"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/ҚЕ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33853 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Веб-порталда өтінішке электронды нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізбенің 7-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарауға береді, ол көрсетілетін қызметті беруші бөлімшенің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және оған орындауға жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Көрсетілетін қызметті алушы анық емес құжаттар не болмаса көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сараптамалардың, зерттеулердің не болмаса тексерулердің теріс қорытындысы не болмаса көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуді алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған кезде орындаушы екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының расталған ЭЦҚ арқылы электронды құжат түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы хабарламаны жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына және 23-бабының 2-тармағына сәйкес үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерге және "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолданады.";

      10-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) берілуі мүмкін.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Веб-порталда ұсынуға осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар электрондық форматта қоса беріледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізбенің 7-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарастыруға береді, ол көрсетілетін қызметті беруші бөлімшенің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және оған орындауға жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы анық емес құжаттар не болмаса көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сараптамалардың, зерттеулердің не болмаса тексерулердің теріс қорытындысы не болмаса көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуді алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған кезде орындаушы екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының расталған ЭЦҚ арқылы электронды құжат түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы хабарламаны жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына және 23-бабының 2-тармағына сәйкес үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерге және "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолданады.";

      12-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) берілуі мүмкін.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Веб-порталда өтінішке электрондық форматта осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тізбенің 7-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарастыруға береді, ол көрсетілетін қызметті беруші бөлімшенің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және оған орындауға жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. "Көрсетілетін қызметті алушы анық емес құжаттар не болмаса көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сараптамалардың, зерттеулердің не болмаса тексерулердің теріс қорытындысы не болмаса көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуді алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған кезде орындаушы екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының расталған ЭЦҚ арқылы электронды құжат түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы хабарламаны жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына және 23-бабының 2-тармағына сәйкес үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерге және "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолданады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) берілуі мүмкін.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      _______________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 110/ҚЕ бұйрығына
қосымша
"Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беру (ұзарту) туралы өтініш

      Кімге _______________________________________________________

      (Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ______________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе жеке кәсіпкердің

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы

      Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді

      сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын

      кәсіпшілік қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік

      кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге

      ауыстырып тиемей _______________________________________________ ауданында

      (балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге

      рұқсаттар алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын. Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға мәлімделген кемелер

      туралы мәліметтер _____парақта келтірілген.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Басшы____________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"___________

  "Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты ұзартуға немесе қайтадан алуға – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov.egov.kz/memleket/entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Рұқсатты алу үшін:
1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі қоса берілген рұқсат беру туралы өтініш;
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың электронды көшірмесі;
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттың электронды көшірмесі;
6) кеме куәлігінің электронды көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін);
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаны қайта тіркеу) туралы мәліметтер қызмет берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Рұқсатты ұзарту немесе қайтадан алу үшін:
1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі қоса берілген рұқсат беру туралы өтініш;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру, жою) үшін негіздер

1) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 110/ҚЕ бұйрығына
қосымша
"Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ (ЗАЯВЛЕНИЕ)

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын

(Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу)

________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс)

(населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель) ______________________________________________________

      Уақыты (время) _____________________________________________________

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (о себе сообщаю следующие сведения)

      Тегі (фамилия) ______________________________________________________

      Аты (имя) __________________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда) (отчество, при его наличии)________________

      Туған жылы мен жері (год и место рождения) ____________________________

      Жұмыс орны (место работы) ___________________________________________

      (ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

      Жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность)

      ____________ № __________________ 20__ ж. "______"___________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

      (дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)

      Тұрғылықты жері (местожительство)____________________________________

      Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети)___________________

      (аты және жасы) (имя и возраст)________________________________________

      Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы (электронный адрес

      заявителя)__________________________________________________________

      Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную

      ответственность за достоверность представленных данных)

      ___________________________________________________________________

      (Күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую Законом тайну,

      содержащихся в информационных системах при оказании государственных услуг.

      20__ ж. "____" _________ ________________ _______________________________

      (Қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
Нысан

ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

      Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдіктерге және

      азаматтығы жоқ адамдарға) ________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама

      (лар) беруді сұраймын

      (Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу гражданам

      Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно списку)

      _________________________________________________________________________

      (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель)____________________________________________________________

      Уақыты (время)____________________________________________________________

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую Законом тайну,

      содержащихся в информационных системах при оказании государственных услуг.

      Басшы_______________ _______________________________

      қолы аты-жөні (болған жағдайда)

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
Нысан

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметтерді беру тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

10 (он) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде алынатын төлемақының көлемі және оларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда төлеу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін). Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-ресурсында: gov. egov.kz/mem leket/ entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

жеке тұлға – рұқсаттама алу үшін өтініш. жеке және заңды тұлғадан – шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін:
1) ұсыну, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды өткізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаны қайта тіркеу) туралы мәліметтер қызмет берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 110/ҚЕ бұйрығына
қосымша
"Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну

__________________________ аумақтық бөлімшенің бастығына
(начальнику территориального подразделения ________________________)
ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________
(Прошу выдать пропуск на выход в море) ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты (болған жағдайда)
(наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при наличии) физического
лица)
Мақсаты (с целью) ____________________________________________________
Уақыты (время) _______________________________________________________
Ауданында аумақтық суларда болу (нахождение в территориальных водах в районе) __________________________
Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) __________________________________
Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) ___________________________
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства): _______
Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға)
қоса берілген тізімге сәйкес саны _____ дана рұқсаттама
(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно
прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі
(К представлению прилагаются следующие документы) _____________________

лауазымы (должность)
қолы (подпись)__________________
_______________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
Мөрдін орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

      (Парақтың сыртқы жағы)

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Басшы____________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"___________

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы, күні, айы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәланды ратын құжаттың №

Азаматтығы

Ескертпе

1








2








3








      Барлығы: ____________________________________________________________

      (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:

Р/с №

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Капитанның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Ескертпе

1





2





  "Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

15 (он бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov.egov.kz/memleket/entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін рұқсат алуға ұсыну;
2) тиісті уәкілетті органдардың аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаны қайта тіркеу) туралы мәліметтер қызмет берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады