БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе.";
6) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Электрондық жер-кадастрлық карталар ЖМБМК АЖ және ГАЖ арқылы құрылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. 1:500, 1:1000 және 1:2000 масштабтағы картографиялық материалды пайдалана отырып, электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау кезінде топологиялық қателер анықталған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекараларын олардың нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.
Далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелерінің шекараларын үйлестіру жүргізіледі және топологиялық қателерді көрсете отырып, тиісті деректер электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жерге орналастыру жобасының негізінде ЖМБКБ АЖ дерекқорына енгізілген жер учаскелері шекараларының орналасқан жері жер учаскесінің координаттарына сәйкес келмеген кезде, жер учаскесінің орналасқан жеріндегі топологиялық қатені түзету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлеу жолымен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес топологиялық қателерді жою мүмкін болмаған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды (жанжалды) шешу Кодекстің 167-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес топологиялық қателерді жою мүмкін болмаған кезде жер учаскелері шекараларының орналасқан жерінің жер учаскесінің координаттарына сәйкес келмеуі туралы тиісті деректер электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.
15. Жер учаскесі шекараларының координаттары жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында болмаған кезде, таңдалған есепке алу орамына арналған қолда бар жоспарларға талдау жүргізіледі және жер учаскелерінің тарихи мәліметтері бойынша шекараларының тиісті координаттары жоқ жер учаскелерінің тізбесі белгіленеді.
Таңдалған есепке алу орамында шекараларының координаттары жоқ, жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында бұрылыс нүктелерінің координаттары жоқ жер учаскелері болған жағдайда, жер учаскелерінің шекараларын нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.
Далалық жұмыстардың нәтижелері бойынша жер учаскелерінің шекаралары мен атрибутивтік деректер ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорына жүктелетін электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.
Таңдалған есепке алу орамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген және мемлекеттік жер кадастрында мәліметтері қамтылмаған жер учаскелері болған немесе шекаралары жер-кадастрлық істер материалдарымен сәйкес келмеген кезде, материалдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиісті аумақтық бөлімшесіне тиісті іс-шаралар жүргізуі үшін жолданады.";
16-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабатын құру кезінде геодеректер базасын кадастрлық нөмірлері бар жер учаскелерінің шекараларымен толтыру ЖМБМК АЖ кадастрлық картасы арқылы жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің полигоны жасалғаннан кейін "Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабатының атрибуттық кестесінде жаңа жол пайда болады, онда "Кадастрлық нөмір" жолында кадастрлық нөмір түрінде ақпарат енгізіледі. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша деректер, жер учаскесінің нақты мекенжайы "Көше атауы" (көше атауы), "Жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" (үй нөмірі), "1-көше атауы" (қиылысатын көшенің атауы), "1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" (қиылысатын көшедегі үйдің нөмірі) жолдарында толтырылады ("1-көше атауы", "1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" жолдары көшелердің қиылысындағы жер учаскелерін айқындау үшін қажет).
"Үйлестірілген" жолда жер учаскесін үйлестіру туралы ақпарат (жер учаскелері бойынша геодеректер дайын жер-кадастрлық карталардан енгізіледі, заттай белгіленбеген, тиісінше жер учаскесі үйлестірілмеген болса, "0" мәні енгізіледі, егер жер учаскесі заттай белгіленіп, үйлестірілген болса, "1" мәні енгізіледі) қамтылады;
5) құқық белгілейтін құжаттары болмауы себепті ЖМБМК АЖ-ға енгізілмеген жер учаскелерінің шекаралары "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатында жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша жасалады. Электрондық жер-кадастрлық карталарда мұндай учаскелер кадастрлық нөмірі көрсетілмей, шартты белгімен көрсетіледі, онда жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары цифрлануы тиіс. Учаскенің контурлары (қоршаулары) болмаған жағдайда, ресімделмеген жер учаскесі құрылысының шекаралары цифрлануы тиіс.
Міндетті түрде толтырылатын "Қосымша ақпарат" деген жолда жер учаскесі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат жазылады - учаске ресімделмеген не картада көрсетілген учаскенің шекаралары қоршау контуры бойынша нақты шекараларға сәйкес келмейді.
"Атауы" деген жолда карталарды қағаз тасығыштарға басып шығару кезінде картада көрініс табуы мүмкін жер пайдаланушының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі/атауы (ресімделмеген жер учаскелері бойынша (бар болса)) енгізіледі.
"Нысаналы мақсатының атауы" жер учаскесінің нысаналы мақсаты енгізіледі.
"Көше коды" деген жолда елді мекен көшелерінің атауы туралы кодталған ақпарат қамтылады.
"Жасалған күні" деген жолда осы жер учаскесінің жасалған күні туралы ақпарат қамтылады.
"Жойылған күні" деген жолда геодерекқордан жер учаскесінің жойылған күні туралы ақпарат қамтылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Электрондық жер-кадастрлық карталар дайын өнімді тапсыру үшін қағаз жеткізгіштерде басып шығарыла отырып, 1:2000 масштабында ресімделеді. Орамды А0 форматындағы бір баспа параққа орналастыру мүмкін болмаған кезде жер-кадастрлық карта бұрыштық мөртабандағы олардың санын көрсете отырып, парақтардың қажетті санына бөлінеді. Электрондық жер-кадастрлық карталарда объектілер масштабқа сәйкес дәлдікпен және олардың сипаттамаларының толықтығымен көрсетіледі.";
көрсетілген Нұсқаулыққа 1,2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) сы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 416 бұйрығына 1-қосымша Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Кадастрлық деректер жинағы қабаттарының құрылымы
1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекаралары" қабаты – "O_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Атауы | Облыс атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Облыстың кадастрлық коды | Облыстың кадастрлық коды | Мәтін | 2 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОС коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Шекараны бекіту туралы құжаттың нөмірі | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Күн | Авто | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгерілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Координатталған | Координатталған | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
2. "Ауданның және аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабаты – "аймақтың R_коды ауданның (қаланың) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттамасы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Атауы | Аудан атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Аудан | Кадастрлық коды | Мәтін | 5 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОС коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Күн | Авто | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Үйлестірілген | Үйлестірілген | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
3. "Есеп кварталының шекаралары" қабаты – "аймақтың UK_коды ауданның (қаланың) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Атауы | Атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Орам | Орамның кадастрлық коды | Мәтін | 8 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОСкоды | Мәтін | 9 | Таңба | Болған жағдайда |
Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Күн | Авто | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
4. "Рәсімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабаты – "аймақтың U_коды ауданның (қаланың) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Кад_нөмір | Кадастрлық нөмірі | Мәтін | 12 | Таңба | |
Үйлестірілген | Үйлестірілген | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Көшелер атауы | Көшенің атауы | Мәтін | Авто | Таңба | |
Үйдің нөмірі | Жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | Авто | Таңба | |
1-көшенің атауы | 1-көшенің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
1-үйдің нөмірі | 1-жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | 10 | Таңба | |
Көшелердің коды | Көше коды | Мәтін | 250 | Таңба | |
Жер учаскесінің орналасқан жері | Жер учаскесінің орналасқан жері (мекен жайы) | Мәтін | 10 | Таңба | |
Нысаналы мақсатының атауы | Нысаналы мақсатының атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Алаңы | Жер учаскесінің алаңы | Қосарлы | 17 | Құқық белгілейтін құжатқа сәйкес ауданы (шаршы метр) | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Енгізген пайдаланушы | Пайдаланушы логины | Мәтін | 100 | Таңба | |
Өшірілген күні | Өшірілген күні | Мәтін | Авто | Таңба | |
Жойған пайланушы | Жоюшының логины | Мәтін | 100 | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Мәтін | Авто | Таңба | |
Өзгерткен пайдаланушы | Өзгертушінің логины | Мәтін | 100 | Таңба | |
Нысанның ұзындығы | Периметр | Қосарлы | Авто | Таңба | |
Нысанның алаңы | Алаңы | Қосарлы | Авто | Таңба |
5. "Рәсімделмеген жер учаскесінің шекаралары" қабаты – "NU_өңір коды_аудан(қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Кадастрлық нөмірі | Кадастрлық нөмірі (бар болса) | Мәтін | 12 | Таңба | |
Жасалған күні | Жасалған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Көшелер атауы | Көшенің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Үйдің нөмірі | Жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | 10 | Таңба | |
1-көшенің атауы | 1-көшенің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
1-үйдің нөмірі | Жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | 10 | Таңба | |
Көшелердің коды | Көше коды | Мәтін | 5 | Таңба | |
Атауы | Атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Нысаналы мақсатының атауы | Нысаналы мақсатының атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 416 бұйрығына 2-қосымша Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
Мекенжайлық деректер жинағындағы қабаттардың құрылымы
1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың әкімшілік шекаралары" қабаты – "Ao_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Аты | Облыс атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Облыстың кадастрлық коды | Облыстың кадастрлық коды | Мәтін | 2 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОС коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
2. "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабаты – "Ar_ өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Аты | Аудан атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Ауданның кадастрлық коды | Ауданның кадастрлық коды | Мәтін | 5 | Таңба | |
| Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
3. "Ауылдық округ шекаралары" қабаты – "So_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіiш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Аты | Ауылдық округ атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
ӘАОС коды | Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Шекаралардың белгіленген жылы | Шекаралардың белгіленген жылы | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Күн | Авто | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Координатталған | Координатталған | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
4. "Елді мекен шекаралары" қабаты – "N_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Аты | Ауылдық округ атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОС коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Шекаралардың белгіленген жылы | Шекаралардың белгіленген жылы | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі | Мәтін | 50 | Таңба | |
Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні | Күн | Авто | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Координатталған | Координатталған | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Базалық мөлшерлеме | Базалық мөлшерлеме (есептелетін елді мекеннің базалық мөлшерлемесі көрсетіледі) | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Базалық мөлшерлемеден коэффициент | Базалық мөлшерлемеден коэффициент (есептелетін елді мекеннің базалық мөлшерлемесінен коэффициент көрсетіледі) | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
5. "Елді мекендердің құрамдас бөліктерінің шекаралары" қабаты – "M_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Аты | Ауылдық округ атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды | ӘАОС коды | Мәтін | 9 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | Болған жағдайда |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
6. "Геоним" қабаты – "G_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан |
Объект жолы | Геометрия | Авто | Таңба | |
Жаңа атауы | Жаңа атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Ескі атауы | Ескі атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | Болған жағдайда |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба |
7. "Жылжымайтын объектілердің шекаралар" қабаты – "Ned_өңір коды_аудан (қала) коды"
Жол атауы | Жолдың сипаттауы | Жол типі | Жол өлшемі | Өлшем бірлігі | Ескерту |
Объект | Есептегіш | Объектіні сәйкестендіргіш | Авто | Таңба | |
Нысан | Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру | Геометрия | Авто | Таңба | |
Сәйкестендіргіш | Сәйкестендіру нөмірі | Ұзын бүтін сан | Авто | Таңба | |
Көшелердің атауы | Көшелердің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Үйдің нөмірі | Жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | 10 | Таңба | |
1-көшелердің атауы | 1-көшелердің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
1-үй нөмірі | 1-жылжымайтын объект нөмірі | Мәтін | 10 | Таңба | |
Қабаттылығы | Қабаттылығы | Қысқа бүтін сан | Авто | Таңба | |
Сипаттамасы | Сипаттамасы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Атауы | Объектінің атауы | Мәтін | 250 | Таңба | |
Объект типі | Нысан түрі | Текст | 250 | Таңба | |
Көше коды | Көше коды | Мәтін | 5 | Таңба | |
Кадастрлық коды | Кадастрлық коды | Мәтін | 12 | Таңба | |
Қосымша ақпарат | Қосымша ақпарат | Мәтін | 250 | Таңба | |
Құрылған күні | Құрылған күні | Күн | Авто | Таңба | |
Өзгертілген күні | Өзгертілген күні | Күн | Авто | Таңба | |
Мекенжайды тіркеу коды (бар болса) | Мекенжайды тіркеу коды (бар болса) | Мәтін | 20 | Таңба | |
Нысан ұзындығы | Периметр | Қосарланған | Авто | Таңба | |
Нысан алаңы | Алаңы | Қосарланған | Авто | Таңба |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 416 бұйрығына 3-қосымша Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Шартты белгілер
Шартты белгі нөмірі | Шартты белгінің атауы | Бейнеленуі | Түсіндірме |
---|---|---|---|
1 | Қазақстан Республикасының шекарасы | 0,5 миллиметр (бұдан әрі – мм) қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,4 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 0,8 мм) | |
2 | Облыс шекарасы | Екі нүктемен бөлінген 0,4 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,0 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 2,4 мм) | |
3 | Әкімшілік аудан шекарасы | Нүктемен бөлінген 0,4 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,4 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 2,0 мм) | |
4 | Елді мекен шекарасы | Үш нүктемен бөлінген 0,3 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 5,0 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 5,0 мм) | |
5 | Елді мекен атауы (картографиялық негізде жоқ болған жағдайда) | Аршалы | Қаріп түрі – Times New Roman, жартылай қою, қаріп биіктігі – 3,0 мм |
6 | Кадастрлық облыс шекарасы | 0,8 мм қалыңдықтағы жасыл түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, штрих ұзындығы – 6,0 мм) | |
7 | Кадастрлық аудан шекарасы | 0,8 мм қалыңдықтағы сары түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, штрих ұзындығы – 6,0 мм) | |
8 | Кадастрлық орам шекарасы | 0,8 мм қалыңдықтағы көгілдір түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, ұзындығы – 6,0 мм) | |
9 | Кадастрлық облыс нөмірінің жазылуы | Жасыл түсті араб цифрлары, биіктігі – 6,0 мм, типі – жартылай қою | |
10 | Кадастрлық аудан нөмірінің жазылуы | Сары түсті араб цифрлары, биіктігі – 5,0 мм, типі – жартылай қою | |
11 | Кадастрлық орам нөмірінің жазылуы | Көгілдір түсті араб цифрлары, биіктігі – 4,0 мм, типі – жартылай қою | |
12 | Бірыңғай мемлекеттік жерлер тізіліміне енгізілген жер учаскелерінің масштабпен көрсетілген шекаралары | 0,3 мм қалыңдықтағы қара түсті тұтас сызық | |
13 | Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары, NU_**_*** қабаты | 0,3 мм қалыңдықтағы қызыл түсті тұтас сызық | |
14 | Сәйкес келмейтін жер учаскелерінің шекаралары, NU_**_*** қабаты | 0,3 мм қалыңдықтағы жасыл түсті тұтас сызық | |
15 | Тұрғын және тұрғын емес құрылыстар | Сары түсті, ені 10 мм, биіктігі 2 және 5 мм болатын контур | |
16 | Ресімделген жер учаскесінің контуры | Көгілдір түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы қара түсті контур | |
17 | Ресімделмеген жер учаскесінің контуры, NU_**_*** қабаты | Ашық қоңыр түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы қызыл түсті контур | |
18 | Ресімделген жер учаскесімен сәйкес келмейтін жер учаскесінің контуры, NU_**_*** қабаты | Ашық жасыл түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы жасыл түсті контур | |
19 | Сызық (көшелер, жолдар) G_**_*** қабаты | Қалыңдығы 1,0 мм сызық, түсі қоңыр |