегі қысқаша және түсінікті нұсқаулық қамтылады;

      6) сұрақнама таратылғанға дейін пікіртерім осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пікіртерім жүргізу жөніндегі жадынамаға сәйкес тестілік режимде жүргізіледі.

      67. Құжаттарды шолу әдісі мемлекеттік аудит объектілерінің және қызметтері мемлекеттік аудит объектісінің қызметімен байланысты басқа да мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының құжаттарының мазмұнын зерделеу арқылы ақпарат жинауды жүзеге асыруды болжайды.

      68. Құжаттарды шолу әдісін қолдану арқылы толық және анық ақпараттың жиналуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар мен сарапшылар мынадай нұсқаулықтарды орындайды:

      1) зерделенуі тиіс құжаттардың тізбесі айқындалады;

      2) зерделенетін құжаттар тізбесіне қолданысқа енгізілген құжаттар, сондай-ақ күшін жойған құжаттар немесе құжаттардың жобалық нұсқалары кіреді;

      3) зерделенетін құжаттар (есептік деректер немесе қаржылық құжаттар құжат деректерінде қамтылған ақпараттың анықтығы мен сенімділігі тұрғысынан тексеріледі);

      4) кейіннен талдамалық және аудиторлық рәсімдерге пайдаланылатын құжаттар ережелерінің сипаттамалары және (немесе) аталған құжаттарға сілтемелер қосылған жұмыс файлы (бақылау парақтары) қалыптастырылады.

      69. Инспекциялау әдісі құжаттарға, активтерге немесе мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін белгілі бір ішкі процестерге қатысты тексерулер жүргізуді болжайды. Инспекциялау жүргізген кезде мемлекеттік аудиторлар мен сарапшылар сәйкестік аудиттері және қаржылық есептілік аудиттерінде қолданылатын тәсілдерді пайдаланады. Инспекциялау мемлекеттік аудит объектісі қызметінің зерделенетін аспектілерінің үнемділігіне, тиімділігіне және нәтижелілігіне қатысты аудиторлық есепті қалыптастыру кезінде пайдаланылатын аудиторлық дәлелдемелер жинау үшін жүргізіледі.

      70. Байқау әдісі мемлекеттік аудиторлардың адамдарға, активтерге және оқиғаларға байқау жүргізуіне қатысуын болжайды.

      71. Байқау әдісін қолдану арқылы толық және анық ақпараттың жиналуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар мен сарапшылар мынадай нұсқаулықтарды орындайды:

      1) байқау жүргізу жөнінде қысқаша жадынама әзірленеді;

      2) жоспарланып отырған аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізу үшін ерекше назар аударуды талап ететін байқау нысанасы айқындалады;

      3) байқау жүргізу үшін ең қолайлы уақыт айқындалады;

      4) қатысушылардың жұмысының нәтижелерін бағалау байқаудың мақсаты болып табылмайтындығы туралы байқауға қатысушылардың барлығына хабарланады;

      5) байқау жүргізуге байланысты шектеулер назарға алынады;

      6) жүргізілген байқаудың нәтижелері бойынша құжаттама ресімделеді.

      72. Фокус-топ әдісі - бұл жоспарланып отырған аудиторлық іс-шара шеңберінде зерделенетін проблема бойынша тиімділік аудит бағытымен айқындалған мемлекеттік басқарудың тиісті саласының қатысушылары болып табылатын фокус-топтың мүшелері (жеке тұлғалар) арасында талқылаулар және өзара іс-қимыл ұйымдастыру арқылы ақпарат жинау тәсілін болжайды.

      73. Фокус-топ әдісін қолдану арқылы толық және анық ақпараттың жиналуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудиторлар мынадай нұсқаулықтарды орындайды:

      1) фокус-топтың жүргізушісі айқындалады;

      2) фокус-топтың жүргізушісіне арналған жадынама әзірленеді жүргізушінің мінез-құлқы жөнінде қосымша нұсқамалық өткізіледі;

      3) фокус-топтың құрамы (мәртебесі бойынша тең және тәжірибесі ұқсас жеке тұлғалар) айқындалады және ашық және сенімді қарым-қатынас үшін жайлы (жұмыс) атмосфера ұйымдастырылады;

      4) фокус-топ мүшелерінің кездесулерінің күні, уақыты және ұзақтығы жоспарланады (кездесудің ұсынылатын ұзақтығы - екі сағаттан көп емес);

      5) осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фокус-топпен талқылау жүргізуге арналған жадынамаға сәйкес жазбалар жасалады немесе фокус-топ талқылауларының нәтижелері хатқа түсіріледі.

8-параграф. Аудиторлық есеп пен қорытындыны жасау үшін анықталған фактілерді жүйелендіру

      74. Аудиторлық құжаттама мемлекеттік аудит нәтижелері туралы алдын ала мәліметтері жоқ (не сапа бақылауы барысында) басқа мемлекеттік аудитордың:

      1) мемлекеттік аудиттің мәселелері, өлшемшарттары, ауқымы, тәуекелдердің бағалануы, аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған Аудит бағдарламасы, орындалған аудиторлық рәсімдердің мерзімдері, көлемі және нәтижелері арасындағы байланысты;

      2) аудиторлық қорытындыны немесе мемлекеттік аудитордың пікірін растайтын аудиторлық дәлелдемелерді;

      3) кәсіби пайымның қолданылуын талап еткен негіздерді;

      4) мемлекеттік аудиттің тиісті тұжырымдары мен ұсынымдарын бағалай алуы үшін толық жасалады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      75. Мемлекеттік аудиторлар тиімділік аудитінің өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне тиімділік аудитінің зерделенген бағытының және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қызметінің шынайы жағдайын сипаттайтын фактілерін анықтайды.

      76. Әрбір анықталған факт сенімді әрі жеткілікті аудиторлық дәлелдемелермен расталады. Аудиторлық дәлелдемелер нақты, деректі және талдамалық болуы мүмкін.

      77. Мемлекеттік аудиторлар бірлескен талқылаулар өткізу арқылы және сарапшылардың қатысуымен барлық анықталған фактілерді:

      1) анықталған фактілерді мәнділігі мен маңыздылығы бойынша ранжирлеу;

      2) фрагменттік жағдай болып табылатын немесе жүйелі проблеманың белгісін білдіретін фактілерді анықтау;

      3) мемлекеттік аудит объектісі басшылығының анықталған жүйелі проблемалар туралы хабардар болуын анықтау және анықталған кемшіліктерді жою мен жақсарту жөніндегі ұсынымдарды іске асыруда басқа тараптардың қатысу қажеттілігін айқындау;

      4) анықталған фактілердің себептері мен тиімділік аудит бағытының немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігіне ықпалын айқындау жолымен жүйелендіреді.

      78. Тиімділік аудитін жүргізу кезінде анықталған фактілер:

      1) жақсы практиканың (мемлекеттік аудит саласын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мағыналардың тиімділік аудитінің өлшемшарттарынан оң ауытқулары орын алады);

      2) тиісті практиканың (мемлекеттік аудит саласын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мағыналары тиімділік аудитінің өлшемшарттарына сәйкес келеді);

      3) жағымсыз практиканың (мемлекеттік аудит саласын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мағыналардың тиімділік аудиті өлшемшарттарынан жағымсыз жаққа ауытқулары орын алады) айғағы болып табылады.

      79. Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісінің өкілдерімен және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін басқаруға тартылған басқа да ұйымдармен өткізілген талқылаулар ескеріле отырып дайындалады.

      80. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жасалатын аудиторлық есеп:

      тиімділік аудитінің зерделенген бағытын және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік аудитінің өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне бағалауды;

      тиісті аудиторлық құжаттамаларға сілтемелерді;

      тиімділік аудитінің барлық сұрақтарына қысқа жауаптарды;

      өлшемшарттардан ауытқулар себептері мен (немесе) салдарлары бөлігінде аудиторлық пікірді қамтиды.

      Аудиторлық есепті жасау және ресімдеу тәртібі Қағидаларда айқындалған.

      81. Аудиторлық қорытындылар мен нұсқамаларды жасау, ресімдеу, сондай-ақ ұсынымдарды орындау мониторингін жүзеге асыру тәртібі Қағидаларда айқындалған.

      82. Аудиторлық қорытындыда көзделген тиімділік аудитінің қорытындылары:

      1) сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жолданған нұсқамалардың орындалуын бақылауға жауапты мүшесімен бірлесіп, Қағидаларда көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;

      2) басқа аудиторлық іс-шараның тиімділік аудитінің бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын тексеру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындауын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
1-қосымша
  нысан

Тиімділік аудитінің өзекті тақырыбын айқындау өлшемшарттарын бағалау

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
2-қосымша
  нысан

Тиімділік аудитін жүргізудің анықтама-негіздемесі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
3-қосымша
  нысан

Аудиторлық дәлелдемелердің сапасын бағалаудың бақылау парағы

Сұрақ

"иә" деген жауап

"жоқ" деген жауап

Түсініктеме (ескертпе)

1.

Аудиторлық дәлелдемелер барлық аудиторлық мәселелерге және (немесе) пайдаланылған аудит көрсеткіштеріне қатысты жиналған ба?




2.

Жиналған аудиторлық дәлелдемелер төмендегі талаптарға сәйкестігі мәніне бағаланған ба:




2.1.

қолайлылық




2.2.

негізділік (дәлелдену)




2.3.

сенімділік




2.4.

жеткіліктілік




3.

Қосымша аудиторлық дәлелдемелер жинауға қажеттілікті айқындау бойынша рәсімдер жүргізілген бе?




3.1.

Егер жүргізілсе, қосымша аудиторлық дәлелдемелер жинау бойынша рәсімдер тиісінше жүргізілген бе?




4.

Жиналған аудиторлық дәлелдемелердің талаптарға (2.1.-2.4. тармақтар) сәйкестігі бөлігінде сарапшылармен консультациялар жүргізілді ме?




4.1.

Егер жүргізілсе, пайдаланылған аудиторлық дәлелдемелердің негізділігі бөлігінде сарапшылардан растайтын жауап алынды ма?




5.

Жиналған аудиторлық дәлелдемелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің өкілдерімен талқылау жүргізілді ме?




5.1.

Егер жүргізілсе, пайдаланылған аудиторлық дәлелдемелердің негізділігі бөлігінде мемлекеттік аудит объектісінің өкілдерінен растайтын жауап алынды ма?




      Тиімділік аудиті тобының

      жетекшісі _______________________________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
4-қосымша
  нысан

Аудиторлық іс-шара өлшемшарттарының тізбесі

1.

Тиімділік аудитінің тақырыбы:


2.

Тиімділік аудитінің мақсаты:


3.

Тиімділік аудитінің объектілері:


4.

Тиімділік аудитінің ауқымы:


5.

Тиімділік аудитінің мәселелері:


6.

Базалық өлшемшарттар:


6.1.



6.2.



7.

Арнайы өлшемшарттар:


7.1.



7.2.



      Тиімділік аудиті

      тобының жетекшісі _______________________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-қосымша
  нысан

Аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Тиімділік аудитінің тақырыбы:

Тиімділік аудитінің мақсаты:

Тиімділік аудитінің кіші мақсаты (қажет болған жағдайда):

1-аудиторлық мәселе.

Өлшемшарт

Ақпарат дереккөзі

Тәуекелдер

1.1



2-аудиторлық мәселе.

Өлшемшарт

Ақпарат дереккөзі

Тәуекелдер

2.1.



3-аудиторлық мәселе.

Өлшемшарт

Ақпарат дереккөзі

Тәуекелдер

3.1.



      Тиімділік аудиті тобының

      мүшесі (мүшелері) ___________________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

      Тиімділік аудиті тобының

      жетекшісі ___________________________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
6-қосымша
  нысан

Сұхбат жүргізуге арналған жадынама

  Таныстырылды
Сыртқы мемлекеттік аудит
органының лауазымды адамы
________________________
ТАӘ (болған жағдайда),
________________________
қолы, күні

      Тақырыбы ________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит объектісі: _________________________________________________

      1. Сұхбатқа қатысушы адамдардың тізбесін айқындау

      1.1. Респондент өзінің лауазымдық міндеттеріне орай мемлекеттік аудит объектісінің

      қызметіне тартылған болуы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы болуы тиіс;

      1.2. Респондент аудиторлық іс-шараның мақсаты үшін қажетті білімге және ақпаратқа ие болуы тиіс.

      2. ұхбат сұрақтарын әзірлеу

      2.1. Сұхбат сұрағы ретінде аудиторлық мәселелер немесе аудиторлық іс-шараның

      тақырыбымен және мақсатымен байланысты басқа да мәселелер айқындалуы мүмкін.

      3. Сұхбат сұрақтарын ранжирлеу

      3.1. Жай сұрақтан күрделі сұраққа қарай;

      3.2. Маңыздылығы неғұрлым төмен сұрақтан анағұрлым маңыздырақ сұраққа қарай.

      Сұрақтардың тізбесі:

р/с

Сұрақтың атауы

1.


2.


      4. Қатысушылармен сұхбат күнін, уақытын және ұзақтығын (ұсынылатын ұзақтығы - 30 минут) келісу

      5. Қатысушылармен сұхбат жүргізу тәртібін айқындау және келісу

      5.1. Тиімділік аудитінің және жүргізілетін сұхбаттың мақсаты бойынша түсініктеме;

      5.2. Аудиторлық есепті талдау және қалыптастыру мақсаттары үшін сұхбат деректерін пайдалану бойынша түсініктеме;

      5.3. Сұхбаттың негізгі сұрақтарының тізімін беру;

      5.4. Сұхбаттың хатқа түсірілуін (немесе жазып алынуын) келісу.

      6. Байланыс ақпаратымен алмасу

      7. Жинақталған ақпаратты талдау әдістерін айқындау

      Тиімділік аудиті тобының мүшесі _______________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

      немесе

      Тиімділік аудиті тобының жетекшісі ____________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
7-қосымша
  нысан

Пікіртерім жүргізу жөніндегі жадынама

  Таныстырылды
Сыртқы мемлекеттік аудит
органының лауазымды адамы
_______________________
ТАӘ (болған жағдайда)
_______________________
қолы
____ жылғы "___" __________

      Тақырыбы ________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит объектісі: _________________________________________________

      1. Сауалнамаға қатысушы адамдардың контингентін және санын айқындау

      1.1. Респонденттер мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне тартылған болуы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар және аудиторлық іс-шараның мақсаты үшін қажетті білімге және ақпаратқа ие болуы тиіс;

      1.2. Контингент және пікіртерім респонденттерінің саны іріктеу әдісін қолданумен айқындалуы және пікіртерім нәтижелерін басты жиынтыққа экстраполяциялау мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс.

      2. Пікіртерім жүргізу үшін сұрақнама әзірлеу

      2.1. Пікіртерім жүргізу үшін сұрақтар ретінде аудиторлық мәселелер немесе аудиторлық іс-шарасының тақырыбына және мақсаттына байланысты басқа да мәселелер айқындалуы мүмкін;

      2.2. Сұрақтарды әзірлеу кезінде екі тәсіл пайдаланылуы мүмкін:

      2.2.1. жауап нұсқалары бар сұрақтар,

      2.2.2. ашық сұрақтар;

      2.3. Әрбір сұрақ нақты тұжырымдалуы әрі оны жаңсақ түсіну мүмкіндігін болдырмауы тиіс;

      2.4. Сұрақтардың тізбесіне респонденттің жасын, жынысын және жүргізілетін тиімділік аудитінің мақсаттары үшін маңызды басқа да сипаттамаларын айқындау бойынша сұрақтар енгізілуі мүмкін.

      3. Пікіртерім жүргізу үшін сұрақтарды ранжирлеу

      3.1. Жай сұрақтан күрделі сұраққа қарай;

      3.2. Маңыздылығы неғұрлым төмен сұрақтан анағұрлым маңыздырақ сұраққа қарай (бұдан әрі сұрақнама үлгісін қараңыз).

      4. Пікіртерім жүргізудің күнін, уақытын және ұзақтығын айқындау Жинақталған ақпаратты талдау әдістерін айқындау

      Тиімділік аудиті тобының мүшесі_________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

      немесе

      Тиімділік аудиті тобының жетекшісі ____________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

      Пікіртерім жүргізуге арналған сұрақнама (ҮЛГІ):

      Құрметті респондент!

      Осы пікіртерім _________________________________ мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит

      органы _______________________________________________ тақырыбы бойынша жүргізетін

      тиімділік аудитінің мақсаттары үшін жүргізіледі.

      Толтырылған сауалнаманың деректері құпия болып табылады, жариялануға жатпайды

      және тек жүргізілетін тиімділік аудитінің мақсаттары үшін ғана пайдаланылатын болады

      1-сұрақ.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      жауаптары (ең сай келетін жауапты көрсетіңіз ):

      1.1.

      1.2.

      1.3.

      1.4.

      2-сұрақ

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      жауаптары (ең сай келетін жауапты көрсетіңіз):

      2.1.

      2.2.

      2.3.

      2.4.

      3-сұрақ

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4-сұрақ

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Пікіртерімге қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

  Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
8-қосымша
  нысан

Фокус-топпен талқылау жүргізуге арналған жадынама

  Таныстырылды
Сыртқы мемлекеттік аудит
органының лауазымды адамы
________________________
ТАӘ (болған жағдайда)
________________________
қолы
_____ жылғы "___" __________

      Тақырыбы _______________________________________________________

      Мемлекеттік аудит объектісі: _______________________________________

      1. Фокус-топтың өлшемі мен құрамын айқындау

      1.1 Фокус-топтың қатысушылары аудит объектісінің қызметіне тартылған болуы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы болуы тиіс;

      1.2 Фокус-топтың қатысушылары аудиторлық іс-шараның мақсаты үшін қажетті білімге немесе ақпаратқа ие болуы тиіс;

      1.3. Жасы, жынысы және басқа сипаттамалары бойынша фокус-топтың құрамы кәсіби пайымды қолдану арқылы айқындалады (іріктеу әдісін қолдануға, бір топ мүшелерін айқындауға, ерікті қатысушыларды айқындауға және т.б. рұқсат етіледі);

      1.4. Фокус-топтың ұсынылатын мөлшері - 6-10 адам.

      2. Фокус-топтың модераторы

      2.1. Модератордың негізгі мақсаты - жүргізілетін тиімділік аудиті мақсаты үшін пайдалы болып табылатын түрлі идеяларды туындатуға кепілдік беретін тәсілмен пікірталас ұйымдастыру;

      2.2. Топтың модераторы пікірталас ұйымдастыру бойынша қажетті білімге және дағдыларға ие болуы тиіс.

      3. Фокус-топтың шеңберінде талқылау үшін сұрақтар әзірлеу

      3.1. Сұрақтар ретінде аудиторлық сұрақтар айқындалуы мүмкін;

      3.2. Сұрақтар ретінде аудиторлық іс-шарасының тақырыбына және мақсаттарына байланысты басқа да сұрақтар айқындалуы мүмкін;

      3.3. Фокус-топтың қатысушылары сұрақтарды әзірлеуге қатыса алады;

      3.4. Ұсынылатын сұрақтар саны - 8-10.

      4. Сұхбат сұрақтарын ранжирлеу

      4.1. Жай сұрақтан күрделі сұраққа қарай;

      4.2. Маңыздылығы неғұрлым төмен сұрақтан анағұрлым маңыздырақ сұраққа қарай

      Сүрақтардың тізбесі:

р/с

Сұрақтың атауы

1.


2.


      5. Фокус-топпен талқылаудың күнін, уақытын және ұзақтығын (ұсынылатын ұзақтығы - 45-90 минутқа дейін) келісу

      6. Фокус-топпен талқылау жүргізудің тәртібін айқындау

      6.1. Кіріспе және танысу;

      6.2. Тиімділік аудитінің мақсаты бойынша түсініктеме;

      6.3. Фокус-топпен жүргізілетін талқылаудың мақсаты бойынша түсініктеме;

      6.4. Талдауы және аудиторлық есепті қалыптастыру мақсаттары үшін фокус-топпен талқылаулардың деректерін пайдалану бойынша түсініктеме;

      6.5. Фокус-топпен талқылауларға қатысудың қағидалары;

      6.6. Фокус-топпен талқылаулардың хатқа түсірілуін (немесе жазып алынуын) келісу

      7. Байланыс ақпаратымен алмасу

      8. Жинақталған ақпаратты талдау әдістерін айқындау

      Тиімділік аудиті тобының мүшесі ___________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)

      немесе

      Тиімділік аудиті тобының жетекшісі ________________

      (қолы, ТАӘ (болған жағдайда)


  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
2-қосымша

200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 25.12.2020 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – сыртқы мемлекеттік аудит органдары) жүзеге асыратын сәйкестік аудитін жүргізудің мақсатын, міндеттерін, негізгі кезеңдерін, рәсімдері мен әдістерін айқындайды.

      2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (ИНТОСАИ) халықаралық стандарттарының қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.

      3. Стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сәйкестік аудитін жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілеуі болып табылады.

      4. Стандарттың міндеттері:

      1) сәйкестік аудитін жоспарлауға, жүргізуге дайындалуға, жүргізуге, тұжырымдар мен нәтижелер қалыптастыруға, сондай-ақ қорытындыларының іске асырылуын бақылауға қойылатын талаптарды белгілеу;

      2) сәйкестік аудитін жүргізудің рәсімдері мен әдістерін айқындау;

      3) сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау, аудиторлық есептерге енгізілетін тұжырымдар мен нәтижелерді қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктерді ашу болып табылады.

      5. Стандарттың күші мемлекеттік аудиторлар мен сарапшыларға (аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың мамандары және аудит органдары тиісті бейін бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) қолданылады.

      6. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      өлшемшарттар – негізделген және қолжетімді нормалар, көрсеткіштер, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы тексеріледі;

      базалық өлшемшарттар – сәйкестік аудитін жүргізу кезінде оның бағыттары мен мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне қарамастан пайдаланылатын көрсеткіштер.

2-тарау. Сәйкестік аудитінің мақсаты, міндеттері және негізгі кезеңдері

      7. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің бюджет қаражатының түсуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауы туралы пікірдің негізді түрде білдірілуі болып табылады.

      8. Сәйкестік аудитінің міндеттері мыналар:

      1) сәйкестік аудитінің өзекті тақырыбы мен өлшемшарттарын айқындау;

      2) сәйкестік өлшемшарттарына қол жеткізуге, олардың ауытқу себептерін анықтауға (болған жағдайда) қатысты жеткілікті және сенімді аудиторлық дәлелдемелер жинау;

      3) қажет болған жағдайда, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу бойынша ұсынымдарды әзірлей отырып, тәуелсіз, объективті және құзыретті аудиторлық есеп пен қорытындыны қалыптастыру;

      4) постаудитті жүргізу арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.

      9. Сәйкестік аудитін сыртқы мемлекеттік аудит органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 13-баптарының 2-тармақтарына сәйкес ұсынылған өкілеттіктерге қарай бағыттары бойынша жүзеге асырады.

      10. Сәйкестік аудиті жеке, сондай-ақ қаржылық есептілік аудиті шеңберінде немесе тиімділік аудитімен кешенді түрде жүргізілуі мүмкін.

      11. Сәйкестік аудитін жүргізу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

      1) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау;

      2) жеке мемлекеттік аудит жүргізу және дәлелдемелер жинау;

      3) дәлелдемелерді бағалау және мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу;

      4) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша есептілік.

3-тарау. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау

1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу және аудит бағдарламасы мен тапсырмаларды жасау

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      12. Сәйкестік аудитін жүргізу, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит бағдарламасын және тапсырмаларды жасау үшін топты қалыптастыру тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі осы Стандартқа қосымшада келтірілген.

2-параграф. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау

      14. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу сатысында жүзеге асырылады. Дұрыс айқындалған өлшемшарттар мемлекеттік аудиттің барлық сатысында іске қосылып, аудиторлық қорытындының сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

      15. Сәйкестік аудитінің негізгі базалық өлшемшарттары:

      1) заңдылық – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілеріне сәйкестігі;

      2) анықтық – мемлекеттік аудит объектісінің есептік құжаттамасындағы операциялардың, ақпараттың нақты жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес көрсетілуінің дұрыстығы.

      3) адалдық – мемлекеттік аудит объектісінде әдеп нормаларын және қаржылық басқару қағидаттарын сақтау.

      16. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне қарай айқындалатын өлшемшарттар мынадай сипаттамаларға ие болуы тиіс:

      анықтық (басқа аудитор пайдалану кезінде сол мән-жайларда қарама-қайшы емес тұжырымдарға әкелетін көрсеткіштер);

      толықтық (көрсеткіштер аудит мақсатына жету үшін жеткілікті болып табылады);

      объективтілік (көрсеткіштер біржақты емес және толық әрі анық ақпаратқа негізделген);

      түсініктілік (көрсеткіштер нақты тұжырымдалған және дұрыс түсінбеу қаупін жояды);

      салыстырмалылық (өзге де мемлекеттік аудит органдарының ұқсас аудиторлық тексерулері кезінде қолданылған көрсеткіштерге қайшы келмейтін көрсеткіштер);

      қолайлылық (көрсеткіштер заңнама талаптарымен немесе сарапшылардың пікірімен келісілген);

      қолжетімділік (орындалған аудиторлық қызметтің сипатын, сондай-ақ аудиторлық қорытынды үшін негіздерді түсіну мүмкіндігіне ие болу үшін адресаттарға қолжетімді көрсеткіштер).

      17. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау көздері:

      1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін барлық құқықтық актілер;

      2) кәсіби, техникалық және салалық стандарттар;

      3) уәкілетті органдардың және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің нормативтік және әдіснамалық құжаттары;

      4) халықаралық кәсіптік ұйымдардың әдіснамалық құжаттары;

      5) мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті органдардың және квазимемлекеттік және жеке секторлар ұйымдарының есептік және статистикалық деректері;

      6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;

      7) сәйкестік аудитінің мақсатына, мәніне және мәселелеріне байланысты мәселелер бойынша әдебиет;

      8) сарапшылардың қорытындылары;

      9) интернет-ресурстарда орналастырылатындарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары.

      18. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау барысында мемлекеттік аудиторлар аудиттің әрбір мәселесі бойынша ықтимал бұзушылық тәуекелінің қаншалықты маңызды екенін қарайды. Маңыздылық мәселесі сандық (өлшем) және сапалық (сипаты мен ерекшеліктері) факторларды қамтиды.

      19. Мемлекеттік аудиторлар қолданылуы жоспарланып отырған өлшемшарттардың аудит нысанасын толық көлемде дұрыс көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтуы мүмкін жағдайларда, мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде нақты көрсетілуі тиіс.

      20. Егер мемлекеттік аудиторлар сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау үшін аудит объектісі немесе өзге де мемлекеттік органдар берген материалдарды пайдаланса, онда мемлекеттік аудиторлар тиісті түрде, аудиторлық рәсімдердің көмегімен пайдаланылатын материалдың қолданылатын өлшемшарттарды дұрыс көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс.

      21. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін заңнамада құқықтық олқылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік аудиторлар аудиторлық есепте анықталған құқықтық олқылықтар туралы пікірді көрсетеді.

      22. Әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары анықталған кезде мемлекеттік аудитор "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының ережесін басшылыққа алуы керек, ал шешілмейтін қайшылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік аудитор оларды қолданудың ықтимал салдарларын белгілеуі және аудиторлық есепте қайшылықтар фактілерін көрсетуі қажет.

3-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау

      23. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау мемлекеттік аудиторға ішкі бақылаудың сенімділік дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді және мемлекеттік аудитор жоспарлаған аудиторлық рәсімдердің сипаты мен көлеміне әсер етеді.

      24. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесінде өзгерістердің болғанын-болмағанын зерделейді және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде немесе ортасында болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, бақылау жүйесінің дұрыстығын тексереді.

      25. Мемлекеттік аудитор қаржы-шаруашылық қызметті ретке келтіріп, тиімді жүргізу, активтердің сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттың қателері мен бұрмалануын анықтау, түзету және алдын алу, сондай-ақ анық қаржылық есептілікті дайындау үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы құрал ретінде пайдаланатын шаралар, әдістемелер мен рәсімдер жүйесін қамтитын ішкі бақылау жүйесімен танысады.

      26. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік алған кезде маңызды болуы мүмкін мынадай элементтерге назар аударады:

      1) адалдық және этикалық құндылықтар қағидаттарын сақтау – бақылау құралдарын ұйымдастырудың, әкімшілендірудің және мониторингілеудің тиімділігіне әсер ететін негізгі элементтер;

      2) кәсіби құзыреттілік қағидаттарын ұстану – мемлекеттік аудит объектісі басшылығының белгілі бір лауазымдар үшін кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейін, сондай-ақ бұл деңгей талап етілетін дағдылар мен білімге қалай ауысатынын айқындау;

      3) ұйымдық құрылым – оның шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметі жоспарланатын, орындалатын, бақыланатын және тексерілетін негіз;

      4) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне және есептілік пен өкілеттіктер иерархиясы қатынастарын орнатуға байланысты өкілеттіктер мен жауапкершілікті беру;

      5) білімге баса назар аудара отырып, кадрларды іздеуге қатысты адами ресурстарды басқару саясаты мен практикасы, нәтижелерді мерзімді бағалау негізінде оқыту және жоғарылату саясаты.

      27. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің тәуекелдерді басқару жүйесін, атап айтқанда, қасақана жосықсыз іс-әрекеттер тәуекелін төмендетуге қабілетті қанағаттанарлық бақылау ортасының болуына назар аудара отырып зерделейді.

      28. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметі жұмысының нәтижелерін қосымша ақпарат көзі ретінде қарауы мүмкін.

4-параграф. Тәуекелдерді бағалау

      29. Тәуекелдерді бағалау анықтықты негізделген растауға бағытталған мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік аудитор елеулі бұрмалаушылықтардың аудиторлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау үшін негіздерді қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді бағалау рәсімдерін орындайды.

      30. Аудит бағдарламасында белгіленген шектеулердің салдарынан сәйкестік аудиті талаптарға сәйкес келмеудің барлық фактілерінің анықталатынына кепілдік немесе абсолютті сенімділік бермейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      31. Сәйкестік аудитіне тән шектеулер келесі факторларды қамтуы мүмкін:

      1) заңнама мен нұсқаулықтарды түсіндіруге қатысты басшылықтың субъективті пайымы;

      2) қызметкерлердің қателіктері;

      3) жүйелерді дұрыс жоспарламау немесе олардың тиімсіз жұмысы;

      4) бақылау жүйелерін айналып өту;

      5) дәлелдемелерді жасыру немесе ұсынбау.

      32. Тәуекелдердің туындауына әкеп соғуы мүмкін тәуекелдер мен факторлардың тізбесі аудиттің нысанасына және оны жүргізу мән-жайларына байланысты өзгереді.

      33. Мемлекеттік аудиторлар аудит тәуекелінің үш элементін қарастырады: аудиттің өзіне тән тәуекел, бақылау тәуекелі және аудит тақырыбына және нақты жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты анықтау тәуекелі.

      34. Тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел оқиғаларының туындау ықтималдығы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген оқиғалар басталған жағдайда туындауы мүмкін салдарлар назарға алынады.

4-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу және дәлелдемелерді жинау әдістері

      35. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісіне қатысты пайымдаулары мен қорытындыларын негіздеу мақсатында негізделген аудиторлық дәлелдемелерді алу қажет.

      35-1. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігі мен спецификасын ескере отырып, жеткілікті, сенімді және өзекті аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін кәсіби пайымдауын басшылыққа ала отырып, аудиторлық іріктемені пайдаланады.

      Аудиторлық іріктеу аудит үшін маңызды жиынтықтың жүз пайызынан кем элементтеріне аудиторлық рәсімдерді мемлекеттік аудиторға барлық жиынтық туралы тұжырымдар қалыптастыру үшін орынды негіз ұсынатын әрбір жиынтық элементінің іріктеуге түсу ықтималдығы болатындай етіп қолдануды қамтиды.

      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      36. Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мынадай әдістер қолданылады: байқау және қарау, инспекциялау, сұрау салу, қайта орындау, растау және талдау жұмысы.

      37. Байқау және қарау мемлекеттік аудит объектісі және оның ортасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Байқау және қарау мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін байқау;

      2) мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жөніндегі құжаттарын, материалдарын зерделеу;

      3) басшылық және тиісті өкілеттіктер берілген адамдар дайындаған есептерді зерделеу (тоқсандық есептер және аралық қаржылық есептілік);

      4) ұйымның үй-жайларын және оның өндірістік қуаттарын қарау;

      5) ақпараттық жүйелердегі операциялар мен рәсімдерді қадағалау.

      38. Инспекциялау әдісі есепке алу, есептілік журналдарын және өзге де материалдарды зерделеуді, материалдардың, негізгі құралдардың, активтердің (бұдан әрі – материалдық активтер) нақты бар-жоғын тексеруді қамтиды. Инспекциялау әдісімен мемлекеттік аудит объектісінің есепке алу саясатымен салыстырғанда материалдық активтердің қолданыстағы есебін тексеру үшін есепке алу құжаттары мен есептілік зерделенеді. Материалдық активтерді инспекциялау да түгендеу жүргізуді қадағалаумен сүйемелденетін физикалық тексеруден тұрады.

      39. Сұрау салу мемлекеттік аудит объектісінің құрамында да, оның құрылымынан тыс жерде де тиісті адамдардан ақпарат алуға әрекет жасауды білдіреді. Сұрау салу ресми жазбаша нысанда да, сарапшыларды қоса алғанда, тиісті адамдарға сұхбат, сұрақтар қою нысанында бейресми ауызша талқылау нысанында да жүргізілуі мүмкін. Сұрау салу сауалнамаларды немесе пікіртерім парақтарын дайындауды және таратуды да қамтуы мүмкін.

      40. Сұрау салулар тиісті, ақпаратты білетін адамдарға, яғни ұйымның атынан сөйлеуге немесе пікір білдіруге уәкілеттік берілген басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарға жіберілген кезде тиімді болады.

      41. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесінің бір бөлігі ретінде бастапқыда орындалған рәсімдерді қайта орындауы күмән туындаған және жаңадан ашылған мән-жайлар кезінде жүзеге асырылады.

      42. Растау – бұл мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз үшінші адамнан белгілі бір ақпаратты алудан тұратын сұрау салу түрі. Қажет болған жағдайда сәйкестік аудиті шеңберінде мемлекеттік аудитор:

      1) келісімдерге қатысушылардан тікелей растау;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардан мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін заңнаманың қандай да бір нормасын қалай түсіну керектігін түсіндірме;

      3) аудиторлық тексеру барысында жасалған ауызша мәлімдемелерге қатысты аудит объектісі басшылығынан жазбаша растау алады.

      43. Талдау жұмысы сәйкестік аудитіне әсер етуі мүмкін мәселелерді көрсететін ерекше операциялардың немесе оқиғалардың, сомалар мен коэффициенттердің, үрдістердің болуын анықтау кезінде қолданылады.

      44. Талдау жұмысы көлемі мен күрделілік дәрежесі бойынша әртүрлі: ұқсас деректерді қарапайым салыстырудан бастап статистикалық әдістерді қолдануға дейін болуы мүмкін. Мемлекеттік аудитор жеке алынған баптың/компоненттің сәйкестік аудитінің нәтижелерін растауға мүмкіндік беретін пікірді/есепті/қорытындыны қалыптастыру кезеңінде сәйкестік аудитінің соңына жақын кейбір талдау жұмыстарын орындай алады, сондай-ақ нақты аудиторлық дәлелдеменің жеткіліксіздігін көрсете алады.

      45. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік аудит материалдары түрінде (электрондық жүйеде немесе қағаз жеткізгіште) тиісінше құжаттайды.

5-тарау. Аудиторлық дәлелдемелерді бағалау және мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу

      46. Мемлекеттік аудитор алынған дәлелдемелерді мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарына елеулі сәйкессіздіктің әлеуетті фактілерін анықтау мақсатында маңыздылығын ескере отырып бағалайды.

      47. Мемлекеттік аудиторлар алынған дәлелдер негізінде барлық маңызды мәселелер бойынша аудит мәні туралы ақпарат белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетіндігін бағалайды.

      48. Аудиторлық дәлелдемелерді бағалау кезінде мемлекеттік аудиторлар нақты істің мән-жайларын, сондай-ақ тиісті мәселелердің сандық және сапалық сипаттамаларын ескеретін өзінің кәсіби пайымына сүйенеді.

      49. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкессіздік елеулі болып табыла ма, жоқ па екенін анықтау үшін кәсіби пайымдауды қолдану кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

      1) тиісті сандық көрсеткіштердің маңыздылығы;

      2) мән-жайлар;

      3) сәйкессіздіктің сипаты;

      4) сәйкессіздіктің себебі;

      5) сәйкессіздіктің ықтимал нәтижелері мен салдары;

      6) тиісті бағдарламалардың байқалуы мен осалдығы (мысалы, олар қоғам тарапынан айтарлықтай қызығушылықтың объектісі болып табыла ма, олар халықтың осал топтарына әсер ете ме);

      7) аудиторлық қорытындыны алушылардың қажеттіліктері мен күтетіні.

      50. Сәйкестік аудитін жүргізу кезінде маңыздылықты анықтаудың сапалық аспектісі сандық аспектімен салыстырғанда басым болуы мүмкін, мысалы, келесі бұзушылықтарды анықтау кезінде:

      1) қасақана заңсыз әрекеттер немесе талаптарға сәйкес келмеу;

      2) басшылыққа, мемлекеттік аудиторға дұрыс емес және толық емес ақпарат беру (жасыру);

      3) оларды жасау үшін құқықтық негіздердің жетіспеушілігін түсінуге қарамастан жасалған әрекеттер.

      Мұндай бұзушылықтарды сомасына қарамастан, анықталған жағдайда, мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте ашады.

      51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері Қағидаларда айқындалған нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.

      52. Аудиторлық есепті жасау кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      1) Мемлекеттік аудит бағдарламасында және аудиторлық тапсырмаларда көрсетілген барлық мәселенің көрсетілуінің толықтығы, оларда жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі;

      2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің мазмұнын тұжырымдаудың анықтығы, анықталған бұзушылықтар аудиторлық есептегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады;

      3) баяндалатын материалдың логикалық және хронологиялық реттілігі;

      4) нақты деректерді оларға толық сілтемелер болған кезде тексерілген материалдар (тиісті құжаттар) негізінде ғана баяндау;

      5) анықталған бұзушылықтар маңыздылық, аудиторлық тәуекел деңгейін ескере отырып және іріктемеге сілтеме жасай отырып көрсетіледі.

      53. Аудиторлық қорытынды мен нұсқамаларды жасау, ресімдеу, сондай-ақ ұсынымдардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру тәртібі Қағидаларда айқындалған.

      54. Аудиторлық қорытындыда көзделген сәйкестік аудитінің қорытындылары:

      1) Қағидаларда көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыру;

      2) Сәйкестік аудитінің бағдарламасына басқа аудиторлық іс-шараның мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын тексеру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындағанын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.

  Сәйкестік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына қосымша

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі*

Мәселелер

Ақпарат көздері

1

2

1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)**

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-құқықтық жүйелер

Мемлекеттік аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және мемлекеттік аудит объектісінің қызметін регламенттейтін құжаттар)

Аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы

Құқық қорғау органдарының құқық белгілейтін құжаттарды алып қоюы

Мемлекеттік аудит объектісі бойынша алдыңғы аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Аудиторлық есептер, сыртқы мемлекеттік аудит органының қаулылары және аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар

Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы

Ішкі аудит қызметінің ережесі, аудиторлық іс-шаралардың жылдық жоспары, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тоқсан сайынғы ақпараты)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақтылы және сапалы орындауы

Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тиісті есепті жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит объектісіне қатысты бөлігінде даму жоспарлары, тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің стратегиялық жоспары

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың (іс-шаралар жоспарларының), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит объектісіне қатысты бөлігінде даму жоспарларының, тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің стратегиялық жоспарларының орындалуы туралы есептер

Мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспары (ақпараттық жүйелер)

Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат

Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базалары, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты өтініштері (шағымдары) (болған кезде)

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасасу

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасындағы Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер

Жергілікті атқарушы органдардың бұрын пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомаларын толық пайдалануы

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нысаналы трансферттер қаражатын толық пайдалануға рұқсат беру туралы қаулылары (ақпараттық-құқықтық жүйелер)

Байланысты гранттарды тарту және пайдалану

Байланысты грант туралы келісім, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат, байланысты гранттарды пайдалану бойынша нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі есеп, байланысты гранттарды пайдалану мониторингі

Бюджеттік кредиттерді тарту және пайдалану

Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарттар. Бюджеттік кредиттерді мақсатына сай және тиімді пайдалану, өтеу және қызмет көрсету туралы ақпарат

Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған сыртқы қарыздар қаражатын игеру және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру туралы ақпарат, мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатын игеру туралы жиынтық есеп

Тартылған қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалардың қымбаттауы

Тартылған қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалардың қымбаттауы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын қарыз шарттары шеңберінде Қарыз қаражатын пайдалану мониторингі

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын жобалар туралы ақпарат

Үкіметтік қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операциялар

Үкіметтік сыртқы қарыздардың қолданыстағы портфелін игеру, өтеу және қызмет көрсету туралы ақпарат

      Ескертпе:

      *Аталған тізбе толыққанды болып табылмайды. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында қосымша құжаттар және (немесе) ақпарат сұратылуы мүмкін.

      ** Алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер және сәйкестік аудитіне жататын мемлекеттік аудиттің тиісті мақсаты бойынша қосымша зерделенеді.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
3-қосымша

600. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 14.02.2019 № 2-НҚ нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды (бұдан әрі – Сарапшылар) тарту бойынша рәсімдік талаптарды қамтиды.

      2. Стандарттың мақсаты сарапшыларды тарту, сапалы аудиторлық іс-шараны қамтамасыз ету үшін бірыңғай әдіснамалық тәсіл белгілеу және мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелерін арнайы білімді талап ететін мәселелер бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындыларымен растау болып табылады.

      3. Стандарттың міндеті сыртқы мемлекеттік аудитті, сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу үшін Сарапшыларды тарту және олардың жұмысының нәтижелерін пайдалану рәсіміне қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.

      4. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылатын сарапшылардың, егер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделсе, тиісті рұқсаты (лицензиясы) болады.

      Жұмыс тәжірибесімен қажетті біліктілікке ие мамандары бар заңды тұлғалар немесе қажетті біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлғалар Сарапшылар болып табылады.

      5. Мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік аудит жүргізілетін саладағы теориялық және тәжірибелік дағдыларын меңгерген арнайы білімі, тәжірибесі талап ететін жұмыстарды орындау, сондай-ақ сапалы мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын қамтамасыз ету және мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелерін тәуелсіз сараптаманың қорытындыларымен (бұдан әрі – Қорытынды) растау қажет болатын жағдайларда, мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге сарапшылар тартылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.04.2022 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне немесе сараптамалық-талдау іс-шарасына бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау бойынша қызметтер көрсеткен, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісімен, сараптамалық-талдау қызметімен мүдделер қақтығысы бар адамдар Сарапшылар бола алмайды. Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында сарапшылар үлестестіктің жоқтығы туралы мәлімет ұсынады.

      7. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу кезінде тартылатын Сарапшылар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.06.2021 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2-тарау. Стандарттың негізгі қағидаттары, сыртқы мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу үшін Сарапшыларды тарту тәртібі

      8. Стандарттың негізгі қағидаттарына:

      1) анықтық – сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудиттің нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;

      2) тәуелсіздік – Сарапшының қызметіне араласуға жол бермеу, сондай-ақ оның мемлекеттік аудит объектісімен немесе сараптамалық-талдау іс-шарасымен мүдделер қақтығысының болмауы;

      3) объективтілік – Сарапшылардың кез келген кәсіби мәселелерді қарастыруда және пікірлер, тұжырымдар мен қорытындылар қалыптастыруда алаламау, турашылдық және дербес, қандай да бір ықпалға түспеген тәсіл қолдануы;

      4) адалдық – Сарапшылардың кәсіби қызметтерін тиісті тыңғылықтылықпен, мұқияттылықпен, жеделдікпен және өз қабілеттерін тиісінше пайдалана отырып көрсетуі;

      5) кәсіби мінез-құлық – қоғамдық мүдделердің басымдықтарын сақтау, Сарапшының мамандықтың жоғары беделін қолдауы және сарапшылық (аудиторлық қызмет) көрсетумен сыйыспайтын, Сарапшыларға немесе аудиторлық кәсіпке құрмет пен сенімді жоятын, оның қоғамдық имиджіне залал келтіретін әрекеттерден бас тарту.

      9. Сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартудың қажеттілігі:

      1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған өтінім жасауы;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

      3) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу;

      4) сараптамалық-талдау іс-шарасына сарапшыларды тарту үшін Жоғары аудиторлық палатаның тиісті жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру;

      5) аудиторлық іс-шараны жүргізу барысы кезінде айқындалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Тиісті шарттар жасай отырып, сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу рәсімдерді жүргізу мерзімдері мен осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты ескеріле отырып, азаматтық заңнаманың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Жоғары аудиторлық палатаның хаты негізінде сарапшылар ретінде өтеусіз негізде олардың келісуі бойынша мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері, соның ішінде әдіснамалық құжаттардың жобаларын пилоттық режимде тестілеу үшін тартылады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының хаты негізінде сарапшылар ретінде өтеусіз негізде олардың келісуі бойынша мемлекеттік органдардың мамандары тартылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      11. Сарапшылар мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге:

      1) сарапшыларды Аудит бағдарламасына сәйкес оларға тапсырма беру үшін жоспарланатын нақты мәселелер қойыла отырып, мемлекеттік аудит тобының немесе сараптамалық-талдау іс-шарасының құрамына қосу;

      2) сараптамалық-талдау іс-шарасын өткізу кезінде оның бағдарламасына жекелеген мәселелерді қосу жолымен тартылады.

      Сарапшылар мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге қашықтықтан қатыса алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3-тарау. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу үшін тартылған Сарапшылардың қызметін жүзеге асыру

      12. Сарапшылар:

      1) мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамында мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының жетекшісіне күн сайын ауызша есеп береді, апта сайын соңғы жұмыс күні қорғалған байланыс арналары арқылы немесе хабарламалы тапсырыс хатпен осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және (немесе) өзге де келісілген нысан бойынша есепті күнге толтырылып (жасалып), Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасының бағдарламасын (тапсырманы) сарапшылардың орындау барысы туралы өздері қол қойған апта сайынғы есепті (бұдан әрі – апта сайынғы есеп) мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының жетекшісіне, мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына және Жоғары аудиторлық палатаның (тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты мүшесіне жібереді;

      2) берілген жеке тапсырма бойынша мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының жетекшісіне, мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына және Жоғары аудиторлық палатаның (тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты мүшесіне күн сайын ауызша есеп береді және апта сайын соңғы жұмыс күні қорғалған байланыс арналары арқылы немесе хабарламалы тапсырыс хатпен есепті күнге толтырылып (жасалып), өздері қол қойған апталық есепті жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Сарапшылар мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу кезінде оларға белгілі болған материалдар мен ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтайды.

4-тарау. Сарапшылар қызметінің нәтижелерін пайдалану

      14. Сарапшылар қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиттің немесе сараптамалық-талдау іс-шарасының және Сарапшыларды тартудың мақсатына қол жеткізілгенін растау үшін олар осы Стандартқа, Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасына және шартқа сәйкес ресімдеген, қайталаулар мен түрлі түсіндірулерсіз жазылып, жеткілікті аудиторлық дәлелдемелермен бекітілген, толық және анық ақпаратты қамтитын Қорытынды, құжаттар мен материалдар дайындалады.

      Сарапшылардың қорытындысы төрт данада (екі данасы – жеке Қорытынды не аудиторлық есепке қорытынды, бір данасы – хаттамаға не әкімшілік іс қозғау үшін жіберілген материалдарға, бір данасы – орындалған жұмыстар актісіне) жасалады.

      15. Сарапшылар Қорытынды мен басқа да материалдарды дайындау кезінде талдау, салыстыру, бағалау, тексеру, тексеріп-қарау, инспекциялау, байқау, сұрау салу, талдамалық бақылау әдістерін пайдаланады, бірақ олармен шектелмейді.

      16. Сарапшылардың Қорытындысы Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы бағдарламасының мәселелерінің тізбесіне сәйкес жасалады.

      Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Қорытындыдағы жазбалардың анықтығын растайтын құжаттардың түпнұсқасының деректемелеріне қажетті сілтемелер, сондай-ақ ережелері бұзылған құқықтық актілердің құрылымдық элементтері көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады.

      Егер Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы бағдарламасының мәселесі бойынша, талдамалық сипаттағы мәселелерді қоспағанда, бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмаған болса, Сарапшы:

      1) Қорытындыда анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жоқ екендігін көрсете отырып, жүргізілген жұмыстың нәтижелерін көрсетеді;

      2) Қорытындыға мемлекеттік аудитке (тексеру) немесе сараптамалық-талдау іс-шарасына ұшыраған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, олардың тізбесін қоса береді.

      17. Сарапшылардың Қорытындысында әрбір бұзушылық фактісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары мен олқылықтары ережелері бұзылған құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасала отырып, бұзушылықтың сипаты мен түрін сипаттау арқылы реттілік тәртібімен нөмірленеді және жеке тармақпен тіркеледі. Заңнама бұзушылықтарын, кемшіліктері мен олқылықтарын сипаттауда Қорытындыға қосымша болып табылатын, оның атауы мен реттік нөмірін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды растайтын құжатқа сілтеме жасалады.

      18. Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасы тобының құрамына кірген Сарапшылар қызметінің нәтижелері мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша және (немесе) оған қосымша ретінде ресімделетін аудиторлық есепке қысқаша қорытындылар енгізу үшін аудиторлық іс-шараның аяқталған күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит тобының жетекшісіне беріледі.

      Аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасының тобына енгізілген Сарапшылар аудиторлық есепке өздерінің қорытындыларын қоса берген кезде аудиторлық есепке қол қоймайды.

      Қорытындының жеке тапсырманың негізінде ресімделген екінші данасы аудиторлық іс-шараның аяқталған күнінен кешіктірмей, Қорытындыны мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің кіріс хат-хабарларды есепке алу жүйесінде тіркей отырып, не пошта арқылы хабарлау арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің басшысына (лауазымды адамына) тапсырылады.

      Қорытындының бірінші данасын тіркеу бірінші парақтың мұқаба жағында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің мөртабаны немесе мөрі (болған жағдайда) қойыла отырып, мемлекеттік аудит объектісінің күні мен кіріс нөмірін қою жолымен жүзеге асырылады.

      19. Қорытындыны дайындаған Сарапшылар Қорытындыға қол қояды және әр парағын дәйектейді. Егер сарапшылар ретінде заңды тұлға қатысатын болса, Қорытындыны Сарапшылар дәйектейді және қол қояды, заңды тұлғаның басшысы мөр (болған жағдайда) баса отырып, қол қояды. Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге Сарапшы қатысқан жағдайда соңғы парақта келісімімен Сарапшылардың қызметі жүзеге асырылған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының лауазымдары, тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

      20. Сарапшылардың жинаған дәлелдемелері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық талдау іс-шарасы объектісінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді негіздейді және Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделеді.

      21. Қорытындының нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық талдау іс-шарасы объектісінің басшылығы Қорытындыға жазбаша қарсылықтарын қол қойылған Қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық талдау іс-шарасы объектісіне тапсырылған күннен бастап, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Жоғары аудиторлық палатаға (тексеру комиссиясына) ұсынады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі ұсынған жазбаша қарсылықтарды Қорытынды тапсырылғаннан кейін сарапшылар дереу Қорытындыға қосады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      22. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық талдау іс-шарасы объектілерінен Қорытындыға қарсылықтар осы Стандарттың 21-тармағында көзделген мерзімде түскен жағдайда, сарапшылар қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, қарсылықтар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәжделген жауап дайындайды.

      Қорытындыға көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен қарсылықтарға жауап жіберілмейді. Сарапшылар қарсылықтың әр тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (тексеру комиссиясының) осы аудиторлық іс-шараға жетекшілік ететін мүшесіне уәжделген жауап дайындайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      23. Сарапшылар Қағидаларда айқындалған ішкі сараптамалардан өтуді ескере отырып, жиналған дәлелдемелер негізінде аудиторлық қорытындыға және жиынтық тізілімге тұжырымдар мен ұсынымдарды қалыптастырады.

      Сарапшылар мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасы барысында алынатын немесе жасалатын құжаттарды үшінші адамдарға беру не болмаса оларда қамтылған мәліметтерді ауызша жариялау құқығынсыз олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      24. Қорытынды электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұсынылады, төмендегілер көрсетіле отырып, Сарапшының жеке мөртабанымен немесе мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады:

      1) Сарапшылардың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы мен деректемелері;

      2) Қорытындының жасалған күні, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің немесе сараптамалық талдау іс-шарасының атауы, сараптама жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың тізбесі;

      3) Сарапшылар жүргізген жұмыстың көлемі;

      4) Сарапшылар жұмысының тәсілдері мен әдістері;

      5) сараптама жүргізуге байланысты шешілмеген мәселелер тізбесі;

      Қорытынды мынадай жолмен ресімделеді:

      1) қаріп – Times New Roman;

      2) қаріптің мөлшері – 14, кестелік материалдарда – 12;

      3) жоларалық интервал – бір жолдық;

      4) беттің жиектері: сол, жоғарғы және төменгі – 2,5 сантиметр, оң – 1,5 сантиметр;

      5) абзацтық шегініс – 1,27 сантиметр;

      6) сөздер тасымалданбайды;

      7) беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді;

      8) кестелік ақпарат MS Excel форматында ұсынылады, қосымшалар ретінде диаграммалар мен слайдтарды пайдалануға рұқсат етіледі.

      25. Сарапшылардың қызметі сыртқы мемлекеттік аудит органдарының Қаулысына (Нұсқамасына) қол қойылғаннан кейін аяқталған болып саналады. Сарапшылар олардың Қорытындысына негізделген (қажет болған жағдайда) тұжырымдар мен ұсынымдар бойынша жазбаша түсініктер беру жолымен оларды бақылаудан алып тастағанға дейін сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      Сарапшылардың қызметіне ақы төлеу орындалған жұмыстардың актісі негізінде жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Осы тараудың ережесі осы Стандарттың 19-тармағын, 23-тармағының екінші бөлігін, 24-тармағын, 25-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, дербес іс-шара ретінде сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған Сарапшылардың қызметіне қолданылмайды.

  Мемлекеттік аудитті және
сараптамалық-талдау
іс-шараларын жүргізуге
аудиторлық ұйымдар мен
сарапшыларды тарту бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
қосымша
  нысан

Сарапшылардың Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын (тапсырманы) орындау барысы туралы апта сайынғы есеп

      Аудиторлық іс-шара: "___________________________________________________________"

      Жүргізу мерзімі: басталған және аяқталған күні: 20___ жылғы _____ - _____________ аралығы

      Мемлекеттік аудиттің типі: ________________________________________________________

Есепті күнге белгіленген (жинақтық – мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің басталуынан аяқталуына дейін)

проблемалық мәселелер және олардың қысқаша сипаттамасы

қаржылық бұзушылықтар (мың теңге)

өзге де бұзушылықтар, соның ішінде рәсімдік

бұзушылық түрінің қысқаша сипаттамасы, соның ішінде құқықтық актілердің бұзылған ережелеріне сілтеме жасай отырып, бұзушылықтар сомалары бөлінісінде

Ескертпе

1

2

3

4

5

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық талдау іс-шарасы объектісінің атауы және оның орналасқан жері, Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____ Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық- талдау іс-шарасы бағдарламасының (тапсырманың) "______" мәселесі бойынша






Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау немесе сараптамалық-талдау іс-шарасы объектісінің атауы және оның орналасқан жері, Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____ Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасы бағдарламасының (тапсырманың) "______" мәселесі бойынша






      Сарапшының (сарапшылардың) тегі мен аты-жөні _______________________

  (қол(дар)ы)
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
4-қосымша

700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 03.12.2020 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 19-бабына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша процедуралық талаптар

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес деп тану рәсімін мынадай жағдайларда:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде жоспарлы тәртіппен;

      2) аудиторлық іс-шара шеңберінде:

      аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиттің бағдарламалық мәселелері Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келген жағдайда, Заңға сәйкес қалыптастырылған Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу кезінде;

      басқа мемлекеттік аудит органының аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиторлық іс-шарамен қамтылған бағдарламалық мәселелері бойынша Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталған мемлекеттік аудит объектілерінде тиімділік, сәйкестік мемлекеттік аудит жүргізу барысында;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі аудиттерінің нәтижелеріне қатысты республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу барысында (бұдан әрі - қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудиті) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Жоғары аудиторлық палатаның сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Аудиторлық іс-шара шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мемлекеттік аудиторлар объектілерді алдын ала зерделеу мерзімдерінде немесе мемлекеттік аудит объектісінде тікелей аудит жүргізген мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит объектісінде аудит жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану аудит материалдарын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Аудит материалдарына аудиторлық есеп, анықталған бұзушылықтардың тізілімі жатады.

      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік аудит нәтижелерін тану аудит объектісіндегі мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Қайта тексеру аудиторлық іс-шара болып табылады және оны жүргізу тәртібі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) регламенттелген.

      7. Тиімділік, сәйкестік мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану рәсімі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы тұрғысынан мынадай:

      1) Аудит бағдарламасында көзделген қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелерді (қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелердің отыз пайызынан астамын) қамтудың және ашудың толықтығы;

      2) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;

      3) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);

      4) мемлекеттік аудитті жүргізу барысында анықталмаған және аудиторлық есепте көрсетілмеген бұзушылықтар фактілерінің белгіленуі, бұзушылықтарды тіркеу бойынша талаптарды сақтамау (екі және одан да көп фактілер бойынша);

      5) анықталған бұзушылықтардың жіктелуінің дұрыстығы өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) негізінде жүргізіледі.

      Аудиторлық есеп осы тармақта көзделген үш және одан да көп өлшемшарттар бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелерін тану рәсімі мынадай:

      1) шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікір білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілік аудитімен компоненттерді қамтудың жеткілікті болуы;

      2) операциялардың белгілі бір кластары, шоттар сальдосы мен ашып көрсетулер үшін бекітулер деңгейінде елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелдеріне бағалау жүргізу;

      3) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;

      4) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);

      5) анықталған бұзушылықтардың жіктелуінің дұрыстығы;

      6) қаржылық есептілік бойынша білдірілген пікірдің негізділігі өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.

      Аудиторлық есеп:

      1) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген екі және одан да көп өлшемшарттар бойынша;

      2) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      9. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану кезінде басқа мемлекеттік аудит органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдары негізге алына отырып, мемлекеттік аудит көлемі қысқартылады. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану туралы шешім Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы және (немесе) аудиторлық есеп туралы ақпаратта (бұдан әрі – Аудит нәтижелері туралы ақпарат) көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау кезінде танылмаған жағдайларда осы Рәсімдік стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытынды жасалады. Аудиторлық іс-шараға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісін мемлекеттік аудит нәтижелерін танымағаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ тиісті ақпаратты Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға белгіленген тәртіппен енгізеді.

      Осы мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шара Аудит бағдарламасына және мемлекеттік аудиторлардың Аудиторлық тапсырмаларына сәйкес жүргізіледі.

      Сараптамалық қорытынды мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі және Аудит нәтижелері туралы ақпараттың ажырамас бөлігі болып табылады.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне танымау қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

________________________________________________________________________________ (аудиторлық есептің атауы, оның деректемелері)

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәніне өлшемшарттар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеудің анықталған фактілері

1



2



      Тұжырым: ______________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін тану рәсімін жүргізген мемлекеттік аудиторлар: ________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша

750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапаны бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) Сапа бақылауын жүргізу бойынша халықаралық стандарттарының (ISSAI) қолайлы ережелері негізінде әзірленді.

      2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – сыртқы МАҚБ органдары) жүргізетін мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттардың, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      3. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген, бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) сәйкестігі тұрғысынан өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттарға тұрақты тексерулер және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің, мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары қызметінің, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      сапа бақылауы – мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының, мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың жасайтын құжаттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың Жалпы және рәсімдік стандарттарында, сондай-ақ МАҚБ қағидаларында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру мен (немесе) талдау түсініледі.

      6. Сапа бақылауын жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) тәуелсіздік – жұмыскерлердің сапа бақылауын жүзеге асырған кезде олардың қызметіне кез келген араласуға жол бермеу;

      2) объективтілік – сапаны бақылауын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жүргізу, сапа бақылауын жүргізу және сапа бақылауы қорытындыларын ресімдеу кезінде құжаттамалық негізделген және расталған тұжырымдармен бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болғызбау;

      3) айқындық – сапаны бақылауы нәтижелерін баяндаудың анықтығы, сапаны бақылауды жүргізудің барлық мүдделі тараптар үшін оның нәтижелерінің түсініктілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін әдістері мен өлшемшарттарын қолдану;

      4) құзыреттілік – сапа бақылауын жүзеге асыру үшін жұмыскерлердің қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларының жиынтығы;

      5) анықтық – сапа бақылауының нәтижелерін құжаттардың түпнұсқаларымен немесе олардың сканерленген нұсқаларымен, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілерге сілтемелермен растау.

2-тарау. Сапа бақылауын ұйымдастыру

      7. Сыртқы МАҚБ органдарының басшылары мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының өздерінің қызметі барысында жасайтын құжаттарды МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне үнемі тексеру жүргізу және (немесе) талдау жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      8. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа (бұдан әрі – Әдіснамалық басшылық) сай сапа бақылауына жататын аудиторлық іс-шаралардың тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Сапа бақылауын:

      1) аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде – сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше;

      2) аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше);

      3) аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жүзеге асырады.

      Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Сапа бақылауын жүргізудің қажеттілігі мен мерзімділігі, сондай-ақ сапа бақылауын жүргізудің мерзімі мен ұзақтығы оның жеделдігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

      11. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және мемлекеттік аудит тобының басшысы өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша құжаттарды жасаудың тиісінше сапасын қамтамасыз ету қызметін бақылау жөнінде шаралар қабылдайды.

      12. Сыртқы МАҚБ органдарының жұмыскерлері сапа бақылауын және заң сараптамасын жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде қажетті құжаттарды уақтылы және толық көлемде орналастырады.

      13. Сапа бақылауын жүзеге асыру барысында оны жүргізу бойынша кедергілер туындаған кезде, соның ішінде қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат болмаған және/немесе орналастырылмаған жағдайда, сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшылары бұл туралы сыртқы МАҚБ органының басшысын хабардар етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      14. Сапа бақылауын, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      15. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше):

      1) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратқа, Аудит бағдарламасының жобасына;

      2) Аудиторлық қорытындының, Қаулының және Нұсқамалардың, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте), Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) жобаларына;

      3) сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлкеттік аудит объектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың ақпаратына сапа бақылауын жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      15-1. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше):

      1) растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептердің (Аудиторлық есептердің), оларға қоса берілген Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің (бұдан әрі – Тізілім), Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестелерінің (бар болса) (бұдан әрі - Жүйелі кемшіліктер кестесі) жобаларына;

      2) тартылған сарапшылардың қорытындыларына (материалдарына) сапа бақылауын жүзеге асырады.

      Ескерту. Стандарт 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Аудиторлық есептердің (Аудиторлық есептердің), оларға қоса берілген Тізілімдердің, Жүйелі кемшіліктер кестесінің жобаларына, Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулы мен нұсқамалардың жобаларына МАҚБ қағидаларына, сыртқы МАҚБ органының регламентіне, сондай-ақ осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес заң сараптамасын жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      17. Сапа бақылауына сыртқы МАҚБ органдарының аудиторлық қызметінің дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының барлық қызметі, осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес өлшемшарттар негізінде мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.

      18. Сапа бақылауын жүргізудің ішкі тәртібін нақтылау және оларды жүргізу бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта белгіленеді.

3-тарау. Аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінің сапасын бақылау

      19. Мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, Аудит бағдарламасының жобасын, сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің (Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілген кезде) қызметтік жазбасын мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      20. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) осы Стандарттың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың қолданыстағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының және МАҚБ қағидаларының талаптарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      21. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) оларды алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде сыртқы МАҚБ органының мүшесіне сараптамалық қорытындыны енгізеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

4-тарау. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің негізгі кезеңінің сапасын бақылау

      22. Мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Жүйелі кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің жобалары және басқа да қосымшалары (болған жағдайда) мемлекеттік аудит тобының жетекшісі (мемлекеттік аудитор) аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны аяқтағаннан кейін сыртқы МАҚБ органының регламентінде көзделген тәсілдермен сыртқы МАҚБ органына жібереді.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), Тізілімдер және оларға қоса берілген Жүйелі кемшіліктер кестелері бойынша сапа бақылауы рәсімі және заң сараптамасы жүргізіледі.

      Заң сараптамасы аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер) және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сыртқы МАҚБ органының регламентінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 22.08.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      23. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының кеңсесінде тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептің (Аудиторлық есептің) жобасына сапа бақылауы рәсімін жүргізеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      24. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сапа бақылауы бекітілген өлшемшарттары бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға және нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасай отырып, нақты фактілерді көрсете отырып, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілерін көрсетеді.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер) бойынша сапа бақылауының нәтижелері мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 22.08.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) заң сараптамасы шеңберінде бұзушылықтар тізілімінде тіркелген бұзушылықтар бойынша аудиторлық дәлелдемелердің бар-жоғы мен толықтығына, заңнаманы қолданудың (бұзушылықтарды саралау кезінде) дұрыстығына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына баға береді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      26. Аудиторлық есептердің және оларға қоса берілген құжаттардың (соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың басқа органдарымен бірлескен тексерулер бойынша аудиторлық есептердің) жобаларына (аудиторлық есептер) сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың әрбір органының аудитке ұшыраған мәселелер шеңберінде жеке-жеке бірлескен тексерулер бойынша) қалыптастырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      27. Аудиторлық есеп осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған өлшемшарттар бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы МАҚБ органының басшысы мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігін айқындайды.

5-тарау. Мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау

      28. Мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде тартылатын сарапшылар Заң нормаларын, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарында және МАҚБ қағидаларында белгіленген талаптарды басшылыққа алады.

      29. Мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау аудиторлық есептер жобаларының (аудиторлық есептер) сапасын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

6-тарау. Аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінің сапасын бақылау

      30. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының отырысы өткізілгенге дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жібереді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, кейіннен заң сараптамасының қорытындысы сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауын жүргізуге және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысының, Жиынтық тізілімінің, Жиынтық кестесінің, Қаулысы мен Нұсқамасының жобалары бойынша заң сараптамасы бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, пайдалану фактілері бөлігінде, сондай-ақ ұсынымдар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.

      Заң қорытындысында Аудиторлық қорытындының ұсынымдары мен тапсырмалары мазмұнының заңнама талаптарына сәйкестігі туралы, соның ішінде нұсқаманың атаулылығы бойынша мәселелер көрсетіледі.

      Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру үшін Аудиторлық қорытындыдағы Жиынтық тізілімде жазылған бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды ұсынылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      32. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапа бақылауы келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге сараптамалық қорытынды жіберіледі.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобаларына сапа бақылауының нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыны қарау, сондай-ақ сыртқы МАҚБ органының отырысына материалдарды дайындау сыртқы МАҚБ органының регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 22.08.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.01.2024 № 1-НҚ (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

7-тарау. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен Аудиторлық қорытындыда) қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың (Қаулылардың) тармақтарын іске асырудың орындалу сапасын бақылау

      33. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік аудит объектілерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан келіп түскен ақпарат бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен бірлесіп, ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мыналардың уақтылылығы мен толықтығы тұрғысынан бақылау мен талдауды жүзеге асырады:

      1) аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпаратты және оларды қарау мен шешім қабылдау туралы растайтын құжаттарды қарауы.

      Үкіметтің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды орындауы туралы ақпаратты олардың орындалуына жауапты мемлекеттік орган (квазимемлекеттік сектор субъектісі) бақылаудан алу не оларды орындау мерзімдерін ұзарту туралы мәселені қарау үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органына жібереді.

      Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды және сыртқы МАҚБ органы нұсқамаларының (қаулыларының) тармақтарын бақылаудан алу үшін негіздер МАҚБ қағидаларымен регламенттеледі.

      2) нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарының орындалуы, соның ішінде Нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат және растайтын құжаттар.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.01.2024 № 1-НҚ (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      34. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы қызметтік жазбаның жобасын енгізеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      35. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдарды және нұсқамалардың құқықтық сипаттағы тармақтарын (сот талқылауларына қатысу, заңнаманы жетілдіру) орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы мен сұрау салу жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) келісіледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
6-қосымша

900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 27.03.2024 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы жедел ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастыруына және ұсынуына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихатына және әкіміне ұсынылатын ақпаратты қалыптастыруына және ұсынуына қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      2. Рәсімдік стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит органдарының ақпаратты қалыптастыруына және ұсынуына бірыңғай тәсілдерді және рәсімдерді белгілеу болып табылады.

      3. Осы Рәсімдік стандарттың күші сыртқы мемлекеттік аудит органдарының құрылымдық бөлімшелеріне және лауазымды адамдарына қолданылады.

      4. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

      1) сенімділік – ұсынылатын ақпараттың анықтығы және онда қателердің болмауы;

      2) толықтық және ашықтық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;

      3) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі және түрлі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) ақпаратын салыстыру мүмкіндігі;

      4) уақтылылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.

2-тарау. Сыртқы мемлекеттік аудит органының қызметі туралы ақпаратты дайындау және ұсыну

1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдері

      5. Ақпаратты дайындау үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржы министрлігі), сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы талдамалық есептер;

      2) Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің деректері;

      3) Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары;

      4) осы Рәсімдік стандартқа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес ұсынылатын есепті кезеңдегі сыртқы мемлекеттік аудит органдары, тексеру комиссиялары қызметінің түйінді көрсеткіштері, тексеру комиссиялары мемлекеттік аудитпен қамтыған объектілер саны мен қаражат көлемі, тексеру комиссиялары анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілері бұзушылықтарының көлемі, тексеру комиссиялары анықтаған қаржылық бұзушылықтардың көлемі, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілген (өтелген) және қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сомалардың көлемі, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың орындалуы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің түйінді көрсеткіштері, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түскен түсімдер туралы ақпарат;

      5) Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бірлесіп бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтерінің жұмыс көрсеткіштері туралы ұсынылатын ақпарат;

      6) Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      7) тиісті мемлекеттік органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысандағы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы жедел есептілігі мен ақпараты дереккөздер болып табылады.

      Осы Рәсімдік стандарт бойынша ұсынылатын есептік деректердің толықтығын, анықтығын және уақтылылығын тексеру комиссияларының төрағалары қамтамасыз етеді.

      6. Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – Департамент) жұмыстың негізгі қорытындылары және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат ұсынады. Ұсынылатын ақпарат: сандық және сапалық көрсеткіштерді, жетекшілік ететін салалар бойынша проблемалық мәселелерді, Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, алдағы міндеттерді, сондай-ақ өзге де ұсыныстарды қамтиды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе Жоғары аудиторлық палата Төрағасының тапсырмасы (сұрауы) бойынша Департамент ақпарат ұсынудың өзге де мерзімдерін белгілейді.

      7. Департамент тексеру комиссияларынан алынған ақпараттың негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жиынтық ақпарат қалыптастырады.

      8. Департамент құрылымдық бөлімшелерден, тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 2-күнінен кешіктірмей ақпарат жобасын қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелерге, аппарат басшысына, Жоғары аудиторлық палата мүшелеріне келісуге жібереді.

      9. Ақпаратты ұсыну мерзімінен бес жұмыс күні бұрын Департамент Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпараттың жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының атына ілеспе хаттармен бірге Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қарауына енгізеді.

      Жоғары аудиторлық палатаның есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Ақпарат беру кестелерімен бекітілген мерзімдерде, Парламентке есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

2-параграф. Тексеру комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихатына және әкіміне ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен ұсыну мерзімдері

      10. Ақпаратты дайындау көздері:

      1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы талдамалық есептер;

      2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері;

      3) тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары;

      4) тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесі;

      5) тиісті мемлекеттік органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысандағы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы жедел есептілігі мен ақпараты дереккөздер болып табылады.

      11. Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелері есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жұмысының негізгі қорытындылары және қол жеткізген нәтижелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсынады. Ұсынылатын ақпарат: сандық және сапалық көрсеткіштерді, жетекшілік ететін салалар бойынша проблемалық мәселелерді, тексеру комиссиясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды, алдағы міндеттерді, сондай-ақ өзге де ұсыныстарды қамтиды. Тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше ақпарат ұсынудың басқа да мерзімдерін белгілейді.

      12. Ақпаратты ұсыну мерзімінен бес жұмыс күні бұрын есептілікті дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаты хатшысының және әкімінің атына ілеспе хатпен тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпараттың жобасын тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің қарауына енгізеді.

      13. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше тиісті мәслихатқа және әкімге тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің қолы қойылған ілеспе хат пен ақпаратты тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша ағымдағы бағалау нәтижелері облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың мәслихаттары мен әкіміне ұсынылуы мүмкін.

3-параграф. Ақпараттың құрылымы мен мазмұны

      14.Ақпарат тоқсан сайынғы негізде ұсынылады және сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі қызметін сипаттайтын деректерді, есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері туралы жалпыланған қорытындыларды қамтиды және мынадай бөлімдерден тұрады:

      I. Кіріспе.

      II. Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуын талдау.

      III. Сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі мемлекеттік аудитінің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері.

      IV. Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру туралы ақпарат.

      Қосымшалар (қажет болған жағдайда).

      Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізуге жол беріледі.

      15. Ақпараттың құрылымы, мазмұны мен көлемі осы Рәсімдік стандарттың 17-тармағын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына және қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.

      16. "Кіріспе" деген бөлімде ақпарат ұсынудың негізі мен мақсаты, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.

      17. "Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуын талдау" деген бөлімде мыналарды:

      1) бюджет түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдауды, соның ішінде:

      бюджеттің кірісіне түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын;

      орындалмауына ықпал еткен себептер, соның ішінде елдің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтарды, алымдарды және міндетті төлемдерді;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен салықтық түсімдер көлемдерін.

      2) есепті кезеңде бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдауды, соның ішінде:

      бекітілген көрсеткіштермен салыстырғанда ауытқу себептерін;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттің атқарылуын;

      жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен кредиттерді атқаруын көрсете отырып, бюджеттің түсімдері, салықтық алымдар мен себептерін көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған міндетті төлемдер, бюджет шығыстарының атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалануы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.

      18. "Сыртқы мемлекеттік аудит органының есепті кезеңдегі мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері" деген бөлімде:

      1) осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сәйкес алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңдегі сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметінің түйінді көрсеткіштері;

      2) мыналарды:

      есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының санын, тексерілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің санын;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемін;

      республикалық бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі және республикалық бюджетке түсу кезіндегі бұзушылықтар сомасын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзу, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау) белгіленген барлық бұзушылықтарын;

      мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шараларды, соның ішінде:

      есепті кезеңде қалпына келтіруге жататын және қалпына келтірілген сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына берілген мемлекеттік аудит материалдарының саны бойынша, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны бойынша ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудит нәтижелері;

      сыртқы мемлекеттік аудит органы берген және орындалған ұсынымдар мен нұсқамалардың (тапсырмалардың) санын қамтитын жиынтық ақпарат;

      3) анықталған бұзушылықтар сомаларын, негізгі жүйелік кемшіліктерді және қалыптастырылған ұсынымдарды көрсете отырып, әрбір іс-шара бөлінісінде есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары көрсетіледі.

      19. "Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат" деген бөлімде:

      әдіснамалық және құқықтық қызметтің (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әзірленген әдіснамалық құжаттар және нормативтік құқықтық актілер бойынша);

      халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметтің;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың;

      сыртқы мемлекеттік аудит және басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қорытындылары туралы ақпарат көрсетіледі.

      20. Қосымшада тексеру комиссиялары (осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сәйкес) және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (осы Рәсімдік стандартқа 8-қосымшаға сәйкес) қызметінің түйінді көрсеткіштері көрсетіледі.

4-параграф. Ұсыну нысаны

      21. Ақпарат:

      1) титулдық парақтан;

      2) мазмұнынан;

      3) негізгі мәтіннен тұрады.

      Қажет болған жағдайда ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.

      Ақпараттың жалпы көлемі жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының санына, сондай-ақ талдаудың күрделілігі мен мазмұндылығына сүйене отырып айқындалады.

      22. Титулдық парақта ақпараттың атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      23. Ақпаратта нәтижелері бойынша сыртқы мемлекеттік аудит органының қаулылары қабылданған, аяқталған мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша ғана ақпарат көрсетіледі.

      24. Ақпаратта барлық сомалар бірінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен миллион немесе миллиард теңгемен көрсетіледі.

      25. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      26. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып ұсынылады.

      27. Ақпараттың мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп - Times New Roman, қажет болған жағдайда Arial пайдаланылуы мүмкін;

      қаріп өлшемі – 14, қажет болған жағдайда 16,

      кесте материалдарында – 12,

      қажет болған жағдайда 8 және 10 пайдаланылуы мүмкін;

      жоларалық интервал – 1,5 қажет болған жағдайда 1,0 пайдаланылуы мүмкін;

      бет жиектері: сол, жоғарғы және төменгі – 2,5 сантиметр, оң - 1,5 сантиметр;

      абзац шегінісі - 1,27 сантиметр;

      сөздер тасымалданбайды;

      беттердің нөмірленуі – жоғарғы жағынан ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.

      28. Ақпараттың құрылымы мен мазмұнына сыртқы мемлекеттік аудит органы төрағасының шешімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
1-қосымша

Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының _____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықтағы, 9 айдағы, жылғы) қызметінің түйінді көрсеткіштері

Р/с № Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі Алдыңғы жылғы ұқсас кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) Есепті кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжыл-дық, 9 ай, жыл) ауытқу %-бен, есе
1 2 3 4 5 6
I. Сандық көрсеткіштер

1

Мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны

бірлік




2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған объектілердің саны

бірлік




3

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі

миллион теңге




4

Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары, соның ішінде

миллион теңге




4.1

қаржылық бұзушылықтар

миллион теңге




4.2

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары

миллион теңге




4.3

тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері

миллион теңге




4.4

тиімсіз жоспарланғаны

миллион теңге




5

Анықталған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны

бірлік




6

Бір объектіге шаққанда анықталған бұзушылықтар сомасы, соның ішінде

миллион теңге




6.1

бір объектіге шаққанда анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы

миллион теңге




II. Сапалық көрсеткіштер

7

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда анықталған бұзушылықтардың үлесі, соның ішінде

пайызбен




7.1

мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі

пайызбен




8

Сыртқы мемлекеттік аудит органын күтіп-ұстауға бөлінген қаражатқа шаққанда өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың арақатынасы

рет




9

Өтеуге (орындау мерзімдері келгендер бойынша) (қалпына келтіруге, есеп бойынша көрсетуге) жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда іс жүзінде өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың үлесі

пайызбен




10

Өтеуге (қалпына келтіруге, есеп бойынша көрсетуге) жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда іс жүзінде өтелген (қалпына келтірілген, есеп бойынша көрсетілген) сомалардың үлесі

пайызбен




11

Сыртқы мемлекеттік аудит органының тапсырмалары мен ұсынымдарының (орындау мерзімдері келгендер бойынша) орындалу үлесі

пайызбен




12

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша
Сыртқы мемлекеттік аудит органының орындалған ұсынымдарының үлесі

пайызбен




  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
2-қосымша

Тексеру комиссияларының _____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықтағы, 9 айдағы, жылғы) қызметінің түйінді көрсеткіштері

Өңірдің атауы Аудитпен қамтылған объектілер саны, бірлік Аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге Барлық бұзушылықтар, миллион теңге Қаржылық бұзушылықтар, миллион теңге Орындау мерзімдері келгендері бойынша қалпына келтірілді (өтелді), миллион теңге Пайыз Орындау мерзімдері келгендер бойынша орындалған ұсынымдар мен тапсырмалар, бірлік Пайыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Абай облысы









Ақмола облысы









Ақтөбе облысы









Алматы облысы









Атырау облысы









Шығыс Қазақстан облысы









Жамбыл облысы









Жетісу облысы









Батыс
Қазақстан облысы









Қарағанды облысы









Қостанай облысы









Қызылорда облысы









Маңғыстау облысы









Павлодар облысы









Солтүстік Қазақстан облысы









Түркістан облысы









Ұлытау облысы









Алматы қаласы









Астана қаласы









Шымкент қаласы









ЖИЫНЫ:









  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
3-қосымша

Тексеру комиссияларының _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) мемлекеттік аудитпен қамтыған объектілер саны және қаражат көлемі

Өңірдің атауы Мемлекеттік аудитпен қамтылған объектілер саны, бірлік Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге соның ішінде: Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі, миллион теңге
жергілікті бюджет Республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер Республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері Республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекет активтері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Абай облысы









Ақмола облысы









Ақтөбе облысы









Алматы облысы









Атырау облысы









Шығыс Қазақстан облысы









Жамбыл облысы









Жетісу облысы









Батыс Қазақстан облысы









Қарағанды облысы









Қостанай облысы









Қызылорда облысы









Маңғыстау облысы









Павлодар облысы









Солтүстік
Қазақстан облысы









Түркістан облысы









Ұлытау облысы









Алматы қаласы









Астана қаласы









Шымкент қаласы









ЖИЫНЫ:









  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
4-қосымша

Тексеру комиссиялары _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілері бұзушылықтарының көлемі

      миллион теңге

Өңірдің атауы Барлық анықталған бұзушылықтар соның ішінде
қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері тиімсіз жоспарлау

1

2

3

4

5

6

Абай облысы






Ақмола облысы






Ақтөбе облысы






Алматы облысы






Атырау облысы






Шығыс Қазақстан облысы






Жамбыл облысы






Жетісу облысы






Батыс Қазақстан облысы






Қарағанды облысы






Қостанай облысы






Қызылорда облысы






Маңғыстау облысы






Павлодар облысы






Солтүстік Қазақстан облысы






Түркістан облысы






Ұлытау облысы






Алматы қаласы






Астана қаласы






Шымкент қаласы






ЖИЫНЫ:






  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
5-қосымша

Тексеру комиссиялары _____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) анықтаған қаржылық бұзушылықтардың көлемі

      миллион теңге

Өңірдің атауы Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы соның ішінде
бағыттар бойынша: қаржыландыру көздері бойынша:
бюджет қаражатын пайдалану кезінде активтерді пайдалану кезінде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жүргізу кезінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша жергілікті бюджет Республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер Республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері Республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Абай облысы










Ақмола облысы










Ақтөбе облысы










Алматы облысы










Атырау облысы










Шығыс Қазақстан облысы










Жамбыл облысы










Жетісу облысы










Батыс Қазақстан облысы










Қарағанды облысы










Қостанай облысы










Қызылорда облысы










Маңғыстау облысы










Павлодар облысы










Солтүстік Қазақстан облысы










Түркістан облысы










Ұлытау облысы










Алматы қаласы










Астана қаласы










Шымкент қаласы










ЖИЫНЫ:










  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
6-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілген (өтелген) және қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сомалар көлемі

      миллион теңге

Өңірдің атауы Қалпына келтіруге және өтеуге жататын сома Өтелген және қалпына келтірілген қаражат сомасы Орындалу пайызы соның ішінде (орындау мерзімі келгендері):
барлығы орындау мерзімі келгендері барлығы орындау мерзімі келгендері өтеуге жататын сома оның ішінде өтелді қалпына келтіруге жататын сома оның ішінде қалпына келтірілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Абай облысы










Ақмола облысы










Ақтөбе облысы










Алматы облысы










Атырау облысы










Шығыс Қазақстан облысы










Жамбыл облысы










Жетісу облысы










Батыс Қазақстан облысы










Қарағанды облысы










Қостанай облысы










Қызылорда облысы










Маңғыстау облысы










Павлодар облысы










Солтүстік Қазақстан облысы










Түркістан облысы










Ұлытау облысы










Алматы қаласы










Астана қаласы










Шымкент қаласы










ЖИЫНЫ:










  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
7-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың орындалуы

Өңірдің атауы Ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың саны, бірлік Орындалған ұсынымдардың (ұсыныстардың) және тапсырмалардың саны, бірлік Орындалу пайызы соның ішінде (орындау мерзімі келгендері):
барлығы орындау мерзімі келгендері барлығы орындау мерзімі келгендері ұсынымдардың (ұсыныстардың) саны, бірлік оның ішінде орындалды тапсырмалардың саны, бірлік оның ішінде орындалды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Абай облысы










Ақмола облысы










Ақтөбе облысы










Алматы облысы










Атырау облысы










Шығыс Қазақстан облысы










Жамбыл облысы










Жетісу облысы










Батыс Қазақстан облысы










Қарағанды облысы










Қостанай облысы










Қызылорда облысы










Маңғыстау облысы










Павлодар облысы










Солтүстік Қазақстан облысы










Түркістан облысы










Ұлытау облысы










Алматы қаласы










Астана қаласы










Шымкент қаласы










ЖИЫНЫ:










  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
8-қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның_____ жылғы ____ тоқсандағы (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) қызметінің түйінді көрсеткіштері

Р/с № Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі Алдыңғы жылғы ұқсас кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) Есепті кезеңде _____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) Ауытқу (+,-)
Аудиторлық іс-шара

1.

Жүргізілген тексерулер саны

бірлік




2.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі

миллион теңге




3.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы

миллион теңге




4.

Қалпына келтірілген, есепке алу бойынша көрсетілген және өтелген қаражат сомасы

миллион теңге




5.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны

бірлік




6.

Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу бойынша жолданған ұсыныстар саны

бірлік




7.

Бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы берілген нұсқамалардың саны

бірлік




8.

Құқық қорғау органдарына аудит материалдарын беру

бірлік




8.1.

сомаға

миллион теңге




9.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылған аудит объектілері лауазымды тұлғаларының саны

бірлік




9.1.

салынған айыппұлдар сомасы

миллион теңге




9.2.

келіп түскен айыппұлдар сомасы

миллион теңге




10.

Тәртіптік жауаптылыққа тартылған лауазымды тұлғалар

бірлік




Камералдық бақылау

1.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды

бірлік




1.1.

сомаға

миллион теңге




2.

Анықталған бұзушылықтар, рәсімдер саны

бірлік




3.

Жойылған бұзушылықтар

бірлік




4.

Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шығарылған үкімдер

бірлік




  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
9-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түскен түсімдер туралы ақпарат

      миллион теңге

Көрсеткіштер атауы Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі есеп Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет Есепті қаржы жылына нақтыланған (түзетiлген) бюджет Есепті кезең ___жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл) Нақтыланған (түзетiлген) бюджетке шаққанда атқар. пайызы Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі фактімен салыстырғанда есепті кезеңдегі факті
жоспар іс жүзінде (+,-) пайыз (+,-) пайыз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Түсімдер











Қарыздардың түсiмдері











Кірістер, соның ішінде











Салықтық түсімдер, соның ішінде:











Жеке табыс салығы











Әлеуметтік салық











Мүлік салығы











Жер салығы











Көлік құралы салығы











Акциздер











Табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер











Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізу үшін алымдар











Өзге де салықтық түсімдер











Салықтық емес түсімдер











Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер











Трансферттер түсімдері











Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер











Субвенциялар











Бюджеттік кредиттерді өтеу











Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер











  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 науырыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
7-қосымша

901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 27.03.2024 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) беретін қорытындыға (бұдан әрі – Қорытынды) қойылатын бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету бойынша рәсімдік талаптарды қамтиды.

      2. Осы Рәсімдік стандарттың күші Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелеріне қолданылады.

      3. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

      1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынатын Қорытындысының анықтығы және онда қателердің болмауы;

      2) толықтық және ашықтық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;

      3) уақтылылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.

      4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі;

      5) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Қорытындының Жоғары аудиторлық палатаның ресми интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануы.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентіне Қорытындыны дайындау және ұсыну 1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және ұсыну тәртібі

      4. Қорытындыны қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабының 2-тармағына, 127-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) жылдық есебі және Үкімет пен бюджетті атқару жөніндегі орталық мемлекеттік орган Жоғары аудиторлық палатаға ұсынатын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің деректері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы статистикалық деректер, елдің есепті кезеңдегі ақша-кредит саясатының, төлем балансының және сыртқы борышының көрсеткіштері және құқық қорғау органдарының деректері негіз болып табылады.

      5. Қорытындыны дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекіткен Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.

      6. Қорытындыны қалыптастыруды талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асырады.

      Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қорытындының бөлімдерін (кіші бөлімдерін) әзірлеуге қатысады.

      7. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері негізінде Қорытындыда көрсетілген тарихи мәліметтердің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.

      8. Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік тілдегі Қорытындының уақтылылығын және сапасын қамтамасыз етеді.

      9. Департамент есепті кезең ішінде мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының аяқталуына қарай республикалық бюджеттің атқарылуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына бағалау жүргізу үшін Жоғары аудиторлық палатаның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат қалыптастырады.

      Жоғары аудиторлық палата қажет болған жағдайда тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттік аудиттің тиісті материалдарын сұратады.

      10. Қорытындыны қалыптастыру үшін көрсеткіштердің нысандары мен тізбесі тиісті қаржы жылындағы есептің ерекшелігіне қарай жыл сайын жасалады.

      11. Департамент Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінде ұсынған;

      Үкіметтің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 сәуірінде ұсынған есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін жібереді.

      12. Департамент Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 сәуіріне дейін Қорытындының жобасын қалыптастырады және оны Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарауға жібереді.

      13. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Департаментпен бірлесіп, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырынан кешіктірмей, Қорытындының және оны мақұлдау туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.

      14. Департамент есепті кезеңнен кейінгі жылдың 14 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу үшін Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітілген Қорытындымен бірге ілеспе хатты Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынады.

      15. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.

      16. Департамент Қазақстан Республикасының Парламентінде Қорытындыны таныстыру және негіздеу үшін материалдарды үйлестіруді және дайындауды қамтамасыз етеді.

      17. Қорытынды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітілгеннен кейін Департамент он жұмыс күні ішінде Қорытындының негізгі ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау және Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастыру үшін жібереді.

2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны

      18. Қорытынды Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне беріледі.

      19. Қорытындының үлгілік құрылымы:

      КІРІСПЕ

      I БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

      1.1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің орындалуын бағалау

      1.2. Мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау

      1.3. Ұлттық қор активтерінің түсімдері мен пайдаланылуын бағалау

      II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҒАЛАУ

      2.1. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын бағалау

      2.2. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалау

      2.2.1. Орталық мемлекеттік органдарға, соның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау

      2.3. Республикалық бюджет тапшылығын және оны қаржыландыру көздерін бағалау

      2.4. Өңірлерге бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

      2.5. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылу тиімділігін бағалау

      III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

      IV. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН АЛДЫН АЛА БАҒАЛАУ

      V. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

      ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

      20. "Кіріспе" бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.

      21. "Республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық шарттары" бөлімі:

      республикалық бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізгі параметрлерінің орындалуын;

      ағымдағы жағдайды талдауды және анықталған әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларының бюджет параметрлеріне әсерін бағалауды;

      есепті қаржы жылында мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда, мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалауды;

      есепті қаржы жылында Ұлттық қордың түсімдерін бағалау және активтерін пайдалану бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда, Ұлттық қор активтерінің түсімдері мен пайдаланылуын бағалауды қамтиды.

      22. "Республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау" бөлімінде:

      1) бюджетке жүргізілген түзетулер санын және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін көрсете отырып, есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалауды;

      2) республикалық бюджетке түсетін кірістер түсімдерінің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдерді сыныптау бойынша республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы ақпаратты;

      кедендік және салықтық әкімшілендірудің және жалпы салық-бюджет саясатының тиімділігін бағалауды;

      3) бюджет қаражатының атқарылмау себептерін және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмайтын қалдықтардың пайда болуын көрсете отырып, негізгі экономикалық және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалауды;

      орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалануын және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде), оның ішінде:

      орталық мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылында республикалық бюджетті атқаруын бағалауды;

      орталық мемлекеттік органдардың тікелей және түпкілікті нәтижелерге, бюджеттік бағдарламада, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген әлеуметтік-экономикалық әсерге қол жеткізу тиімділігін бағалауды;

      бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларымен анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді талдауды;

      аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша анықталған Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі есеп деректеріндегі алшақтықтарды (болған жағдайда);

      4) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері туралы ақпаратты;

      5) өңірлерге бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауды, соның ішінде:

      өңірлердің дамуын талдауды (бюджеттік қамтамасыз ету, бөлінетін трансферттердің тиімділігі)

      өңірлер бөлінісінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтарды талдауды;

      6) республикалық бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін пайдалану тиімділігін бағалауды, соның ішінде:

      республикалық бюджет қаражатын пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдауды;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін және бюджетке түсетін түсімдерді талдауды қамтиды;

      23. "Ұлттық жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалау" бөлімінде ұлттық жобалар бойынша жасалған талдау көрсетіледі.

      24. "Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін алдын ала бағалау" бөлімі.

      25. "Қорытынды бөлім" бөлімінде әрбір бағаланған бағыт бөлінісінде, оның ішінде:

      есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігіне (республикалық бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі мен үнемділігі туралы);

      бюджеттік құжаттарда белгіленген ковенанттардың сақталуына;

      жасалған операциялар бойынша Қорытындыда көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығына және бұзушылықтардың бар-жоғына;

      республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына;

      қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларға;

      мемлекеттік сектордағы қаржы қызметін республикалық бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға бағытталған басқаруды жетілдіру тетіктеріне қатысты республикалық бюджетті атқару кезінде анықталған проблемаларды сипаттайтын және жүйелендіретін қорытындылар мен ұсынымдар қамтылады.

      26. Қорытындыға қосымшаларға Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі нәтижелері енгізіледі.

      27. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылдағы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.

3-параграф. Қорытындыны ұсыну нысаны

      28. Қорытынды:

      титулдық парақтан;

      мазмұнынан;

      негізгі мәтіннен;

      қосымшалардан тұрады.

      29. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      30. Қорытындыда сомалар миллиард немесе миллион теңгемен көрсетіледі.

      31. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – Times New Roman;

      қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8-12.

      32. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылау тәртібі

      33. Қорытындыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында таныстыруды Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы немесе оған уәкілетті адам жүзеге асырады.

      34. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Жоғары аудиторлық палата аппаратымен бірлесіп Жоғары аудиторлық палата Төрағасының сөйлейтін сөзінің тиісті жобаларын, оны Парламентте таныстыруға қажетті слайдтар мен басқа да материалдарды қалыптастырады.

      35. Бюджет кодексінің 128-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қорытындыны талқылау кезінде Парламент Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және Сенатында, сондай-ақ Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының баяндамасын тыңдайды.

      36. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары жұмыс топтары отырыстарының кестесіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуі негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.

      37. Қорытындыға қатысты депутаттық сауалдар туындаған жағдайда Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуіне сәйкес тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.


  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
8-қосымша

902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2018 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына (бұдан әрі – мәслихат) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) қалыптастыруы мен ұсынуына қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      2. Стандарттың негізгі міндеті тексеру комиссиясының өзінің мазмұны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органының тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның жылдық есебі) жергілікті атқарушы органның жылдық есебіндегі қаржылық жағдай, қаржылық операциялар, мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері, мемлекет активтерін басқару туралы деректердің анықтығы мен толықтығы мәніне жасауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 03.09.2021 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Есепті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 125-бабының 3 және 4-тармақтарына, 129, 131, 131-1-баптарының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тексеру комиссиясына ұсынатын есепті қаржы жылындағы жергілікті атқарушы органның жылдық есебі және жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері, сондай-ақ тексеру комиссияларының аудиторлық іс-шараларының нәтижелері, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, тексеру комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылған жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты, тиісті қаржы жылы үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті (бұдан әрі – өңір) дамытудың қорытындысы туралы статистикалық деректер және құқық қорғау органдарының деректері негіз болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 03.09.2021 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Есепте ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның есепті қаржы жылында жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат, ол ұсынылған жағдайда, пайдаланылады.

      5. Осы Стандарттың күші тексеру комиссиясының лауазымды адамдарына және жауапты құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

2-тарау. Есептің құрылымы мен мазмұны

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2018 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6. Есеп осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жыл үшін тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) үлгілік құрылымы бойынша жасалады.

      7. Есеп мынадай негізгі қағидаттардан қалыптастырылады:

      1) сенімділік – жасалған операциялар туралы мәслихатқа ұсынылатын Есептің анықтығы және оларды жергілікті атқарушы органның жылдық есебінде көрсету кезінде қателердің болмауы;

      2) толықтық – есепті кезеңге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілген ақпараттың көрсетілуі;

      3) сәйкестік – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы ережелерінің сақталуы;

      4) уақтылық – анық ақпаратты жинаудың, Есепті белгіленген мерзімде дайындау мен ұсынудың жеделдігі.

      8. Есеп жергілікті бюджеттің атқарылуы, есепке алу мен есептіліктің анықтығы, бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігі туралы ақпаратты қамтиды.

      9. Есепте:

      1) жергілікті бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын, соның ішінде:

      жергілікті бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайларын;

      жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдер сыныптамасы бойынша жергілікті бюджет кірістерін;

      мәслихаттың есепті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне сәйкес құрылымы және оның функционалдық сыныптамасы бойынша жергілікті бюджеттің шығыстарын, соның ішінде:

      жергілікті бюджет қаражатының, соның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобалардың бюджеттен қоса қаржыландырудың, сондай-ақ кепілгерліктер мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттар үшін өздеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын;

      бюджет қаражатының пайдаланылмау және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде жергілікті бюджет қаражаты қалдықтарының пайда болу себептерін;

      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын, соның ішінде кірістерді, шығыстарды жоспарлау және атқару бойынша, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер көлемін төмендету (ұлғайту), сот актілері қаражатының саны мен көлемі және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілігі бойынша басқару сапасын;

      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің көрсеткіштерін орындауын;

      жергілікті бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылу және өңірлерде инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін;

      жергілікті бюджет тапшылығының қаржыландырылуын;

      мемлекеттік органдардың бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру бойынша қабылдаған шешімдерін;

      есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің жергілікті бюджеттің бекітілген көрсеткіштерінен анықталған ауытқуларын және оларды жоюға, сондай-ақ жалпы алғанда бюджет процесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды;

      бюджет қаражатын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды басқарудың тиімділігін қоса алғанда, есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығын;

      2) есепті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің орындалуының Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқару және байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылық фактілерін қоса алғанда, есепті жылға және жоспарлы кезеңге қатысты әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін;

      3) есепті қаржы жылында жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында көзделген нәтижелерге жергілікті органдардың қол жеткізуінің анықтығын;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығын бағалау нәтижелері туралы ақпарат ашып көрсетіледі.

      10. Есеп тексеру комиссиясының есепті кезеңде жүргізген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларына негізделген, соның ішінде:

      есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігі (жергілікті бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі және үнемділігі туралы);

      жасалған операциялар жөнінде жылдық есепте көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығы және бұзушылықтардың бар-жоғы;

      жергілікті бюджеттің атқарылу және Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігін арттыру;

      қаржылық есептіліктің анық және толық ұсынылуы үшін жауаптылықты қамтамасыз ететін қаржы тәртібін нығайту жөніндегі шаралар;

      жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің ұтымды және тиімді пайдаланылуына бағытталған, мемлекеттік сектордағы қаржылық қызметтің басқарылуын жетілдіру тетіктері;

      есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың және қаржылық бақылаудың ден қою шараларының қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулылары мен нұсқамаларының орындалуы жөнінде қабылданған шаралар;

      кадр саясатын арттыру және нығайту, уәкілетті органдардың мониторинг жүргізуі және бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары анықтайтын жүйелі бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды.

      11. Есепке қосымшада:

      1) жергілікті бюджет қаражатын сыртқы мемлекеттік аудитпен қамтудың толықтығы туралы ақпарат;

      2) тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының нәтижелері және ұсынымдарының іске асырылуы туралы ақпарат, соның ішінде:

      есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының, тексерілген мемлекеттік аудит объектілерінің саны, сыртқы мемлекеттік аудитпен қамтылған жергілікті бюджет қаражатының сомасы, жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуы және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің атқарылуы кезіндегі бұзушылықтар сомасы;

      анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар;

      сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде:

      процестік шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілген материалдар, соның ішінде процестік шешімдер қабылданған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру (іс жүргізу) жүргізіліп жатқан материалдар саны;

      мемлекеттік аудит обьектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша нұсқамаларды, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға жіберу;

      тексеру комиссиясының ұсынымдары мен нұсқамаларының орындалуы;

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының орындалуы;

      есепті кезеңдегі өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігі;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өңірде жүргізген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері көрсетіледі.

      12. Есептің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар тексеру комиссиясының шешімімен енгізіледі.

3-тарау. Есепті жасау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2018 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынылатын есеп ағымдағы жылғы 14 мамырға дейін жасалады және ағымдағы жылғы 16 мамырдан кешіктірілмей, тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.

      14. Тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынылатын есеп ағымдағы жылғы 14 сәуірге дейін жасалады және ағымдағы жылғы 16 сәуірден кешіктірілмей, тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.

      15. Тексеру комиссиясы Есепті қарау үшін:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейін;

      2) тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейін ұсынады.

      16. Есеп мыналардан тұрады:

      титулдық парақтан – 1 парақ;

      Есептің мазмұнынан – 1 парақ.

      Есептен – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына 100 парақтан аспайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына 60 парақтан аспайды;

      қосымшалардан – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына 30 парақтан аспайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына 20 парақтан аспайды.

      17. Титулдық парақта Есептің атауы, оны дайындауға және ұсынуға жауапты тексеру комиссиясының атауы көрсетіледі.

      18. Есепте жергілікті бюджетте бекітілген, жергілікті атқарушы органның жылдық есебінде көрсетілген қаржылық операциялардың, сондай-ақ анықталған және мемлекетке өтелген нұқсанның, бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасы бұзушылықтарының және өзге де қаржылық бұзушылықтардың сомалары алғашқы он таңбалық белгіге дейінгі дәлдікпен мың теңгеде (кестелік материалдарда – миллион теңгеде) көрсетіледі.

      19. Есептің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – Times New Roman;

      қаріптің мөлшері – 14; кестелік материалдарда – 12;

      жоларалық интервал – 1,0 немесе таңдау бойынша – 1,5;

      беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;

      абзацтық шегініс – 1,27 см.;

      сөздер тасымалданбайды;

      беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.

      Есеп мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

  Мәслихаттарға облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың тексеру
комиссияларының жергілікті
бюджеттің атқарылуы туралы
есеп ұсынуы бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
қосымша

      Нысан

Тексеру комиссиясының ____ жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің үлгілік құрылымы (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      КІРІСПЕ

      I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

      II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

      2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

      2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

      2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау

      2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

      2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

      2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау

      2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

      2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

      2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

      2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

      2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

      III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

      3.1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының іске асырылуын бағалау

      3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат

      IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

      4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

      4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

      4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

      4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

      РАЗДЕЛ V. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН БАҒАЛАУ

      VI БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

      5.1. Тұжырымдар

      5.2. Ұсынымдар

      ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

      1. Қосымша материалдар (кестелер, диаграммалар)

      2. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
9-қосымша

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2018 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабына сәйкес әзірленді. Осы Стандарт Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастыруына және ұсынуына қойылатын бірыңғай тәсілді қамтамасыз етудің рәсімдік талаптарын қамтиды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Осы Стандарттың күші тексеру комиссияларының лауазымды адамдарына және жауапты құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

      3. Стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатқызылады:

      1) сенімділік – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ұсынатын ақпаратының анықтығы және оларда қателердің болмауы;

      2) толықтық және айқындық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрінісі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы;

      3) салыстырмалылық – тексеру комиссияларының түрлі кезеңдегі ақпаратын салыстыру мүмкіндігі;

      4) уақтылық – есепті белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну;

      5) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына тексеру комиссиялары жұмысының нәтижелері туралы ақпарат орналастыру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2-тарау. Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларының ақпарат дайындауы және ұсынуы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-параграф. Ақпарат құрылымы мен мазмұны

      4. Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылатын тексеру комиссияларының жұмысы туралы ақпарат түсіндірме жазбадан және алдыңғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері туралы мәліметтерден тұрады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      5. Түсіндірме жазба есепті кезеңдегі жұмыс туралы жалпы ақпаратты, есепті кезеңде тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелерін, соның ішінде негізгі анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерді, олардың себептерін талдауды, сондай-ақ мысалдар келтіріле отырып, әрбіріс-шара бөлінісінде тұжырымдар мен оларды жою жөнінде ұсыныстарды қамтиды.

      6. Әрбір іс-шара бойынша мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері туралы MS Word форматындағы түсіндірме жазба он баспа табақ парақтан аспайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 08.01.2018 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Тексеру комиссиялары түсіндірме жазбадан басқа, есепті кезеңдегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері туралы мәліметтерді осы Стандарттың 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес MS Excel форматында ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысының негізгі көрсеткіштері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      9. Тексеру комиссиясы есепті кезеңде ұсынымдардың/тапсырмалардың орындалуын есепке алуды осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      10. Тексеру комиссиясы есепті кезеңде анықталған қаржылық бұзушылықтарды талдауды осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      11. Тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңдегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      12. Тексеру комиссиялары аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктердің жиынтық кестелерінің, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімдерінің деректері негізінде мынадай:

      1) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде аудиторлық іс-шара барысында анықтаған жүйелі кемшіліктерді есепке алуы (осы Стандартқа 5-қосымша);

      2) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде қаражаттың бюджетке түсуі кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы (осы Стандартқа 6-қосымша);

      3) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы (осы Стандартқа 7-қосымша);

      4) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы (осы Стандартқа 8-қосымша);

      5) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың анықталған рәсімдік бұзушылықтарын есепке алуы (осы Стандартқа 9-қосымша) нысандарын толтырады және Жоғары аудиторлық палатаға есепті кезеңге ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2-параграф. Ақпарат ұсынудың мерзімі мен нысаны

      14. Ақпарат есепті тоқсан үшін және өспелі қорытындыларымен есепті жылдың бас кезінен басталған кезең үшін қалыптастырылады.

      15. Тексеру комиссиялары Жоғары аудиторлық палатаға ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей, Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖАП ИАЖ) арқылы ұсынады. ЖАП ИАЖ-бен интеграциялану болмаған жағдайда, ақпарат Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынылады.

      Осы Стандартқа сәйкес ұсынылатын есептік ақпараттың толықтығын, сенімділігін және уақтылылығын тексеру комиссияларының төрағалары қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      16. Қажет болған жағдайда, Жоғары аудиторлық палата есептіліктің өзге де кезеңі мен ақпарат ұсыну мерзімін белгілейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      17. Ақпарат дереккөздері тексеру комиссияларының аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары мен ЖАП ИАЖ болып табылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      18. Ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға ілеспе хатпен енгізіледі, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      19. Ақпаратта нәтижелері бойынша тексеру комиссиясы қаулылар қабылданған, тек аяқталған мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының деректері ғана көрсетіледі.

      20. Ақпаратта мемлекетке келтірілген залалдың анықталған және өтелген сомалары, қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар, бюджеттің тікелей (жанама) шығындары, тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің), Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылық сомалары алғашқы он таңбалық белгіге дейінгі дәлдікпен мың теңгеде көрсетіледі.

      21. Есепті кезеңге Тексеру комиссиялары қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда төмендегі талаптарға сәйкес ұсынылады:

      қаріп – Times New Roman, қажет болған жағдайда, Arial пайдаланылуы мүмкін;

      қаріптің мөлшері – 14;

      жоларалық интервал – 1,0, қажет болған жағдайда – 1,5 пайдаланылуы мүмкін;

      беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;

      абзацтық шегініс – 1,27 см.;

      сөздер тасымалданбайды;

      беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 08.01.2018 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
1-қосымша
  Нысан

________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңдегі жұмысының негізгі көрсеткіштері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/т №

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

Ауытқуы (5-бағ.- 4-бағ.)

Ауытқуы, % (5-бағ./ 4-бағ.-1)

1

2

3

4

5

6

7

I. Сандық көрсеткіштер

1.

Жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны, соның ішінде:

бірлік (бұдан әрі – бірл.)

0,0

0,0

0,0


аудит типтері бойынша:


1.0.1.

тиімділік аудиті

бірл.



0,0


1.0.2.

сәйкестік аудиті

бірл.



0,0


1.0.3.

қаржылық есептілік аудиті

бірл.



0,0


аудит түрлері бойынша:


1.1.1.

бірлескен

бірл.



0,0


1.1.2.

қатарлас

бірл.



0,0


1.2.

сараптамалық-талдау іс-шаралары

бірл.



0,0


2.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларымен қамтылған Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларымен қамтылған аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шаралары объектілерінің саны, соның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.0.

мемлекеттік органдар (мекемелер), оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.0.1.

қаржылық бұзушылықтар анықталмағандары

бірл.



0,0


3.0.2.

қаржылық бұзушылықтар анықталғандары

бірл.



0,0


3.1.

квазимемлекеттік сектор субъектілері, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.1.1.

қаржылық бұзушылықтар анықталмағандары

бірл.



0,0


3.1.2.

қаржылық бұзушылықтар анықталғандары

бірл.



0,0


3.2.

мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың өзге де объектілері, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.2.1.

қаржылық бұзушылықтар анықталмағандары

бірл.



0,0


3.2.2.

қаржылық бұзушылықтар анықталғандары

бірл.



0,0


3.3.

үстеме мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


3.3.1.

қаржылық бұзушылықтар анықталмағандары

бірл.



0,0


3.3.2.

қаржылық бұзушылықтар анықталғандары

бірл.



0,0


3.4.

сараптамалық-талдау іс-шараларының объектілері

бірл.

0,0

0,0

0,0


4.

Аудиторлық іс-шаралармен қамтылған мемлекеттік бюджет қаражатының барлық көлемі, оның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


бюджет деңгейлері бойынша:


4.0.

жергілікті бюджет

мың теңге



0,0


4.1.

республикалық бюджет (соның ішінде, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер)

мың теңге



0,0


меншік нысандары мен түрлері бойынша:


4.2.

мемлекеттік органдарда (мекемелерде)

мың теңге



0,0


4.3.

квазимемлекеттік сектор субъектілерінде

мың теңге



0,0


4.4.

өзге де ұйымдарда

мың теңге



0,0


аудит типтері бойынша:


4.5.

тиімділік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


4.6.

сәйкестік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


4.7.

қаржылық есептілік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


қаржыландыру көздері бойынша:


4.8.

республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша

мың теңге



0,0


4.9.

республикалық бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттері бойынша

мың теңге



0,0


4.10.

республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша

мың теңге



0,0


4.11.

мемлекет активтері бойынша

мың теңге



0,0


4.12.

жергілікті бюджет бойынша

мың теңге



0,0


4.13.

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бойынша

мың теңге



0,0


5.

Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының барлық анықталған бұзушылықтары, соның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


5.1.

қаржылық бұзушылықтар

мың теңге



0,0


5.2.

тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері

мың теңге



0,0


5.3.

бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау

мың теңге



0,0


5.4.

қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы

мың теңге



0,0


бюджет деңгейлері бойынша (барлық бұзушылықтар):


5.5.

республикалық бюджет (соның ішінде, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді пайдалану кезінде)

мың теңге



0,0


5.6.

жергілікті бюджет

мың теңге



0,0


бағыттар бойынша (қаржылық бұзушылықтар):


5.7.

бюджетке түсетін түсімдер бойынша

мың теңге



0,0


5.8.

бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде

мың теңге



0,0


5.9.

бухгалтерлiк есепті жүргізу кезінде

мың теңге



0,0


5.10.

қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануы (қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған) кезінде

мың теңге



0,0


аудит типтері бойынша (барлық бұзушылықтар):


5.11.

тиімділік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


5.12.

сәйкестік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


5.13.

қаржылық есептілік аудиті бойынша

мың теңге



0,0


қаржыландыру көздері бойынша (қаржылық бұзушылықтар):


5.14.

бюджеттік кредиттер бойынша

мың теңге



0,0


5.15.

нысаналы даму трансферттері бойынша

мың теңге



0,0


5.16.

ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша

мың теңге



0,0


5.17.

жергілікті бюджет бойынша

мың теңге



0,0


5.18.

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары бойынша

мың теңге



0,0


5.19.

нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған бюджет қаражатының cомасы

мың теңге



0,0


6.

Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары (қаражат бюджетке түскен кезде)

мың теңге

0,0

0,0

0,0


7.

Ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда (бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде)

мың теңге

0,0

0,0

0,0


8.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзушылықтары, соның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


8.1.

бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасын бұзушылықтар

бірл.



0,0


8.2.

бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде заңнаманы бұзушылықтар

бірл.



0,0


8.3.

қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар

бірл.



0,0


8.4.

құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманың бұзушылықтары

бірл.



0,0


8.5.

мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың бұзушылықтары

бірл.



0,0


8.6.

өзге де салалық заңнаманың бұзушылықтары

бірл.



0,0


9.

Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.

Қалпына келтіруге және өтеуге жататын барлық сома, соның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.1.

қалпына келтіру және өтеу мерзімі келген сома

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.2.

қалпына келтіру және өтеу мерзімі келмеген сома

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.3.

қалпына келтіру және өтеу мерзімі келіп, қалпына келтірілген және өтелген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.4.

қалпына келтірілген және өтелген барлық қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.5.

қалпына келтіру және өтеу мерзімі келмей, қалпына келтірілген және өтелген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.0.6.

қалпына келтіру және өтеу мерзімі келіп, қалпына келтірілмеген және өтелмеген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.1.

Қалпына келтіруге жататын сома, оның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.1.1.

қалпына келтіру мерзімі келген сома

мың теңге



0,0


10.1.2.

қалпына келтіру мерзімі келмеген сома

мың теңге



0,0


10.1.3.

қалпына келтіру мерзімі келіп, қалпына келтірілген қаражат сомасы

мың теңге



0,0


10.1.4.

қалпына келтірілген барлық қаражат сомасы

мың теңге



0,0


10.1.5.

қалпына келтіру мерзімі келмей, қалпына келтірілген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.1.6.

қалпына келтіру мерзімі келіп, қалпына келтірілмеген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.2.

Өтеуге жататын сома, оның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.2.1.

өтеу мерзімі келген сома

мың теңге



0,0


10.2.2.

өтеу мерзімі келмеген сома

мың теңге



0,0


10.2.3.

өтеу мерзімі келіп, өтелген қаражат сомасы

мың теңге



0,0


10.2.4.

өтелген барлық қаражат сомасы

мың теңге



0,0


10.2.5.

өтеу мерзімі келмей, өтелген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.2.6.

өтеу мерзімі келіп, өтелмеген қаражат сомасы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.3.

Іс жүзінде қалпына келтірілген және өтелген қаражат сомасы (аудит барысында және одан кейін), оның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.3.1.

қалпына келтірілгені, соның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.3.1.1.

жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу, қаржыландыру сомасын не шарт сомасын азайту жолымен қалпына келтірілгені

мың теңге



0,0


10.3.1.2.

есепке алу бойынша (құжаттарды сәйкестікке келтіру жолымен) қалпына келтірілгені

мың теңге



0,0


10.3.2.

өтелгені, соның ішінде:

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.3.2.1.

мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражат түрінде өтелгені

мың теңге



0,0


10.3.2.2.

ұйымдардың (АҚ, ЖШС, МКК және т.б.) бюджетіне өтелген қаражат

мың теңге



0,0


10.4.

Қалпына келтіруге және өтеуге жататын сома қалдығы

мың теңге

0,0

0,0

0,0


10.5.

Қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндігі болмағанымен (есепті кезеңдегі), қалпына келтірілуі және өтелуі талап етілген сома

мың теңге



0,0


10.6.

Өткен жылдардағы қалпына келтірілуі және өтелуі талап етілгенімен, қалпына келтірілмеген және өтелмеген сомалар

мың теңге



0,0


10.7.

Алдыңғы кезеңдер ішінде қалпына келтірілуі (өтелуі) талап етілген сомадан іс жүзінде қалпына келтірілген (өтелген) сомалар

мың теңге



0,0


11.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны, соның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.1.

орындау мерзімі келген ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.2.

орындау мерзімі келмеген ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.3.

орындау мерзімі келіп, орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.4.

барлық орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.5.

орындау мерзімі келмей, орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.0.6.

орындау мерзімі келіп, орындалмаған ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.1.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар (ұсыныстар) саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.1.1.

орындау мерзімі келген ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.



0,0


11.1.2.

орындау мерзімі келмеген ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.



0,0


11.1.3.

орындау мерзімі келіп, орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.



0,0


11.1.4.

барлық орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.



0,0


11.1.5.

орындау мерзімі келмей, орындалған ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.1.6.

орындау мерзімі келіп, орындалмаған ұсынымдар (ұсыныстар) саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.2.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалардың саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.2.1.

орындау мерзімі келген тапсырмалар саны

бірл.



0,0


11.2.2.

орындау мерзімі келмеген тапсырмалар саны

бірл.



0,0


11.2.3.

орындау мерзімі келіп, орындалған тапсырмалар саны

бірл.



0,0


11.2.4.

барлық орындалған тапсырмалар саны

бірл.



0,0


11.2.5.

орындау мерзімі келмей, орындалған тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


11.2.6.

орындау мерзімі келіп, орындалмаған тапсырмалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


12.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар, мемлекеттік аудит объектілері орындамаған немесе тиісінше орындамаған нұсқамалар бойынша құқық қорғау органдарына берілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


12.1.

сотқа дейінгі тергеп-тексерулер/іс жүргізіліп жатқан, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген материалдар саны

бірл.



0,0


12.2.

сотқа дейінгі тергеп-тексерулер/іс жүргізу тоқтатылған материалдар саны

бірл.



0,0


12.3.

соттың қарауына жіберілген материалдар саны

бірл.



0,0


12.4.

сот немесе құқық қорғау органы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан материалдар саны

бірл.



0,0


12.5.

сот немесе құқық қорғау органы қараусыз қалдырған материалдар саны

бірл.



0,0


12.6.

құқық қорғау органы заң бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарған материалдар саны

бірл.



0,0


12.7.

құқық қорғау органдары қабылдаған өзге де шешімдер

бірл.



0,0


13.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жасалған және соттың қарауына жіберілген, сондай-ақ тексеру комиссиясы салған хаттамалар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру үшін уәкілетті органдарға жіберілген, материалдар саны, соның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.0.1.

сот немесе уәкілетті орган салған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.0.2.

сот немесе уәкілетті орган бас тартқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.0.3.

соттың немесе уәкілетті органдардың қарауында жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.0.4.

жасалған және соттың қарауына жіберілген хаттамаларға, сондай-ақ уәкілетті органдарға жіберілген материалдарға соттың немесе уәкілетті органның шешімі бойынша салынған айыппұлдардың барлық көлемі

мың теңге

0,0

0,0

0,0


13.1.

Тексеру комиссиялары жасаған және соттың қарауына жіберген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.1.1.

сот салған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.1.2.

сот салудан бас тартқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.1.3.

соттың қарауында жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.1.4.

жасалған және соттың қарауына жіберілген хаттамалар бойынша заңды күшіне енген соттың шешімімен салынған айыппұлдардың барлық көлемі

мың теңге



0,0


13.2.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау үшін уәкілетті органдарға берілген материалдар саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.2.1.

уәкілетті орган салған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.2.2.

уәкілетті орган салудан бас тартқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.2.3.

соттардың немесе уәкілетті органдардың қарауында жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны

бірл.



0,0


13.2.4.

уәкілетті органдарға жіберілген материалдарға уәкілетті органның (және/немесе соттың) шешімі бойынша салынған айыппұлдардың барлық көлемі

мың теңге



0,0


13.3.

Тексеру комиссиясы салған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар саны, оның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


13.3.1.

тексеру комиссиясы жасаған хаттамалар бойынша салынған айыппұлдар

мың теңге



0,0


13.4.

алдыңғы кезеңдер үшін жасалған және соттың қарауына жіберілген хаттамалар бойынша заңды күшіне енген соттың шешімімен салынған айыппұлдардың барлық көлемі

мың теңге



0,0


13.5.

алдыңғы кезеңдер үшін уәкілетті органдарға жіберілген материалдар бойынша уәкілетті органның (және/немесе соттың) шешімімен салынған айыппұлдардың барлық көлемі

мың теңге



0,0


13.6.

алдыңғы кезеңдер үшін тексеру комиссиясы жасаған хаттамалар бойынша салынған айыппұлдар

мың теңге



0,0


14.

Бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді және нұсқаманы (соның ішінде ұсынымдар мен тапсырмаларды) орындауды қамтамасыз ету мақсатында сотқа берілген талап қою саны

бірл.



0,0


15.

Жауаптылыққа тартылған адамдардың саны, соның ішінде:

бірл.

0,0

0,0

0,0


15.1.

қылмыстық

бірл.



0,0


15.2.

әкімшілік

бірл.



0,0


15.3.

тәртіптік

бірл.



0,0


16.

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің штат саны, соның ішінде:

адам



0,0


16.1.

аудиторлар, оның ішінде:

адам



0,0


16.1.1.

аудиторлардың нақты саны

адам



0,0


17.

Тексеру комиссияларын ұстауға бөлінген барлық бюджет қаражаты, соның ішінде:

мың теңге



0,0


17.1.

игерілгені

мың теңге



0,0


17.2.

игерілмегені

мың теңге



0,0


II. Сапалық көрсеткіштер

18.

Қалпына келтірілген және өтелген сомалардың тексеру комиссияларын ұстауға бөлінген қаражатқа арақатынасы

1-ге арақатынасы





19.

Қалпына келтіруге және өтеуге жататын қаражаттың жалпы көлемінде іс жүзінде қалпына келтірілген және өтелген (қалпына келтіру және өтеу мерзімдері келген) сомалар үлесі

%-бен





20.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындалу мерзімі келген) жалпы санындағы орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі

%-бен





21.

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың (орындау мерзімі келген) жалпы санындағы орындалған ұсынымдардың үлесі

%-бен





22.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған тапсырмалардың (орындау мерзімі келген) жалпы санындағы орындалған тапсырмалардың үлесі

%-бен





23.

Бір объектіде анықталған бұзушылықтар сомасы, соның ішінде:

мың теңге





23.1.

бір объектіде анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы

мың теңге





24.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлеміне шаққанда анықталған бұзушылықтардың үлесі, соның ішінде:

%-бен





24.1.

мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%-бен





25.

Тексеру комиссиясының бір аудиторына шаққандағы (нақты саны бойынша) көрсеткіштер, соның ішінде:


25.1.

жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны

бірл.





25.2.

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің саны

бірл.





25.3.

барлық анықталған бұзушылықтар

мың теңге





25.4.

анықталған қаржылық бұзушылықтар

мың теңге





25.5.

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері қалпына келтірген және өтеген қаражат

мың теңге





25.6.

мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен қамтылған қаражат көлемі

мың теңге





     

  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
2-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңдегі ұсынымдарының/тапсырмаларының орындалуын есепке алу***

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/т №

Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шарасының атауы

Тексеру комиссиясы қаулысының (нұсқамасының) күні мен нөмірі

Тексеру комиссиясы ұсынымының/ тапсырмасының мазмұны (тармағы, тармақшасы)

Ұсыным/ тапсырма

Қаулы (нұсқама) тармағының сипаты*

Ұсынымдардың/ тапсырмалардың (қаулы/нұсқама бойынша) орындалу мерзімдері

Ұсыным/ тапсырма бағытталған ұйымдардың атауы

Орындалғаны/ орындалмағаны

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2










3










ЖИЫНЫ:









      * Ескертпе: Қаулының/нұсқаманың тармақтары мыналарға:

      1) нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге және жетілдіруге;

      2) бюджетке өтеуге;

      жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруге (құжаттарды сәйкестікке келтіруге);

      3) қызметті ұйымдастыруды жақсартуға;

      4) тәртіптік жауаптылыққа тартуға;

      5) тексеру (талдау, мониторинг, түгендеу және т.б.) жүргізуге бағытталған.

      ** 9-бағанда ұсыным/тапсырма орындалған жағдайда растайтын құжаттардың деректемелерін (бұйрықтың тіркеу нөмірін (тәртіптік жауаптылыққа тарту кезінде), төлем құжатының нөмірі мен күнін (қаражатты бюджетке өтеу кезінде), бухгалтерлік анықтаманың нөмірі мен күнін (бухгалтерлік есептің бұзушылықтары бойынша қаражатты қалпына келтіру кезінде), ұсыным/тапсырма есепке алынған нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі мен күнін және т.б.) көрсету қажет.

      *** Жоғары аудиторлық палатаға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 2-қосымшада орындау мерзімдері есепті кезеңде (тоқсанда, жылы) келетін ұсынымдар мен тапсырмаларды көрсету қажет. Есепті жылы аяқталған аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша берілген орындау мерзімдері келмеген ұсынымдар мен тапсырмалар келесі есепті кезеңде (тоқсанда, жылы) көрсетілуі тиіс.

  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
3-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясы ____ жылғы есепті кезеңде анықтаған бұзушылықтарды талдау

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/т №

Нормативтік құқықтық актілердің атауы

Өлшем бірлігі

Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының барлық анықталған бұзушылықтары

соның ішінде

қаржылық бұзушылықтар

тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері

бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау

қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

алдыңғы жылғы ұқсас кезеңдегі

____ жылғы есепті кезеңдегі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1


мың теңге











2


мың теңге











3


мың теңге











ЖИЫНЫ:

мың теңге











     

  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
4-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңдегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 08.01.2018 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      1. Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары

      1.1. Есепті кезеңдегі (І тоқсандағы, І жартыжылдықтағы, 9 айдағы, жылғы) аудиторлық қызметтің түйінді көрсеткіштерін жалпы талдау

      жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны;

      мемлекеттік аудит объектілерінің саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының барлық анықталған бұзушылықтары (қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар), ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда, тікелей (жанама) шығындар, жүйелі кемшіліктер;

      есепті кезеңде қалпына келтіруге (өтеуге) жататын және қалпына келтірілген (өтелген) сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны туралы ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудиттің нәтижелері;

      Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының және нұсқамаларының (тапсырмаларының) орындалуы.

      1.2. Есепті кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау

      жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі және әрбір аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар (олардың туындау себептерін көрсете отырып, негізгі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің қысқаша сипаттамасы);

      мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген тұжырымдар және ұсынымдар (бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша берілген жүйелі ұсыныстар).

      2. Тексеру комиссиясының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс қорытындылары

      талдамалық қызмет;

      құқықтық қызмет.

  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктерді есепке алуы

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/т №

Жыл

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Жүйелі кемшіліктердің сипаттамасы (соның ішінде жүйелі кемшіліктердің болуының теріс салдары)

Ұсынылып отырған тапсырманың редакциясы

1

2

3

4

5

1





2





3





ЖИЫНЫ:





  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
6-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде қаражаттың бюджетке түсуі кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы

      Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      мың теңге

Р/т №

Жыл

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і

ББС бойынша бюджет түсімдерінің коды

Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы

Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары (болған жағдайда)

Бұзушылық фактісін сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)

барлығы

оның ішінде

түсуге жататыны

түскені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












2












3












ЖИЫНЫ:








  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
7-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы

      Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      мың теңге

Р/т №

Жыл

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і

ББ/ БКБ коды

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі

Барлығы

соның ішінде РБ-дан берілген трансферттер есебінен

оның ішінде

бюджет қаражаты

мемлекет активтері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









3









Жиыны, соның ішінде:









РБ









ЖБ









      Кестенің жалғасы

Қаржылық бұзушылықтар

соның ішінде

Барлығы

соның ішінде РБ-дан берілген трансферттер есебінен

соның ішінде

Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықтар

Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде заңнаманы бұзушылықтар

қалпына келтіруге жататыны

өтеуге жататыны

қалпына келтіруге жататыны

соның ішінде қалпына келтірілгені

өтеуге жататыны

соның ішінде өтелгені

қалпына келтіруге жататыны

соның ішінде қалпына келтірілгені

барлығы

аудит барысында қалпына келтірілгені

барлығы

аудит барысында өтелгені

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21









































































      Кестенің жалғасы

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері

Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау

Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда

Бұзушылық фактісін сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)

Барлығы

соның ішінде РБ-дан берілген трансферттер есебінен

Барлығы

соның ішінде РБ-дан берілген трансферттер есебінен

22

23

24

25

26

27

28

29

















































  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
8-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды есепке алуы

      Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      мың теңге

Р/т №

Жыл

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і

ББ/ КББ коды

Қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануы

Барлығы

оның ішінде РБ-дан берілетін трансферттер есебінен

оның ішінде

қалпына келтіруге жататыны

қалпына келтірілгені

өтеуге жататыны

өтелгені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













2













3













Жиыны, соның ішінде:













РБ













ЖБ













      Кестенің жалғасы

Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануы

Қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануының жалпы сомасы

Бұзушылық фактісінің сипаттамасы, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме, Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы

Саны

Жалпы сомасы

оның ішінде РБ-дан берілетін трансферттер есебінен

Барлығы (7-бағ. + 14-бағ.)

оның ішінде РБ-дан берілетін трансферттер есебінен (8-бағ. + 15-бағ.)

14

15

16

17

18

19





































  Жоғары аудиторлық палатаға
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
9-қосымша
  Нысан

__________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың анықталған рәсімдік бұзушылықтарын есепке алуы

      Ескерту. 9-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.03.2024 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/т №

Жыл

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і

ББ/ КББ коды

Барлық рәсімдік бұзушылықтар

оның ішінде

бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасын бұзушылықтар

бухгалтерлік есепті жүргізу кезіндегі заңнаманы бұзушылықтар

құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар

мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылықтар

өзге де салалық заңнаманы бұзушылықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











3











ЖИЫНЫ:











      Кестенің жалғасы

Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемемен)

12

13

14













  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
10-қосымша

1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қаулы 10-қосымшамен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 31.12.2016 № 20-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) қызметіне бағалау жүргізудің мақсатын, міндеттерін, тәсілдерін, бағыттары мен өлшемшарттарын, оған қойылатын рәсімдік талаптарды айқындайды.

      2. Рәсімдік стандарт "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 4-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Рәсімдік стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит органдары қол жеткізген нәтижелердің деңгейін өлшеу, олардың жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру, мемлекеттік аудит органдары қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкестігін бағалау болып табылады.

      4. Рәсімдік стандарттың міндеті мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалауды жүзеге асыруға және жүргізілген бағалаудың (бұдан әрі – Бағалау) нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарға бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Бағалау келесі тәсілдермен:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметтерінің есептік ақпаратына жүргізген талдауды және олардың жұмыс тиімділігін бағалауды ескере отырып, олардың ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) қоспағанда, барлық мемлекеттік аудит органдарына қатысты жыл қорытындысы бойынша камералдық тәртіппен (бұдан әрі – камералдық тәртіппен бағалау);

      2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес тексеру комиссияларында және ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде оның аумақтық бөлімшелерінде) жоспарлы тәртіппен (бұдан әрі – жоспарлы тәртіппен бағалау) жүзеге асырылады.

      Осы Рәсімдік стандарттың 5-тармағының 1) тармақшасы бойынша ақпараттың толықтығы мен анықтығын мемлекеттік аудит органдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік аудит органдары дәйексіз және толық емес ақпарат ұсынған жағдайда:

      1) мемлекеттік аудит органының қызметін жалпы бағалаудан болған айыппұл көрсеткіші (-5) балл мөлшерінде ескеріледі;

      2) мемлекеттік аудит органының басшысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыным Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (органға) жіберіледі.

      6. Тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері бойынша олардың қызметіне рейтингілік бағалау жүзеге асырылады.

      Тексеру комиссиясының соңғы екі жылдағы тексеру комиссияларының қызметін бағалау рейтингінде бір тексеру комиссиясы бірінші позицияға ие болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға (органға) осы тексеру комиссиясының бірінші басшысын көтермелеу туралы ұсыным жіберіледі.

      7. Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау", "Ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

      8. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органды камералдық тәртіппен бағалау мынадай бағыттар:

      1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

      3) камералдық бақылау жүргізу;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

      6) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы;

      7) өзге де бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      9. "Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және орындау" бағытының өлшемшарттары:

      1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

      2) жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберу;

      3) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу;

      4) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) мемлекеттік аудит барысында бұзушылықтарды анықтау;

      2) орындау мерзімі басталған тапсырмалар/нұсқамалар бойынша бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда);

      3) орындау мерзімі басталған тапсырмалар/нұсқамалар бойынша анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру және есепке алу бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда);

      4) басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілген қаулыларды қоспағанда, төлеу мерзімі келген әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу;

      5) ішкі мемлекеттік аудиттің жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы;

      6) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды енгізу және қабылдау;

      7) өткен кезеңдерді ескере отырып, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар (орындалу мерзімі басталған) санынан орындалған ұсынымдардың, тапсырмалардың үлесі;

      8) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      11. "Камералдық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы;

      2) камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері;

      3) қамтуға жататын жалпы санның ішінен камералдық бақылаумен қамтылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің үлесі болып табылады.

      12. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарттары:

      1) Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері;

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарының (бұдан әрі – Жалпы стандарттар), Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының (бұдан әрі – рәсімдік стандарттар), сондай-ақ Жалпы және рәсімдік стандарттарға сәйкес қабылданатын актілердің талаптарын сақтау жоспарлы тәртіппен бағаланады.

      2) Заңның 8, 19 және 24-баптарында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы;

      3) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу болып табылады.

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы" бағытының өлшемшарттары:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері;

      2) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жағдайларын растау болып табылады.

      14. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы" бағытының өлшемшарты Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуының толықтығы, сапасы және уақтылылығы болып табылады.

      15. "Өзге де бағыттар" бағытының өлшемшарттары:

      1) ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;

      2) ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық көмек көрсету;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамау немесе уақтылы орындамау болып табылады.

      4) жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу.

3-тарау. Тексеру комиссияларының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

      16. Тексеру комиссияларын камералдық тәртіппен бағалау мынадай бағыттар:

      1) Мемлекеттік аудит объектілері тізбесін қалыптастыру және орындау;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

      3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

      5) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (және оның Кіші комитеті) шешімдерінің орындалуы;

      6) өзге де бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      17. "Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және орындау" бағытының өлшемшарты Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру, Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін орындау (өтпелі аудиторлық іс-шаралар мен Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы және тиісті маслихаттардың шешімдері бойынша өткізілетін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы), сондай-ақ қаржыландыру көздерінің бірі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты болатын бюджеттік бағдарламаларды келісу болып табылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      18. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) өткен кезеңдерді ескере отырып, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралар қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар (орындалу мерзімі басталған) санынан орындалған ұсынымдардың, тапсырмалардың үлесі;

      2) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері;

      3) соттардың тексеру комиссиялары бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және нұсқаманы орындау мақсатында берген талап қоюларын қанағаттандыруы;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша (кіріс бөлігін қоспағанда) қаражатты өтеу (қалпына келтіру);

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану;

      6) тексеру комиссиясы нұсқамасының тармақтарын (тармақшаларын, бөліктерін) сот тәртібімен заңсыз деп тану;

      7) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, бюджетке түсетін түсімдердің алынуы, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы;

      8) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық ақпараттық есепке алу деректерін енгізу;

      9) шоғырландырылған қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу барысында бұзушылықтардың анықталуы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      19. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарттары:

      1) Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері.

      Жалпы стандарттардың, Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген рәсімдік стандарттардың, сондай-ақ Жалпы және рәсімдік стандарттарға сәйкес қабылданатын актілердің талаптарын сақтау жоспарлы тәртіппен бағаланады.

      2) Заңның 8, 19 және 24-баптарында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы;

      3) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу болып табылады.

      20. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің жауаптылығы" бағытының өлшемшарттары:

      1) тексеру комиссиялары жұмыскерлерін тексеру комиссияларының қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері;

      2) тексеру комиссиялары жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жағдайларын растау болып табылады.

      21. . "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (және оның Кіші комитеті) шешімдерінің орындалуы" бағытының өлшемшарттары:

      1) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің толық, сапалы және уақтылы орындалуы;

      2) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кіші комитеті шешімдерінің толық, сапалы және уақтылы орындалуы (болған жағдайда).

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      22. "Өзге да бағыттар" бағытының өлшемшарттары:

      1) тексеру комиссияларының өзінің жұмысы туралы Жоғары аудиторлық палатаға ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі;

      2) ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі;

      3) Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің тапсырмаларын, сондай-ақ оларға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмаларын орындамау немесе уақтылы орындамау;

      4) жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу;

      5) тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шараларына қатысуы;

      6) Тексеру комиссиясының сараптамалық-талдамалық іс-шарасын өткізуі;

      7) тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиторларының/жұмыскерлерінің Жоғары аудиторлық палатада бірлескен, қатар тексерулерге, тағылымдамаларға қатысуы.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

4-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметіне бағалау жүргізу тәртібі 1-параграф. Камералдық тәртіппен бағалау

      23. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін камералдық тәртіппен бағалау ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сай, тексеру комиссияларының қызметін осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сай бағалау бағыттарына және өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Өлшемшарттар бойынша бағалау қызметтің белгіленген оң және теріс көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.

      25. Бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мынадай тиісті баға шығарады:

      100 балл және одан жоғары – тиімді;

      71 балдан 99 балға дейін – қанағаттанарлық;

      70 балдан (қоса алғанда) кем – тиімсіз.

      26. Бағалау мыналарды:

      1) осы Рәсімдік стандартқа 3-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылатын мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырмалы кестесін;

      2) мемлекеттік аудит органдары бөлінісінде бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақталған ақпаратты қамтиды.

      27. Бағыттар, өлшемшарттар және көрсеткіштер бойынша бағалауды айқындау мақсатында:

      1) тексеру комиссиялары әрбір өлшемшарт және бағалау көрсеткіштері бойынша жасалған түсіндірме жазбаны қоса алғанда, растайтын құжаттары бар ақпаратты жылдың қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаға 20 қаңтардан кешіктірмей жібереді;

      2) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әрбір өлшемшарт және бағалау көрсеткіштері бойынша жасалған түсіндірме жазбаны қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, есепті ақпаратқа өзі жүргізген талдауды және ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін бағалауды ескере отырып, ақпаратты жыл қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаға 1 ақпаннан кешіктірмей жібереді;

      3) Жоғары аудиторлық палатаның ішкі құжатына сәйкес бекітілген бағыттар, өлшемшарттар мен көрсеткіштер бойынша бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшелері алынған ақпарат пен қолда бар мәліметтер негізінде жыл қорытындысы бойынша бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтау үшін бағалау нәтижелерін 5 ақпаннан кешіктірмей жібереді.

      28. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау нәтижелері 25 ақпаннан кешіктірілмей мемлекеттік аудит органдарына танысу үшін жіберіледі.

      29. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтар болған кезде мемлекеттік аудит органы оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарымен бірге Жоғары аудиторлық палатаға жібереді.

      30. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтарды қарау растайтын құжаттар болған кезде оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етіледі.

      Растайтын құжаттары жоқ және осы Рәсімдік стандарттың 29-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін келіп түскен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауға қарсылықтар қарауға жатпайды.

      31. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтарды қарау қорытындылары бойынша Жоғары аудиторлық палата осы Рәсімдік стандарттың 30-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде негіздемелері бар қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы жауап жібереді.

      32. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың түпкілікті қорытындылары Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына 20 наурыздан кешіктірілмей ұсынылады.

      33. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау қорытындылары тексеру комиссияларының қызметін бағалау рейтингінде соңғы үш позицияға ие болған тексеру комиссияларының, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының есептік ақпаратын тыңдай отырып Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесі кіші комитетінің отырысына шығарылады.

2-параграф. Жоспарлы тәртіппен бағалау

      34. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау:

      1) мемлекеттік аудит органдары Жоғары аудиторлық палатаға осы Рәсімдік стандарттың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша ұсынатын ақпараттың анықтығы мен толықтығы;

      2) мемлекеттік аудит органдарының Жалпы стандарттардың, Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген рәсімдік стандарттардың, сондай-ақ Жалпы және рәсімдік стандарттарға сәйкес қабылданатын актілердің талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеру тәсілімен жүзеге асырылады.

      35. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу Заңға сәйкес қалыптастырылған Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізіледі.

      36. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу жөніндегі басшылықты Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде бекітілген Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі жүзеге асырады.

      37. Жоспарлы тәртіппен бағалауды Жоғары аудиторлық палата тікелей тексеру комиссиясында немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде екі жылда бір реттен жиі емес жүргізеді.

      38. Жоспарлы тәртіппен бағалау мынадай негіздердің бірі болған кезде жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы;

      2) жыл қорытындылары бойынша камералдық тәртіппен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органының қызметінде елеулі тәуекелдерді анықтау және (немесе) тексеру комиссияларының рейтингісінде төмен баға алғандар;

      3) осы Рәсімдік стандарттың 37-тармағында көзделген негіздер бойынша.

      39. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшесімен келісу бойынша, жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге Өтінім жасаған кезде жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізудің әрбір кезеңінің мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      40. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеруді сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің мемлекеттік аудиторлары Заңға сәйкес қалыптастырылған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сай жүзеге асырады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      41. Жоғары аудиторлық палатаның басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін аппарат басшысының, Жоғары аудиторлық палатаның тиісті мүшесінің, сондай-ақ тікелей басшысының келісімі бойынша, сондай-ақ басқа мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудиторлары арасынан олардың бірінші басшыларының келісімі бойынша тартуға жол беріледі.

      Тексеру тобы айқындалған жағдайда, олардың арасынан топтың жұмысын үйлестіретін, жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешетін топ жетекшісі анықталады.

      42. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізілгенге дейін мыналар:

      1) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорында және (немесе) Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде орналастырылған құжаттар;

      2) Жоғары аудиторлық палатаға келіп түскен мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуы, мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері жөніндегі мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) Жоғары аудиторлық палатаның 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палатаның нормативтік қаулысы), Жоғары аудиторлық палатаның нормативтік қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылған тексеру комиссиясының есептілігі;

      4) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның 46-бабының 3-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палатамен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына және осы Рәсімдік стандартқа сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылған ақпарат;

      5) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Кіші комитеті мен Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындау қарауға жатады.

      43. Осы Рәсімдік стандарттың 42-тармағында көрсетілген құжаттарды қараудың негізінде осы Рәсімдік стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу бағдарламасы құрастырылады.

      44. Жоғары аудиторлық палата мүшесінің осы Рәсімдік стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген тапсырмасы жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

      Тапсырма жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге құқық беретін ресми құжат болып табылады және "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.

      45. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеруге шыққанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі:

      1) бекітілген бағыттар, өлшемшарттар мен көрсеткіштер бойынша бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің келісуін ескере отырып, жауапты құрылымдық бөлімше басшысы құрастырған және қол қойған Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді;

      2) сапа бақылауын жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген Тапсырмаға қол қояды.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      46. Осы Рәсімдік стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген және Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қол қойған жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу туралы хабарлама жоспарлы тәртіппен тексеру жүргізу басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік аудит органына жіберіледі.

      47. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу басталмас бұрын мемлекеттік аудит органының басшысына:

      1) жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге Тапсырма;

      2) қызметтік куәліктер не олардың жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетіледі.

      48. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізудің басталған кезі мемлекеттік аудит органының лауазымды адамына (адамдарына) Тапсырманың көрсетілген күні болып табылады.

      49. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит органының басшысына немесе лауазымды адамға Тапсырма берілген күннен бастап екінші күннен кешіктірмей осы Рәсімдік стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мәліметтер, құжаттама, ақпарат және материалдар (дәлелдемелер) беру туралы талап беріледі.

      50. Мынадай себептерді ескере отырып, соның ішінде аудиторлық есептердің жалпы санынан 10% кем емес аудиторлық есептерді қамту жолымен материалдардың көлеміне, еңбек ресурстары мен тексеру кезеңіне байланысты тексеруге жататын материалдарды іріктеу қолданылады:

      1) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін және/немесе анықталған бұзушылықтарды қамтудың ең үлкен сомасы;

      2) экономиканың әр түрлі салаларында жүргізілген мемлекеттік аудит;

      3) мемлекеттік аудит органдарының әртүрлі жауапты лауазымды адамдарына бекітілген аудиторлық іс-шаралар.

      Бұл ретте іріктеуді қолдану кезінде Жоғары аудиторлық палатамен бірге жүргізілген аудиторлық іс-шаралар алып тасталады.

      51. Құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      52. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша осы Рәсімдік стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жөніндегі есеп (бұдан әрі – Есеп) жасалады. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Есептегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларының деректемелеріне қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады. Бұзушылықтың әрбір анықталған фактісі, сондай-ақ кемшіліктері бұзушылық пен кемшіліктің сипаты, түрі сипаттала отырып, реттік тәртіппен нөмірленеді және жеке тармақта тіркеледі.

      53. Есеп екі данада жасалып, оған жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген лауазымды адамдар қол қояды.

      Есептің бір данасы жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік аудит органына жіберіледі, екінші данасы Жоғары аудиторлық палатада қалады.

      54. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит органы нәтижелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Есепке жазбаша қарсылығын Жоғары аудиторлық палатаға ұсынады.

      Көрсетілген мерзім өткен соң келіп түскен мемлекеттік аудит органының Есепке қарсылығы қарауға жатпайды.

      55. Мемлекеттік аудит органы белгіленген мерзімде ұсынған Есепке қатысты қарсылықты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлармен және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен бірлесіп Қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды. Жоғары аудиторлық палатаның отырысы өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып уәжделген жауап жіберіледі.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      56. Мемлекеттік аудит органының Есепке ұсынған түсініктемесі оған жауап дайындалмастан назарға алынады.

      57. Есептің негізінде тұжырымдар мен ұсынымдар қамтылатын Қорытынды ресімделеді. Қорытынды осы Рәсімдік стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      58. Жауапты құрылымдық бөлімше заң сараптамасын жүргізу үшін Қорытынды, Қаулы және Нұсқаманың жобаларын жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру материалдарымен қоса құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге Есепке мемлекеттік аудит органының қарсылықтарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Қорытындының, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасын құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді, кейін заң сараптамасының қорытындысын Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.

      Нұсқаманың жобасы заң сараптамасы жүргізілгеннен кейін Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолының қойылуымен Жоғары аудиторлық палатаның отырысын өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына қарау үшін жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит органы Нұсқаманың жобасымен келіспеген жағдайда, оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Жоғары аудиторлық палатаға жазбаша қарсылығын жібереді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      59. Қорытындыға Жоғары аудиторлық палатаның сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бұрыштама қояды, Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қол қояды және Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына Жоғары аудиторлық палатаның отырысын өткізгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын ілеспе хатпен ұсынылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      60. Мемлекеттік аудит органының лауазымды адамдарының іс-қимылында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, тиісті дәлелдемелері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беруді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және Заңның талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      61. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралады.

      Жоғары аудиторлық палата мүшесінің не сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше басшысының және мемлекеттік аудит органы басшысының ақпаратын тыңдау қорытындылары бойынша Қорытынды және Нұсқама қабылданады.

      62. Қорытынды Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітіледі.

      Қаулы мыналарды:

      1) жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша дайындалған Қорытындыны бекіту туралы шешімді;

      2) Қорытындыны немесе одан үзіндіні және Нұсқаманы мемлекеттік аудит органына беру туралы шешімді;

      3) құқық қорғау органдарына (болған жағдайда) материалдарды беру туралы шешімді қамтиды.

      63. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит органына:

      1) Қорытынды немесе одан үзінді;

      2) осы Рәсімдік стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палатаның Нұсқамасы жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысы бекітіліп, Нұсқамасына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі тексеру тобының жетекшісі жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі тексеру жүргізу туралы хабарламаны, мәліметтерді, құжаттаманы, ақпарат пен материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап, мемлекеттік аудит органдарының қарсылықтары мен түсіндірмелері (болған кезде) және Жоғары аудиторлық палатаның қарсылықтарға уәжделген жауаптары, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің сараптамалық қорытындысын, қоса тіркеу туралы қызметтік жазбаларды қамтыған (Тексеру бағдарламасының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қол қойған Қорытындының көшірмелері) жинақ папкасы толықтырылған тексеру материалдарын кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.

      Жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі тексеру материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне және Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      64. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларының тармақтарын қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылауға қоюды жүзеге асырады, олардың орындалу мерзімі келгенге дейін бес жұмыс күні бұрын Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне олардың орындалу мерзімі туралы ескертеді.

      65. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      66. Қорытындыда берілген ұсынымдарды қараудың нәтижелері туралы және Нұсқамаларды орындау туралы ақпаратты мемлекеттік аудит органдары растайтын құжаттарымен бірге тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде Жоғары аудиторлық палатаға жібереді.

      67. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшесімен бірлесіп, Қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жіберілген Нұсқамалардың орындалуы үшін тұрақты және жүйелі негізде мыналардың:

      1) мемлекеттік аудит органының Қорытындыда берілген ұсынымдарды қарауының, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпараттың және олардың қаралғанын растайтын құжаттардың және шешімдер қабылдаудың;

      2) Нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарын орындаудың, соның ішінде мемлекеттік аудит органдары жіберетін Нұсқамаларды орындау нәтижелері туралы ақпараттың және растайтын құжаттардың уақтылылығы мен толықтығын бақылау мен талдауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.01.2024 № 1-НҚ (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      68. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит органынан ақпарат (растайтын құжаттар) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама тармақтарын мемлекеттік аудит органының орындауына бақылау жүргізеді.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      69. Бақылау:

      1) Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының орындалуының толықтығы және анықтығы, растайтын құжаттардың болуы;

      2) Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының орындалу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар енгізудің негізділігі;

      3) бақылаудан алудың негізділігі тұрғысынан жүргізіледі.

      Бұзушылықтардың жойылғанын және Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен тапсырмаларының орындалғанын, мемлекеттік аудит органдары қабылдаған шараларды растау үшін қажет болған жағдайда барып бақылау жүргізуге жол беріледі.

      70. Мемлекеттік аудит органы ақпарат ұсынбаған не олар көрсетілген мерзімде Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

      71. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше бақылау қорытындылары бойынша осы Рәсімдік стандартқа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынымдарды және (немесе) нұсқамалар тармақтарын орындау нәтижелері туралы қызметтік жазба жобасын немесе мемлекеттік аудит органынан қосымша ақпарат сұратуды дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне енгізеді.

      Қызметтік жазба Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолы қойылып, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына жіберіледі.

      Ұсынымдарды және (немесе) нұсқама тармақтарын орындау мерзімін ұзартуға мемлекеттік аудит органына тәуелсіз объективті негіздер бойынша ғана жол беріледі.

      Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.01.2024 № 1-НҚ (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      72. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы осы Рәсімдік стандарттың 71-тармағында көзделген қызметтік жазбаның негізінде Қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқаманың тармақтарын бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      73. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы шешім қабылдаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолы қойылған хатпен мемлекеттік аудит органына Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және (немесе) Нұсқамасы тармақтарының бақылаудан алынғаны не оларды орындаудың жалғасатындығы туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      74. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қарары бар Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қызметтік жазбасын және мемлекеттік аудит органының Қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың тармақтарын орындауы туралы ақпаратты Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жүктеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      75. Қажет болған жағдайда, Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқаманың тармақтарының орындалу барысы туралы мәселені талқылау мемлекеттік аудит органының лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдау үшін оларды шақыра отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысына шығарылады, оны қараудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

      76. Жоғары аудиторлық палата ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органда (және оның аумақтық бөлімшелерінде) және тексеру комиссияларында жоспарлы тәртіппен жүргізген бағалау жөніндегі тексеру нәтижелері бойынша өткен кезеңдерде белгіленген бұзушылықтар мен ескертулер бағалау бағыттары мен өлшемшарттарына сәйкес олардың есепті кезеңдегі қызметіне бағалау жүргізу кезінде ескеріледі.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
1-қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Бағыттар бойынша бағалау өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балдар

1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы

1.1.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобаларын алмасқаннан кейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бекітілген Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінде қайталау фактілерінің болмауы

5

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен мемлекеттік аудит объектілері тізбелерінің жобаларымен алмасқаннан кейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде қайталану фактілерінің болуы:

әрбір жағдай үшін -2 балл (ең жоғары балл (-10) балл)

1.2.

Жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберу

Хабарламаларды жіберудің уақтылылығы

5

Жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламаны жібермеу не уақтылы жібермеу:


1-ден 2 фактіге дейін;

-1

3-тен 5 фактіге дейін;

-3

5 фактіден көп

-5

1.3.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінен мемлекеттік аудит объектілерін алып тастау фактілерінің болмауы

5

Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік аудит объектілерін қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістер саны (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, аудит типі, тексеру түрі, мемлекеттік аудит объектілерін мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі, бюджет деңгейі, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін мемлекеттік аудитпен қамту сомасы)


2-ден 5-ке дейін;

-1

5-тен 10-ға дейін;

-2

10 және одан да көп

-3

1.4.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы)

Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда мемлекеттік аудит объектілерінің ауытқуы:


аудит объектілерінің 0%-дан 15%-ға дейінгіні қоса алғанда

5

мемлекеттік аудит объектілерінің 16%-дан 36%-ға дейінгіні қоса алғанда

-3

мемлекеттік аудит объектілерінің 37%-дан және одан да көбін қоса алғанда

-5

2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу

2.1.

Мемлекеттік аудит барысында бұзушылықтарды анықтау

Аудитпен қамтылған жалпы сомадан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзушылықтардың анықталған сомаларының үлес салмағы:


0%-дан 50%-ға дейін;

1

50%-дан 60%-ға дейін;

2

60%-дан 70%-ға дейін;

3

70%-дан 80%-ға дейін;

4

80%-дан жоғары

5

Аудитпен қамтылған жалпы сома мен активтерден шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша бұзушылықтардың анықталған сомаларының үлес салмағы:


0%-дан 50%-ға дейін;

1

50%-дан 60%-ға дейін;

2

60%-дан 70%-ға дейін;

3

70%-дан 80%-ға дейін;

4

80%-дан жоғары

5

2.2.

Орындау мерзімі басталған тапсырмалар/ нұсқамалар бойынша бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда)

Бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде бюджетке өтелген бұзушылықтар сомаларының үлес салмағы::


0%-дан 10%-ға дейін;

1

10%-дан 20%-ға дейін;

2

20%-дан 30%-ға дейін;

3

30%-дан 40%-ға дейін;

4

40%-дан 50%-ға дейін;

5

50%-дан 60%-ға дейін

6

60%-дан 70%-ға дейін

7

70%-дан 80%-ға дейін

8

80%-дан 90%-ға дейін

9

90%-дан 100%-ға дейін

10

2.3.

Орындау мерзімі басталған тапсырмалар/ нұсқамалар бойынша бұзушылықтарды қалпына келтіру және есепке алу бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда)

Қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде қалпына келтірілген және есепке алу бойынша көрсетілген бұзушылықтар сомасының үлес салмағы:


0%-дан 50%-ға дейін;

0

50%-дан 60%-ға дейін;

1

60%-дан 70%-ға дейін

2

70%-дан 80%-ға дейін

3

80%-дан 90%-ға дейін

4

90%-дан 100%-ға дейін

5

2.4.

Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілген қаулыларды қоспағанда, төлеу мерзімі келген әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу

Басқа мемлекеттік органдардан (Құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасынан, Тексеру комиссияларынан, Ішкі аудит қызметтерінен) келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілген қаулыларды қоспағанда, төлеу мерзімі келген, есепті кезеңде салынған айыппұлдардың жалпы сомасына шаққанда бюджет кірісіне өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар сомаларының үлес салмағы:


50%-ға дейін

0

50%-дан 60%-ға дейін;

1

60%-дан 70%-ға дейін

2

70%-дан 80%-ға дейін

3

80%-дан 90%-ға дейін

4

90%-дан 100%-ға дейін

5

2.5.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша соттар қанағаттандырған талап қоюлардың үлес салмағы:


0%-дан 20%-ға дейін;

1

20%-дан 40%-ға дейін;

2

40%-дан 60%-ға дейін;

3

60%-дан 80%-ға дейін;

4

80%-дан 100%-ға дейін

5

2.6.

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу және қабылдау

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде енгізілген және қабылданған ұсыныстар саны

әрбір қабылданған ұсыныс үшін 1 балл (ең жоғары 12 балл)

2.7.

Өткен кезеңдер ескеріле отырып, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар санынан орындалған ұсынымдар, тапсырмалар үлесі (орындау мерзімі басталған)

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі:


70%-дан 80%-ға дейін;

3

80%-дан 90%-ға дейін;

5

90%-дан және одан да көп;

7

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі:


70%-дан 80%-ға дейін;

3

70%-дан 80%-ға дейін;

5

90%-дан және одан да көп;

7

2.8.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері

Тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері:


50 фактіге дейін;

3

50 фактіден көп

5

Құқық қорғау органдарына материалдарды беру қорытындылары бойынша, соның ішінде өткен жылдардағы материалдар бойынша есепті кезеңде адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болуы

1

3-бағыт: камералдық бақылау жүргізу

3.1.

Камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы

Камералдық бақылау бойынша орындалған хабарламалардың үлес салмағы:


60%-ға дейін

1

60%-дан 70%-ға дейін;

2

70%-дан 80%-ға дейін;

3

80%-дан 90%-ға дейін;

4

90%-дан 100%-ға дейін

5

3.2.

Камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері

Камералдық бақылау объектілерінің пайдасына шешілген хабарламаларға қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша қорытындылардың үлес салмағы:


10%-ға дейін;

5

10%-дан 30%-ға дейін;

4

30%-дан 50%-ға дейін;

3

50%-дан 70%-ға дейін;

2

70%-дан және одан да жоғары

1

3.3.

Қамтуға жататын жалпы санның ішінен камералдық бақылаумен қамтылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің үлесі

Камералдық бақылаумен қамтылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің үлесі:


70%-дан 80%-ға дейін;

3

80%-дан 90%-ға дейін;

5

90%-дан және одан да көп;

7

4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы

4.1.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына тексеру жүргізу барысында бұзушылықтардың болуы

- 10
(бағыттар мен өлшемшарттар бойынша анық емес ақпарат ұсыну, Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын сақтамау фактілері анықталған жағдайларда беріледі)

4.2.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті кезеңдегі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп таныған құжаттардың бар болуы:


1-ден 3 құжатқа дейін;

-2

4-тен 6 құжатқа дейін;

-3

7 құжаттан және одан да көп

-4

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы алдыңғы кезеңдердегі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп таныған құжаттардың бар болуы:


1-ден 3 құжатқа дейін;

-1

4-тен 6 құжатқа дейін;

-2

7 құжаттан және одан да көп

-3

Сапа бақылауымен қамтылған материалдардың жалпы санына шаққанда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның орталық аппараты және оның аумақтық бөлімшелері анықтаған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес аудит материалдарының үлес салмағы


материалдардың 2%-на дейін;

-1

материалдардың 3%-нан 5%-на дейін;

-2

материалдардың 6%-нан және одан да көп

-3

4.3.

5.1 өлшемшартында көзделген негіздерді қоспағанда, Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған жұмыскерлерінің саны:


1-5 жұмыскер;

-2

6-10 жұмыскер;

-4

11 және одан да көп жұмыскер

-6

5-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің жауаптылығы

5.1.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері:


1-10 факті;

-1

11-20 факті;

-3

21 және одан да көп факті.

-5

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет):


1-10 факті;

-2

11-20 факті;

-4

21 және одан да көп факті.

-6

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет):


1-10 факті;

-3

11-20 факті;

-5

21 және одан да көп факті.

-7

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімдері болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері:


1-5 факті;

-4

6 және одан да көп факті.

-6

5.2.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жағдайларын растау

Жоғары аудиторлық палатаға, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне келіп түскен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштер жасаудың расталған жағдайлардың болуы

- 2

6-бағыт: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы

6.1

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуының толықтығы, сапасы және уақтылылығы

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау, уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болмауы

10

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау фактілерінің болуы:


1 факті;

-2

2-ден 3 фактіге дейін;

-4

3 фактіден көп

-6

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болуы:


1 факті;

-1

2-ден 3 фактіге дейін;

-3

3 фактіден көп

-5

Үйлестіру кеңесінің кезекті жоспарланатын жылға арналған жұмыс жоспарында және/немесе Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша хаттамада көрсетілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, мемлекеттік аудит рәсімдерінің проблемаларын шешу және/немесе қызметін жақсарту бойынша негізделген ұсыныстар енгізу:


1 ұсыныс;

3

2-ден 3 ұсынысқа дейін;

5

3 ұсыныстан көп

7

7-бағыт: өзге де бағыттар

7.1.

Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу

Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалауды уақтылы жүргізу және олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жіберу

5

Бекітілген нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалауды сапасыз және уақтылы жүргізбеу фактілерінің болуы


1-2 факті;

-1

3-4 факті;

-2

5 және одан да көп факті

-3

7.2.

Ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық көмек көрсету

Ішкі аудит қызметтері жұмысының мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің саны

2 балл - әрбір қабылданған нормативтік құқықтық немесе құқықтық акт үшін (ең жоғары 10 балл)

7.3.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамау немесе уақтылы орындамау

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған тапсырмаларының саны

әрбір жағдай үшін -1 балл (ең жоғары (-5) балл)

7.4

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу

Өткізілген кездесулер, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер саны

әрбір жағдай үшін 1 балл (ең жоғары 5 балл)

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
2-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Бағыттар бойынша бағалау өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балдар

1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және орындау

1.1.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қайталану фактілерінің болмауы

5

Аудит объектілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік аудит жүргізуді қайталау фактісінің болуы

әрбір жағдай үшін -2 балл (ең жоғары -10 балл)

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 6-НҚ Қағидалар) белгіленген негіздерсіз Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

-5

1.2.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шаралар мен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы және тиісті маслихаттардың шешімдері бойынша өткізілетін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы)

Мемлекеттік аудит объектілерінің № 6-НҚ Қағидаларында белгіленген негіздерсіз Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда ауытқуы:


мемлекеттік аудит объектілерінің 0%- дан 15%-ға дейінгіні қоса алғанда

5

мемлекеттік аудит объектілерінің 16%- дан 36%-ға дейінгіні қоса алғанда

-1

мемлекеттік аудит объектілерін 37%-дан және одан да көбін қоса алғанда

-3

1.3.

Қаржыландыру көздерінің бірі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты болатын бюджеттік бағдарламаларды келісу

Қаржыландыру көздерінің бірі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты болатын бюджеттік бағдарламалардың келісуінің болмауы:


1-ден 2 фактіге дейін

-1

3-тен 5 фактіге дейін

-2

6 және одан да көп факті

-3

2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу

2.1.

Өткен кезеңдерді ескере отырып, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралар қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар (орындалу мерзімі басталған) санынан орындалған ұсынымдардың, тапсырмалардың үлесі

Ұсынымдардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің олқылықтары мен қайшылықтарын жоюға, сондай-ақ оларды жетілдіруге бағытталған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі:


20%-ға дейін;

2

21%-дан 30%-ға дейін;

4

31%-дан 40%-ға дейін;

6

41%-дан және одан да көп

8

Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі


70%-дан 80%-ға дейін;

4

80%-дан 90%-ға дейін;

6

90%-дан және одан да көп;

8

70%-дан кем

-1

2.2.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері

Материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру қорытындысы бойынша, сондай-ақ тексеру комиссиясына байланысты емес себептер бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартпау фактілерін қоспағанда, мемлекеттік аудит органының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру қорытындысы бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері:


10 фактіге дейін;

3

10-нан 20 фактіге дейін;

5

20 фактіден көп

7

Құқық қорғау органдарына материалдарды беру қорытындылары бойынша, соның ішінде өткен жылдардағы материалдар бойынша есепті кезеңде адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болуы

1

2.3.

Соттардың тексеру комиссиялары бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және нұсқаманы орындау мақсатында берген талап қоюларын қанағаттандыруы

Соттардың бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және нұсқаманы орындау мақсатында қанағаттандырған (соның ішінде ішінара қанағаттандырған) талап қоюлар саны:


1-ден 2-ге дейін

1

3-тен 5-ке дейін

2

6-дан жоғары

3

2.4.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша (кіріс бөлігін қоспағанда) қаражатты өтеу (қалпына келтіру)

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша орындау мерзімі келгендері бойынша өтеуге жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда өтелген қаражаттың үлесі:


10%-ға дейін;

1

10%-дан 29%-ға дейін;

2

30%-дан 49%-ға дейін;

3

50%-дан 79%-ға дейін;

4

80%-дан және одан да көп

5

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша орындау мерзімі келгендері бойынша қалпына келтіруге жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қалпына келтірілген қаражаттың үлесі:


10%-ға дейін;

1

10%-дан 29%-ға дейін;

2

30%-дан 49%-ға дейін;

3

50%-дан 79%-ға дейін;

4

80%-дан және одан да көп

5

2.5.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану

Тиімділік, сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жалпы сомасынан бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлаудың және тиімсіз пайдаланудың анықталған сомаларының үлесі:


0%-дан 8%-ға дейін;

6

9%-дан 17%-ға дейін;

9

18%-дан 26%-ға дейін;

12

27%-дан жоғары

15

2.6.

Тексеру комиссиясы нұсқамасының тармақтарын (тармақшаларын, бөліктерін) сот тәртібімен заңсыз деп тану

Сот тәртібімен заңсыз деп танылған тексеру комиссиясы нұсқамаларының тармақтарының (тармақшаларының, бөліктерінің) саны:


1-ден 2-ге дейін;

-1

3-тен 4-ке дейін;

-2

5 және одан да көп

-3

2.7.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы

Бюджетке мерзімдері келген түсімдер бойынша белгіленген бұзушылықтар қаржатының жалпы сомасына шаққанда жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бюджетке қамтамасыз етілген түсімдердің үлесі


10%-ға дейін

2

10%-дан 29%-ға дейін;

4

30%-дан 49%-ға дейін

6

50%-дан 79%-ға дейін

8

80%-дан және одан да көп

10

2.8.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық ақпараттық есепке алу деректерін енгізу

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша талон-хабарламаларды уақтылы енгізу (мерзімі келгендер)

10

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мерзімдерін бұза отырып, енгізілген талон-хабарламалардың үлесі:


аудит объектілерінің жалпы санының 10%-на дейін

-1

аудит объектілерінің жалпы санының 11%-нан 70%-на дейін

-2

аудит объектілерінің жалпы санының 71%-ынан және одан жоғары

-3

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша талон-хабарламалардың болмауы (мерзімі келгендер)

-3

2.9

Шоғырландырылған қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу барысында бұзушылықтардың анықталуы

Қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасына шаққанда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің қаржылық болып табылатын бұрмалануларының анықталған сомаларының үлес салмағы


20%-ға дейін;

2

21%-дан 40%-ға дейін;

4

41%-дан 60%-ға дейін;

6

61%-дан жоғары;

8

3-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы

3.1.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүргізген тексеру нәтижелері

Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасынан қаржылық бұзушылықтардың қате жіктелуінен анықталған сомасының үлес салмағы:


5%-дан 50%-ға дейін;

-2

51%-дан 70%-ға дейін;

-3

71%-дан 80%-ға дейін;

-4

81%-дан жоғары

-5

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны:


1 бірліктен 15 бірлікке дейін;

-2

16 бірліктен 30 бірлікке дейін;

-3

31 бірліктен жоғары

-4

3.2.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп таныған құжаттардың бар болуы:


1 құжат;

-2

2-ден 3 құжатқа дейін;

-3

4 құжаттан және одан да көп

-4

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы өткен кезеңдердегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп таныған құжаттардың бар болуы


1 құжат;

-1

2-ден 3 құжатқа дейін;

-2

4 құжаттан және одан да көп

-3

Сапа бақылауымен қамтылған материалдардың жалпы санына шаққанда Тексеру комиссиясы анықтаған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес аудит материалдарының үлес салмағы:


материалдардың 2%-ына дейін;

-1

материалдардың 2%-ынан 5%-ына дейін;

-2

материалдардың 5%-ынан және одан да көп

-3

3.3.

4.1 өлшемшартында көзделген негіздерді қоспағанда, Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу

Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған жұмыскерлерінің саны:


1 жұмыскер;

-1

2 және одан да көп жұмыскер

-3

4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің жауаптылығы

4.1.

Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін тексеру комиссияларының қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері

Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері:


1-2 факті;

-1

3-4 факті;

-2

5 және одан да көп факті.

-3

Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет):


1-2 факті;

-1

3-4 факті;

-2

5 және одан көп факті.

-3

Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет):


1-2 факті;

-3

3-4 факті;

-4

5 және одан көп факті

-5

Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімдері болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілердің болуы

-4

4.2.

Тексеру комиссиялары жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жағдайларын растау

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына немесе тексеру комиссиясына келіп түскен тексеру комиссиялары жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштер жасаудың расталған жағдайлардың болуы

- 1

5-бағыт: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі және оның Кіші комитеті шешімдерінің орындалуы

5.1.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерінің толықтығы, сапасы және уақтылы орындалуы

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау, уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болмауы

5

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау фактілерінің болуы:


1 факті;

-2

2-ден 3 фактіге дейін;

-3

3 фактіден көп

-4

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болуы:


1 факті;

-1

2-ден 3 фактіге дейін;

-2

3 фактіден көп

-3

Үйлестіру кеңесінің кезекті жоспарланған жылға арналған жұмыс жоспарында және/немесе Үйлестіру кеңесі (және оның Кіші комитеті) отырысының нәтижелері жөніндегі хаттамада көрсетілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының проблемаларын шешу және/немесе қызметін, мемлекеттік аудит рәсімдерін жақсарту жөнінде негізделген ұсыныстар енгізу:


1 ұсыныс;

3

2-ден 3 ұсынысқа дейін;

5

3 ұсыныстан көп

7

5.2.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі кіші комитеті шешімдерінің толықтығы, сапасы және уақтылы орындалуы (болған жағдайда)

Кіші комитеттің шешімдерін орындамау, уақтылы орындамау және (немесе) сапасыз орындау фактілерінің болмауы

5

Кіші комитеттің шешімдерін орындамау фактілерінің болуы:


1 факті;

-2

2-ден 3 фактіге дейін;

-3

3 фактіден көп

-4

Кіші комитеттің шешімдерін уақтылы орындамау және (немесе) сапасыз орындау фактілерінің болуы:


1 факті;

-1

2-ден 3 фактіге дейін;

-2

3 фактіден көп

-3

6-бағыт: өзге де бағыттар

6.1.

Тексеру комиссияларының өзінің жұмысы туралы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына өзінің жұмысы туралы ақпаратты ұсынуы бойынша Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкестігі

5

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "уақтылық" қағидатына сәйкес келмеуі (есепті белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну)

-2

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "толықтық және анықтық" қағидатына сәйкес келмеуі (жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерінің жазылуының анықтығы)

-2

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "сенімділік" қағидатына сәйкес келмеуі (тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынатын өзінің жұмысы туралы ақпаратының анықтығы және онда қателердің болмауы)

-2

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "сенімділік қағидатына сәйкес келмеуі (Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау қорытындылары бойынша)

-2

6.2.

Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі

Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі:


белгіленген мерзімдерді бұза отырып;

-1

материалдардың жалпы санына шаққанда 75%-ға дейін енгізу;

-2

материалдардың жалпы санына шаққанда 50%-ға дейін енгізу;

-3

материалдардың жалпы санына шаққанда 25%-ға дейін енгізу

-4

6.3.

Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің тапсырмаларын, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмаларын орындамау немесе уақтылы орындамау

Орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің тапсырмаларының, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмаларының саны

әрбір жағдай үшін-1 балл (ең жоғары (-3) балл)

6.4.

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу

Өткізілген кездесулер, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер саны

әрбір жағдай үшін - 1 балл (ең жоғары 5 балл)

6.5.

Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аудиторлық іс-шараларына қатысуы

Бірлескен және қатар тексерулерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аудиторлық іс-шараларына қатысқан Тексеру комиссияның мемлекеттік аудиторларының саны


әрбір тартылған мемлекеттік аудитор үшін

1 (ең жоғары 3 балл)

6.6.

Тексеру комиссиясының сараптамалық-талдамалық іс-шарасын өткізуі

Бюджеттің ағымдағы және кейіннен бағалауды қоспағанда, Тексеру комиссиясы жүргізген сараптамалық-талдау іс-шаралардың саны


әрбір жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шаралары үшін

1 (ең жоғары 3 балл)

6.7.

Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиторларының/жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында бірлескен, қатар тексерулерге, тағылымдамаларға қатысуы

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында жүргізілген бірлескен, қатар тексерулер, өткен тағылымдамалар саны


әрбір жүргізілген бірлескен, қатар тексеру, өткен тағылымдама үшін

1 (ең жоғары 3 балл)

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырма кестесі

Бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит органдары бөлінісіндегі бағалау нәтижелері



































ЖИЫНЫ








  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
4-қосымша

      Нысан

  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық
палатасының мүшесі
__________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы)
20__ жылғы "__"_________

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру БАҒДАРЛАМАСЫ

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.01.2024 № 1-НҚ (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. _____________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит органының атауы)

      2. Тексерумен қамтылатын кезең: ___________________________________

      3. Тексеру жүргізу мерзімі: ________________ _______________аралығы

      4. Тексеруді жүргізуге жауапты мемлекеттік аудиторлардың (тексеру тобының) құрамы:

      ____________________________________________________

      5. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру мәселелері:

      ______________________________________________________________

      Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы

      ______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-қосымша

      Нысан

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге ТАПСЫРМА

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Мемлекеттік аудит объектілерінің 20__ жылға арналған тізбесіне сәйкес

      _______________________________________________________

      (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органды, толық атауын, оның орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсету) қатысты жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу тапсырылады.

      Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:____________________________________________________

      (жұмыскер(лер)дің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және лауазымын көрсету)

      Тексерумен қамтылатын кезең ____-____ аралығы

      Тексеру жүргізу мерзімдері: _____-______аралығы

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

      ___________________________________________________________________

      (тапсырмаға қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      QR

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-1-қосымша
  нысан

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеруді ұзарту туралы
ТАПСЫРМА (акт)

      Ескерту. Стандарт 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.01.2024 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Мемлекеттік аудит объектілерінің 20__ жылға арналған тізбесіне сәйкес

      _____________________________________________________

      (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органды, толық атауын, оның орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсету) қатысты жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру мерзімін ____ жылғы "__"_____ бастап, ____ жылғы "__" дейін ұзарту тапсырылады.

      Тапсырмаға қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы _____________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі)

      QR

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
6-қосымша

      Нысан

  ___________________________
(мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органының атауы)

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Мемлекеттік

      аудит объектілерінің ___ жылға арналған тізбесіне сәйкес ______________ _________

      аралығында (ұзақтығын көрсету) жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізіледі.

      Сіздерден:

      1) тексеру жүргізуге және жауапты лауазымды адамдарды белгілеуге жәрдем көрсетулеріңізді;

      2) оны жүргізуге кедергі келтірмеулеріңізді және барлық сұратылған ақпаратпен қамтамасыз етулеріңізді;

      3) қажетті жағдай жасауларыңызды, дайындық жұмыстарын жүзеге асырып, жұмыскерлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

      ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе:

      Тексеру жүргізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ресми бланкісінде ресімделеді.

      Тексеру жүргізу туралы хабарламаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының әдеп жөніндегі уәкілінің сенім телефоны туралы ақпарат міндетті түрде қоса беріледі.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
7-қосымша

      Нысан

Мәліметтерді, құжаттамаларды, ақпаратты және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсынуы туралы талап

      _________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының атауы)

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Мемлекеттік аудит объектілерінің ____ жылға арналған тізбесіне сәйкес

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының атауын көрсету)

      ___________________________________ аралығында

      (тексерудің ұзақтығын көрсету)

      жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу көзделген.

      Осыған байланысты, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес

      _________________________________________________________________

      (қажетті мәліметтерді және құжаттама тізбесін көрсету)

      туралы ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ұсынуларыңызды сұраймыз.

      Сұратылған ақпарат және құжаттардың көшірмелері

      ________________________________________ дейін қағаз жеткізгіштерде

      (құжаттаманы ұсынудың күнін көрсету)

      немесе электрондық поштамен ұсынылсын.

      Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге жауапты мемлекеттік аудиторлар ________________

      (лауазымы, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе: Мәліметтерді, құжаттамаларды, ақпаратты және материалдарды

      (дәлелдемелерді) ұсынуы туралы талаптың 1-данасы Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасының ресми бланкісінде ресімделеді.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
8-қосымша

      Нысан

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру қорытындысы бойынша есеп

      1. Мемлекеттік аудит органының атауы:____________________

      2. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлар:

      ___________________________________________________________________

      3. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге арналған _____ "__" № ____ тапсырма

      4. Тексерумен қамтылған __________ кезең:

      5. Тексеру жүргізу мерзімі: ________ ___ аралығында

      6. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша алдыңғы тексеру нәтижелері:

      __________________________________________________________________________

      7. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары:

      7.1. Анықталған бұзушылықтар мен ескертулер:

      8. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдар:

      9. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдар:

      10. Қосымша:

      Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлар:

      _________________________________________________________________________

                  (лауазымы, (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "____" ______________ (жасаған күні)

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
9-қосымша

      Нысан

Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижесі бойынша қорытынды

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының атауы)

      1. Мемлекеттік аудит органының атауы:____________________

      2. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлар:

      ______________________

      3. Тексерумен қамтылған кезең: __________

      4. Тексеру жүргізу мерзімі: ________ ___ аралығында

      5. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған негізгі бұзушылықтар мен ескертулер:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тексеру нәтижелері, бұзушылықтар мен оқылықтардың жалпылама талдауы қысқаша

      түрде көрсетіледі)

      6. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдар:

      7. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдар:

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі       ________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
10-қосымша

      Нысан

_________________________________________________________________ (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының атауы) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының НҰСҚАМАСЫ №_______

______________________
(органның орналасқан жері)

20__ жылғы " ___"________

      Нұсқаманың тақырыбы

      Айқындаушы бөлік _________________________________________________________

      Тапсырмалар:______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе: нұсқамада анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау туралы және нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына белгіленген мерзімдерде ұсыну туралы талаптар көрсетіледі. Нұсқама мемлекеттік аудит органына нұсқаманың орындалуы туралы есепті ақпаратты онда белгіленген мерзімде ұсыну туралы талаптарды қамтиды. Нұсқаманың жобасын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қорытынды жобасымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының отырысына талқылау үшін енгізеді. Нұсқамаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қол қояды және мемлекеттік аудит органының атына жіберіледі. Нұсқама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бланкісінде ресімделеді.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
11-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық
палатасының
Төрағасына

Қызметтік жазба

      ____________________________________________________ сәйкес ұсынылады:

      (мемлекеттік аудит органы ақпаратының деректемелері)

№ р/с

Ұсынымның, тапсырманың мазмұны

Іске асыру барысы
(ұзартулар, ішінара алынған, ұстап қалмаған тармақтар саны)

Мемлекеттік аудит органының атқарған жұмысы









      Тұжырым: ________________________________________________________________

      орындау мерзімін бақылаудан алу/орындау мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды сұраймын

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі ______________________________________

                                                Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2016 жылғы
31 наурыздағы № 5-НҚ
нормативтік қаулысына
11-қосымша

903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Нормативтік қаулы стандартпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.11.2018 № 20-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі - сыртқы мемлекеттік аудит органдары) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу бойынша қызметінің мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

      2. Стандарт мемлекеттік бақылау, аудит және қаржылық есептілік саласындағы халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      3. Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу тәртібін және рәсімдерін регламенттеу Стандарттың мақсаты болып табылады.

      4. Мыналар:

      1) сараптамалық-талдау іс-шараларының мазмұнын және оларды жүзеге асыру қағидаттарын айқындау;

      2) сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыруға, жүргізуге және нәтижелерін ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілеу Стандарттың міндеттері болып табылады.

      5. Осы Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит органдарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит органдары сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартатын мемлекеттік органдардың мамандарына, сарапшыларға қолданылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6. Осы Стандарттың ережелері жүзеге асырылуы "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен және Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен регламенттелген алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау шеңберінде қорытындылар жүргізуге және дайындауға қолданылмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Стандарт мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) объективтілік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған толық, өзекті, сенімді, анық және түсіндірілетін ақпаратты пайдалану арқылы бейтарап, турашыл және қандайда бір ықпалға ұшырамаған тәсілді қолдана отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу және соның негізінде сарапшылық тұжырымдар қалыптастыру;

      2) жүйелілік және кешенділік - мерзімдері, қамтитын мәселелері, талданатын көрсеткіштері, тәсілдері мен әдістері бойынша өзара байланысқан сараптамалық-талдау іс-қимылдар кешені түрінде сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу;

      3) ғылымилық - экономикалық талдау жүргізу әдіснамасы саласындағы ғылым жетістіктері және талданып отырған салада қолданылатын заңдарды есепке алу негізінде сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу;

      4) нәтижелілік - сараптамалық-талдау іс-шарасының ұйымдастырылуы оның негізінде сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша оның даму тиімділігін және (немесе) оның ел экономикасына немесе экономиканың жекелеген саласына, өңірге, әлеуметтік салаға қосатын үлесін арттыруға бағытталған жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдардың әзірленуін қамтамасыз етуі тиіс;

      5) негізділік - тұжырымдар мен ұсынымдардың пайдасына жасалған аргументтер саны ең көп тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастыру.

2-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасының мақсаты мен мазмұны

      8. Сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын талдауға, бағалауға, сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеуге бағытталған сараптамалық-талдау қызметін іске асыру нысанын білдіреді.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне шықпай, оларды сараптамалық-талдау іс-шарасы басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.07.2021 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Сараптамалық-талдау іс-шарасы дербес іс-шара ретінде жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша сараптамалық-талдау қорытындысы қалыптастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Мемлекеттік реттеу, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің және мемлекеттік қолдаудың қолданылатын құралдары арқылы мемлекеттік реттеу бар экономиканың әртүрлі салаларындағы, әлеуметтік салалардағы процестер, қызмет түрлері, ұлттық ресурстарды басқару проблемалары сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы болып табылады.

      Дербес іс-шара ретінде жүргізілетін сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын айқындау мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары;

      2) анықталған:

      әлеуметтік экономикалық даму, салалар, өңірлердің экономика салалары көрсеткіштерінің нашарлауы;

      есепті қаржы жылындағы бюджеттердің атқарылуын бағалау, сондай-ақ тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысы бойынша жүйелі кемшіліктер мен тәуекелдер ескеріле отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік органдар мен мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, талданып отырған процеске қатысушылар болып табылатын бюджет қаражатын алушылар, мемлекеттік қолдау іс-шараларын алушылар, мемлекеттік реттеудің тиісті саласындағы қызмет түрлері және (немесе) проблемалар сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісі болады.

      12. Мыналарды:

      негізгі ықпал етуші факторларды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қандайда бір шешімдер қабылдаудың мақсаттарын, уәждерін, себептерін;

      өзге де тең жағдайларда ахуалдың одан әрі даму немесе ахуалға сыртқы және (немесе) ішкі факторлар әсер еткен кезде оны модельдеу болжамын;

      жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды айқындай отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ағымдағы ахуалдың анық және объективті бағасын қалыптастыру сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің мақсаты болып табылады.

      13. Негізгі ықпал етуші факторларды, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қандайда бір шешімдер қабылдаудың мақсаттарын, уәждерін, себептерін айқындау оның дамуының біртұтас сипатын және сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының өзгеру серпінін сипаттайтын көрсеткіштеріне әсер еткен себеп-салдарлық байланыстар жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      Себеп-салдарлық байланыстардың біртұтас жүйесінің құрылуы негізінде, деректер жеткілікті болғанда, тиісті жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдар әзірлене отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ахуалдың одан әрі даму болжамы құрылады.

3-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыру және жүргізу

      14. Сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиісті жылға арналған жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің, тиісті сыртқы мемлекеттік аудит органы басшысының тапсырмалары осындай сараптамалық-талдау іс-шарасының тақырыптарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын алдағы тиімділік аудиттерінің тақырыптары бойынша жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, оның нәтижелерін аудиторлық қызметте пайдалану мақсатында оны жүргізу мерзімдері тиімділік аудитін бастау жоспарланған кезеңнен ерте жоспарланады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының ұзақтығы зерттелетін нысананың ауқымына және күрделілігіне, соның ішінде зерттелетін өзекті проблемалардың ерекшеліктеріне байланысты.

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) жылдық жоспарында сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлаған кезде сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу мерзімін айқындау туралы қызметтік жазба жібереді.

      Cараптамалық-талдау қорытындысының бекітілуі сараптамалық-талдау іс-шарасының аяқталу мерзімі болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      15. Сараптамалық-талдау іс-шарасы мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

      1. Дайындық кезеңі:

      1) сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпаратты жинау, жүйелеу және зерделеу;

      2) сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      2. Негізгі кезең:

      1) қолданыстағы ғылыми және экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып, талдау жасау;

      3. Қорытынды кезең:

      1) жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысының жобасын қалыптастыру;

      2) сараптамалық-талдау қорытындысының жобасын Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне келісу үшін және одан әрі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасына қарауға жіберу үшін жолдау.

      3) сараптамалық-талдау қорытындысының нәтижелерін сараптамалық-талдау іс-шарасы объектілерінің қатысуымен Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында қарау.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      16. Сараптамалық-талдау іс-шарасына қатысуға осы нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған тәртіппен сарапшылар тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      17. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуді жалпы ұйымдастыру және бақылау оны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тікелей басшылықты Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) өзіне бекітілген жұмыс бағыты бойынша жүргізуге жауапты мүшесі жүзеге асырады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамын: топ жетекшісі мен жауапты жұмыскерлерді қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Топ жетекшісі сараптамалық-талдау іс-шарасына қатысушылардың іс-қимылдарын оның барлық кезеңінде үйлестіруді жүзеге асырады.

      Топ жетекшісі сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу туралы хабарлама-хатты дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) сараптамалық-талдау іс-шарасына жауапты мүшесінің қол қоюымен сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің дайындық кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      18. Сараптамалық-талдау іс-шарасының орындаушылар тобы оны тиімді жүргізу үшін кәсіби құзыреттердің жиынтық деңгейінің жеткілікті болуы шартымен қалыптастырылады.

      Топты аппарат басшысының және тікелей басшысының келісімі бойынша сыртқы мемлекеттік аудит органының басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері қатарынан қалыптастыруға рұқсат етіледі.

      19. Сараптамалық-талдау тобы сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлау процесінде осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тақырыбын және қалыптастырылған топтың қатарынан жауапты орындаушылар бойынша ранжирлей отырып, зерделеуге ұсынылатын негізгі бағыттарын, оны өткізу мерзімдерін көрсететін сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын әзірлейді.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасына сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды және ол Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне келісуге және бекітуге жіберіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      20. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған тәсілдер, соның ішінде сұрау салулар қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

      21. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпарат жинау:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша мәліметтерге егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша деректерді салыстыру;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша анық тұжырымдар қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      22. Бірінші кезектегі тәртіппен жинау, жүйелеу және зерделеу Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде, қашықтықтан қол жеткізуге рұқсат алынған мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерінде, ашық деректер порталында, жарияланған мемлекеттік немесе ведомстволық статистикада және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелерінде қамтылатын сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қолжетімді ақпаратқа жүзеге асырылады. Мәліметтер болмаған және (немесе) жеткіліксіз болған кезде қажетті ақпараттың жеткізушісі немесе қалыптастыру (пайдалану) дереккөзі болып табылатын ұйымдарға сұрау салулар жолданады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      23. Белгілі бір деректерді нақтылау және тұжырымдар мен ұсынымдарды күшейту мақсатында, сараптамалық-талдау қорытындысын қалыптастырудың барлық кезеңінде ақпарат жинау жалғасады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      24. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында мынадай:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын және объектілерін зерделеу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін растау;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын қамтамасыз ету;

      сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің және тартылған сарапшылардың сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын орындағанын растау мақсатында жұмыс құжаттамасы қалыптастырылады.

      Жұмыс құжаттамасының құрамына сараптамалық-талдау қорытындыcында тіркелген тұжырымдар мен ұсынымдарға негіз болған құжаттар мен материалдар қосылады.

      Сараптамалық-талдау қорытындысында пайдаланылатын, қалыптастырылған жұмыс құжаттамасынан алынған ақпараттың деректемелері мен дереккөзіне сілтеме міндетті түрде жасалауы тиіс.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25. Сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының талдау жүргізу үшін таңдалған бағыттарын зерделеу кезінде оның сипатына, мақсаттары мен міндеттеріне қарай барлық белгілі ғылыми және экономикалық-математикалық әдістер мен талдау құралдары пайдаланылады, олардың негізгілері:

      макроэкономикалық талдау - әлеуметтік-экономикалық қызмет нәтижелерін бағалауға, проблемаларды, жағымсыз үрдістерді, өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік беретін стратегиялық көрсеткіштерді талдау;

      факторлық талдау - айнымалы мәндер арасындағы өзара байланыстарды зерделеу үшін қолданылатын көп өлшемді әдіс;

      модельдеу әдістері - нысандандырылған түрде экономикалық процестер өзгерістерінің заңдылығын және себептерін айқындауға мүмкіндік беретін экономикалық модельдерді құру жолымен сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша мәселелерді зерттеу.

      26. Талдау бірыңғай сандық және сапалық сипаттамалары бар салыстырылатын деректерге негізделеді. Бұл ретте талданып отырған бағыттағы үрдістерді болжамдау үшін, базалық кезең айқындалуы тиіс, оның сандық және сапалық сипаттамаларына өзгертілетін мәндерді салыстыру жүзеге асырылатын болады.

      Талданып отырған бағыттағы болып жатқан заңдылықтарға бірлі-жарым (кездейсоқ) оқиғалардың факторлық әсер етуі себебінен олар бойынша тұжырымның бұрмалануын болдырмау үшін, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын зерделеу таңдалған базалық кезеңнің алдындағы жылдан, айдан немесе оның басталуы айқындалған оқиғадан кейін басталады.

      27. Сараптамалық-талдау қорытындысының мазмұны мен жалпы құрылымы жиналған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:

      1) кіріспе бөлікті:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілерін, нысанасын;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының мақсаттарына және мәселелеріне, талданатын кезеңге нұсқауды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының ағымдағы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы шеңберінде пайдаланылған талдау әдіснамасы, түрлері, әдістері, құралдарының және бағаланатын айнымалылардың сипатын;

      2) талдамалық бөлікті:

      белгілі бір уақыт кезеңі серпінінде сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы көрсеткіштерінің өзгеруін талдауды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасына тән, анықталған проблемаларды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының көрсеткіштеріне ықпал ететін факторларды сәйкестендіруді;

      мемлекеттік реттеу шараларын олардың зерттеу нысанасы бойынша жоспарланған мақсаттарға (мемлекеттік саясат шеңберінде) бағдарлану дәрежесін айқындай отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар ретінде бағалауды;

      қысқа мерзімді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) перспективада сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасына тән трендтерді болжамдауды, көп жағдайда анықталған теріс факторлар оған ықпал еткен кезде және ағымдағы үрдістер өзгермегенде олардың басталуы ықтимал;

      3) қарар бөлігін:

      сараптамалық-талдау іс-шарасы бойынша, қалыптасқан жағдайды оның негізгі көрсеткіштерін жақсарту және болып жатқан процестердің тиімділігін арттыру жағына қарай түзетуге мүмкіндік беретін жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      Жасалған тұжырымдарды аудиторлық дәлелдемелермен растау үшін, алдағы кезеңдерде зерделенген нысана бойынша тиімділік аудитін жүргізудің орындылығы жөнінде ұсынымдар қалыптастыруға жол беріледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      28. Сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының ерекшелігіне және мақсаттарының бағыттары әртүрлі болуына байланысты cараптамалық-талдау қорытындысының форматын оны жоспарлаған кезде болжанған қорытындылардың қол жеткізілуін ескере отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының тобы айқындайды.

      Бұл ретте cараптамалық-талдау қорытындысын дайындаған кезде мынадай талаптар сақталады:

      1) есепте сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері туралы ақпарат пайымдардың өзара қисынды байланысын қамтамасыз ете отырып, рет-ретімен жазылуы тиіс;

      2) жасалған тұжырымдар аргументтелуі және қалыптастырылған жұмыс құжаттамасымен расталуы тиіс;

      3) сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша ұсынымдар қисынды түрде тұжырымдардан шығуы, нақты әрі кесімді, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша анықталған проблемаларды шешу жөнінде нақты шаралар қабылдауға бағдарланған, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша себептер мен теріс салдарды жоюға бағытталған болуы тиіс;

      4) арнайы құралдар және (немесе) спецификалық терминология пайдаланылған жағдайда, ұғымдық аппараттың болуы міндетті;

      5) әртүрлі ресми дереккөздерден алынған қарама-қайшы деректер болған жағдайда, талдау жүргізген кезде басымдық берілген дереккөз және оны басым деп таңдаудың себептері көрсетілуі тиіс.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      29. Сараптамалық-талдау қорытындысының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп - TimesNewRoman;

      қаріптің мөлшері - 14, кестелік материалдарда - 8-12.

      Сараптамалық-талдау қорытындысы мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

4-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін қарау және қолдану

      30. Сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы отырыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесінің қол қоюымен сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына дайындалу мақсатында жіберіледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында қарау кезінде, сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) мүшелерінің қарауына жіберіледі.

      Құпия сипаттағы сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша отырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып өткізіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      31. Сараптамалық-талдау қорытындысы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Қаулысымен бекітіледі.

      Қаулы:

      1) жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары бойынша дайындалған сараптамалық-талдау қорытындысын бекіту туралы шешімді;

      2) сараптамалық-талдау қорытындысын немесе одан үзіндіні Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) жергілікті атқарушы органға және (немесе) тиісті мәслихатқа беру туралы шешімді;

      3) бұзушылықтардың, жүйелік кемшіліктердің анықталған фактілерін қамтитын сараптамалық-талдау қорытындысын жіберу туралы шешімді және оларды ұсынылатын мерзімдерде жою жөніндегі шараларды қамтиды.

      Сараптамалық-талдау қорытындысының әрбір парағына сараптамалық-талдау іс-шарасының тобы қол қояды, сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесі қол қояды және бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне жіберіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      32. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері танысу және жұмыста пайдалану үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының шешімімен сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, интернет-ресурсқа орналастырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      33. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері аудиторлық іс-шаралар жүргізу, алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау жүргізу кезінде пайдаланылады.

      34. Ұсынымдардың орындалуын бақылау сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.

      Ескерту. Стандарт 34-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
органдарының сараптамалық-
талдау іс-шарасын жүргізуі
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына қосымша
  "Бекітемін"
____________________________
сыртқы мемлекеттік аудит
органының мүшесі
20____ жылғы "___" ________

Сараптамалық-талдау іс-шарасының БАҒДАРЛАМАСЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 04.04.2024 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Тақырыбы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Негізгі бағыттары:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Өткізу мерзімдері: 20__ жылғы "__" ________ - "__" _________ аралығы.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамы:

ТАӘ (болған жағдайда)

Топтағы рөлі (жетекші/қатысушы)

Зерделеу үшін бекітілген бағыт
















      Құрылымдық бөлімшенің басшысы ____________________

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысы

300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      Ескерту. Стандартпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.04.2020 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - аудит органдары) жүзеге асыратын шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысты қағидаттар мен тәсілдерді айқындайды.

      2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ISSAI 100 "Мемлекеттік сектордағы аудиттің негізгі қағидаттары", ISSAI 200 "Қаржылық аудиттің түбегейлі қағидаттары", ISSAI 2000-2999 қаржылық аудит стандарттарын қоса алғанда, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (INTOSAI) бекітетін Халықаралық стандарттардың (ISSAI) қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.

      3. Стандарттың мақсаты қаржылық есептілік аудитін жүргізуге және оның нәтижелері бойынша аудиторлық есеп дайындауға бірыңғай қағидаттар мен талаптарды белгілеу болып табылады.

      4. Стандарттың күші мемлекеттік аудиторларға және сарапшыларға (аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың мамандары және аудит органдары тиісті бейіні бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) қолданылады.

2-тарау. Стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудиторлық құжаттама - орындалған аудиторлық рәсімдер, алынған аудиторлық дәлелдемелер, мемлекеттік аудитор жасаған тұжырымдар көрініс тапқан құжаттар;

      2) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп - мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысандағы пікірді қамтитын құжат;

      3) аудиторлық дәлелдемелер - заңдылығы, анықтығы мен ықтималдығы ескерілген нақты деректер, мемлекеттік аудиторлар олардың негізінде жұмыстағы бұзушылықтардың немесе кемшіліктердің болуын немесе болмауын, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге де материалдарды белгілейді;

      4) аудиторлық файл - қандай да бір нақты аудит объектісі бойынша аудиторлық құжаттаманы құрайтын жазбаларды қамтитын топтастырылған ақпарат;

      5) аудиторлық тәуекел - бұл қаржылық есептілікте елеулі бұрмаланушылықтар болған жағдайда, мемлекеттік аудитордың қате аудиторлық пікір білдіру тәуекелі;

      6) аудиторлық іріктеу - аудит үшін маңызды жиынтықтың жүз процентінен кем элементтеріне аудиторлық рәсімдерді қолдану, осылайша мемлекеттік аудиторға барлық жиынтық туралы тұжырымдар қалыптастыру үшін орынды негіз ұсынатын әрбір жиынтық элементінің іріктеуге түсу ықтималдығы болуы керек;

      7) талдамалық рәсімдер - қаржылық және қаржылық емес ақпарат арасындағы заңды өзара байланыстарды зерделеу негізінде қаржылық ақпаратты бағалау;

      8) сыртқы растау - мемлекеттік аудитор үшінші тараптың (растаушы тарап) тікелей жазбаша жауабы түрінде қағаз, электрондық жеткізгіште алған аудиторлық дәлелдеме;

      9) басты жиынтық - іріктеу жүргізілетін және оған қатысты мемлекеттік аудитор тұжырымдар жасайтын деректердің толық жиынтығы;

      10) жеткіліктілік (аудиторлық дәлелдеменің) - бұрмаланушылықтар тәуекелінің деңгейіне, сондай-ақ осы аудиторлық дәлелдемелердің сапасына тәуелді аудиторлық дәлелдемелердің сандық өлшемшарты;

      11) сұрау салу - объект ішінде немесе одан тыс хабардар адамдардан қаржылық және қаржылық емес сипаттағы ақпарат іздеу;

      12) теріс растауға сұрау салу - растаушы тарап сұрау салуда ұсынылған ақпаратпен келіспеген жағдайда ғана, растаушы тарап тікелей мемлекеттік аудиторға жауап беретін сұрау салу;

      13) оң растауға сұрау салу - растаушы тарап тікелей мемлекеттік аудиторға жауап беретін сұрау салу, бұл ретте оның сұрау салуда қамтылған ақпаратпен келісетіндігі көрсетіледі және сұратылатын ақпарат ұсынылады;

      14) инспекциялау - қағаз, электрондық жеткізгіштегі ішкі немесе сыртқы жазбаларды немесе құжаттарды тексеру немесе активті нақты тексеру;

      15) компонент - топ немесе компонент басшылығы топтың қаржылық есептілігіне енгізу үшін қаржылық ақпарат дайындайтын шаруашылық қызмет субъектісі немесе түрі;

      16) бақылау ортасы - есептіліктің сапасын және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін алдын ала айқындайтын ішкі (корпоративтік) мәдениет, ұйымдастырушылық құрылым және саясаттар мен рәсімдердің ішкі жиынтығы;

      17) түрлендірілген пікір - ескертулері бар пікір немесе пікір білдіруден бас тарту;

      18) түрлендірілмеген пікір - мемлекеттік аудитор білдіретін пікір, мұнда мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізіне сәйкес дайындалғандығы туралы пікір білдіреді;

      19) жосықсыз іс-әрекет - әділетсіз немесе заңсыз артықшылық алу мақсатында алдау белгілерімен объект басшылығы, басшы өкілеттіктері берілген адамдар, қызметкерлер немесе үшінші тараптар қатарынан бір немесе бірнеше адамның әдейі жасаған іс-әрекеті;

      20) бақылау - басқа да адамдар орындайтын процестерді немесе рәсімдерді көзбен зерделеу;

      21) қателік - қаржылық есептілікте әдейі жіберілмеген бұрмаланушылық, соның ішінде қандай да бір сандық көрсеткіштің көрсетілмеуі немесе қандай да бір ақпараттың ашып көрсетілмеуі;

      22) қайта есептеу - бастапқы құжаттардағы немесе есеп жазбаларындағы арифметикалық есептеулердің дәлдігін тексеру;

      23) маңыздылық шегі - мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмаланушылықтардың жиынтық шамасы жалпы қаржылық есептілік үшін белгіленген маңыздылық деңгейінен асып түсу ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін азайту үшін жалпы алғанда қаржылық есептілік үшін белгіленгеннен гөрі анағұрлым төмен деңгейде белгілеген шама немесе шамалар;

      24) қайта орындау - мемлекеттік аудитордың қолмен, аудит жүргізудің компьютерлік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыратын рәсімдерді немесе бақылау іс-әрекеттерін (аудиттелетін адамның басшылығы немесе персоналы аудиттелетін адамның ішкі бақылау жүйесі шеңберінде алғаш орындаған) тәуелсіз жүргізуі;

      25) тәуекелді бағалау бойынша рәсімдер - аудиттелетін адамның қызметі және оның ішкі бақылау жүйесін қоса алғанда, оның ортасы туралы дұрыс түсінік алу, қаржылық есептілік деңгейінде және пікірлер деңгейінде жосықсыз іс-әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін сәйкестендіру мен бағалау мақсатында жүргізілетін аудиторлық рәсімдер;

      26) кәсіби пайым - аудит жүргізудің қалыптасқан жағдайларында орынды болып табылатын іс-әрекеттер бағдары туралы ақпараттандырылған шешімдер қабылдау кезінде аудит стандарттары, бухгалтерлік есеп және әдеп мәнмәтінінде тиісті оқуды, білім мен тәжірибені қолдану;

      27) кәсіби скептицизм - сенбеушілік ақыл-ой жүйесін білдіретін позиция, қателіктен немесе жосықсыз іс-әрекеттерден туындаған ықтимал бұрмаланушылықты және дәлелдемелерді сыни бағалауды көрсететін мән-жайлардың болу мүмкіндігін ұғыну;

      28) кейінгі оқиғалар - қаржылық есептіліктің күні мен аудиторлық есептің (қорытынды) күні арасындағы кезеңде орын алатын оқиғалар және мемлекеттік аудиторға аудиторлық есептің (қорытынды) күнінен кейін мәлім болатын фактілер;

      29) қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізі - объект басшылығы қаржылық есептілікті дайындау үшін қабылдаған және мемлекеттік аудитор оның қызметінің сипатын және қаржылық есептіліктің мақсатын есепке ала отырып, объект үшін қолайлы деп санайтын немесе заңға немесе нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қажет болатын қаржылық есептілікті ұсынудың негізі (квазимемлекеттік секторда - ХҚЕС-ке сәйкес, мемлекеттік секторда - есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС-ке негізделген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес).

      30) мәні бойынша тексеру рәсімі - пікірлер деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмаланушылықтарын анықтау үшін орындалатын аудиторлық рәсімдер. Бұл:

      біртипті операциялар тобына, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтарға және ақпаратты ашып көрсету жағдайларына қатысты егжей-тегжейлі тесттерді;

      мәні бойынша тексерудің талдамалық рәсімін қамтиды;

      31) орынды сенімділік - жоғары, бірақ абсолюттік емес сенімділік деңгейі;

      32) есептік бағалау - ақша шамасын өлшеудің дәл әдісі болмаған кезде оның шамалас мәні. Бұл термин бағалаудың белгісіздігі жағдайында әділ құны бойынша бағаланатын шаманы белгілеу, сондай-ақ бағалауды талап ететін басқа да шамаларды белгілеу үшін пайдаланылады;

      33) елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелі - қаржылық есептіліктің аудит басталғанға дейін елеулі дәрежеде бұрмалану тәуекелі, бұл пікірлер деңгейінде келесідей сипатталатын екі компоненттен құралады:

      ажырамас тәуекел - операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер туралы пікірлердің кез келген байланысты бақылау құралдарын қарағанға дейін өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін бұрмаланушылықтарға ұшырағыштығы;

      бақылау жүйесінің тәуекелі - операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер туралы пікірде орын алуы мүмкін, өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін бұрмаланушылықтың уақтылы алдын алынбау немесе объектінің ішкі бақылау жүйесімен жойылмау тәуекелі;

      34) анықталмау тәуекелі - тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін қысқарту мақсатында мемлекеттік аудитор жүргізген рәсімдердің оған өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін елеулі бұрмаланушылықтарды анықтауға мүмкіндік бермеу тәуекелі;

      35) іріктеуді пайдалануға байланысты емес тәуекел - мемлекеттік аудитор іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекелге қатысы жоқ себептер бойынша қате қорытындыға келу тәуекелі;

      36) іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекел - мемлекеттік аудитордың іріктеуге негізделген тұжырымы бірдей аудиторлық рәсімдердің барлық басты жиынтыққа қолданылған жағдайда жасалуы мүмкін тұжырымнан ерекшелену тәуекелі;

      37) байланысты тарап - бақылауда, бірлескен бақылауда немесе елеулі ықпалда болатын ұйымдар (үлестес адамдар, еншілес, тәуелді адамдар, қауымдастырылған кәсіпорындар);

      38) ішкі бақылау жүйесі - қаржылық есептіліктің сенімділігі, операциялардың тиімділігі мен өнімділігі, сондай-ақ заңнама мен нормативтік актілерді сақтау мәнмәтінінде объектінің мақсаттарына қол жеткізуде орынды сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында басшы өкілеттіктері берілген адамдар, объект басшылығы және өзге де персонал әзірлеген, енгізген және жүзеге асыратын процестер, бұл мынадай компоненттерді қамтиды:

      бақылау ортасы;

      тәуекелдерді бағалау;

      бақылау рәсімдері;

      ақпарат және байланыс;

      ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау;

      39) статистикалық іріктеу - мынадай:

      элементтерді кездейсоқ іріктеу;

      іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекелді бағалауды қоса алғанда, іріктеу нәтижелерін бағалау үшін ықтималдық теориясын пайдалану белгілері бар іріктеудің кез келген әдісі;

      40) стратификаттау - жиынтықты ішкі жиынтықтарға бөлу процесі, олардың әрқайсысы ұқсас сипаттамалары бар іріктеу элементтерінің тобын білдіреді (көбінесе ақшалай құны);

      41) компоненттің маңыздылығы - аудит тобы айқындаған компонент үшін маңыздылық деңгейі;

      42) өтпелі тексеру - қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалауды қамтиды;

      43) маңыздылық - егер ақпаратты өткізу немесе бұрмалау пайдаланушылардың қаржылық есептіліктің негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер ете алса, онда ол елеулі болып есептеледі.

      44) бақылау құралдарының тесттері - пікірлер деңгейінде елеулі бұрмаланушылықтардың алдын алу немесе анықтау және түзету үшін бақылау құралдарының операциялық тиімділігіне қатысты аудиторлық дәлелдемелерді жинау мақсатында жүргізілетін аудиторлық рәсімдер;

      45) пікірлер - объект басшылығының анық немесе анық емес нысанда жасаған және қаржылық есептілікте көрініс тапқан, мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте орын алуы мүмкін әлеуетті бұрмаланушылықтардың сан алуан түрлерін қарау үшін пайдаланатын ұсыныстары;

      46) қаржылық есептің элементі - қаржылық есептің элементі, шоты немесе бабы:

      қаржылық есептіліктің қаржылық жағдайды бағалауға байланысты элементтері активтер, міндеттемелер мен капитал;

      қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте қызмет нәтижелерін өлшеуге тікелей байланысты элементтер кірістер мен шығыстар болып табылады;

      47) іріктеу элементтері - басты жиынтықты қамтитын жекелеген элементтер;

      48) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бұдан әрі - РБ ШҚЕ) - бұл республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі;

      49) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі;

      50) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бұдан әрі - ББӘ ШҚЕ) - бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі;

      51) мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі - бұл мемлекеттік мекеменің есепті күнге қаржылық жағдайы туралы, оның қызметінің қаржылық нәтижесі және есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы туралы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес жүйелендірілген ақпарат.

3-тарау. Қаржылық есептілік аудитінің мәні туралы ақпарат

      6. Қаржылық есептілік аудиті республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жекелеген қаржылық есептілігіне қатысты жүргізіледі.

      7. РБ ШҚЕ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің) шоғырландырылған қаржылық есептілігі және бюджет түсімдері бойынша қаржылық есептіліктің негізінде жасалады. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілік мынадай нысандарды қамтиды:

      1) бухгалтерлік баланс;

      2) қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп;

      3) ақша қозғалысы туралы есеп;

      4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;

      5) түсіндірме жазба.

      9. Мемлекеттік секторда қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізі ретінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған, мемлекеттік сектордың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген нормативтік құқықтық актілер бекітілген.

      10. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кез келген деңгейдегі қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезіндегі жалпы міндеті қаржылық есептіліктің өз жиынтығында жосықсыз іс-әрекеттердің немесе қателіктердің себебінен жол берілген ақпараттың елеулі бұрмаланушылығын қамту-қамтымауына орынды сенімділік алуды білдіреді, бұл өз кезегінде қаржылық есептіліктің барлық елеулі аспектілерде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп саласындағы заңнамасына сәйкес дайындалуы не дайындалмауы туралы қорытынды беруге мүмкіндік береді.

      11. Қаржылық есептілік аудитінің түпкілікті мақсаты - пайдаланушылардың қаржылық есептілікке сенімділік дәрежесін арттыру. Бұл қаржылық есептіліктің анықтығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы пікір қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      12. Қаржылық есептілік онда ұсынылған ақпараттың ықтимал пайдаланушылар үшін құндылығын қамтамасыз етуі керек, атап айтқанда:

      1) өзектілік - қаржылық есептілікте ұсынылған ақпараттың аудит объектісінің сипатына және қаржылық есептіліктің мақсатына тікелей қатысы бар;

      2) толықтық - қаржылық есептілікте барлық мәмілелер, оқиғалар, шоттар бойынша қалдықтар және қаржылық есептілікке негізделген қорытындыларға әсер етуі мүмкін ақпарат көрсетілген;

      3) анықтық - қаржылық есептілікте ұсынылған ақпарат:

      оқиғалар мен мәмілелердің заңды нысанын ғана емес, сондай-ақ олардың экономикалық мәнін көрсетеді;

      бағалау жүргізуге, ақпаратты өлшеуге, ұсыну мен ашып көрсетуге мүмкіндік береді;

      бейтараптылық және объективтілік: қаржылық есептілікте ұсынылған ақпарат риясыз болып табылады;

      4) түсініктілік - қаржылық есептілікте ұсынылған ақпарат айқын, түсінікті болып табылады және едәуір ерекшеленетін түсіндірмелерді көздемейді.

4-тарау. Қаржылық есептілік аудитінің базалық қағидаттары

1-параграф. Аудиторлық тәуекел

      13. Аудит қарастырылып отырған қаржылық есептілік жалпы жосықсыз іс-әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмаланушылықтарды қамтымайтындығына орынды сенімділікті қамтамасыз етуге арналған. Орынды сенімділікке ие болу үшін мемлекеттік аудитор аудиторлық тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету және аудиторлық пікір негізделетін дәлелді тұжырымдар үшін мүмкіндік алуға жеткілікті және тиісінше аудиторлық дәлелдемелер алуы керек.

      14. Қаржылық есептілік аудиті кезіндегі аудиторлық тәуекел мемлекеттік аудитордың аудиттелетін нысана туралы ақпарат елеулі бұрмаланушылықтарды қамтыған жағдайда қате қорытынды жасауын білдіреді. Мемлекеттік аудитор оң нысанда пікір қалыптастыру үшін ақпараттың анықтығына дәлелді сенімділікке ие болу үшін аудиторлық тәуекелді аудит жағдайларында қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетуі керек.

      15. Жалпы, аудиторлық тәуекел елеулі бұрмаланушылықтар тәуекеліне және анықталмау тәуекеліне тікелей байланысты. Тәуекелдерді бағалау осы мақсатқа қажетті ақпарат алу мақсатында әзірленген аудиторлық рәсімдерге және аудит барысында алынған дәлелдемелерге негізделеді.

      16. Тәуекелдерді бағалау кәсіби пайым мәселесін білдіреді. Мемлекеттік аудитордың әрбір тәуекел құрауышын қарау дәрежесі аудиттің мән-жайларына байланысты болады. Тәуекелдерді бағалау мәселелері Стандарттың 5-тарауының 7-параграфында қарастырылған.

2-параграф. Кәсіби пайым және скептицизм

      17. Мемлекеттік аудиторлар қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланушылықтарды қамтуы мүмкін мән-жайлардың болатынын мойындай отырып, аудитті кәсіби скептицизммен жоспарлауы және жүргізуі керек. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау мен жүргізу, сондай-ақ тұжырымдар қалыптастыру және аудит нәтижелері бойынша есеп дайындау кезінде мемлекеттік аудитор кәсіби пайымды қолдануы керек.

      18. "Кәсіби скептицизм" және "кәсіби пайым" ұғымдары мемлекеттік аудитордың аудитке қатысты мәселелер бойынша іс-әрекеттердің тиісті жоспары туралы шешімдер қабылдауына қойылатын талаптарды тұжырымдау кезінде қолданылады.

      19. Мемлекеттік аудиторлар аудит процесінің барлық кезеңдерінде кәсіби пайымдарды қолданады. Бұл мемлекеттік аудитордың аудит жүргізілетін мән-жайларға сәйкесетін іс-әрекеттер жоспарына қатысты дәлелді шешімдер қабылдай алуы үшін аудит, бухгалтерлік есеп және әдеп стандарттарымен негізделген мәнмәтінде тиісті дағдыларды, білім мен тәжірибені пайдалануды білдіреді.

      20. Кәсіби скептицизм тұжырымдамасы барлық аудит түрлері үшін негіз болады. Мемлекеттік аудиторлар кәсіби скептицизмді қолдана отырып, белгілі бір мән-жайларға байланысты аудиттің мәні туралы ақпарат елеулі бұрмаланушылықтарды қамтуы мүмкін екенін мойындай отырып, ақпараттың анықтығын растау мақсатында аудит жүргізуге тапсырманы жоспарлайды және орындайды. Кәсіби скептицизм мемлекеттік аудитордың алынған деректердің анықтығына сыни баға беретінін (күмән туғыза отырып) және аудит объектісі құжаттарына немесе мәлімдемелеріне қайшы келетін немесе олардың сенімділігіне күмән туғызатын деректердің анықталуы мүмкін екенін білдіреді. Мұндай қатынас күмәнді мән-жайларды өткізу, бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар қалыптастыру кезінде шамадан тыс жинақтап қорыту және аудит деректерін жинау және олардың нәтижелерін бағалау бойынша рәсімдердің сипатын, мерзімдері мен көлемін айқындау үшін жалған жорамалдарды пайдалану тәуекелін азайту үшін барлық аудит процесінде қажет.

3-параграф. Маңыздылық

      21. Мемлекеттік аудиторлар аудитті жоспарлау және орындау, сондай-ақ сәйкестендірілген бұрмаланушылықтардың аудитке және қаржылық есептілікке әсерін бағалау кезінде маңыздылық тұжырымдамасын қолданады. Жалпы, ақпаратты өткізуді қоса алғанда, бұрмаланушылықтар өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта қаржылық есептіліктің негізінде пайдаланушылар қабылдаған экономикалық шешімдерге әсер ете алған жағдайда елеулі деп бағаланады. Маңыздылықтың сандық және сапалық аспектілері бар. Мемлекеттік секторда ол пайдаланушылардың экономикалық шешімдерімен шектелмейді, себебі қаржылық есептілікке белгілі бір мемлекеттік бағдарламаларды жалғастыру немесе гранттарды қаржыландыру туралы шешімдер негізделуі мүмкін. Маңыздылықтың сапалық аспектілері ұйымдардың басқа да типтеріне қарағанда, мемлекеттік секторда аса маңызды рөл атқарады.

      22. Мемлекеттік аудиторлар ақпараттың елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін бағалау және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, мерзімдері мен көлемін айқындау үшін маңыздылық шегін айқындауы тиіс. Аудитті тек ақпараттың елеулі бұрмалануының жекелеген жағдайларын анықтау мақсатында жоспарлау кезінде ақпараттың елеулі емес бұрмалануының жекелеген жағдайлары жиынтықта қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануына әкелу фактісі назардан тыс қалады, бұл ретте ақпаратты бұрмалаудың анықталмаған жағдайларына қор жетпей қалады. Ақпаратты бұрмалаудың анықталмаған жағдайлары жалпы қаржылық есептілікке белгіленген маңыздылықтан асып түсу ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету үшін маңыздылық шегін айқындау қажет. Маңыздылық шегін айқындау кәсіби пайымды қолдануды көздейді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аудиторлардың аудит объектілерін түсінуіне байланысты, ол тәуекелдерді бағалау рәсімдерін жүзеге асыру барысында өзгеруі мүмкін және алдыңғы аудиттер барысында анықталған ақпараттың бұрмалану жағдайларының сипаты мен ауқымына, және, сәйкесінше, мемлекеттік аудитордың ағымдағы кезеңдегі ақпараттың бұрмалануына қатысты күткендеріне байланысты.

      23. Мемлекеттік аудиторлардың пікірі жалпы қаржылық есептілікке қатысты, сәйкесінше, мемлекеттік аудитор ауқымды мағынада елеулі болып табылмайтын ақпараттың бұрмалану жағдайларын анықтағаны үшін жауапты болмайды. Дегенмен, мемлекеттік аудиторлар сандық ақпараттың елеулі емес бұрмалану жағдайын анықтауы және құжаттауы керек, себебі олар өз сипаты бойынша немесе жиынтықта елеулі болуы мүмкін. Маңыздылығы ең төмен шектен аспайтын ақпараттың бұрмалану жағдайлары қарастыруды қажет етпейді.

      24. Аудитті жоспарлау кезінде айқындалған маңыздылық одан төмен сомада ақпараттың бұрмалану жағдайлары елеулі деп бағаланбайтын соманы білдіруге міндетті емес (жекелеп немесе жиынтықта). Ақпаратты бұрмалаудың жекелеген жағдайларының мән-жайлары мемлекеттік аудиторлардан оларды маңыздылық шегі аспаған жағдайда да елеулі деп бағалауды талап етуі мүмкін. Мемлекеттік аудиторлар ақпаратты бұрмалау жағдайларының мөлшерін ғана емес, ал олардың сипатын, сондай-ақ олардың қаржылық есептілік үшін салдарын бағалау кезінде олар жол берілген нақты мән-жайларды талдайды. Мемлекеттік аудиторлардың талдайтын аспектілері:

      1) белгілі бір операциялардың немесе бағдарламалардың сезімтал сипатын;

      2) қоғамдық мүддені, тиімді заңнамалық қадағалау мен реттеу қажеттілігін;

      3) ақпараттың бұрмалану немесе ауытқу сипатын қамтиды.

4-параграф. Құжаттама

      25. Мемлекеттік аудиторлар аудит туралы алдын ала деректері жоқ басқа да аудиторлар үшін мыналарды түсінуге жеткілікті аудит бойынша құжаттама дайындауы керек:

      1) Стандартқа және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес орындалған аудиторлық рәсімдердің сипаты, мерзімдері мен көлемі;

      2) мұндай рәсімдердің нәтижелері, алынған аудиторлық дәлелдемелер және аудит барысында туындаған елеулі мәселелер;

      3) мұндай мәселелер бойынша жасалған тұжырымдар;

      4) мұндай тұжырымдарды қалыптастыру процесінде жасалған маңызды кәсіби пайымдар.

      26. Жеткілікті және талаптарға жауап беретін аудит жөніндегі құжаттама мынадай талаптарға жауап береді:

      1) мемлекеттік аудитордың пікірлері мен есептерін растайды және негіздейді;

      2) есептерді немесе аудит объектісінің немесе кез келген басқа тараптың кез келген сауалдарына жауаптар дайындау үшін ақпарат көзі болып табылады;

      3) мемлекеттік аудитордың Стандарттың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтайтындығына дәлелдеме болып табылады;

      4) жоспарлауды, қадағалау мен тексеруді жеңілдетеді;

      5) мемлекеттік аудитордың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;

      6) бөлінген жұмысты қанағаттанарлықтай түрде орындауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      7) болашақта орындалған жұмыстың дәлелдемесі болып табылады.

      27. Мемлекеттік аудиторлар талқылау жүргізілген елеулі мәселелердің сипатын, сондай-ақ талқылаудың қашан және кіммен жүргізілгенін қоса алғанда, аудит объектісінің басшылығымен, басшы өкілеттіктері берілген адамдармен және басқа да адамдармен елеулі мәселелерді талқылауды құжаттауы тиіс.

      28. Мемлекеттік аудиторлар аудиторлық файлда аудиторлық құжаттаманы жинап, аудиторлық есептің (қорытындының) күнінен кейін түпкілікті аудиторлық файлды компиляциялаудың әкімшілік процесін уақтылы аяқтауы керек.

5-тарау. Қаржылық есептілік аудиті процесінің негізгі құрылымдық элементтері

1-параграф. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау

      29. Аудит бағдарламасының нысанын қоса алғанда, аудиторлық іс-шараларды жоспарлаудың жалпы тәртібі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған. Стандартта қаржылық есептілік аудитіне тән айрықша ерекшеліктер көрсетілген.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      33. Бастапқы аудит кезінде аудит тобының жетекшісі алдыңғы мемлекеттік аудитордың аудиторлық құжаттамасымен танысуы тиіс, сондай-ақ аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының (бұдан әрі – сыртқы МАҚБ органы) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен келісім бойынша жоспарлау бойынша жұмыс көлемін ұлғайтып, аудит бағдарламасын әзірлеу кезінде қосымша мәселелерді қарастыруы мүмкін.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2-параграф. Аудит объектісінің (аудит объектілері тобының) қызметін зерделеу

      34. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің анықтығына, аудит жүргізу барысына немесе аудиторлық қорытынды үшін негіз болып табылатын тұжырымдарға әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды, пайдаланылатын есепке алу әдістерін сәйкестендіру және дұрыс бағалау үшін аудит объектісінің қызметін зерделейді.

      35. Мемлекеттік аудитор қаржылық операцияларға және аудиттелетін объектінің қаржылық есептілігіне әсер ететін факторларды:

      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің қолданылуын;

      2) аудит объектісінің құрылымын, міндеттердің құрылымдық бөлімшелер арасында бөлінуін;

      3) бухгалтерлік есеп жүйесін;

      4) ішкі бақылау жүйесін;

      5) құқықтық даулар мен сот талқылауларының болуын, олардың қорытындылары қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін немесе әсер еткен;

      6) тәуекелді бағалауды, соның ішінде алдыңғы қаржылық есептілік аудиттерінің нәтижелерін (алдыңғы аудиттердің нәтижелерін зерделеу, аудиторлық құжаттаманы (аудиторлық файлдарды) қамтитын сақтау папкаларымен танысу, ұсынымдардың орындалуын және алдыңғы аудиттердің барысында анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау) бағалайды.

      36. Мемлекеттік аудитор дәлелдемелер көздерін мынадай әдістермен бағалайды:

      1) құжаттарды зерделеу;

      2) сұхбат жүргізу және аудит объектісінің жауапты адамдарынан ақпарат алу;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да ақпараттық көздерден алынған ақпаратты бағалау;

      4) алдын ала талдамалық зерттеулер жүргізу (қаржы кестелерінің деректерін салыстыру, қаржылық және қаржылық емес деректер арасындағы байланысты бағалау, ағымдағы кезеңнің деректерін алдыңғы кезеңдердің деректерімен салыстыру, бюджеттік және қаржылық есептілікті бағалау).

      37. Аудит объектісінің қызметіне алдын ала зерделеу жүргізудің жалпы тәртібі Қағидалармен регламенттелген.

      Объектіні алдын ала зерделеу нәтижелері аудиторлық құжаттамаларды (аудиторлық файлды) қамтитын сақтау папкасында құжатталады.

3-параграф. Бухгалтерлік есеп жүйесін зерделеу

      38. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің бухгалтерлік есебінің құрылымы мен жүйесін зерделейді және ажырамас тәуекелдерді анықтайды. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің бухгалтерлік есеп жүйесінде:

      1) қаржылық және бюджеттік есептіліктің жасалуын;

      2) қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, бухгалтерлік рәсімдердің жүргізілуін;

      3) бухгалтерлік операциялардың орындалуын қарастырады.

      39. Мемлекеттік аудитор:

      1) бухгалтерлік есеп тіркелімдерін;

      2) бастапқы есеп құжаттарын жүйелендіру және сақтау әдістерін;

      3) операциялардың туындау сәтінен бастап оларды қаржылық есептілікте көрсетуге дейін бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін;

      4) кірістер мен шығыстардың түрлерін;

      5) активтерді, міндеттемелерді, оларды бағалауды және есепте көрсетуді;

      6) таза активтердің/капиталдың құрамындағы өзгерістерді;

      7) резервтердің болуын және олардың есепте көрсетілуін айқындау үшін бухгалтерлік есеп жүйесі туралы мәліметтер алуы керек.

      Аудит объектісінің бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есепті тиісінше жүргізу және анық қаржылық есептілік дайындау қамтамасыз етілген жағдайда тиімді болып табылады.

      40. Мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есептің қолданылатын ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін зерделейді, бағалайды, оны операцияларды көрсетудің және есептеулерді жүзеге асырудың дұрыстығына сынайды. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті дайындаумен және ұсынумен байланысты ақпараттық жүйе және мыналарды қамтитын тиісті қызмет туралы түсінік алуы тиіс:

      1) аудит объектісінің қызметінде қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын бір үлгідегі операциялар тобы;

      2) ақпараттық технологиялар (АТ) жүйесіндегі және бастамашылық ету, жазу, өңдеу және қажеттілігіне қарай операцияларды түзету, оларды басты бухгалтерлік кітапқа жіберу және қаржылық есептілікте көрсету үшін пайдаланылатын деректерді қолмен өңдеу кезіндегі рәсімдер;

      3) бухгалтерлік есептің қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі тиісті деректері, растау ақпараты және бастамашылық ететін операцияларға, оларды тіркеуге, өңдеу мен жинақтап қорытуға қатысты қаржылық есептіліктің ерекше шоттары;

      4) бір үлгідегі операциялардың құрамына кірмейтін, бірақ қаржылық есептілік үшін елеулі болуы мүмкін оқиғалар мен жағдайлар туралы деректердің ақпараттық жүйелерін тіркеу;

      5) аудит объектісінің басшылығы маңызды есептік бағалауларды есептеу кезінде және ақпаратты қажеттілігіне қарай ашып көрсету жағдайында пайдаланатын рәсімдер мен әдістерді қоса алғанда, қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну процесі;

      6) қайталанбайтын, әдеттен тыс операцияларды немесе түзетулерді көрсету үшін пайдаланылатын стандарттан тыс журнал жазбаларын қоса алғанда, журнал жазбаларымен байланысты бақылау құралдары;

      7) қаржылық есептілікті шоғырландыру процесі.

      41. Мемлекеттік аудиторлар шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізген кезде қаржылық есептілікті шоғырландыру процесінің ұйымдастырылуын зерделеуді жүзеге асырады.

4-параграф. Ішкі бақылау жүйесін зерделеу

      42. Ішкі бақылау жүйесі объектінің ішінде өз күшімен ұйымдастырылған:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды;

      2) бухгалтерлік есеп құжаттамасының дәлдігі мен толықтығын;

      3) анық бухгалтерлік есептілікті дайындаудың уақтылылығын;

      4) қателер мен бұрмаланушылықтардың алдын алуды;

      5) бұйрықтар мен өкімдердің орындалуын;

      6) ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау мен тексеруді қамтиды.

      43. Ұйымның ішкі бақылау жүйесі мынадай элементтерді:

      1) бақылау ортасын;

      2) тәуекелдерді бағалау процесін;

      3) ақпараттық жүйелерді;

      4) бақылау іс-қимылдарын;

      5) бақылау құралдарының мониторингін қамтиды.

      44. Бақылау ортасы меншік иесі өкілдерінің және басшылықтың ішкі бақылау жүйесіне қатысты ресми ұстанымын, хабардарлығын және іс-қимылдарын, сондай-ақ мұндай жүйенің мән-маңызын түсінуді қамтиды. Бақылау ортасы қызметкерлердің бақылауға қатысты саналылығына әсер етеді. Ол тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін тиімді ішкі бақылау жүйесі үшін негіз болып табылады.

      45. Тәуекелдерді бағалау процесі шаруашылық қызметін жүргізудегі тәуекелдерді анықтауды және оларды мүмкіндігінше жоюды, сондай-ақ олардың ықтимал салдарын білдіреді. Бұл ретте тәуекелдер сыртқы және ішкі оқиғалармен және мән-жайлармен байланысты болуы мүмкін екенін ескеру керек.

      46. Ақпараттық жүйе қызметкерлердің ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру мен қолдануға байланысты міндеттерін және жауапкершілігін түсінуді қамтамасыз етеді. Жүйенің басты құрауышы персоналды оның процестерге қатысуының маңыздылығы және оның ақпараттық жүйедегі іс-қимылдарының басқа да қызметкерлердің жұмысымен байланысы туралы хабардар ету функциясы, сондай-ақ тиісті деңгейдегі басшыларға қандай да бір айрықша оқиғалар туралы жеткізу тәсілдерін түсіну болып табылады.

      47. Бақылау іс-қимылдары басшылық өкімдерінің орындалып жатқандығына көз жеткізуге жәрдемдесетін саясат пен рәсімдерді қамтиды. Қолмен немесе ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылатын бақылау іс-қимылдарының түрлі мақсаттары бар және түрлі ұйымдастырушылық және функционалдық деңгейлерде қолданылады.

      48. Бақылау құралдарының мониторингі олардың қажет болған жағдайда жұмыс істейтіндігін қадағалауды қамтиды. Бақылау құралдарының мониторингі уақыт бойынша ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін бағалау процесін білдіреді.

      49. Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау үшін мемлекеттік аудитор заңнаманың мемлекеттік сектордағы ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптармен байланысты тиісті ережелерін айқындауы тиіс.

      Ішкі бақылау құралдарын зерделеу процесінде мемлекеттік аудитор мыналарды назарға алады:

      1) ішкі бақылау құралдарына қатысты есептілік ұсыну бойынша кез келген қосымша міндеттер;

      2) актілердің сақталуын тиісті бақылау құралдары;

      3) бюджетпен салыстырғанда нәтижелердің мониторингіне қатысты бақылау құралдары;

      4) басқа объектілерге бюджет қаражатын беруге қатысты бақылау құралдары;

      5) ұлттық қауіпсіздікке жататын құпия деректерді және салық ақпараты сияқты жеке құпия деректерді бақылау құралдары;

      6) қадағалау құралдары және өзге де бақылау құралдары аудит объектісіне қатысты сыртқы тараптар арқылы іске асырылуы мүмкін.

      50. Мемлекеттік аудитор бақылау ортасы туралы түсінік алып, мыналарды:

      1) аудит объектісінің басшылығы басшы өкілеттігі берілген тұлғалардың қадағалауымен адалдық мәдениеті мен әдеп мінез-құлқын құруын және қолдайтынын;

      2) күшті тараптар жиынтықта алынған бақылау ортасының элементтерін, ішкі бақылаудың басқа да компоненттері үшін тиісті негізді қамтамасыз етуін және бақылау ортасының кемшіліктері басқа да компоненттердің тиімділігіне нұқсан келтірмейтінін бағалауы тиіс.

5-параграф. Қаржылық есептілік аудитін жүргізген кезде ішкі аудиторлардың жұмыс нәтижелерін пайдалану

      51. Қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар білдірілетін аудиторлық пікір үшін айрықша жауапты болады және бұл жауаптылық ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалану кезінде азаймайды. Сонымен қатар, ішкі аудиторлардың жұмыс нәтижелері аудит жүргізу процесінде пайдалану үшін орынды болуы мүмкін.

      52. Ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалану мүмкіндіктерін айқындау мақсатында мемлекеттік аудитор:

      1) ішкі аудиторлардың жұмысы аудиттің мақсаттарына қаншалықты сәйкесетінін;

      2) егер сәйкессе, ішкі аудиторлар жұмысының мемлекеттік аудитор рәсімдерінің сипатына, орындау мерзімдеріне немесе ауқымына жоспарланатын әсерін айқындауы керек.

      53. Ішкі аудиторлар жұмысының мемлекеттік аудитордың мақсаттарына сәйкестігін айқындау кезінде:

      1) ішкі аудит қызметінің объективтілігін;

      2) ішкі аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін;

      3) ішкі аудиторлардың жұмысы қаншалықты тиісті кәсіби мұқияттылықпен орындалатынын;

      4) ішкі және мемлекеттік аудиторлар арасындағы тиімді қарым-қатынастың қаншалықты ықтимал екендігін бағалауы керек.

      54. Мемлекеттік аудитор ішкі аудиторлар жұмысының сыртқы мемлекеттік аудиттің мақсаттарына сәйкестігі бөлігінде объективтілігін айқындаған кезде ішкі аудиторлардың объективтілігін бағалау бойынша барлық тиісті басшылықтарды қарастырады және егер қажет болса, мемлекеттік секторда ішкі аудит қызметтерінің жұмысына жетекшілік ететін уәкілетті органның есептерін қарастырады.

      Ішкі бақылау қызметінің объективтілігі мынадай өлшемшарттармен айқындалады:

      1) ішкі аудит қызметі жоғары басшылыққа және басқарушылық функциялар жүктелген лауазымды адамдарға есеп береді;

      2) ішкі аудит қызметі аудит нәтижелерін жоғары басшылыққа және басқарушылық функциялар жүктелген лауазымды адамдарға ұсынады;

      3) ішкі аудит қызметі жалпы персоналдың және аудитке жататын ұйымдастырушылық бірлік менеджментінің ықпалынан тыс орналасқан;

      4) ішкі аудит қызметі саяси қысымнан оқшауланған, бұл осы қызметке аудиттер жүргізуге және анықталған деректер бойынша есеп беруге, пікір білдіруге және объективті негізде қорытындылар жасауға мүмкіндік береді;

      5) ішкі аудит қызметінің жұмыскерлеріне ықтимал мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында өздері бұрын жауапты болған қызметке қатысты аудит жүргізуге жол берілмейді;

      6) ішкі аудит қызметі басшы өкілеттігі берілген тұлғаларға қолжетімділігі бар.

      55. Ішкі аудиторлар жұмысының аудиторлық рәсімдердің сипатына, орындау мерзімдеріне немесе ауқымына жоспарлы ықпалын айқындау кезінде мемлекеттік аудитор:

      1) ішкі аудиторлар орындаған немесе орындайтын белгілі бір жұмыстың сипаты мен ауқымын; Т

      2) белгілі бір операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін пікірлер деңгейінде бағаланған елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін;

      3) ішкі аудиторлар тиісті пікірлерді растау үшін жинаған аудиторлық дәлелдемені бағалау кезінде субъективтілік дәрежесін қарастырады.

      56. Ішкі аудиторлардың белгілі бір жұмысын пайдалану үшін мемлекеттік аудитор осы жұмыстың мемлекеттік аудитордың мақсаттарына сәйкестігін белгілеу үшін оған қатысты аудиторлық рәсімдерді бағалайды және орындайды.

      57. Ішкі аудиторлар орындаған белгілі бір жұмыстың аудит мақсаттарына сәйкестігін айқындау үшін мемлекеттік аудитор:

      1) жұмысты тиісті кәсіби оқудан өткен және кәсіби тәжірибесі бар ішкі аудиторлардың орындауын;

      2) осы жұмысқа қатысты тиісті қадағалаудың, шолу мен құжаттаудың жүргізілуін;

      3) ішкі аудиторларға дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін тиісті аудиторлық дәлелдеменің алынуын;

      4) алынған тұжырымдардың тиісті сипатын және ішкі аудиторлар дайындаған есептердің орындалған жұмыстың нәтижелеріне сәйкестігін;

      5) ішкі аудиторлар ашып көрсеткен әдеттен тыс мәселелерді шешудің негізділігін бағалайды.

      58. Егер мемлекеттік аудитор ішкі аудиторлардың белгілі бір жұмысын пайдаланса, онда ол аудиторлық құжаттамаға ішкі аудиторлардың жұмысының және сыртқы аудиторлардың осы жұмысқа қатысты орындаған аудиторлық рәсімдердің сәйкестігін бағалауға қатысты жасалған тұжырымдарды енгізуі керек.

6-параграф. Аудитті жоспарлау мен жүргізу кезінде маңыздылықты айқындау

      59. Жекелеген активтер, міндеттемелер, кірістер, шығыстар мен шаруашылық операциялары, сондай-ақ капиталдың құрауыштары туралы ақпарат, егер оны жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық және экономикалық емес шешімдеріне әсер ете алса, елеулі болып есептеледі. Маңыздылық қаржылық есептілік көрсеткішінің шамасына және (немесе) олардың болмауы немесе бұрмалануы жағдайында бағаланатын қателіктерге байланысты.

      60. Мемлекеттік аудитор аудитті жоспарлау мен орындау, сәйкестендірілген бұрмаланушылықтардың аудитке және қаржылық есептілікке әсерін бағалау, сондай-ақ аудиторлық есепте пікір қалыптастыру кезінде маңыздылықты назарға алуы керек.

      61. Аудитті жоспарлаған кезде мемлекеттік аудитор елеулі ретінде бағаланатын бұрмаланушылықтардың мөлшері туралы пайым жасайды. Бұл пайымдар мыналар:

      1) тәуекелді бағалау рәсімдерінің сипатын, жүргізу мерзімдерін және көлемін айқындау;

      2) елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелдерін сәйкестендіру мен бағалау;

      3) кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, орындау мерзімдерін және ауқымын айқындау үшін негіз болады.

      Аудитті жоспарлаған кезде айқындалған маңыздылық деңгейі төмен сомада бұрмаланушылықтар үнемі елеулі деп бағаланбайтын соманы белгілеуге міндетті емес. Кейбір бұрмаланушылықтармен байланысты мән-жайлар маңыздылық деңгейінен төмен болуына қарамастан, мемлекеттік аудитордың оларды елеулі деп бағалауына мәжбүрлеуі мүмкін.

      62. Аудит жүргізу бағдарламасын тұжырымдай отырып, мемлекеттік аудитор маңыздылық деңгейін жалпы қаржылық есептілік деңгейінде де, сондай-ақ бухгалтерлік есептің жекелеген шоттары бойынша қалдықтарға, бір үлгідегі операциялар тобына және ақпаратты ашып көрсету жағдайларына қатысты айқындауы керек, олар үшін жалпы қаржылық есептіліктің маңыздылық деңгейінен гөрі аз шамадағы бұрмалаушылықтар қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      63. Мемлекеттік секторда маңыздылық сандық және сапалық аспектілерді (бұрмаланушылықтардың "мөлшеріне" және "мәніне" қатысты аспектілер) қамтиды, сәйкесінше нақты операциялар класы, шоттардағы қалдықтар және ашып көрсетілетін ақпарат үшін анағұрлым төмен деңгейде белгіленуі мүмкін.

      Мемлекеттік аудитор бақылау құралдарының тиімділігіне немесе заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қатысты қорытынды қалыптастырған жағдайларда, ол қаржылық есептіліктің маңыздылығына қосымша осы мақсаттар үшін маңыздылықты айқындау қажеттілігін назарға алады.

      64. Мемлекеттік аудитор елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін бағалау және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, жүргізу мерзімдерін және көлемін айқындау мақсатында маңыздылық шегін айқындауы керек.

      65. Егер аудит барысында мемлекеттік аудиторға бастапқыда басқа шаманы (немесе шамаларды) айқындауға мәжбүрлейтін ақпарат туралы белгілі болса, онда ол жалпы қаржылық есептілік үшін маңыздылық деңгейін (қажет болған жағдайда, айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейін немесе деңгейлерін) қайта қарауы керек.

      66. Егер мемлекеттік аудитор жалпы қаржылық есептілік үшін бастапқыда белгіленгеннен гөрі анағұрлым төмен деңгей (қажет болған жағдайда, айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейін немесе деңгейлерін) белгіленуге тиіс деген тұжырымға келсе, онда ол маңыздылық шегін қайта қарау қажеттілігінің бар-жоғын және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипаты, жүргізу мерзімдерінің және көлемінің өз күшінде қалуын айқындауы керек.

      67. Мемлекеттік аудитор аудиторлық құжаттамаға мынадай:

      1) жалпы қаржылық есептілік үшін маңыздылық деңгейі;

      2) қажет болған жағдайда айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейі немесе деңгейлері;

      3) маңыздылық шегі;

      4) аудиттің орындалуына қарай маңыздылық деңгейін кез келген қайта қарау шамаларын, сондай-ақ мұндай шамаларды айқындау кезінде қарастырылған факторларды енгізуі керек.

7-параграф. Қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау

      68. Мемлекеттік аудитор аудит объектісін және оның ортасын, соның ішінде ішкі бақылау жүйесін білуі негізінде қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалаулар тәуекелдерін сәйкестендіруі және бағалауы тиіс.

      69. Аудит объектісінің бақылау ортасын түсіну үшін мемлекеттік аудитор аудит объектісіндегі өзара іс-қимыл схемаларын, адалдық пен әдеп қағидаттарының іске асырылуын, мекеменің құзырет саласындағы міндеттемелерін, басшылық ету өкілеттіктері берілген адамдардың қатысуын, аудит объектісі басшылығының жұмыс істеу философиясы мен стилін, ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі аудит бойынша жұмыстың болуын және жұмыс деңгейін, өкілеттіктер мен жауапкершіліктің бөлінуін, сондай-ақ кадр саясаты мен практикасын талдауы қажет.

      70. Түсіну процесі аясында мемлекеттік аудитор аудит объектісінің қаржылық есептіліктің мақсаттарына қатысы бар тәуекелдерді айқындау бойынша рәсімдерді жүргізуін және мұндай тәуекелдердің басталу ықтималдығын бағалау арқылы олардың маңыздылығын бағалауын да талдауы қажет. Егер мұндай рәсімдер орын алса, мемлекеттік аудитор олардың нәтижелеріне баға беруі қажет.

      71. Мемлекеттік аудитор кейінгі аудиторлық рәсімдердің негізін қалыптастыру үшін қаржылық есептілік деңгейінде және операциялар кластары, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін тұжырымдар деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелін бағалағаны жөн.

      72. Аудит объектісінің тәуекелдерді бағалау процесін ұйымдастыру мен қолдануды бағалау кезінде мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшылығы:

      1) қаржылық есептілікке қатысы бар шаруашылық қызметінің тәуекелдерін қалай анықтайтынын;

      2) тәуекелдердің маңыздылығын қалай бағалайтынын;

      3) тәуекелдердің туындау ықтималдығын қалай бағалайтынын;

      4) тәуекелдерді басқару әдістері туралы мәселені қалай шешетінін анықтайды.

      73. Қаржылық есептілік деңгейінде, сондай-ақ тұжырымдар деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтау мен бағалау және оларға қатысты мемлекеттік аудитор түсінік қалыптастырған қолданылатын бақылау құралдары құжатталуы тиіс.

      74. Бұл мақсатта мемлекеттік аудитор:

      1) аудит объектісінің қызметімен және осы тәуекелдерге жататын бақылау құралдарын қоса алғанда, оның ортасымен, сондай-ақ біртипті операциялар тобымен, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтармен және қаржылық есептілікте ақпаратты ашып көрсету жағдайларымен танысу процесінде тәуекелдерді анықтайды;

      2) анықталған тәуекелдер мен тұжырымдар деңгейінде бұрмалануы мүмкін ақпарат арасындағы сәйкестікті белгілейді;

      3) тәуекелдердің қаржылық есептіліктің айтарлықтай бұрмалануына әкелетіндей елеулілігін не елеулі еместігін қарастырады.

      75. Тәуекелдердің қайсысы елеулі болып табылатындығы туралы пайым шығару кезінде мемлекеттік аудитор мынадай мәселелерді:

      1) тәуекелдің жосықсыз іс-әрекеттерді көрсетуін не көрсетпеуін;

      2) тәуекелдің салада жақында орын алған елеулі өзгерістермен, есепті жүргізу және есептілікті дайындау бойынша жаңа талаптармен немесе мемлекеттік аудитордың ерекше назарын талап ететін өзге де ұқсас мән-жайлармен байланысты не ба йланысты еместігін;

      3) шаруашылық операцияларының қаншалықты күрделі екенін;

      4) тәуекелдің есептілік үшін маңызы зор байланысты тараптармен байланыстылығын не байланысты еместігін;

      5) қаржылық есептілікте қамтылған кейбір бағалау мәндерін есептеу кезінде, нақты айқындау тәсілдері жоқ кейбір көрсеткіштердің мәндерін бағалауда кездесетін тәуекелдермен байланысты субъективтілік дәрежесінің қандай екенін;

      6) аудит объектісінің қызметіне тән емес болып табылатын және есептілік үшін маңызы зор шаруашылық операцияларына тәуекелдің бар-жоғын қарастыруы тиіс.

      76. Бұл ретте мемлекеттік аудитор мыналарды:

      1) нормативтік құқықтық актілердің күрделілігі мен сәйкессіздігін;

      2) нормативтік құқықтық актілердің сақталмауын;

      3) бюджетті құрастыру процесін және оның атқарылуын ескереді.

      Бюджеттік процесті қарастыру аудит объектісі мен оның ортасын түсінудің және тәуекелдерді бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады.

      77. Егер мемлекеттік аудитор елеулі тәуекелдің бар екенін анықтаса, ол осы тәуекелге қатысты бар бақылау бойынша іс-әрекеттерді қоса алғанда, аудит объектісінің бақылау құралдары туралы түсінік алуы тиіс.

      78. Аудит барысында қосымша аудиторлық дәлелдемелердің жиналуына қарай тұжырымдар деңгейінде елеулі бұрмалау тәуекелін аудиторлық бағалаудың өзгеруі мүмкін. Егер одан кейінгі аудиторлық рәсімдерді орындау нәтижесінде мемлекеттік аудитор соларға сәйкес бастапқы бағалауды жасаған бастапқы алынған аудиторлық дәлелдемелерге қайшы келетін аудиторлық дәлелдемелер алса, ол өзінің бағалауын қайта қарап, сәйкесінше одан әрі аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды өзгертуі керек.

8-параграф. Анықталған тәуекелдерге ден қою

      79. Мемлекеттік аудитордың қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін жою үшін қажетті шараларды қабылдағаны жөн.

      80. Анықталған тәуекелдерге ден қою тәсілдері мәні бойынша тексеру рәсімдері және бақылау құралдарын тексеру сияқты тәуекелдерді жою үшін аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді қамтиды. Мәні бойынша тексеру рәсімдері егжей-тегжейлі тесттерді де, сондай-ақ операциялар класын, шоттар сальдосын және ашып көрсетулерді мәні бойынша талдамалық тексеруді де қамтиды.

      81. Аудиторлық рәсімдердің сипаты, мерзімі мен көлемі тұжырымдар деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануының анықталған тәуекелдеріне негізделеді және осындай тәуекелдерге байланысты. Қажетті аудиторлық рәсімдерді әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитордың әрбір операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін тұжырымдар деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануының анықталған тәуекелдерінің себептерін талдағаны жөн. Мұндай себептер операциялармен байланысты ажырамас тәуекелді (тиісті операциялар класының, шоттар сальдосының және ашып көрсетулердің белгілі бір сипаттамаларына байланысты ақпараттың елеулі бұрмалану ықтималдығы) және бақылау жүйесінің тәуекелдерін (тәуекелдерді бағалау тиісті бақылау құралдарын ескеретінін не ескермейтінін) қамтуы мүмкін.

      82. Бақылау жүйесінің тәуекелдерін тексеру мемлекеттік аудитордан бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігінің дәлелдемелерін алуды талап етеді (яғни мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексеру рәсімдерінің сипатын, мерзімі мен көлемін айқындау кезінде бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігіне сүйенуге ниетті).

      83. Жеткілікті және қажетті дәлелдемелер алу үшін тиісті бақылау құралдарының тестілерін әзірлеу мен жүргізу кезінде мемлекеттік аудитордың бақылау құралдарының тиімділігіне неғұрлым көп сүйенсе, алынған аудиторлық дәлелдемелердің соғұрлым дәлелді болатынын ескергені жөн.

      84. Мемлекеттік аудитор ақпаратты елеулі бұрмалаудың анықталған тәуекелдеріне қарамастан, әрбір елеулі операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін мәні бойынша тексеру рәсімдерін әзірлеуі және орындауы керек.

      85. Мемлекеттік аудитордың бақылау құралдарын тексеру фактісіне қарамастан, барлық жағдайларда мәні бойынша тексеруді жүргізгені жөн. Бұдан басқа, егер мемлекеттік аудитор тұжырымдар деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануы бойынша анықталған тәуекел елеулі деп айқындаса, дәл осы тәуекелге ден қоюды көздейтін мәні бойынша тексеру рәсімдерін жүргізу керек. Егер елеулі тәуекелдің тәсілі мәні бойынша тексеру рәсімдерінен ғана тұрса, мұндай рәсімдер егжей-тегжейлі тестілерді қамтуы тиіс.

9-параграф. Қызметтің үздіксіздігі

      86. Мемлекеттік аудитор аудит объектісі басшылығының қаржылық есептілікті дайындау кезінде қызметтің үздіксіздігі туралы жорамалдарды пайдалануына күмән тудыруы мүмкін оқиғалардың немесе мән-жайлардың орын алғандығын не алмағандығын талдауы керек.

      87. Қызметтің үздіксіздігі туралы болжам қаржылық есептілікті дайындаудың негізгі қағидаты болғандықтан, аудит объектісінің басшылығы өзінің үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігіне арнайы бағалау жүргізеді. Қызметтің үздіксіздігі туралы жорамалдың орындылығын бағалау кезінде аудит объектісінің басшылығы таяу болашаққа қатысты барлық қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс. Ағымдағы және болашақ қызметке байланысты факторлардың кең спектрын, ұйымдық құрылымдарды қайта құрудың әлеуетті немесе жарияланған рәсімдерін, кірістерді бағалауды немесе ұзақ мерзімді бюджеттік қаржыландыру ықтималдығын, сондай-ақ ауыстырылатын қаржыландырудың әлеуетті көздерін зерделеу қажет болуы мүмкін. Қаржылық есептілік, егер заң шығарушы орган аудит объектісінің қызметін тарату немесе тоқтату туралы шешім қабылдамаса, қызметтің үздіксіздігі қағидаты негізінде жасалады. Қызметтің үздіксіздігі туралы болжаммен байланысты тиісті ақпарат қаржылық есептілікте ашылуға жатады.

      88. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшылығы аудит объектісінің өзінің үздіксіз қызметін жалғастыра алу қабілетін алдын ала бағалау жүргізгенін анықтауы тиіс. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну кезінде аудит объектісі қызметінің үздіксіздігі туралы жорамалды қолданудың орындылығы туралы жеткілікті және тиісті дәлелдерді алуы керек және аудит объектісінің өз қызметін үздіксіз негізде жалғастыра алу қабілетінде елеулі белгісіздіктің бар-жоғы туралы қорытынды жасауы керек. Егер қаржылық есептілік қызметтің үздіксіздігі туралы жорамал негізінде дайындалған болса, бірақ мемлекеттік аудитордың пайымы бойынша осындай болжамды қолдану шындыққа сәйкес келмесе, мемлекеттік аудитор аудиторлық есеп (қорытынды) үшін салдарын айқындауы керек.

      89. Аудит объектісінің өз қызметін жалғастыру қабілетіне қатысты пікірді қалыптастыру кезінде мемлекеттік аудитор кейде бір-бірімен қиылысатын екі фактордың мәнмәтінінде қызметтің үздіксіздігі жорамалын пайдалануды қарастырады:

      1) мемлекеттік саясаттағы өзгерістермен байланыстырылатын үлкен тәуекел;

      2) аз кездесетін операциялық тәуекел.

10-параграф. Бастапқы аудит кезінде есепті кезеңнің басындағы сальдоға аудит жүргізу

      90. Бастапқы аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік аудитордың мақсаты төмендегілер туралы:

      1) есепті кезеңнің басындағы сальдода ағымдағы есепті кезеңнің қаржылық есептілігіне елеулі әсер етуі мүмкін бұрмалаудың бар-жоғы;

      2) есептік саясаттың дәйекті түрде қолданылуын не есептік саясатта тиісті түрде бухгалтерлік есепте көрініс тауып, белгіленген тәртіппен ашылған өзгерістердің болған-болмағаны туралы жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алу болып табылады.

      91. Егер мемлекеттік аудитор есепті кезеңнің басындағы сальдода ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікке елеулі әсер етуі мүмкін бұрмалаулар бар екендігі туралы аудиторлық дәлелдеме алса, мемлекеттік аудитор ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікке әсерін бағалау үшін қалыптасқан жағдайда орынды болып табылатын қосымша аудиторлық рәсімдерді орындауы тиіс.

      92. Мемлекеттік аудитор есепті кезеңнің басындағы сальдода көрсетілген есептік саясаттың ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікте дәйекті қолданылғандығы және есеп саясатындағы өзгерістер тиісті түрде ескерілгені және барабар ұсынылғандығы және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамасына сәйкес ашылғандығы туралы жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелер алуы тиіс.

      93. Егер мемлекеттік аудитор есепті кезеңнің басындағы сальдоға қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемені ала алмаса, онда ол ескертулері бар пікір білдіруге немесе жағдайларға байланысты Стандарттың 6-тарауының 3-параграфына сәйкес қаржылық есептілікке қатысты пікір білдіруден бас тартуы тиіс.

      94. Егер мемлекеттік аудитор есепті кезеңнің басындағы сальдода ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікке елеулі әсер ететін бұрмалау бар және бұрмалаудың әсері тиісті түрде ескерілмеген немесе барабар ұсынылмаған немесе ашылмаған деген қорытындыға келсе, онда мемлекеттік аудитор Стандарттың 6-тарауының 3-параграфына сәйкес ескертулері бар пікір білдіруі тиіс.

      95. Егер мемлекеттік аудитор ағымдағы кезеңнің есептік саясаты есепті кезеңнің басындағы сальдоға қатысты дәйекті түрде қолданылмаған деген қорытындыға келсе және егер есептік саясат өзгерістерінің салдары бухгалтерлік есепте тиісті түрде көрсетілмеген және қаржылық есептілікте барабар ашылмаған болса, мемлекеттік аудитор нақты жағдайларға байланысты Стандарттың 6-тарауының 3-параграфына сәйкес ескертулері бар пікір білдіруге тиіс.

11-параграф. Аудиторлық іріктеу

      96. Аудиторлық іріктеуді пайдалану кезінде мемлекеттік аудитордың мақсаты іріктеу жүргізілген жиынтық туралы қорытындыларды қалыптастыру үшін ақылға қонымды негіз беру болып табылады.

      97. Аудиторлық іріктеуді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік аудитор аудиторлық рәсімдердің мақсатын және іріктеме қалыптастырылатын жиынтықтың сипаттамасын ескеруі тиіс.

      98. Мемлекеттік аудитор пайдаланылатын іріктеу тәуекелін қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету үшін жеткілікті іріктеу көлемін айқындауы тиіс.

      99. Мемлекеттік аудитор баптарды жиынтық элементтерінің іріктеліп алыну ықтималдығы тең болған кезде іріктеудің репрезентативтілігін қамтамасыз ететіндей етіп іріктеп алуы тиіс.

      100. Мемлекеттік аудитор оның мақсатына сәйкес келетін әрбір іріктелген бапқа қатысты аудиторлық рәсімдерді орындауы тиіс.

      101. Егер аудиторлық рәсім іріктелген элементтерге қатысты қолдануға келмесе, онда мемлекеттік аудитор рәсімді қандай да бір алмастырушы элементке қатысты орындауы тиіс.

      102. Егер мемлекеттік аудитор іріктелген элементтерге қатысты әзірленген аудиторлық рәсімдерді немесе лайықты балама рәсімдерді қолдана алмайтын жағдайда болса, онда бұл элементті ұйғарылған бақылаудан ауытқу ретінде (бақылау құралдарының тестілері жағдайында) немесе бұрмалау ретінде (егжей-тегжейлі тестілер жағдайында) қарау қажет.

      103. Мемлекеттік аудитор кез келген анықталған ауытқулардың немесе бұрмалаулардың сипаты мен себебін зерделеп, олардың аудиторлық рәсімнің мақсатына және аудиттің басқа салаларына ықтимал әсерін бағалауы тиіс.

      104. Ерекше жағдайларда, мемлекеттік аудитор іріктеуде анықталған бұрмалауды немесе ауытқуды аномалия деп санаса, ол мұндай бұрмалау немесе ауытқу жиынтыққа тән емес екендігіне жоғары дәрежеде сенімді болуы керек. Бұл үшін бұрмалану немесе ауытқу жиынтықтағы қалған элементтерге әсер етпейтіндігі туралы жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін қосымша аудиторлық рәсімдерді орындау қажет.

      105. Мемлекеттік аудитор егжей-тегжейлі тестілер жүргізу үшін іріктеуде анықталған бұрмалауларды барлық жиынтыққа экстраполяциялауы (қолдануы) керек.

      106. Мемлекеттік аудитор:

      1) іріктеудің нәтижелерін;

      2) аудиторлық іріктеуді пайдалану тестіленетін жиынтық туралы қорытынды шығару үшін ақылға қонымды негізді қамтамасыз еткенін не етпегенін бағалауы тиіс.

12-параграф. Аудиторлық рәсімдер

      107. Қажетті аудиторлық дәлелдемелер алу үшін мемлекеттік аудитор сипаты, мерзімі және көлемі тәуекелді бағалау тұрғысынан айқындалатын аудиторлық рәсімдерді жүзеге асыруы тиіс.

      108. Аудиторлық рәсімдер бақылау тестілерінен және мәні бойынша аудиторлық тексеру рәсімдерінен тұрады.

      109. Бақылау құралдарының тестілері аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тиімділігі мәселелері бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында жүргізіледі.

      110. Мәні бойынша тексеру рәсімдері қаржылық есептілікте елеулі бұрмалауларды анықтау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жүргізілетін тестілерді білдіреді.

      Мәні бойынша тексеру рәсімдерінің мынадай екі түрі болады:

      1) операциялардың және шоттар сальдосының егжей-тегжейлі тестілері;

      2) талдамалық рәсімдер.

      111. Аудиторлық дәлелдемелер алу үшін мемлекеттік аудитор мынадай аудиторлық рәсімдерді қолдана алады:

      1) сұрау салу;

      2) инспекциялау;

      3) бақылау;

      4) растау;

      5) қайта санау;

      6) қайта жүргізу, талдамалық рәсімдер не олардың үйлесімі.

      112. Сұрау салу аудит объектісінің орналасқан жерінің шегінде және одан тыс жерлерде хабардар адамдардан ақпарат іздеуді білдіреді. Сұрау салулар әртүрлі болуы мүмкін: үшінші тұлғаларға арналған ресми жазбаша сұрау салулардан аудит объектісінің жұмыскерлеріне арналған ресми емес ауызша сұрау салуларға дейін.

      113. Инспекциялау жазбаларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді тексеруді білдіреді. Жазбалар мен құжаттарды инспекциялау барысында мемлекеттік аудитор оларды ішкі бақылау құралдарымен өңдеудің аудиторлық дәлелдемелерін алады.

      114. Бақылау басқа адамдар орындайтын процестерді немесе рәсімдерді зерделеуден тұрады.

      115. Растау тәуелсіз (үшінші) тараптан бухгалтерлік жазбалардағы ақпаратты растау бойынша сұрау салуға жазбаша жауап болып табылады. Сұрау салуларға жауаптар мемлекеттік аудиторға бұрын болмаған немесе аудиторлық дәлелдемелерді растайтын мәліметтерді бере алады.

      116. Сыртқы растаулар мыналарға:

      1) бухгалтерлік есеп шоттарында есепте тұрған дебиторлық берешекке;

      2) үшінші тараптардың қоймаларында жауапты сақтаудағы қорларға;

      3) алынған қарыздарға;

      4) бухгалтерлік есеп шоттарында есепте тұрған кредиторлық берешекке қатысты пайдаланылады.

      117. Қайта санау бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазбалардағы арифметикалық есептемелердің дәлдігін тексеруді не мемлекеттік аудитордың дербес есептеулерді орындауын білдіреді.

      118. Қайта жүргізу - мемлекеттік аудитордың қолмен де, компьютерлерді пайдалана отырып та жүзеге асырылатын рәсімдерді немесе бақылау іс-қимылдарын (бастапқыда ішкі бақылау жүйесі шеңберінде аудит объектісінің басшылығы немесе персоналы орындаған) тәуелсіз жүргізуі. Мемлекеттік аудитордың өтеу мерзімдері бойынша дебиторлық берешекті саралау рәсімін қайталап өткізуі мысал болып табылады.

      119. Талдамалық рәсімдер алынған ақпаратты талдауды және бағалауды білдіреді. Талдамалық рәсімдерді таңдау мемлекеттік аудитордың кәсіби пайымдауының мәні болып табылады.

      120. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесінде мынадай мәселелер:

      1) қорларды түгендеу кезінде мемлекеттік аудитордың қатысуы;

      2) сот істері мен наразылықтар туралы сұрау салу;

      3) ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары туралы ақпаратты құндық бағалау және ашу;

      4) сегменттер бойынша ақпарат қосымша қаралуға жатады.

13-параграф. Аудиторлық дәлелдемелер

      121. Мемлекеттік аудитордың мақсаты - қаржылық есептіліктің анықтығы туралы аудиторлық қорытындыны қалыптастыруға негіз болатын ақылға қонымды қорытынды жасау үшін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін аудиторлық рәсімдер әзірлеу және орындау.

      122. Аудиторлық дәлелдемелер жеткілікті және оның тиісінше сипаты болуы тиіс. Жеткіліктілік - бұл дәлелдемелер санының шамасы, бұл ретте тиісінше сипаты дәлелдемелердің сапасына, яғни олардың өзектілігі мен анықтығына жатады. Дәлелдемелердің қажетті саны қаржылық есептіліктегі ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекеліне (тәуекел неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп дәлелдемелер қажет болуы мүмкін), сондай-ақ осындай дәлелдемелердің сапасына (сапа неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз дәлелдемелер қажет болуы мүмкін) байланысты. Сәйкесінше, дәлелдемелердің жеткіліктілігі мен тиісінше сипаты өзара байланысты параметрлер болып табылады. Аудиторлық дәлелдемелердің ауқымды санын жинау олардың төмен сапасының орнын толтырмайды.

      123. Дәлелдемелердің анықтығы олардың дереккөзі мен сипатына, сондай-ақ осындай дәлелдемелер алынған нақты мән-жайларға байланысты болады. Тіпті егер дәлелдемелер сыртқы растаулар сияқты аудит объектісінен тыс сыртқы көздерден алынған болса да, белгілі бір мән-жайлар осындай ақпараттың анықтығына әсер етуі мүмкін.

      124. Жеке қаралатын дәлелдемелерге қарағанда, әртүрлі көздерден алынған немесе әртүрлі сипаттағы келісілген дәлелдемелер неғұрлым анық болып табылады.

      125. Аудиторлық дәлелдемелер есепке алу жазбаларын тексеру арқылы алынуы мүмкін. Аудит объектісі басшылығының мәлімдемелерін растайтын ақпаратпен қатар, осындай мәлімдемелерге қайшы келетін кез келген ақпаратқа ерекше назар аудару керек.

      Мемлекеттік секторда қаржылық есептілік жағдайында басшылық барлық іс-әрекеттер мен мәмілелер заңнамаға сәйкес немесе өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асырылғаны туралы мәлімдемелерді жиі жасайды және мұндай мәлімдемелер қаржылық аудит шеңберінде сәйкестік аудитінің нысанасы болуы мүмкін.

      126. Бір көзден алынған аудиторлық дәлелдеме басқа көзден алынған аудиторлық дәлелдемеге қайшы келген немесе мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдеме ретінде пайдаланайын деп отырған ақпаратының сенімділігіне күмәнданған жағдайда, мемлекеттік аудитор аудиторлық рәсімдерді қалай өзгерту керектігін айқындауы немесе осы проблеманы шешу үшін оларды толықтыруы, сондай-ақ осы жағдайдың аудиттің басқа аспектілеріне әсерін қарауы тиіс.

14-параграф. Әділ құнын есептік бағалауды қоса алғанда, есептік бағалауға аудит жүргізу

      127. Қаржылық есептіліктің кейбір баптары дәл өлшенбейді, тек бағалануы мүмкін. Қаржылық есептіліктің мұндай баптары есептік бағалау ретінде қарастырылады. Қаржылық есептілікте олар болған жағдайда, оның елеулі бұрмалану тәуекелі артады.

      128. Мемлекеттік аудитордың мақсаты мынадай аспектілер бойынша жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу болып табылады:

      1) қаржылық есептілікте танылған немесе ашылған әділ құнын есептік бағалауды қоса алғанда, есептік бағалаудың негізділігі;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасы тұрғысынан қаржылық есептіліктегі тиісті ашып көрсетулердің барабарлығы.

      129. Елеулі бұрмалаулардың бағаланған тәуекелдерінің негізінде мемлекеттік аудитор:

      1) аудит объектісінің басшылығы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының есептік бағалауға қатысты талаптарын тиісті түрде қолданғанын не қолданбағанын;

      2) есептік бағалауды айқындау әдістерінің тиісінше болуын не болмауын және олардың дәйекті түрде қолданылғанын не қолданылмағанын, сондай-ақ егер өзгерістер орын алса, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептік бағалауда немесе оларды айқындау әдістеріндегі өзгерістердің мән-жайларға сәйкес келуін не келмеуін айқындайды.

      130. Елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есептік бағалауларға қатысты мемлекеттік аудитор:

      1) аудит объектісі басшылығының қаржылық есептіліктегі есептік бағалауды мойындау немесе мойындамау туралы шешімінің;

      2) есептік бағалауды айқындау үшін таңдалған негіздің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне не келмеуіне тиісті және жеткілікті аудиторлық дәлелдемені алуы тиіс.

      131. Аудиторлық дәлелдеменің негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктегі есептік бағалаудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасы тұрғысынан негізделгенін немесе олардың бұрмаланғанын айқындауы тиіс.

      132. Мемлекеттік аудитор есептік бағалауларға қатысты қаржылық есептілікте жасалған ашып көрсетулердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетініне жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуы тиіс.

      133. Елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есептік бағалауларға қатысты мемлекеттік аудитор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасы тұрғысынан қаржылық есептіліктегі осындай бағалаудың белгісіздігін ашудың барабарлығын бағалауы тиіс.

      134. Мемлекеттік аудитор есептік бағалауды айқындау кезінде аудит объектісінің басшылығы қабылдаған пайымдаулар мен шешімдерді аудит объектісі басшылығының ықтимал теріс түсіну белгілерінің болуы тұрғысынан қарауы тиіс. Аудит объектісі басшылығының ықтимал теріс түсіну белгілері жекелеген есептік бағалаудың негізділігі туралы қорытынды жасау мақсатында бұрмаланған болып саналмайды.

      135. Аудиторлық құжаттамаға мемлекеттік аудитор:

      1) елеулі тәуекелдерге әкеп соқтыратын есептік бағалаудың негізділігіне және оларды ашып көрсетулерге қатысты аудиторлық қорытынды үшін негіздің сипатын;

      2) егер бар болса, аудит объектісі басшылығының ықтимал теріс түсіну белгілерінің сипатын енгізуі тиіс.

15-параграф. Кейінгі оқиғаларды есепке алу

      136. Егер аудиторлық есептің (қорытындының) күнінен кейін, бірақ қаржылық есептілікті ұсыну күніне дейін не күнінен кейін мемлекеттік аудитор аудиторлық есепке әсер ететін қандай да бір факті туралы білсе, мемлекеттік аудитор мынадай іс-әрекеттерді жүргізуі керек:

      1) осы мәселені аудит объектісінің басшылығымен және қажет болған жағдайда басшылық өкілеттіктер берілген адамдармен талқылау;

      2) қаржылық есептілікке қандай да бір түзетулер енгізу қажет не қажет емес екендігін анықтау және егер қажет болса,

      3) аудит объектісінің басшылығынан осы мәселені қаржылық есептілікте қалай көрсетуге ниетті екенін анықтау.

      137. Егер аудит объектісінің басшылығы қаржылық есептілік шығарылған күннен кейін оны пайдаланушыларды хабардар ету үшін қажетті шараларды қабылдамаса, сондай-ақ мемлекеттік аудитор мұндай өзгерістер қажет деп санаған жағдайда қаржылық есептілікке өзгерістер енгізбесе, аудит объектісінің басшылығын және басшы өкілеттіктер берілген адамдарды аудит объектісінің қаржылық есептілікті және ол бойынша аудиторлық есепті (қорытындыны) оған қажетті өзгерістер енгізілгенге дейін үшінші адамдарға беруі тиіс еместігі туралы хабардар етуі тиіс. Егер кейіннен қаржылық есептілік қажетті өзгерістерсіз үшінші адамдарға берілсе, мемлекеттік аудитор мұндай үшінші адамдардың түзетілмеген қаржылық есептілікке және ол бойынша аудиторлық есепке (қорытындыға) сүйенбеуі үшін қажетті шаралар қолдануы қажет.

16-параграф. Аудит барысында анықталған бұрмалауларды бағалау

      138. Мемлекеттік аудитор анықталған бұрмалаулардың аудит процесіне және аудит объектісінің қаржылық есептілігіне әсерін бағалағаны жөн.

      139. Бұрмалауларға қатысты мемлекеттік аудитордың аудит объектісінің іс жүзіндегі қаржылық нәтижелеріне бұрынғысынша сәйкес келетініне көз жеткізу мақсатында олардың маңыздылығына жеке-жеке немесе жиынтығында бағалау жүргізуі керек.

      140. Басшы өкілеттіктер берілген адамдар бұрмалаулар туралы және мұндай бұрмалаулардың жеке-жеке немесе жиынтығында аудиторлық есепте көрсетілген пікірге әсері туралы хабардар етілуі тиіс. Аудиторлық есепте мемлекеттік аудитор операциялардың тиісті кластары, шоттар сальдосы немесе тиісті ашып көрсетулер бойынша елеулі бұрмалауларды жеке көрсетуі тиіс.

      141. Аудит барысында мемлекеттік аудитор айқын елеулі еместерді қоспағанда, анықталған бұрмалауларды жинақтауы тиіс.

      142. Мемлекеттік аудитор, егер:

      1) анықталған бұрмалаушылықтардың сипаттамасы және олардың пайда болу жағдайлары аудит барысында жинақталған бұрмалаулармен жиынтығында елеулі болуы мүмкін өзге де бұрмалаулардың болуы мүмкін екендігін көрсетсе;

      2) аудит барысында жинақталған бұрмалаулар жиынтығы Стандарттың 5-тарауының 6-параграфына сәйкес белгіленген елеулілік деңгейіне жақындаса, аудит бағдарламасын қайта қарауға қажеттіліктің бар-жоғын анықтауы тиіс.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      143. Мемлекеттік аудитор аудит барысында жинақталған барлық бұрмалаулар туралы, егер бұл заңнамамен немесе нормативтік құқықтық актілермен тыйым салынбаған болса, аудит объектісі басшылығының тиісті деңгейін уақтылы хабардар етуі тиіс.

      144. Қаржылық есептілікке бұрмалаулардың әсерін бағалау алдында мемлекеттік аудитор бұрынғысынша аудит объектісінің нақты қаржылық нәтижелеріне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін Стандарттың 5-тарауының 6-параграфына сәйкес елеулілік деңгейін қайта қарауы қажет.

      145. Мемлекеттік аудитор бұрмалаулардың елеулі болып табылатындығын анықтауы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік аудитор мынадай мәселелерді:

      1) операциялардың нақты кластарына, шоттар сальдосына немесе ашып көрсетулерге қатысты да, тұтастай алғанда қаржылық есептілікке қатысты да бұрмалаулардың мөлшері мен сипатын, сондай-ақ осындай бұрмалаулардың пайда болуының ерекше жағдайларын;

      2) алдыңғы кезеңдерге байланысты бұрмалаулардың операциялардың тиісті кластарына, шоттар сальдосына немесе ашып көрсетулерге, сондай-ақ тұтастай қаржылық есептілікке әсерін қарауы қажет.

      146. Мемлекеттік аудитор аудит объектісі басшылығының және, қажет болған жағдайда, басшылық өкілеттіктер берілген адамдардың бұрмалаулардың тұтастай қаржылық есептілікке әсерін елеулі емес деп қарастыратыны туралы жазбаша ұсынымын сұратуы тиіс.

      Қаржылық есептілік аудиті шеңберінде сәйкестік аудиті және ішкі бақылау тиімділігін бағалау бойынша қосымша рәсімдер жүргізілген жағдайда, жоғарыдағы тармақта көрсетілген түсіндірмелер бір құжатта жасалуы мүмкін.

      147. Мемлекеттік аудитор аудиторлық құжаттамаға мынадай ақпаратты:

      1) одан төмен бұрмалаулар болмашы деп қаралатын соманы;

      2) аудит барысында жиналған барлық бұрмалауларды, сондай-ақ олардың түзетілуі мүмкін не мүмкін еместігі туралы ақпаратты;

      3) мемлекеттік аудитордың бұрмалаулар елеулі болып табылатыны және осы тұжырымның негіздерін қосуы тиіс.

6-тарау. Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша пікір қалыптастыру және аудиторлық есеп жасау

1-параграф. Қаржылық есептілік бойынша пікір тұжырымдау

      148. Мемлекеттік аудитор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес қаржылық есептіліктің барлық маңызды аспектілерде дайындалғанына қатысты пікір тұжырымдауы тиіс.

      149. Осы пікірді тұжырымдау үшін мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте жалпы жосықсыз іс-әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмалаулардың болмайтындығына ақылға қонымды сенімділік алғандығына қатысты қорытындыға келуі тиіс. Мұндай қорытынды мыналарды:

      1) Стандарттың 5-тарауының 13-параграфына сәйкес мемлекеттік аудитордың жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеменің алынғаны не алынбағаны туралы қорытындысын;

      2) Стандарттың 5-тарауының 6-параграфына сәйкес мемлекеттік аудитордың бұрмалаулар жеке немесе жиынтықта елеулі болып табылатыны не табылмайтыны туралы қорытындысын ескеруі тиіс.

      150. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес барлық маңызды аспектілерде дайындалғанын бағалауы тиіс. Мұндай бағалау аудит объектісі басшылығының пайымдауларының ықтимал теріс түсіну көрсеткіштерін қоса алғанда, аудит объектісінің есептік практикасының сапалық аспектілерін қарауды қамтуы тиіс.

      151. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасының талаптарын назарға ала отырып, мемлекеттік аудитор мыналарды:

      1) аудит объектісінің басшылығы жасаған есептік бағалаулар негізделген болып табылатынын не табылмайтынын;

      2) қаржылық есептілікте ұсынылған ақпараттың релевантты, сенімді, салыстырылатын және түсінікті болып табылатынын не табылмайтынын;

      3) қаржылық есептілік оның болжамды пайдаланушыларына қаржылық есептілікте ұсынылған ақпаратқа елеулі операциялар мен оқиғалардың әсерін түсінуге мүмкіндік беретін барабар ашып көрсетулерді қамтамасыз етуін не етпеуін бағалауы тиіс.

      152. Мемлекеттік аудитор, егер ол қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес барлық маңызды аспектілерде дайындалғаны туралы қорытындыға келсе, ескертусіз пікірін білдіреді.

      153. Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте тұтастай алғанда елеулі бұрмалаулар жоқ деген қорытынды жасасуға мүмкіндік беретін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме ала алмаса, ол Стандарттың 6-тарауының 3-параграфына сәйкес аудиторлық есепте (қорытындыда) ескертпесі бар пікірін білдіруге тиіс.

2-параграф. Аудиторлық есепті дайындау

      154. Аудиторлық есеп Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіп ескерілее отырып, жазбаша нысанда ұсынылуы тиіс.

      155. Аудиторлық есеп мынадай бөліктерді:

      1) тақырыбы;

      2) адресат;

      3) аудит жүргізілген қаржылық есептілікті айқындайтын кіріспе параграф;

      4) қаржылық есептілікті дайындау үшін аудит объектісі басшылығының жауаптылығын сипаттау;

      5) мемлекеттік аудитордың қаржылық есептілік бойынша пікір білдіргені үшін жауаптылығын сипаттау;

      6) қаржылық есептілік бойынша пікір қамтылған аудиторлық пікірді білдіретін параграф;

      7) аудиторлық тапсырма басшысының қолы;

      8) аудиторлық есептің күнін қамтиды.

      156. Аудиторлық есептің осы есептің сыртқы МАҚБ органының есебі болып табылатындығын нақты көрсететін тақырыбы және тиісті түрде жолданған болуы тиіс.

      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      157. Аудиторлық есептің кіріспе параграфы:

      1) қаржылық есептілігі бойынша аудит жүргізілген аудит объектісіне нұсқауды;

      2) осы қаржылық есептілік бойынша аудит жүргізілгенін нұсқауды;

      3) қаржылық есептілікке кіретін әрбір есептің атауын;

      4) қаржылық есептілікті құрайтын әрбір қаржылық есепте көрсетілген күнді немесе кезеңді қамтиды.

      158. Аудиторлық есеп "Қаржылық есептілікті дайындау үшін аудит объектісі басшылығының жауаптылығы" тақырыбындағы бөлімді қамтиды, онда аудит объектісінде қаржылық есептілікті дайындауға жауапты және функционалдық және лауазымдық міндеттері тұрғысынан бірінші қол қою құқығы берілген адамдар атап көрсетіледі.

      159. Аудиторлық есеп "Мемлекеттік аудитордың жауаптылығы" тақырыбындағы бөлімді қамтиды, онда мемлекеттік аудитордың жауаптылығы өзі жүргізген аудит негізінде қаржылық есептілік туралы пікір білдіруден тұрады деген нұсқау болуы тиіс.

      160. Аудиторлық есеп мемлекеттік аудиторды әдеп талаптарын орындауға, сондай-ақ қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар болмайтынына ақылға қонымды сенімді қамтамасыз ететіндей аудитті жоспарлауға және жүргізуге міндеттейтін жоғары аудит органдары аудитінің халықаралық стандарттарына негізделген рәсімдік стандартқа сәйкес аудит жүргізілгенін нұсқауды қамтуы тиіс.

      161. Аудиторлық есеп аудиттің сипаттамасын қамтиды, онда мынадай аспектілер көрсетіледі:

      1) аудит қаржылық есептілікте сомалар мен ашып көрсетулер бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін рәсімдерді орындауды қамтиды;

      2) таңдалған рәсімдер жосықсыз іс-әрекеттерден немесе қателіктен туындаған қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалау тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік аудитордың пайымдауына байланысты болады;

      3) аудит есептік саясатты тиісінше қолдануды және аудит объектісінің басшылығы жасаған есептік бағалаудың негізділігін, сондай-ақ қаржылық есептілікті жалпы ұсынуды бағалауды да қамтиды.

      162. Аудиторлық есеп мемлекеттік аудитор өзі алған аудиторлық дәлелдемелер аудиторлық пікір білдіру үшін негіз ұсынуға жеткілікті және тиісті болып табылады деп есептейтін нұсқауды қамтуы тиіс.

      163. Аудиторлық есеп "Пікір" тақырыбындағы бөлімді қамтуы тиіс.

      164. Ескертпесіз пікір білдіру кезінде аудиторлық пікір қаржылық есептіліктің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес барлық маңызды аспектілерде дайындалғанын көрсетуі тиіс.

      165. Аудиторлық есепке мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар қол қояды.

      166. Аудиторлық есепке мемлекеттік аудитор:

      1) қоса беріліп отырған ескертпелерді қоса алғанда, қаржылық есептілікті құрайтын барлық есептер дайындалғанына;

      2) тиісті өкілеттіктері бар адамдар осы қаржылық есептілік үшін өзіне жауаптылық алғандығын растағанына дәлелдемені қоса алғанда, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық пікір негізделген жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алған күннен ерте емес күн қойылады.

3-параграф. Қаржылық есептілік бойынша пікірді түрлендіру

      167. Мына жағдайлардың бірі болғанда:

      1) алынған аудиторлық дәлелдеменің негізінде мемлекеттік аудитор жалпы қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар бар деген қорытындыға келгенде;

      2) мемлекеттік аудитордың тұтастай қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар жоқ деген қорытындыға келуіне мүмкіндік беретін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмағанда мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте (қорытындыда) пікірді түрлендіруі тиіс.

      168. Мемлекеттік аудитор мына жағдайлардың бірі басталғанда:

      1) жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемені алғаннан кейін аудитор бұрмалаулар жеке немесе жиынтықта қаржылық есептілік үшін маңызды болып табылатыны туралы қорытындыға келгенде;

      2) мемлекеттік аудитордың соның негізінде пікір білдіре алатын жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі жоқ, бірақ ол анықталмаған бұрмалаулардың ықтимал әсері, егер олар орын алса, қаржылық есептілікке елеулі әсер етуі мүмкін деген қорытындыға келгенде ескертулері бар пікір білдіреді.

      169. Мемлекеттік аудитордың, егер соның негізінде пікір білдіре алатындай жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмаса және егер олар орын алса, анықталмаған бұрмалаулардың қаржылық есептілікке ықтимал әсері елеулі және барлық жерде болуы мүмкін деген қорытындыға келсе, пікір білдіруден бас тартуды тұжырымдайды.

      170. Егер аудит объектісінің басшылығы аудиторлық дәлелдемелерге қолжетімділікті шектейтін болса, мемлекеттік аудитор басшылық өкілеттіктер берілген адамдар аудит объектісін басқаруға қатысатын жағдайларды қоспағанда, бұл туралы оларды хабардар етеді және жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін балама рәсімдерді орындау мүмкіндігі мәселесін шешеді.

      171. Егер мемлекеттік аудитордың жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмаса, оның салдары төмендегідей айқындалады:

      1) егер мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмалаулар орын алған жағдайда, олардың қаржылық есептілікке ықтимал әсері елеулі болып табылады деген қорытындыға келсе, ол ескертулері бар пікір білдіреді;

      2) егер мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмалаулар орын алған жағдайда, олардың қаржылық есептілікке ықтимал әсері елеулі және барлық жерде деген қорытындыға келсе, мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік бойынша пікір білдіруден бас тартады.

      172. Пікір білдіруден бас тарту жекелеген қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізу кезінде ғана көзделген.

      173. Егер мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік бойынша пікірін түрлендірсе, ол Стандарттың 6-тарауының 2-параграфында талап етілетін ерекше бөліктерге қосымша, пікірді түрлендіру қажеттілігін туындатқан аспектіні сипаттайтын параграфты аудиторлық есепке (қорытынды) енгізеді. Бұл параграф аудиторлық есепте (қорытындыда) пікір білдіретін параграфтың алдында тікелей орналастырылады және мән-жайларға байланысты "Ескертпесі бар пікір білдіруге негіз" немесе "Пікір білдіруден бас тартуға негіз" атты тақырып пайдаланылады.

4-параграф. Аудиторлық есепке түсіндірме параграфты енгізу

      174. Егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша пайдаланушылардың қаржылық есептілікті түсінуі үшін іргелі болып табылатындай аса маңызды, қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған мәселеге пайдаланушылардың назарын аудару қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор түсіндірме параграфты қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар болмайтындығына жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алған жағдайда аудиторлық есепке (қорытындыға) енгізуі тиіс. Мұндай параграф қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған ақпаратқа ғана қатысты болуы тиіс.

      175. Егер мемлекеттік аудитор аудиторлық есепке (қорытындыға) түсіндірме параграфты енгізсе, ол:

      1) оны аудиторлық есепте (қорытындыда) пікір білдірілетін параграфтан кейін бірден орналастыруы;

      2) "Түсіндірме параграф" тақырыбын немесе басқа тиісті тақырыпты пайдалануы;

      3) параграфқа пайдаланушылардың назарын аударатын мәселеге және қаржылық есептілікте осы мәселені толық сипаттайтын тиісті ашып көрсетулерді табуға болатын нақты сілтемені енгізуі;

      4) пайдаланушылардың назарын аударатын мәселеге қатысты аудиторлық пікірдің түрленбегенін көрсетуі тиіс.

      Аудиторлық есепте (қорытындыда) назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер туралы параграфтар.

      176. Егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша аудитті пайдаланушылардың мемлекеттік аудитордың міндеттерін немесе аудиторлық есепті (қорытындыны) түсіну үшін маңызды болып табылатын қаржылық есептілікте берілгендерден немесе ашып көрсетілгендерден басқа қандай да бір мәселе туралы хабарлау қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор мұндай мәселені аудиторлық есепте (қорытындыда) "Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер" тақырыбындағы немесе басқа да тиісті тақырыптағы параграфпен ұсынуы тиіс. Мемлекеттік аудитор аудиторлық есепке (қорытындыға) осы параграфты пікір білдірілетін параграфтан және кез келген түсіндірме параграфтан кейін бірден немесе егер назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер туралы параграфтың мазмұны есептілікті ұсыну жөніндегі өзге де міндеттердің бөліміне қатысты болса, аудиторлық есептің (қорытындының) басқа бөлігіне енгізуі тиіс.

7-тарау. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізудің айрықша мәселелері

      177. Аудит тобының жетекшісі топтың қаржылық есептілігінің анықтығы туралы пікір қалыптастыру үшін негіз болуы мүмкін компоненттердің қаржылық ақпаратын шоғырландыру процесіне қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу мүмкіндігін анықтайды. Осы мақсатта аудит тобы маңызды компоненттерді анықтау үшін қажетті көлемде топ, оның компоненттері және олардың ортасы туралы ақпаратпен танысуы керек.

      178. Аудит тобының жетекшісі аудит объектісі мен оның ортасы туралы алған білім негізінде елеулі бұрмаланушылық тәуекелдерін сәйкестендіреді және бағалайды.

      Аудит тобы:

      1) аудит объектісін алдын ала зерделеу сатысында алынған барлық топ үшін қолданылатын бақылау құралдарын қоса алғанда, топ, оның компоненттері және олардың ортасы туралы ақпаратты ескеруі және толықтыруы;

      2) компоненттер үшін топ басшылығы шығарған нұсқауларды қоса алғанда, шоғырландыру процесі туралы түсінік алуы керек.

      179. Аудит тобы мыналарды:

      1) топтың аудитін жүргізу бағдарламасын әзірлеу кезінде жалпы топтың қаржылық есептілігі үшін мәнділік деңгейін;

      2) топтың ерекшеліктерін ескере отырып, егер олар бар болса, бір үлгідегі операциялардың белгілі бір топтарын, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтарды немесе тұтастай топтың қаржылық есептілігі үшін айқындалған мәнділік деңгейінен кем соманы бұрмалау топтың қаржылық есептілігінде ақпаратты ашу жағдайларын сәйкестендіруге негізделген күтулерге сәйкес пайдаланушылардың топтың қаржылық есептілігі негізінде қабылданатын экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.

      Мұндай жағдайларда аудит тобы бір үлгідегі операциялардың көрсетілген белгілі бір топтарына, шоттар бойынша қалдықтарға, ақпаратты ашуға қолданылатын мәнділік деңгейін немесе деңгейлерін айқындауға тиіс;

      3) мемлекеттік аудиторлар топтың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудит жүргізетін компоненттер үшін компоненттің мәнін айқындайды. Топтың қаржылық есептілігінде түзетілмеген және анықталмаған бұрмалаушылықтардың жиынтығы тұтастай алғанда топтың қаржылық есептілігі үшін айқындалған мәнділік деңгейінен асып кету қаупін төмендету мақсатында компоненттің мәнділігі жалпы топтың қаржылық есептілігі үшін мәнділік деңгейінен төмен белгіленеді.

      Ескерту. 179-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.09.2022 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      180. Аудит тобының жетекшісі қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануының бағаланған тәуекелдеріне қатысты тиісті жауап іс-әрекеттерін әзірлеуге және жүзеге асыруға міндетті. Аудит тобының жетекшісі топтың қаржылық есептілік аудитіне қатысты аудит тобы және компоненттердің қаржылық ақпаратына қатысты компоненттердің мемлекеттік аудиторлары орындайтын жұмыс түрін айқындауға тиіс.

      181. Егер компоненттерді шоғырландыру процесіне немесе оның қаржылық ақпаратына қатысты орындалатын жұмыстың сипаты, орындалу мерзімдері мен ауқымы топтың бақылау құралдарының тиімді жұмыс істеуін күтуге негізделген болса немесе тек бір ғана тексеру рәсімдері мәні бойынша пікірлер деңгейінде жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемені қамтамасыз ете алмаған жағдайда, аудит тобы көрсетілген бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігін тексеруге тиіс.

      182. Топ үшін қаржылық маңызды болып табылатын компонентке қатысты аудит тобы компоненттің мәнділік деңгейін қолдана отырып, компоненттің қаржылық ақпаратына аудит жүргізуі тиіс.

      183. Маңызды болып табылатын компонентке қатысты, ол өзінің ерекше сипатына немесе жағдайларына байланысты топтың қаржылық есептілігі үшін елеулі бұрмаланушылықтың елеулі тәуекелдерін ұсына алады, аудит тобы мынадай бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді орындауы тиіс:

      1) компоненттің мәнділік деңгейін қолдана отырып, компоненттің қаржылық ақпаратының аудиті;

      2) топтың қаржылық есептілігінің елеулі бұрмаланушылығының ықтимал елеулі тәуекелдеріне қатысты бухгалтерлік есеп шоттары, операциялар топтарының немесе ашулардың бір немесе бірнеше қалдықтарының аудиті;

      3) топтың қаржылық есептілігінің елеулі бұрмаланушылығының ықтимал маңызды тәуекелдеріне қатысты арнайы аудиторлық рәсімдер.

      184. Маңызды компоненттер болып табылмайтын компоненттерге қатысты аудит тобы талдамалық рәсімдерді топ деңгейінде орындауы тиіс.

      185. Компоненттерді таңдау циклдік негізде жүзеге асырылуы тиіс.

      186. Аудит тобы шоғырландыру процесіне байланысты туындайтын топтың қаржылық есептілігінің елеулі бұрмалануының бағаланған тәуекелдеріне жауап ретінде шоғырландыру процесіне қатысты одан кейінгі аудиторлық рәсімдерді әзірлеп, орындауы тиіс. Олар барлық компоненттердің топтың қаржылық есептілігіне енгізілгенін бағалауды қамтуы тиіс.

      187. Аудит тобы шоғырландыру түзетулері мен қайта сыныптаудың тиісті сипатын, толықтығын және дәлдігін бағалауы және жосықсыз іс-әрекеттер тәуекелінің қандай да бір факторлары немесе аудит объектісі басшылығының мүмкін болатын алдын алу көрсеткіштерінің бар-жоғын тексеруі тиіс.

      188. Аудит тобы мемлекеттік аудитор сәйкестендірген компоненттің қаржылық ақпараты топтың есептілігіне енгізілгеніне көз жеткізуі керек.

      189. Аудит тобының жетекшісі аудит тобы мен мемлекеттік аудиторлар орындаған компоненттердің шоғырландыру процесіне және жұмысқа қатысты аудиторлық рәсімдерді орындау нәтижесінде жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеменің алынғанын анықтауға тиіс, оның негізінде топтың қаржылық есептілігінің аудиті бойынша пікір білдіруге болады.

      190. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі кез келген бұрмалаулар тобының қаржылық есептілік аудиті жөніндегі пікіріне (аудит тобы сәйкестендірген немесе мемлекеттік аудиторлар хабарлаған компоненттер) және жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу мүмкін болмаған кез келген жағдайлардың әсерін бағалауға тиіс.

      191. Аудит тобы мынадай:

      1) маңызды болып табылатындарды көрсете отырып, компоненттерді және компоненттердің қаржылық ақпаратына қатысты орындалған жұмыс түрлерін талдау;

      2) мән-жайларға қарай аудит тобының мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық құжаттамасының тиісті бөліктерін және оның негізінде жасалған тұжырымдарды тексеруін қоса алғанда, маңызды компоненттерге қатысты мемлекеттік аудиторлар орындайтын жұмысқа аудит тобының қатысу сипаты, орындау мерзімдері және көлемі;

      3) аудит тобы мен компоненттің мемлекеттік аудиторлары арасында жазбаша ақпарат алмасу мәселелерін аудиторлық құжаттамаға енгізуі тиіс.

8-тарау. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде заңнаманың сақталуы мәселелерін қарау

      192. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте көрсетілетін сомаға және онда ашылатын ақпаратқа тікелей елеулі әсер ететін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің сақталуы туралы жеткілікті тиісті дәлелдемелерді алуы керек.

      193. Мемлекеттік аудитор сәйкессіздіктердің алдын алуға жауапты емес және қаржылық есептілікке тікелей әсер етпейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің барлық бұзушылықтарын анықтауға міндетті емес.

      194. Стандарттың талаптарына сәйкес мемлекеттік аудитор аудит объектісінің қызметіне қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны түсінуі қажет.

      195. Мемлекеттік аудитор кейбір заңдардың немесе нормативтік құқықтық актілердің ережелері қаржылық есептілікке тікелей әсер ететінін назарға алғаны жөн, өйткені олар есептілікте (бюджет, салық және зейнетақы заңнамасы) ашылуға жататын сома мен ақпараттың сипатын айқындайды, ал сол мезгілде басқа заңдарды немесе нормативтік құқықтық актілерді аудит объектісінің басшылығы сақтауға тиіс немесе аудит объектісінің операциялық қызметін жүзеге асыру шарттарын айқындайды, мұндай заңдар немесе нормативтік құқықтық актілер қаржылық есептілікке тікелей әсер етпейді (лицензия шарттарын сақтау, төлем қабілеттілігінің нормативтік талаптарын сақтау, экологиялық нормаларды сақтау).

      196. Қазақстан Республикасының Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді сақтамау аудит объектісі үшін айыппұлдарға, сот талқылауларына немесе басқа да салдарға әкеп соғуы мүмкін және бұл қаржылық есептілікке елеулі әсер етуі мүмкін.

      197. Егер қаржылық есептілікке аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудитор Қазақстан Республикасының заңнаманың бұзылуын анықтаса, онда олар қаржылық бақылаудың ден қою шараларын қолдануға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады