Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33850 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 17-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы соты


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 534 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіби мерекелерді белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіби мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер;

      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Кәсіби мерекелерді белгілеу тәртібі

      3. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар кәсіби мереке белгілеу туралы ұсыныстарға бастамашылық жасайды.

      Жеке және заңды тұлғалар кәсіптік мерекені белгілеу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органына жібереді.

      Мемлекеттік органдар кәсіби мерекені белгілеу туралы бастамашылық жасайды және ұсыныстарды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.

      4. Жеке немесе заңды тұлғалар бастамашылық ететін кәсіби мерекені белгілеу туралы ұсыныс осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби мерекелерді белгілеу негіздемесін қоса бере отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған жазбаша немесе электрондық форматта ресімделеді.

      5. Кәсіби мерекені белгілеу туралы ұсыныс мынадай шарттарға сәйкес келеді:

      1) кәсіп тарихы үшін оқиғаның және (немесе) тұлғаның маңыздылығы, олардың азаматтардың патриоттық тәрбиесі мен рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі;

      2) кәсіби мерекені белгілеу үшін негіз болған растайтын фактілер;

      3) аралас салаларда осындай мерекелердің болмауы.

      6. Тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органы кәсіптік мерекені белгілеу туралы ұсыныс келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) кәсіби мерекені белгілеу туралы ұсынысты қанағаттандырады және келіседі;

      2) кәсіби мереке белгілеу туралы ұсынысты қабылдамайды.

      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы кәсіптік мерекені белгілеу туралы ұсынысты қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) белгіленген тәртіпке сәйкес шығарады.

      7. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган кәсіби мерекені белгілеу туралы ұсыныстарды ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу немесе тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органының келісімінің болмауы себебінен кәсіби мереке белгілеу туралы ұсынысты қабылдамайды;

      2) кәсіби мереке белгілеу туралы ұсынысты қанағаттандырады.

      8. Қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бастамашылық жасаған тұлғаларға бас тарту себептерін көрсете отырып, ҚР ӘРПК сәйкес кәсіби мерекені белгілеу жөніндегі ұсынысты қабылдамау туралы шешім жібереді.

      9. Кәсіби мереке белгілеу туралы ұсынысты қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) үш жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға кәсіптік мереке белгілеу туралы ұсынысты қанағаттандыру туралы шешім жібереді;

      2) күнтізбелік алпыс күн ішінде "Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби мерекелер тізбесіне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады