БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 862 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19645 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – осындай үлгінің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық ерекшелікке, тактикалық-техникалық тапсырмаға) сәйкестігін сынау жолымен тексеру үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қос мақсаттағы (қолданылатын) тауарлардың (өнімдердің) үлгісімемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығына, сондай-ақ қызметке қабылдау және кейіннен сериялық өндіріске беру мүмкіндігін анықтау;".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі