"Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 33756 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру кезінде:

      1) мыналар:

      Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелер;

      жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асыратын мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалау нәтижелері;

      әлеуметтік-экономикалық дамудың, соның ішінде мемлекеттік басқару және экономика салалары бөлінісіндегі статистикалық деректер қарауға және есепке алуға жатады;

      2) мыналар:

      кезекті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынымдары;

      кезекті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы және Тексеру комиссияларының есептерін қарау нәтижелері бойынша берілген тиісті мәслихаттардың ұсынымдары;

      құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың ұсыныстары (ақпараты);

      бірлескен және қатар аудиторлық іс-шаралар жүргізу бойынша шет елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының, сондай-ақ бірлескен (қатар) аудитті жүзеге асыру бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының ұсыныстары;

      мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

      бюджет қаражаты мен активтердің қалыптастырылуы және жұмсалуы, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы барысындағы бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу нәтижелері Тізбеге қосудың орындылығы тұрғысынан талданады.";

      мынадай редакциядағы 108-1 және 108-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "108-1. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;

      2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарайды.

      108-2. Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит қорытындыларын қайта қарау мынадай негіздер:

      1) аудит мәселелері бойынша шағымның түсуі;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;

      3) 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану жөніндегі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы) көзделген;

      4) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамалары бойынша жүзеге асырылады.

      Қайта қарау осы Қағидалардың 3-тарауы 1-бөлімінің 3-параграфында және 2-бөлімінде көзделген тәртіппен белгіленеді.".

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Әдіснама және сапа бақылауы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады