Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 96 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33862 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 96 Қаулыға
қосымша

Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Басқарушы) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      Қағидаларда көзделген, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Басқарушы қызметін автоматтандыруға қойылатын талаптар Басқарушы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (қадағалау кеңесі) өз функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты бөлімшелерден мынадай құжаттаманы:

      өткен есепті кезеңнің сол кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғандағы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді - тоқсан сайынғы негізде;

      орын алған кемшіліктер туралы тұжырымдар және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдар қамтылатын тексерулер нәтижелері бойынша есептерді - есептердің дайындалуына қарай;

      ішкі аудит қызметінің брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдарының орындалуына бақылау жасау нәтижелері туралы есепті - тоқсан сайынғы негізде;

      мүдделер қақтығысының болуын (болмауын) көрсете отырып және қабылданған шаралар туралы брокердің және (немесе) дилердің инсайдерлерінің жасаған мәмілелері туралы есепті – ақпараттың пайда болуына қарай алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттама брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органының (қадағалау кеңесінің) отырысында қаралады немесе оның мүшелеріне брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен расталған ілеспе хатпен жіберіледі.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

      1) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бюджетті талдау мен жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшесінен – өткен есепті кезеңнің сол кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғандағы брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді – тоқсан сайынғы негізде;

      2) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістерін (шығыстарын) қадағалап отыратын брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесінен – қызмет түрлері, аумақтық және қызметтік бөлімшелері бойынша динамиканы қоса алғанда, қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерді – тоқсан сайынғы негізде;

      3) ішкі аудит қызметінен – орын алған кемшіліктер туралы тұжырымдар және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар қамтылатын тексерулер нәтижелері бойынша есептерді – есептердің дайындалу шамасына қарай;

      4) клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған (инвестициялық қорлардың) активтерін және (немесе) меншікті активтерді басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден – қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есепті – қарсы серіктестер мен клиенттердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуына қарай;

      5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар туралы ақпаратты:

      аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;

      есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;

      брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;

      проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты алады;

      Осы тармақшада көрсетілген ақпарат Басқарушы мен Ұлттық Банк арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде ұсынылмайды;

      6) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелерінен:

      бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарының талаптарын бұзуы туралы ақпаратты – ақпараттың туындауына қарай;

      дербес анықталған бұзушылықтар және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді – ақпараттың туындауына қарай;

      7) брокердің және (немесе) дилердің бөлімшесінен, тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Басқарушыдан - мүдделер қақтығысының болуы (болмауы) және қабылданған шаралар туралы ақпаратты – ақпараттың туындауына қарай көрсете отырып, брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының инсайдерлерінің жасалған мәмілелері туралы ақпаратты алады.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінен тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің сұратуларында көрсетілген мерзімде өз функцияларын жүзеге асыруға қажет құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ тұрақты негізде:

      1) белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - күн сайынғы негізде;

      2) белгіленген "stop – loss" және "take – profit" лимиттерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - апта сайынғы негізде;

      3) клиенттердің инвестициялық басқаруға берілген активтерін және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару нәтижелері туралы есепті - кемінде бір тоқсанда бір рет;

      4) клиенттердің (инвестициялық қорлардың) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және қор тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтерді;

      5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі құжаттарында айқындалған көлемде тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;

      6) портфельдің құрылымы туралы ақпаратты - күн сайынғы негізде;

      7) инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен инвестициялық қызмет нәтижесінде алынған кірістер мен шығындардың ай сайынғы есебін;

      8) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының инсайдерлерінің жасалған мәмілелері туралы ақпаратты ай сайынғы негізде алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат инвестициялаудың белгіленген лимиттері туралы мәліметтерден басқа, есепті кезеңде жасалған инвестициялардың нақты мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды және әрбір клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтері және меншікті активтері бойынша жеке ұсынылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат белгіленген "stop – loss" және "take – profit" лимиттері туралы мәліметтерден басқа, келтірілген шығындар (алынған кірістерді ескере отырып) және есепті кезеңде лимиттен асқан жағдайда қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтиды және инвестициялық басқаруға қабылданған әрбір клиенттің активтері және меншікті активтер бойынша жеке ұсынылады.".

      2. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде.

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:

      1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

      2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

      3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

      4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

      5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

      6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

      7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;

      8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

      9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

      10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

      11) клиенттердің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттер есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар;

      12) валюталық шарттар;

      13) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің ақшасы;

      14) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің бағалы қағаздары;

      15) бағалы қағаздарды берген брокердің және (немесе) дилердің клиентіне кепілге берілген бағалы қағаздар немесе ақша;

      16) брокердің және (немесе) дилердің инсайдерлерінің жасалған мәмілелері.

      Осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

      Осы тармақта аталған журналдарды электрондық құжат нысанында жүргізуге рұқсат беріледі.".

      3. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Инвестициялық портфельді басқарушы мыналар:

      1) жасалған шарттар және оларға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар;

      2) жасалған ұсынымдар;

      3) инвестициялық шешімдер, олардың орындалуы (орындалмауы);

      4) клиенттердің активтерімен және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтерімен жасалған мәмілелер, олардың орындалуы (орындалмауы);

      5) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берілген құжаттар не инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда сауда бөлімшесіне жіберілген өкімдер;

      6) клиенттердің қаржы құралдары және олардың саны өзгеруі;

      7) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуі және бөлiнуi;

      8) клиенттерге берілген есептер;

      9) ішкі есеп жүйесін олардың кастодиандардың және (немесе) номиналды ұстаушылардың және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарының деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексерулер;

      10) клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушыға шағымдары бар өтiнiштерi және оларды жою жөнiндегi іс-шаралар;

      11) инвестициялық портфельді басқарушының инсайдерлері жасаған мәмілелері туралы (жөнiндегi) мәліметтер қамтылған журналдарды жүргізу арқылы өзінің қызметіне қатысты барлық құжаттардың дәйекті және нақты есебін жүргiзедi.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады