Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 қарашада № 33670 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 413 Бұйрығымен
бекітілген

Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеуге арналған.

2-тарау. Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесі

      2. Сұйытылған мұнай газының шығысын есепке алу есептегіштердің текше метрдегі көлемдік көрсеткіштері негізінде оларды килограмдағы массалық көрсеткіштерге ауыстыру арқылы жүргізіледі.

      3. Есепке алу аспаптары бойынша сұйытылған мұнай газының тамақ дайындауға арналған шығысын есепке алу текше метрмен белгіленеді.

      4. Ауыстырудың өңірлік коэффициенті газбен жабдықтау объектілері орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып есептеледі және бекітіледі.

      5. К – бірқатар түзету коэффициенттерін енгізуді ескере отырып есептелетін көлемдік көрсеткіштерді массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициенті:

      К = рқос * Кыс * Кр * Кt,

      мұнда:

      рқос – t = 0 оС және Р = 760 миллиметр сынап бағанасы кезінде қалыпты жағдайлардағы газ қоспасының тығыздығы, текше метрге килограмм (бұдан әрі – кг/м3);

      Кыс – газдың босату бағасына кірмеген, технологиялық ысырапты ескеретін коэффициент;

      Кр – елді мекендегі қысымға түзету коэффициенті;

      Кt – есепке алу аспабының алдындағы газ құбырындағы жұмыс жағдайындағы қоспаның температурасына түзету коэффициенті.

      Қалыпты жағдайдағы пропан-бутан қоспасының тығыздығы мынадай формула бойынша анықталады:

      Рқос = (Рп * Пп + Рб * Пб)/(Пп + Пб),

      мұнда:

      Рқос – қалыпты жағдайдағы пропан-бутан қоспасының тығыздығы;

      Рп - tқос = 0 С және Р = 760 миллиметр сынап бағанасы (2,019 кг/м3) кезінде пропанның тығыздығы (меншікті салмағы);

      Рб –tқос = 0 С және Р = 760 миллиметр сынап бағанасы (2,703 кг/м3) кезінде бутанның тығыздығы (меншікті салмағы);

      Пп – қоспадағы тиісінше пропан мөлшері (массалық үлестерде);

      Пб – қоспадағы бутанның мөлшері (массалық үлестерде).

      Елді мекендегі қысымға түзету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кр = Рр/760,

      мұнда:

      Кр – елді мекендегі қысымға түзету коэффициенті;

      Pр – жұмыс жағдайындағы сұйытылған мұнай газының қоспасының абсолютті қысымы, миллиметр сынап бағанасы.

      Рр = (Рбар + Рарт)/1,33,

      мұнда:

      Рбар – ҚР ҚЕ 2.4-01-2017 "Құрылыс климатологиясына" сәйкес осы елді мекен үшін орташа барометрлік қысым, гектопаскаль (бұдан әрі – Гпа).

      Рарт. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес газ есептегішінің алдындағы артық қысым, гПа;

      1,33 – гПа-ны миллиметр сынап бағанасына аудару коэффициенті.

      Есепке алу аспабының алдындағы газ құбырындағы жұмыс жағдайындағы қоспаның температурасына түзету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кt =Tа/(Tа+tқос),

      мұнда:

      Кt – есепке алу аспабының алдындағы газ құбырындағы жұмыс жағдайындағы қоспаның температурасына түзету коэффициенті;

      Tа – қалыпты жағдайдағы газ қоспасы бу фазасының абсолютті температурасы (273,15), К.

      tқос – "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) сәйкес есепке алу аспабының алдындағы газ құбырындағы жұмыс жағдайындағы газ қоспасы бу фазасының температурасы, оС.

      Ысырап коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Кыс – технологиялық ысырап коэффициенті;

      А – босату бағасында есепке алынбаған газдың технологиялық ысырабының пайызы, %.

      А= Пр + П n.o., мұнда:

      Пр – газ тасығыштардың жеңқұбырындағы ысырап пайызы, %.

      Пр= Пi × n ×100 / М,

      мұнда:

      Пi – газ резервуар қондырғысының бір құюының жеңқұбырдағы ысыраптары, Пi = 0,112 килограмм деп қабылдау керек;

      n – есептік кезеңде топтық резервуарлық қондырғыларға құюдың жалпы саны;

      М – есептік кезеңде жалпы топтық резервуарлық қондырғыларға құйылған газдың мөлшері, тоннамен.

      Есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық бірліктерге ауыстыру мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      М = К * V,

      мұнда:

      М – массалық бірліктердегі көрсеткіштер;

      V – есепке алу аспабы көрсеткен газ көлемі, м3.

      Тұтынушыларға жеткізілетін газ қоспасының құрамы және буланбаған қалдықтың мөлшері жыл кезеңіне байланысты нормаланады.

      Қазақстан қалалары үшін есептік кезең ретінде МЕМСТ 34858-2022 "Сұйытылған отын көмірсутекті газдар. Техникалық шарттарға" сәйкес жылдың жылы кезеңі (1 сәуірден бастап 1 қазанды қоса) және жылдың суық кезеңі (1 қазаннан бастап 1 сәуірді қоса) жеке қарастырылады.

      Формуладағы П n.o. шамасы МЕМСТ 34858-2022 "Сұйытылған отын көмірсутекті газдар. Техникалық шарттар" бойынша жылдың жылы немесе суық кезеңі үшін айқындалады және техникалық пропан үшін 0,7 % - дан аспайды, техникалық пропан мен бутан қоспасы үшін 1,6 % - дан және техникалық бутан үшін 1,8 % - дан аспайды.

      6. Заңның 7-бабы 5-тармағының 6-4) тармақшасына сәйкес сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) бекітеді.

      7. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жергілікті атқарушы органдарға осы Әдістеменің 8-тармағында көзделген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентін бекітуге арналған өтінім береді.

      8. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентін бекітудің қажеттігі туралы түсіндірме жазба;

      2) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентінің тиісті есеп-қисабы;

      3) компоненттік құрамын растайтын сұйытылған мұнай газына паспорт;

      4) технологиялық ысырап есеп-қисабы.

      9. Жергілікті атқарушы органдар өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді және жазбаша нысанда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға өтінімді қарастыру үшін қабылдағаны не оны қабылдаудан уәжді бас тарту немесе түзету қажеттілігі туралы хабарлайды.

      10. Осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау не толық көлемде ұсынбау сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның өтінімін қарастыруға қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

      11. Өтінімді жергілікті атқарушы органдар он жұмыс күні ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі жергілікті атқарушы органдарға өтінім түскен сәттен бастап есептеледі.

      12. Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентін бекіту туралы жергілікті атқарушы органдардың қабылданған шешімдері көрсетілген коэффициентті қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      13. Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициентін қолдану мерзімі үш жылды құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады