"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 92 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 33809 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесінде және олардың сақталу мерзімдерінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

 
5.

БЖЗҚ, ЕЖЗҚ басшыларының бұйрықтары, өкімдері:




1) негізгі қызмет бойынша;

Тұрақты

Тұрақты

2) жеке құрам бойынша;

75 жыл

75 жыл

3) демалыстар, іссапарлар бойынша

5 жыл

5 жыл

      ";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі, балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат есептеу, оны төлеу және пайдалану";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер

Тұрақты

Тұрақты

Электрондық тасымалдағышта.

      ";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

50-1.

Нысаналы жинақтау шоттары бойынша, нысаналы талаптарды, нысаналы активтерді және нысаналы жинақтау төлемдерін есепке алу бойынша дерекқор (оның ішінде Нысаналы жинақтау шоттарын тіркеу кітабы)

Тұрақты


Электрондық тасымалдағышта.

      ";

      54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54.

Шартты бірлік құнын есептеу

Тұрақты


Электрондық тасымалдағышта.

55.

БЖЗҚ қызметін жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардан (органдарға) және ұйымдардан (ұйымдарға) алынатын/ұсынылатын электрондық мәліметтер, тізімдер, өтінімдер, есептер, қабылдау-өткізу актілері, құжаттар

Тұрақты


Электрондық тасымалдағышта.

      ";

      мынадай мазмұндағы 55-1 және 55-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

55-1.

Күнтізбелік жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімі

Тұрақты


Электрондық тасымалдағышта.

55-2.

БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша нысаналы жинақтардың сомасын аударуға өтінімдері

Тұрақты


Электрондық тасымалдағышта.

      ";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

56.

Зейнетақы жинақтарын аудару үшін БЖЗҚ-ға, ЕЗЖҚ-ға ұсынылған құжаттар (өтініштер, салымшының (алушының), сенім білдірілген адамның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, сенімхаттар және өзге де құжаттар)

5 жыл1

5 жыл1

1 Қағаз тасымалдағышта - аударым жүзеге
асырылғаннан кейін,
2 электрондық тасымалдағышта.

Тұрақты2

Тұрақты2

      ";

      мынадай мазмұндағы 58-1 және 58-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

58-1.

Нысаналы жинақтар алу үшін БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар (өтініштер, нысаналы жинақтарды алушының, нысаналы талаптарға қатысушының мұрагерінің, сенім білдірілген адамның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қайтыс болуы туралы, мұрагерлік құқығы туралы куәліктердің көшірмелері, хабарламалар (бар болса), сенімхаттар және өзге де құжаттар)

10 жыл1


1 Қағаз тасымалдағышта – нысаналы жинақтау шоты жабылған күннен бастап,
2 электрондық тасымалдағышта.

Тұрақты2


58-2.

Нысаналы жинақтарды қайтаруға өтініштер

 
10 жыл1


1Қағаз тасымалдағышта – нысаналы жинақтау шоты жабылған күннен бастап,
2 электрондық тасымалдағышта.

Тұрақты 2


      ";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61.

БЖЗҚ-дан алынған жеке зейнетақы шоттарынан, шартты зейнетақы шоттарынан, нысаналы жинақтау шоттарынан үзінді-көшірмелер

1 ай

1 ай

Электрондық тасымалдағышта.

      ";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

63.

БЖЗҚ қызметінің мәселелері бойынша жеке тұлғалармен хат-хабар алмасу

5 жыл

5 жыл

Қағаз тасымалдағышта және оларға ұқсас электрондық тасымалдағышта.

      ".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады