Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 33708 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 859 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11561 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12948 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. "Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағын 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы Нұсқаулықта:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың жай-күйі туралы мәліметтерге талдау жүргізуді ұдайы негізде жүзеге асырады, нәтижелері бойынша оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

      ІІО-да тіркелмеген қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың жай-күйі, сондай-ақ қару қолдана отырып, жасалған ашылмаған қылмыстар туралы мәліметтерге талдау жүргізуді ІІО криминалдық полиция бөліністері жүзеге асырады.

      Ай сайын есеп беру кезеңінің соңында АҚҚАБ және криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері қару қолдана отырып, жасалған қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

      ІІО-да тіркелген қаруды қолдана отырып, қылмыс жасаудың, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын ұрлау және жоғалтудың әрбір фактісі бойынша "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызметтік тергеу жүргізіледі;";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – ҚР КК) талаптарына сәйкес жеке тұлғалардан азаматтық қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдардың (мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге арналған отшашулар, фейрверктер) айналымы бойынша заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін қажетті басқа да құжаттарды тексереді;";

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда қаруларды, оның патрондарын, олардың негізгі және құрама бөлшектерін алып қояды;";

      6-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензиялар мен рұқсатардың қолданысын тоқтата тұру, олардын айыру бойынша шаралар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген өзге де шараларды қабылдайды;";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне қорытындыны және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді қоспағанда қорытындылар мен рұқсаттар береді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. АҚҚАББ өз құзыреті шегінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналған қызметтік қаруды және оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.

      АҚҚАББ заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өнімнің (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін өтінішті келіседі.

      Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өнімнің экспорты мен импортына лицензиясын келісуге ІІМ ӘПК төрағасы және оның орынбасарлары қол қояды.";

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналарға:

      жеке және заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға;

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезіндегі отшашулар, фейрверктер) сатып алуға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 133 бұйрық);

      № 133 бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезіндегі отшашулар, фейрверктер) сақтауға;

      № 133 бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді.";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.";

      29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке және заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды және ойық қаруды қоспағанда, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар;";

      30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды және ойық қаруды қоспағанда, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді;".

      4. "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №757 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14161 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін, сондай-ақ Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметкерлерінің;";

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық, республикалық және облыстық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын ‒ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкерлері;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға жол және коммуналдық ұйымдардың дайындығын комиссиялық тексеруді уәкілетті органның, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен автомобиль жолдарының иелері, жергілікті атқарушы органдар 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін жүргізеді. Нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес актіде белгіленеді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) және "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрықтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) талаптарына сәйкес айқындалады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияның құрамына ӘПК-нің уәкілетті қызметкері немесе ӘПК-нің жазбаша тапсырмасы бойынша, аумағында сынақтар өткізу болжанып отырған, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД Әкімшілік полиция басқармасының (бұдан әрі ‒ ӘПБ) өкілі қатысады.";

      2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес.

  Бұйрыққа
қосымша
  Жол қауіпсіздігін және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша

__________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның НҰСҚАМАСЫ

      ___________________________________________________________ басшысы

      (заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы)

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес:

      1. Автомобиль жолдарын (теміржол өтпелерін) тексеру актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау.

      2. Осы нұсқаманы қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы "__"________ дейін хабарлау қажет.

      3. Осы нұсқаманы орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы ___________

      ______________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

      Осы нұсқамамен таныстым және нұсқаманың бір данасын алдым

      20 __ жылғы "____" __________

      Заңды тұлғаның басшысы не оның өкілі _______________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады