"Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33823 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30714 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары" 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      "Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны" 3-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 94 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 93 қаулысына
1-қосымша

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Микроқаржылық қызмет туралы" (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, қызмет көрсетуші) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат (бұдан әрі – айналдыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      2. Қағидаларда Микроқаржылық қызмет туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Рұқсаттар туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылатын ұғымдар қолданылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға қосымшада келтірілген.

2-тарау. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      4. Айналдыруға рұқсат алу үшін өтініш беруші Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 8-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруіне қажетті құжаттар тізбесін қоса бере отырып, уәкілетті органға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      5. Қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

      Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, түзетілген не сызылған сөздері және оларда келісілмеген өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      6. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады (Қазақстан Республикасы бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылатын көрсетілген құжаттар қазақ тіліне және қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады және Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға жатады.

      7. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш қабылданған және тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен мынадай:

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;

      заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) құжаттардың қолданыс мерзімі өткен фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту дайындайды және жолдайды.

      9. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      10. Ұсынылған құжаттар Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-2-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынудан бас тарту негіздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызмет беруші Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызмет алушыға оларды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен хатты пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта арқылы жібереді.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызмет алушыны мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызмет алушы ұсынған құжаттарды қарау және тыңдау өткізу нәтижелері бойынша жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының қарауына айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына жібереді.

      Айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызмет алушыға айналдыруға рұқсат беру туралы хабарламаны және уәкілетті органның Басқармасы қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, айналдыруға рұқсат беру туралы хабарламаны немесе мемлекет қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, алайда өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ӘРПК -нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес хабардар етіледі.

      12. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Уәкілетті орган айналдыруға рұқсат бере отырып бір мезгілде Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіпте рұқсаттар мен келісімдер береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру" (қажет болған кезде) және "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" (қажет болған кезде) мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі, бұл қызметтерді көрсету тәртібі "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) және "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген) көзделеді.

      13. Айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      14. Айналдыруға рұқсаттың қолданыс мерзімі айналдыруға рұқсат берілген күннен бастап 1 (бір) жыл. Уәкілетті орган мерзімді микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.

      15. Айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға арналған рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы банкке осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарын уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде күшін жоюға тиіс.

      16. Ерікті түрде қайтару кезінде микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатта көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін оған айналдыру үшін берілген рұқсатты қайтарады.

      17. Микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде айналдыруға бұрын берілген рұқсат және Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылған болып саналады.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Шағымда:

      1) шағымды қарастыратын органның атауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;

      3) көрсетілетін қызметті алушының атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      4) шағым беруші тұлға өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      5) шағымның берілген күні;

      6) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      20. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын әкімшілік орган, лауазымды адам пікірмен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын береді.

  Микроқаржы ұйымын банкке
айналдыру нысанында ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру
қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

1.

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

Қызметті көрсетушінің кеңсесі

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын өткізген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ақылға қонымды мерзімге, бірақ осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша 2 (екі) айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағазда

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты және Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Қызметті көрсетушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамының не көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған қағаз құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының өтініш беруге уәкілетті тұлға туралы ақпаратты қамтитын банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің көшірмесі;
3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларын кемінде 10 (он) пайыз мөлшерінде иеленетін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметті алушыны "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін банкке айналдыру бойынша іс-шаралар жоспары;
6) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі келесі үш жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар, ашылатын банктің толық құрылымы, қаржылық перспективалары (алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылына арналған бюджеті, есеп айырысу балансы, пайда мен зиянының шоты, маркетингтік жоспары (банктің клиенттерін қалыптастыру), сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты қоса алғанда "Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20228 болып тіркелген) белгіленеді;
7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен жарғының жобасы;
8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 11-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
9) Банктер туралы заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу қажет болған жағдайда Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес ұсынылатын тәртіппен құжаттар мен мәліметтер.
Жеке басты куәландыратын, жеке тұлға-Қазақстан Республикасы резидентінің жойылмаған немесе алынбаған соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту негіздері

1) банк атауының Банктер туралы заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.
Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп Банктер туралы заңның 17-1-бабы 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
 уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқаруы.
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) Банктер туралы заңның 17-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес қызмет көрсетушінің банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
6) Банктер туралы заңның 11-1-бабына сәйкес банк холдингінің еншілес ұйымын құруға (сатып алуға) рұқсат беруден бас тарту;
7) банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өзге де:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жыл өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе;
8) қызмет көрсетушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
9) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру салдарларының қаржылық болжамы көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
11) көрсетілетін қызметті алушының белгіленген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
12) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде көрсетілетін қызметті алушыда Микроқаржылық қызмет туралы заңның 28-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
13) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-1-бабының, Банктер туралы заңның 18 және 21-баптарының талаптарын сақтамау.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы қызмет көрсетушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары қызмет көрсетушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік қызмет "Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру" (қажет болған кезде) және "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" (қажет болған кезде) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерімен бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 65 (алпыс бес) жұмыс күнін құрайды. "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді төлеу туралы ақпарат пен қызметті көрсету тәртібі "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) және "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген) көзделеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 93 қаулысына
3-қосымша
Нысан

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш

      ________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы, микроқаржы ұйымы өкілінің бизнес

      сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті микроқаржы ұйымының атынан беруге

      өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде

      куәландырылған құжатқа сілтеме)

      _________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері,

      _________________________________________________________________

      заңды мекенжайы)

      _________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру

      нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

      _________________________________________________________________

      (қабылдаған) "___" _______ 20__ жылғы № ______ шешіміне сәйкес

      1)________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы және орналасқан жері) микроқаржы ұйымын

      банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

      2) ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның

      (болған кезде)) банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысы

      мәртебесінің атауы (микроқаржы ұйымының иеленетін акцияларының саны,

      олардың құны, иеленуге болжанатын микроқаржы ұйымы акцияларының

      санының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған) акциялар

      санына және (немесе) микроқаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының

      санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді; микроқаржы ұйымы

      акцияларын иеленудің талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді көрсете

      отырып, оның ішінде бұған дейін иеленген, сондай-ақ көздер мен қаражаттың

      сипаттамасы) (қажет болған жағдайда толтырылады)

      3) ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның заңды тұлғасының (болған кезде) атауы немесе капиталға

      қомақты қатысуы)

      ____________________________________________

      (қажеттісін толтыру қажет)

      ___________________________________________ құруға рұқсат беру;

      (құрылатын банктің атауы) (қажет болған жағдайда толтырылады)

      Микроқаржы ұйымының лауазымды адамы не микроқаржы ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар санын көрсету):

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының лауазымды адамының немесе микроқаржы

      ұйымының құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адамының қолы, күні)

      Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті заңды тұлғаның лауазымды адамы не заңды тұлға құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам (өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті

      заңды тұлғаның лауазымды адамының не заңды тұлға құжаттарға қол қоюға

      уәкілеттік берген адамның қолы*, күні)

      Ескертпе: * Тармақ микроқаржы ұйымында ірі акционер заңды тұлға болған кезде ғана толтырылады.

      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлға не жеке тұлға өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлғаның не

      жеке тұлға құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолы*, күні)

      Ескертпе: ** Тармақ микроқаржы ұйымында ірі акционер заңды тұлға болған кезде ғана толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады