"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 227) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өңірлік үйлестіру кеңесінің мынадай үлгілік функциялары айқындалсын:
1) әлеуетті қатысушыны индустриялық аймаққа жіберу не қабылдамау туралы шешім қабылдайды;
2) мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы шешімді келіседі;
3) шағын индустриялық аймақты құру туралы шешімді келіседі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі