"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33874 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығышта көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

      Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз тасығышта ұсынады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалуы көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы "электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынылады.

      Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.

      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы мемлекеттік орган бұйрықтың көшірмесін, жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз тасығышта ұсынады.

      Астанада жылу электр орталықтарын салуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттарды (қосымша келісімді) тіркеу үшін, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге аванстық (алдын ала) төлем көзделген сатып алынатын күрделі энергетикалық жабдықтың құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, қосымша түсіндірме жазба қоса беріледі.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-де жасалған ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынатын азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі қызмет, жобалау-іздестіру жұмыстары мен олардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманың қолданыс мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының түпнұсқасынан, ЖСҚ-ны бекіту туралы мемлекеттік орган бұйрықтың көшірмесін сканерленген түрін тіркейді.

      Бұл ретте "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-да Түркістан қаласындағы құрылыс объектілері, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты салу бойынша жасалған шарттарды тіркеу, құрылыс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың түпкілікті оң қорытындысы алынған кезде кейіннен шарттардың жалпы құнын түзете отырып, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын кезең-кезеңімен алу негізінде жүзеге асырылады.

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ арқылы түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шарттың талаптарын өзгерту себептері, сондай-ақ өзгерген кезде шарттың сомасы көрсетілетін қосымша келісімді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеменің жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрығының көшірмесі мен түсіндірме жазба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрлерін тіркеу талап етілмейді.

      Мемлекеттік сатып алу веб – порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) шарттары (қосымша келісімдері) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге Мемлекеттік сатып алу туралы шартты/қосымша келісімді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (сканерленген бейнесін) қосымша ұсынады-жеке серіктестік/концессия.";

      199-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қағаз тасығыштағы шартқа (қосымша келісімге) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылады. Мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері дәл және анық қойылады. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, мөр бедері дәл және анық қойылады. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің анықтығы тексеріледі;";

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді мыналарға:

      белгіленген нысанға сәйкестігіне;

      өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;

      мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;

      ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;

      өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз тасығыштағы құжатқа сәйкестігіне.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде:

      осы Ереженің 187, 187-1, 187-2, 188, 190, 191 және 198 тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;

      жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;

      шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан кезде, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;

      түсіндірме жазбасы негізінде "Қазынашылық-клиент" АЖ шартты тіркеу туралы соңғы хабарламаны көрсете отырып өтінімді қарау нысанында "Өтінім түрі" жолағын толтыру болуын тексеруді жүзеге асырады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да өтінімдерді қарау нысанында түсіндірме жазбаға сәйкес "бұзу" белгісінің болуы (мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзған кезде).";

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.

      Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:

      1) төлеуге берiлетiн шоттың нысаны мен мазмұны бойынша осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) растайтын және осы Ережеде көзделген өзге құжаттардың мазмұны бойынша осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;

      4) ұсынылған МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:

      атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;

      төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарламаларының жалпы сомасы;

      төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;

      5) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;

      6) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;

      7) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;

      8) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;

      9) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;

      10) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      11) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;

      12) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына, бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасына сәйкес келмеген;

      13) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;

      14) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;

      15) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 168-181-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;

      16) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;

      17) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;

      18) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;

      19) осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматында магниттiк (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

      20) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлем шоттарымен берілетін сот актілерінің төлем шотының деректеріне сәйкес келмеген;

      21) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқталған және орындалған жұмыстар үшін түпкілікті есеп айырысу үшін объектіні пайдалануға қол қойылған қабылдау актісін ұсынбаған;

      22) тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлеуге берілген шоттың электронды түрі қате таңдалған (шарттарды тіркелгені туралы хабарламамен төлеуге берілген шотпен келісілмеуі) жағдайда.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

      Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.";

      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:

      1 - қарапайым төлем;

      2 - қосымшамен зейнетақы (міндетті және мамандандырылған) жарналары;

      3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;

      4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар;

      5 - қосымша мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төлемдер;

      6 - қосымшамен заңды тұлғаларға төлем;

      7 - қосымшасы бар жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер.

      Шығыс есептілік нысандарында қамтылған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме жасаған, бірақ мемлекеттік мекеменің басшысы қол қоймаған төлеуге берілетін шоттарды айдың соңғы күнінің сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкін, мемлекеттік мекеме Жүйеден алып тастайды.";

      234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, кәсіби және ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, сақтандырудың жинақтаушы түрі шарттары бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге қағаз тасығышта берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматтында ақшаны алушылардың тізімін ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес электрондық төлемдер форматтында ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және мемлекеттік мекеме бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi" нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша ақша алушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.";

      319-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық түрдегі төлеуге берiлетiн шотта/төлем тапсырмасында және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер бар болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, рұқсат етілген шығындардың бағытталуына төлем мақсаты сәйкес келмеген төлеуге берiлетiн шоттан/төлем тапсырмасынан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмді қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындалмастан қайтарылады.";

      328-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде растайтын құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не болмаған кезде шетел валютасында ақша аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-де бас тартылады.";

      348-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындаусыз қайтарылады.";

      367-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "367. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын толтыру кезінде "№ төлем тапсырмасы" алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы – төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.

      "Төлем тағайындау": деген ашық жолақта төлемнің тағайындалуы, атауы, құжаттың нөмірі мен күні (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе аванстық төлемді қоспағанда, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, төлем кезеңі жүзеге асырылатын басқа да құжат) көрсетіледі. Бұл ретте төлем тапсырмасының күні растаушы құжаттың күнінен кейін қалыптастырылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе банктерде ашылған жинақ шоттарына стипендиялар мен басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша төлемдерді жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі қағаз тасығыштағы төлем тапсырмаларымен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақшаны алушылардың тізімдерін осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматында ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша беру кезінде төлем тапсырмасының электрондық бейнесіне осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес электрондық төлемдер форматындағы ақша алушылардың тізімдері қоса тіркеледі және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:

      1 - қарапайым төлем;

      2 - қосымшасымен зейнетақы (міндетті және кәсіптік) жарналары;

      3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;

      4 - қосымшасымен әлеуметтік аударымдар;

      5 - қосымшасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

      6 - қосымшамен заңды тұлғаларға төлем;

      7 - қосымшасы бар жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер.";

      374-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "374. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.

      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған;

      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;

      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;

      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысының немесе онымен уәкілеттік берілген адамның қолымен және квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);

      талап етілетін жолақтарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;

      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;

      құжаттың барлық даналарында талап етілген жолақтарда мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;

      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;

      осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

      төлем тапсырмасында көрсетілген жұмсалымы қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады;

      растау құжатына сілтеменің болмауы;

      төлем тапсырмасындағы соманың растау құжатындағы сомадан асып түсуі;

      төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;

      төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын бұза отырып, төлем тапсырмасында міндетті ашық жолақтардың толтырылуы;

      төлемнің жұмсалымы бюджет түсiмдерi сыныптамасының кодына (төлемдерді бюджетке аудару кезінде) сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасындағы деректердің қабылдау және өңдеу кезеңінде жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда төлем тапсырмасы осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтемемен, қайтару себептерін көрсете отырып, квазимемлекеттік сектор субъектісіне электрондық түрде қайтарылады.

      Қабылдау кезеңінде жоғарыда аталған жағдайларға қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасындағы деректерге сәйкес келмесе, төлем тапсырмасы хат ресімделмей қайтарылады. Қабылдаудан кейін, тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлем тапсырмасы аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе ол берген уәкілеттік адамның қолы қойылған жазбаша негіздемемен қайтарылады.";

      651-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "651. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 128-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 129-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту үшін басқару мен оңтайландыруға құрылған ұлттық басқарушы холдингтері үшін, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен артуына жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген нормалар қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар ұйымдарға қолданылмайды.";

      аталған Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1344 Бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 142-қосымша

Міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-002 төлем форматы

      {1: F010000000000000000000002}

      {2:I102SGROSS000000U3003}

      {4:

      :20:REFERENCE

      :50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің ЖСК

      /NAME/Ақша жөнелтушінің атауы

      /IDN/Ақша жөнелтушінің БСН

      /CHIEF/Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының ТАӘ (бар болса)

      /MAINBK/ Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің ТАӘ (бар болса)

      /IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша жөнелтушінің экономика секторы

      :52B: Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің БСК

      :57B: Ақша алушының БСК

      :59: Ақша алушының ЖСК

      /IDN/Ақша алушының БСН

      /NAME/Ақша алушының атауы

      /IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша алушының экономика секторы

      :70:

      /NUM/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының нөмірі

      /VO/01

      /DATE/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының жылы айы күні

      /SEND/07

      /KNP/Төлем белгілеу коды

      /PSO/01

      /PRT/05

      /ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты

      :21:Реттік нөмірі

      :32B:KZT Сома

      :70:

      /OPV/C

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесiнiң аты (бар болса)

      /DT/Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      :21 Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/C

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/ Әкесiнiң аты (бар болса)

      /DT/Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      :32A: Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы

      -}

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1344 Бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 143-қосымша

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдер үшін МТ-003 төлем форматы

      {{1: F010000000000000000000003}

      {2:I102SGROSS000000U3003}

      {4:

      :20:1100129119121301

      :50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің ЖСК

      /NAME/Ақша жөнелтушінің атауы

      /IDN/Ақша жөнелтушінің БСН

      /CHIEF/Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының ТАӘ (бар болса)

      /MAINBK/Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің ТАӘ (бар болса)

      /IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі

      /SECO/ Ақша жөнелтушінің экономика секторы

      :52B:Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің БСК

      :57B:Ақша алушының БСК

      :59:Ақша алушының ЖСК

      /NAME/Ақша алушының атауы

      /IDN/Ақша алушының БСН

      /IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша алушының экономика секторы

      :70:

      /NUM/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының нөмірі

      /DATE/ Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының жылы айы күні

      /VO/01

      /SEND/07

      /KNP/Төлем белгілеу коды

      /ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты

      :21:Түпкілікт ақша алушының реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /FM/ Түпкілікт ақша алушының тегі

      /NM/Түпкілікт ақша алушының аты

      /FT/Түпкілікт ақша алушының әкесiнiң аты (бар болса)

      /IDN/Түпкілікт ақша алушының ЖСН

      /KBE/БеК – бейрезидент- түпкілікті ақша алушының бенефициар коды

      /CTRY/Бейрезидент түпкілікті ақша алушының екі әріпті ел коды

      /LA/Түпкілікт ақша алушының шоты

      :21:Түпкілікт ақша алушының реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /FM/Түпкілікт ақша алушының тегі

      /NM/Түпкілікт ақша алушының аты

      /FT/Түпкілікт ақша алушының әкесiнiң аты (бар болса)

      /IDN/Түпкілікт ақша алушының ЖСН

      /KBE/БеК – резидент- түпкілікті ақша алушының бенефициар коды

      /LA/Түпкілікт ақша алушының шоты

      :32A:Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы

      -}

      Ескертпе: Егер ақша жөнелтуші немесе бенефициар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, ҚР МК 06 ISO 3166-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес резиденттік елі көрсетіледі - тиісті елдің екі әріптік коды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1344 Бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 144-қосымша

Әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-004 төлем форматы

      {1: F010000000000000000000004}

      {2:I102SGROSS000000U3003}

      {4:

      :20:REFERENCE

      :50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің ЖСК

      /NAME/Ақша жөнелтушінің атауы

      /IDN/Ақша жөнелтушінің БСН

      /CHIEF/Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының ТАӘ (бар болса)

      /MAINBK/Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің ТАӘ (бар болса)

      /IRS/ Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі

      /SECO/ Ақша жөнелтушінің экономика секторы

      :52B: Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің БСК

      :57B: Ақша алушының БСК

      :59:Ақша алушының ЖСК

      /IDN/Ақша алушының БСН

      /NAME/Ақша алушының атауы

      /IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша алушының экономика секторы

      :70:

      /NUM/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының нөмірі

      /VO/01

      /DATE/ Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының жылы айы күні

      /SEND/07

      /KNP/Төлем белгілеу коды

      /PSO/01

      /PRT/05

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      /ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты

      :21:Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/S

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      :21:Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/S

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/ Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      :32A: Төлемнің жылы айыKZTҚорытынды сомасы

      -}

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1344 Бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 145-қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-005 төлем форматы

      {1: F010000000000000000000005}

      {2:I102SGROSS000000U3003}

      {4:

      :20:REFERENCE

      :50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің ЖСК

      /NAME/ Ақша жөнелтушінің атауы

      /IDN/ Ақша жөнелтушінің БСН

      /CHIEF/ Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының ТАӘ (бар болса)

      /MAINBK/Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің ТАӘ (бар болса)

      /IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша жөнелтушінің экономика секторы

      :52B:Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің БСК

      :57B:Ақша алушының БСК

      :59:Ақша алушының ЖСК

      /IDN/Ақша алушының БСН

      /NAME/Ақша алушының атауы

      /IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі

      /SECO/Ақша алушының экономика секторы

      :70:

      /NUM/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының нөмірі

      /VO/01

      /DATE/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының жылы айы күні

      /SEND/07

      /KNP/Төлем белгілеу коды

      /PSO/01

      /PRT/05

      /ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты

      :21:Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/R

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      :21: Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/R

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/ Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      :32A:Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы

      -}

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1344 Бұйрығына
5-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 146-қосымша

Сақтандырудың жинақтаушы түрі шарттары бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-007 төлем форматы

      {1: F010000000000000000000007}

      {2:I102SGROSS000000U3003}

      {4:

      :20:REFERENCE

      :50:/D/ Қазынашылықтағы жөнелтушінің ЖСК

      /NAME/ Ақша жөнелтушінің атауы

      /IDN / Ақша жөнелтушінің БСН

      /CHIEF/ Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының ТАӘ (бар болса)

      /MAINBK/ Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің ТАӘ (бар болса)

      /IRS/ Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі

      /SECO/ Ақша жөнелтушінің экономика секторы

      :52B:Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің БСК

      :57B:Ақша алушының БСК

      :59:Ақша алушының ЖСК

      /NAME/ Ақша алушының атауы

      /IDN/ Ақша алушының БСН

      /IRS/ Ақша алушының резиденттік белгісі

      /SECO/ Ақша алушының экономика секторы

      :70:

      /NUM/ Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының нөмірі

      /DATE/ Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының жылы айы күні

      /VO/01

      /SEND/07

      /KNP/Төлем белгілеу коды

      /PSO/01

      /ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты

      :21:Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/I

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/ Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/Төлемнің айы жылы

      :21:2 Реттік нөмірі

      :32B:KZTСома

      :70:

      /OPV/I

      /FM/Тегі

      /NM/Аты

      /FT/Әкесінің аты (бар болса)

      /DT/ Тұған жылы айы күні

      /IDN/ЖСН

      /PERIOD/ Төлемнің айы жылы

      :32A Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы

      -}

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады